Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет79/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   125

242
қажеті  жоқ.  Сөзжасам  процесінде  кезеңіне  орай  орын  теп-
кен  əр  алуан  əрекеттер,  ізденістер  бола  береді.  Бұлардың 
қай-қайсысы  да  тіл  дамуында  септігі  тиген  құбылыстар. 
Міндет – сол заңды жүйені дұрыс танып, бағалай білуде, əрі 
мұның  терминжасам  процесіне  тигізер  пайдасын  аңғарып, 
соны  саралай  түсуде.  Өйткені  мұның  бəрі – ұлт  мəдение-
тінің  негізгі  тірегі  болып  есептелетін  ана  тіліміздің  жазу, 
сызуын,  терминологиялық  жүйесін  қалыптастырар  қам-
қаракеттер.
Көрші  туыс  республикалар  мəдениет  тарихынанда  біз 
осы тектес жайларды байқаймыз. 
Жасыратыны  жоқ,  қазақ  тілінің  негізгі  сөздік  қоры 
түгілі, сөздік құрам қатарынан біз бүгінгі таңда сан сала боп 
қанаттана  дамып,  тамыр  жайып  кеткен  ғылым  тармақта-
рына  байланысты  жасалған,  енген,  қалыптасқан  термин 
сөздерді  бұрын  кездестіре  бермейтінбіз.  Тек  бірен-саран 
сөздерді ғана төңкеріске дейінгі мерзімді баспасөз беттерінен, 
азын-аулақ басылымдардан кездестіріп қалатынбыз»
105
.
Зерде  салсақ,  ғылыми  атаулардың  бəрі  қазақ  тілінің 
кейінгі 70 жылдық  кезеңнің  табысы  екен.  Мұның  сала-
саласына қатысты қазір тілімізге əбден сіңісіп, қалыптасып 
кеткен  терминдерді  де,өзге  халық  ұғымының  ауанымен 
қазақ  тіліне  аударылып,  калькаланып,  баламаланып  жасал-
ған  сөздерді  де  молынан  кездестіреміз.  Бұл – тіл  проце-
сінде  орын  алған  ақиқат.  Мұны  есепке  алмай  болмайды. 
Мысалы,  бір  ғана  филология  ғылымының  өзіндегі  термин 
сөздерге  зер  салалықшы.  Біз  бұл  күндері  осы  ғылым  сала-
сына  байланысты  ойларымызды,  зерттеулерімізді,  дəріс-
терімізді  академик,  доцент,  профессор,  университет,  ла-
боратория,  ассистент,  институт,  экспедиция,  лаборант, 
эскпери-мент  тəрізді  толып  жатқан  термин  сөздерінсіз 
толық  түсінікті  етіп  жазып,  айта  алар  ма  едік?  Бұлардың 
105
 
Əбілқасымов  Б.,  Қарашева  Н.,  Сұбханбердина  Ү.,  Бекхожин  Қ.  т.б. 
еңбектерін қараңыз.


243
көбі  дерлік  халықаралық  қалпын,  яғни  орыс  тіліндегі 
кейпін  сақтап,  тілімізге  енді.  Көпке  түсінікті,  көңілге 
қонымды,  барлық  халыққа  ортақ  осы  тектес  нақты  ұғым-
дар  тұрғанда,  кейде  оны  аударып  əлекке  түсіп  жатамыз. 
Аударма нақты да дөп түсіп жатса, қабылдамасқа не шара. 
Алайда  бұрын  тілімізде  болмаған  мұндай  ғылыми  ұғым-
дарды  осылайша  қабылдағанның  өзі  əлдеқайда  ұғымды  да 
орынды  болды  ма  деген  ойға  қаласың.  Қазір  бұлар  əдеби 
тіліміздің,  əсіресе,  ғылыми  шығармаларда,  түрлі  оқымыс-
тылардың жазуында, тіпті ғылыми қызметкерлердің сөйлеу 
тілінде  кеңінен  қолданылып,  ұлттық  тілімізге  мол  қазына 
ретінде  еніп,  өріс  тауып  отыр.  Яғни,  қысқаша  айтқанда, 
қазақ  əдеби  тілі  сөздік  құрамындағы  ғылымға  байланыс-
ты  ұғымдарды  білдіретін  бұл  сөздер  мен  атауларды,  сөз 
тіркестерін қазақ əдеби тілінің қарымын күшейтіп отырған 
ғылыми терминдер деп тануға əбден болады.
Ана  тіліміздің  осыншама  дəрежеге  көтерілуі  қазақ  əде-
биетінің классигі М. Əуезовтің мынадай ой өрбітуінен бай-
қалады: «Қазіргі  қазақ  тілінің  сөздік  құрамы  мейлінше 
толықты, біздің ұрпақ бұл жағынан əлдеқайда бай»
106106

