258
Қазақ тілінде мұның да əлі аумағы мен шеңбері түгел
анықталып, ғылым талқысына түскен емес. Бұл тəсіл
бойынша өзге тілдегі ұғым мен түсініктің идеясы, мазмұны
алынады да, ұлттық тіл құралдары арқылы жабдықталады.
Соған байланысты алғашында калькалау арқылы пайда
болған терминдік қолданыстар қазақ ұғымына тосындау
көрінуі де ықтимал. Ал бірақ қолданыла келе сіңіп кеткен
калька терминдердің есебі тіпті мол екені – бұл тəсілдің
де қазақша терминжасамның сыннан өткен амалына ай-
налғанына дəлел.
24. Сонымен, қазіргі қазақ терминологиясы қазақ əдеби
тілінің ең күрделі де қызықты, дербес тармағын құрайды.
Оның өзіндік даму, қалыптасу жолдары, құрылымдық
модельдері, тəсілдері, зандылықтары бар. Тіл мəдениеті
тұрғысынан бұлардың барлығы ескеріліп, сақталып отыруға
тиіс. Бұл лексиканың тағы бір өзіндік ерекшелігі мы-
нау: оны қоғам мүшелері саналы түрде саралап, реттеп,
жүйелеп, қолданысқа келісе отырып енгізуіне болады. Мем-
терминком тарапынан алпыс жыл барысында жүргізілген
шаралар осының дұрыстығын дəлелдейді.
25. Арнайы лексиканың бұл саласы əлі түгел жинақта-
лып, сараланып біткен жоқ. Бұған деген құштарлық күн
санап артып отырған бүгінгі таңда оның сала-саласы
бойынша терминологиялық сөздіктерді қайта түзіп, серия-
лы түрде баспадан шығаруды қолға алатын мезгіл жетті
деп ойлаймыз. Сонымен бірге түркі халықтары тілдері
терминдерінің салыстырмалы сөздігінің қажеттілігін де
байқадық. Осыған орай, туыс тілдердің терминологиялық
жүйелерін өзара байланыстыра зерттеу мол нəтиже берер
еді деген ойымызды да ортаға салғымыз келеді.
26. Түп төркіні бір түркі халықтарының тіл туысты-
ғын пайдалана отырып, ортақ терминологиялық қор жа-
сау мəселесін де ойластыру артық болмас еді. Ол үшін, ең
əуелі, жазу жүйемізді бірыңғайлағанымыз абзал. Біздің
ойымызша жəне зерттеу нəтижесі байқатқанындай, түркі
259
халықтарының терминологиялық лексикасын жүйелеуге
болатын сияқты. Бұл мəселеде латын əліпбиіне негізделген
жазудың қолқабысы мол болар еді. Ғылымның барлық са-
лаларына техникаландыру процесінің өзгеше қарқынмен
ене бастаған мына заманда латын жазуының көмегі зор
болмақ деп білеміз.
27. Қазір тілімізде бұрын-соңды болмаған құбылыстар,
сілкіністер болып жатыр. Баспасөз бетінде көктемгі қыз-
ғалдақтай қаулап шыға бастаған терминдік қолданыс-
тарды игеру тіпті де оңай болмай отыр. Солар жайында
мағлұмат беру мақсатымен жұмыстың соңына қосымша
материал бердік. Онда негізінен соңғы он-он бес жылда,
əсіресе 1989 жылдан бергі жерде пайда болған жаңалық-
тарға назар аударылды. Сонда байқалатын ең басты
жаңалық – тіліміздің ішкі мүмкіндігіне түбегейлі бетбұ-
рыстың жасалып отырғаны. Негізінен, бұл əрекетті қол-
дай отырып, біз ондаған жылдар бойғы терминжасам
тəжірибемізде сыннан өткен негізгі принциптерімізді де
елеусіз қалдыруға болмайтынын ескертеміз. Ол қандай
принциптер?
Біріншіден, қазақ тілінің сөз байлығын барынша сарқа
пайдалану принципі. Мұның əр алуан түрлері мен жолда-
ры көрсетілді. Сөзжасам процесінде қолданылатын əдіс,
амалдардың тиімді, тиімсіздері сараланды. Екіншіден,
тіліміздің мүмкіншілігі таусылған тұста əмбеге ортақ
интернационалдық терминдерді қабылдау принципі, интер-
терминдерді қабылдаудың да тілімізде орныға бастаған
бірнеше тəсілдері бар. Оларды да көрсетуге тырыстық.
