60
аудару туралы арнайы қаулы алды. Мемтерминком бұл
істен тыс қалған жоқ. Ленин шығармаларын қазақ тіліне
аударуға байланысты қоғамдық-саяси терминологияны көп-
шіліктің талқысына салып, Мемтерминком мəжілісінде
заңдастыру барысында қыруар жұмыс істелді.
Мемтерминком бұл кездегі жұмысы мен алғашқы құрам
жұмысы арасында елеулі ерекшеліктер бар екені байқалады.
Мəселен, 40-жылдардың екінші жартысында бекітілген
терминдер мен 1935 жылы қабылданған терминдерді салыс-
тырып көрелік. Бұл жылдары қабылданған терминдердің
көбі фонетикалық өзгерістерге ұшырамай, сол қалпында
алынғаны байқалады. Ал 20-жылдарда басқа тілден ауысқан
терминдер мен сөздер социалис қоғам, буржуаз идеология,
абсолют шама тəрізді жасалып, қысқартылып, қосымшасыз
ұсынылып жататын.
30-жылдардағы терминдер жүйесінде -ды, -ді, -лы, -лі,
-ты, -ті қосымшаларының активтенуі байқалады. Мыса-
лы, Социалды Қазақстан, индустриялды ел, 40-жылдар
тəжірибесінде изофеттік конструкциялар белең ала бастайды
(автосуат блогы, товар айналымы т.т.).
Ал 50-жылдардан былай қарай -лық қосымшасы активте-
не бастайды. Неге десеңіз, көптеген термин сөздер осы -лық
жалғауы жалғану арқылы жасалып қалыптасты. Тіпті ана
тіліміздегі төл сөздерді былай қойғанда, бұл жалғау кірме
сөздердің өзіне де жалғанып, тілдің жанды элементіне айна-
лып кетті десе де болғандай.
Мемлекеттік терминология комиссиясы Ұлы Отан соғы-
сынан кейінгі жылдарда күнделікті өміріміздегі қол-
даныс қажетін өтейтін терминдермен тікелей айналысты.
Оның ішінде əлеуметтік экономика, лингвистика, тарих,
заң ғылымы, медицина, зоология, тау-кен істері, метал-
лургия ғылымдарының əрқилы қолданылып, практика-
да қиындық туғызып жүрген бір қыдыру терминдерін
қарап, жүйеге түсіріп, бекітіп берді. Осы үлкен тірліктің
бас-аяғы жинақталып, 1948, 1950 жылдары екі томдық
61
орысша-қазақша терминология сөздігі жарық көрді. Бұл
біздің жазуымыздың жөнделе түсуіне себі тиген, сауаты-
мызды бір саты ілгерілеткен үлкен жұмыстың бірі болды.
Сөздіктің ғылыми тұрғыдан алғанда да сауатты шығуы, бір
жағынан, сөздік шығару ісінен хабары мол Н.Т. Сауранбаев,
С.Б. Бəйішев тəрізді мамандардың араласуына тікелей бай-
ланысты деп білеміз.
40-жылдары саябыр тартқан терминология жұмысы
50-жылдар ішінде едəуір жанданды. Əрбір ғылым саласы
бойынша термин қалыптастыру туралы мамандар пікір тара-
тып, баспасөз тікелей араласты. Екі тілді терминологиялық
сөздіктердің түр-түрі шыға бастады. Осы шаруаның бəріне
мұрындық болған, ең алдымен, Мемтерминком болса, со-
нымен бірге, 1956 жылы Тіл білімі жəне əдебиет институты-
ның құрамында терминология бөлімінің ашылуы да мəсе-
ленің жүйелі түрде жүргізілуіне септігін тигізді. Білікті
мамандар газет, журнал беттерінде мəселе көтеріп, терми-
нологияның өзекті проблемаларын қозғады. Осының бəрі,
айналып келгенде, тіл саясатындағы терминдік лексиканың
мəнін айқындап, оған жұртшылық назарын аударды.
Мемлекеттік терминология комиссиясының жұмысын
қызу қарқынға көшірген шаралардың бірі Қазақ Кеңес
энциклопедиясының жарыққа шығуы болды. Міне, осы
бүкілхалықтық іске дайындық үстінде ғылым мен тех-
никаның барлық саласында күнделікті өтеуге жұмсалатын
термин сөздерді саралап, сұрыптап шығуға тура келді.
Мерзімді баспасөз, радио, телевидение, түрлі оқу құралдары
мен оқулықтар, тіпті шаруашылық, өндіріс, ғылыми
тақырыптарға арналған көркем туындылар тіліндегі термин-
дер жайы түгел сарапқа түсіп, талғам таразысына тартыл-
ды. Бұл істің бəрінің басы-қасында терминком мүшелері,
тілшілер, мамандар болды.
60-жылдарда басталып, 70–80-жылдарда қауырт дамыған
бұл жұмыс қазақ тілі терминологиялық лексикасының да-
мып, қалыптасуына, сан алуан ұғымдардың заңды түрде
62
терминдік сипатқа көшуіне, сөйтіп, тіліміздің ғылыми-
техникалық қолданыс өресін биіктете түсуіне көмектесті.
Ғылым салаларына сəйкес сөзтізбелері жасалып, көпшілік
талқысына ұсынылды. Əрбір термин талқы тезінен өтті.
Жалпы, сөз біткеннің, оның ішінде термин атаулының
өріс алар, қанат жаяр жері, ең алдымен, мерзімді баспасөз,
яғни өмірдің сан түрлі саласынан сан алуан мəлімет жи-
нап, материал беретін журналистердей термин құмар ма-
ман жоқ. Олардың қаламына іліккен екі сөздің бірі термин
болуға ыңғайланып тұрады. Осының өзінде қоғам дамуының
ыңғайына қарай пайда болған заңдылықтар бар сияқты.
Нақты іспен тура сөз талап етіліп отырған бүгінгі заманда,
сол деңгейден табылар кез келген ұтымды, терең түсінікті,
табиғат, қоғам құбылыстарын дəл білдіре алатын тек
терминдік мəнге көшкен сөздер деп білеміз. Міне, сондықтан
көп мағыналы байырғы сөздердің қайсыбір мағынасы да-
раланып, ғылыми терминдік сипатқа көшуі заңды. Осыған
қарағанда, кез келген тілдің сөздік құрамындағы байырғы
сөздер үйірі термин жасаудың негізгі көздерінің бірі болып
саналады. Сөйтіп, -лық жалғауын керек етіп тұрған жердің
қайсыбірінде изафеттік тұлғаны ұсыну орынды болды деп
ойлаймыз, бұрынғы азаматтық соғыс, отандық соғыс деген
тіркестерден гөрі, азамат соғысы, Отан соғысы дегеннің
терминдік пішіні əлдеқайда жүйелі. Немесе жазуымызда
жиі кездесетін эпоха, период, век, момент тəрізді сөздер
мен периодический закон, периодическая печать сияқты
терминдік тіркестерге назар аударалық. Бұлар күні кешеге
дейін əркімнің өз қалауынша əрқилы қолданылып, жазылып
келді. Осындай сөздердің терминдік тақылетін айқындауда
кейде Терминком мүшелерінің ұсыныстарының да пайда-
сы мол екенін байқаймыз. Мысалы, заман (эпоха), ғасыр
(век), дəуір (период), мезет (момент), мезгілдік заң (перио-
дический закон), мезгілдік баспасөз (периодическая печать)
сөздері мен тіркестерінің дəл осылайша терминдік мəнге
көшіп тұрақтануына себепкер адамның бірі қарт журналист
Құрманбек Сағындықов болған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |