85
қағаз, мектеп, медресе, мағлұмат, мереке, емтихан, ғалым,
ғылым, пəн, кітап, тарих т.т.). Діни ұғымды білдіретін
аруақ, аят, бейіт, дəрет, намаз, ораза, құдай, құдірет, күнə,
мəйіт тəрізді сөздер де бар.
Моңғол тілімен ортақ атау сөздер
Қазақ тілі лексикасының құрамын зерделегенде моңғол
тілімен ортақ сөздерді де табамыз. Бұлардың араб, пар-
сы тілдерінен енген сөздерден едəуір өзгешелігі бар.
Ол ерекшелік сөздердің келу, ену жолына байланысты.
Қазақ рулары ежелден моңғол тайпаларымен қоян-қолтық
аралас-құралас өмір кешкен, іргелес отырған. Осыған
қарағанда, моңғол сөздері қазақ тіліне тек Шыңғыс хан
шапқыншылығымен ғана байланысты емес, одан əлдеқайда
бұрынырақ енгенге ұқсайды. Мына сөздерді салыстырып
қарасақ, біраз мəселенің беті ашылатын сияқты. Əшекейі
бар сандықты қазақтар да, моңғолдар да абдыра дейді. Сол
сияқты мына төмендегі бірнеше сөзді салыстырып отырсақ,
кейбір дыбыстық өзгешелігі болмаса, білдіретін мағынасы
бірдей болып шығып отыр: алтын – алтан, байсал – байқал,
баян – баян, аймақ – аймағ, адақ – адаг, аңсағай – аңқиғай,
дулыға – дуулға (шлап), баран – бараан (Ақан серінің
«Құлагеріндегі» «қылаң болмай баран болды» дейтін жол-
дарды еске алыңыз), жол – зол, дөнежін – дөнжин, жасақ –
жасаг тəрізді мысалдар баршылық. Бұлардың көбі – қазіргі
архаизм қатарына көшкен сөздер. Келтірілген мысалдар-
дан байқалатынындай, ежелгі заманда қолданысқа актив
қатысқан бұл сөздер күнделікті тұрмысқа, үй тіршілігіне
қатысты болып келеді. Мəселен, көшпелі ел тіршілігінде
өте маңызды рөл атқарып келген күш көлігінің бір де болса
бірегейі түйе малы болса, соның ішінде атан түйеге айрықша
қызмет жүктеледі. Ал осы түйеге қомсыз жүк артылмайды.
Ендеше, ғалымдардың бүгінгі таңда архаизмдер қатарына
ығысып бара жатқан атан, қом, дулыға, жасақ сөздерінің
86
пайда болуын көне замандарға апаруы тегін емес. Сонда
Ғ. Мұсабаевтың айтуына қарағанда, моңғол тілінен сөз енуді
XІ–XІV ғасырлар
31
деп шамалау ретті сияқты.
Осы келтірілген мысалдарды, азын-аулақ пікірлерді
саралай келгенде біз мынадай ой түйдік. Аталған бірен-
саран сөздерді моңғол тілінен ауысқан деген пікір көңілге
қона бермейді. Ұлт болып, бөлінбей тұрған кезде ортақ
қолданыста болған сөздерді бір тілден екінші тілге ауысты
деп айту қисынсыз. Сондықтан мұны əлі тереңірек зерттеуге
тура келеді. Асылы, тіл-тілдегі мұндай элементтерді ортақ
мұра есебінде қарастырған жөн деп ойлаймыз.
Жалпы, терминологиялық лексиканың реттелуін көздеп
отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында
сөздердің шығу төркінін біліп отырудың айрықша маңызы
бар. Сөздердің шығу тегін, жасалу жолын білу арқылы оның
мағыналық өрісін, потенциялдық мүмкіндігін шамалауға
болады. Осыған қарағанда, тілдер сол рулық тайпалық
қауымдастықтың өзінде-ақ бір-біріне əсер етіп, бірінен-бірі
нəр алып, ортақ сөздер жасап отырғанға ұқсайды.