Мəселен, интертерминдерді түп тілде немесе орыс тілінде
қалыптасқан түпнұсқа түрінде ендіру яки қазақ тілінің
өз заңдылығына бағындырып, икемдеп алу. Араб, парсы
сөздерімен төңкерістің алғы, артқы кезеңдеріндегі орыс
тілінен дыбысталу жүйесі өзгеріп енген сөздерді білеміз.
Тіл дамуында, терминжасам процесінде көрініс беріп
отырған бұл əрекеттерді, негізінен, қуаттай отырып,
интернационалдық терминдердің кез келгенін ретті-
ретсіз аударуға əуестенушіліктің барлық уақытта бірдей
тиімді бола бермейтінін де ескертеміз. Əрине, ана
тілімізден мағынасы дөп түсіп жатқан баламасы табылған
жердің бəрінде бұл принципті ұстанып отыру лазым. Ал
халқымыздың тұрмыс, тіршілігінде, іс-əрекетінде, жазу-
сызу дағдысында болмаған терминдік ұғымдарды сол бас-
тапқы қалпында қабылдаған жөн. Мұндай мысалдардың
біразы келтірілді. Сондай-ақ қайсыбір интертерминдерді
тіліміздің фонетикалық заңдылығын сақтап алу қажет
деген ойдың да негізі жоқ емес.
Мемлекеттік тіліміздің мəртебесін республикада ғана
емес, халықаралық деңгейге көтереміз десек, термин-
жасамның осындай заңдылықтары қатаң сақталып, қада-
ғаланып отыруы тиіс.
ҒЫЛЫМИ
МАҚАЛАЛАР
262
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТЕРМИН ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ
Қазақ тіліндегі термин реттеу жолдары неше алуан
ізденіс соқпақтарына жетелейді. Бұл негізінен терминдердің
қалыптасу, даму тарихымен байланысып жататын өте
күрделі мəселе. Қазақ тілінде термин жасаудың тарихын,
қолда бар деректерге сүйене отырып, ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан бастап жүрміз. Мұның өзіндік негізі бар. Шы-
нында да, сол кезеңде шыққан «Дала уəлаятының газеті» мен
«Түркістан уəлаяты газеті», «Қазақ» газеті жəне «Айқап»
журналы тəрізді басылымдар тілге тиек ететін біраз деректер
береді. Мұнда терминдік пішінге ие болып, тұрақты атаулық
қызмет атқара бастаған жекелеген сөздерді кездестіреміз.
Бұл ретте «Қазақ» газетінің орны айрықша.
Сол дəуір мен қазіргі кезең аралығын саралап қарасақ,
термин реттеудің алуан кезеңдері мен бағыттары байқалады
екен. Біздіңше соның басты-бастылары мыналар деп шама-
лаймыз:
Біріншіден, термин жасаудың алғашқы кезеңі – ХІХ ға-
сырдың ІІ жартысы. Бұл кезеңде орысша білім алған қазақ
зиялылары термин жасаумен арнайы шұғылданбағанымен,
өздерінің сөз саптауларына терминдік ұғым арқалаған
сөздерді қолдана бастаған. Олардың арасынан Ыбырай,
Абай, Шоқандарды айрықша атау жөн.
Екінші кезең – Ахмет Байтұрсынұлы (1910-1930 ж.ж.)
есіміне тікелей байланысты. Ол жазу, əліпби, емле
мəселелерімен ə дегеннен түбегейлі шұғылданып жүріп,
қазақ тілінің жəне қазақ əдебиетінің терминдік жүйесін
жасауды қолға алады. Əсіресе, ол жасаған, құрастырған
алғашқы «Тіл – құралдары» мен «Əдебиет танытқышы»
терминделген сөздерге тұнып тұр. Терминжасамның күні
бүгінге дейін мəнін жоймаған үлгісі осыларда. Қаншама
жылдар өтсе де Ахмет қалыптастырған бұл термин сөздер
сол қалпынан айныған емес. Қазақ тілі пəнінің терминдері
асқан шеберлік пен ерек зердені танытқандай. Бастау-
ыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш
Достарыңызбен бөлісу: |