Орыс жəне интернационал термин сөздері
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында ең бір бай əрі күрделі
қабатты орыс тілінен енген кірме сөздер жəне сол арқылы
келген халықаралық терминдер алып жатады. Бұлардың
тілімізге ену, келу жолдары да басқаша. Бұл арада біз тіл
дамуында бола беретін заңды құбылысты да, заңдылықтан
тыс күштеу тəсілінің де орын алғанын байқаймыз. Ғасырлар
бойы іргелес отырып, ауыс-түйіс жасап келген орыс халқы
мен қазақ халқы мəдени қарым-қатынастың осы түрін, яғни
тіларалық қатынасты тіпті ертеден-ақ бастаған тəрізді.
С.Исаевтың дəлелдеуінше, тіпті XІV ғасыр ескерткіші бо-
лып саналатын «Кодекс куманикусте» де «изба», «печь»
31
Мусабаев Г. Современный казахский язык: Лексика. Алма-Ата, 1959.
87
тəрізді орыс сөздері
32
қолданылған екен. Осыған қарағанда,
қазақтар орыс сөздерін ежелден-ақ пайдаланып, əжетіне
жарата бастаған деп түйін жасауға əбден болатын тəрізді.
Ендеше, мұның өзі арнайы ізденісті керек ететін құбылыс
деп шамалаймыз. Ал төңкерістен бұрынғы бұл процесс
XІX ғасырдың екінші жартысында тіпті үдей түскен.
Қазіргі лексикадағы ең өнімді де өрісті сала орыс тілінен
енген кірме сөздерді негізінен екі кезеңге, яғни Қазан
төңкерісінен бұрынғы жəне содан кейінгі кезеңге бөліп қа-
рауға зерттеушілер келісетін сияқты. Ал бұл кезең өз алдына
тармақталып қарастырылуға тиіс. Əрине, орыс тілінен енген
сөздерді нақты мына уақытта мұншасы, ана уақытта аншасы
келді деп ашып айту қиын. Сондықтан зерттеушілердің көбі
жоба, жорамалмен шамалайды.
Ғ. Мұсабаев өзінің 1959 жылы шыққан «Современный
казахский язык»
33
деп аталатын еңбегінде төңкеріске дейінгі
орыс тілінен енген сөздерді үш кезеңге бөліп қараған.
Бірінші кезең XVІІ ғасырға дейінгі дəуірді қамтиды. Бұл
орыстар мен қазақтардың əлі қоян-қолтық араласа қоймаған,
шаруашылық-экономикалық байланыстың барлау, бақылау
түрінде жүре бастаған кезі. Міне, сондықтан бұл кезде əлі
орыс сөздері тілімізге ене қойған жоқ болатын. Тек орыс-
тармен іргелес отырған маңдарда ғана аздаған ауыс-түйіс
болып жататын. Бұлар елеулі сипат ала алған жоқ.
Екінші кезең XVІІ ғасыр мен XІX ғасырдың екінші
жартысындағы аралықты қамтиды. Бұл тұста тіларалық
қатынас қоныс аударушылармен арадағы қатынасқа орай
дамыған тəрізді. Оның үстіне, Қазақстанның Ресейге
қосылуы қазақ өміріне түбірлі өзгерістер əкелгені мəлім.
Орыстар мен қазақтар енді бұрынғыдай емес, шаруашылық-
экономикалық жағынан да, тіпті саяси байланыстылық
жағынан да араласа бастайды.
32
Исаев С. О роли русского языка и формировании казахской терминологии //
Прогрессивное влияние русского языка на казахский. Алма-Ата, 1965. С.96.
33
Мусабаев Г. Современный казахский язык: Лексика. Алма-Ата, 1959. .
Достарыңызбен бөлісу: |