Бұл  ойды  Мұхтар  Омарханұлы  сонау 50-жылдардың 
басында  айтқан  болатын.  Содан  бергі  өткен 40 жыл  уақыт 
ішінде  тіліміздің  болмысында  бұл  тектес  неше  алуан 
құбылыстар болып өтті. Қаншама сөздер жасалды, қаншама 
термин  қабылданды?!  Бұларды  жай  тізіп  шығудың  өзі 
мүмкін емес. Мұның бəрі ғылымның, техниканың, өнердің, 
халық шаруашылығының бұрын болмаған дəрежеде дамып, 
мүлде басқаша сапаға көтерілуіне байланысты болып отыр. 
Қарап  отырсақ,  техника  саласында  көптеген  терминдерді 
орысша  жазылуы  бойынша  қабылдаумен  бірге,  байырғы 
106
 
Ауэзов М. Некоторые вопросы развития казахского литературного языка //  
Литер. газета, 1951. 4 октябрь.


244
қазақ  сөздерінің  де  толып  жатқан  мүмкіндік  көзі  ашылған. 
Яғни  ол  сөздердің  көбі  техниканың  дамуына  сəйкес  жаңа 
мағыналық жүк арқалап, жаңаша қызмет атқара бастаған.
Сөйтіп,  қазақ  тілі  сөздік  құрамындағы  өнеркəсіп, 
техникаға  байланысты  ұғымды  білдіретін  сөздер  мен  сөз 
тіркестерін  техникалық  термин  деп  атаймыз.  Бұлардың 
ғылыми  терминдерге  қарағанда  өрісі  кеңдеу  болып  келеді. 
Осы  салада  қызмет  ететін  мамандар,  инженерлер  жəне 
қалың  жұмысшы  қауымның  күнделікті  сөйлеу  тілінде 
бұлар ылғи қолданылып отырады.
Қазақ  халқының  өмір  сүру  ерекшелігіне  тəн  ерекше 
құбылыстың  бірі – олардың  ежелден  жермен  байланысты 
кəсіп  еткені.  Яғни  олар  түрлі  шаруашылықпен  (мал  өсіру, 
егін  салу,  аң  аулау,  балық  аулау  т.б.)  айналысып  кел-
ген.  Соның  ішінде  мал  шаруашылығы  ерекше  орында 
тұрады.  Міне,  сондықтан  қазақ  тілінің  сөздік  құрамында 
ауылшаруашылығына байланысты сөздер бұрыннан да көп-
теп  кездеседі.  Ал  кейіннен  қосылған  сөздер  осы  шаруа-
шылықты  үнемі  жетілдіріп  отырумен  байланысты,  меха-
низация,  мелиорация  т.б.  шараларға  орай  жасалып,  пай-
да  болған.  Бұлардың  арасында  да  жалпы  əлемге  ортақ 
халықаралық терминдер, солардың үлгісімен жасалған атау 
сөздер  һəм  сөз  тіркесімдері  бар.  Шөп  машинасы,  трак-
тор,  агрегат,  молотилка,  ауыспалы  егіс  тəрізді  толып 
жатқан  сөздерді  қараңыз.  Шаруашылық  саласына  байла-
нысты  терминдердің  құрамы  əр  алуан.  Республикамыздың 
жер-жердегі  жергілікті  кəсіптің  түріне  байланысты  кəсіби 
терминдер  түгелге  дерлік  əдеби  тілімізге  енді.  Жер  суару, 
бақша  ісіне  жəне  түрлі  техникалық  дақылдарға  байла-
нысты,  балық  өндіру  кəсібі,  аңшылыққа  қатысты  көптеген 
сөздер қалыпты қолданысқа енді.
Ғылымның,  техниканың,  экономиканың,  жалпы  мəде-
ниеттің  жəне  əлеуметтік  өмірдің  əр  алуан  салаларының 
мейлінше  дамып,  жандана  түсуі  адамның  рухани  жан 
дүниесіне  де  үлкен  қозғау  салып  отырды.  Мұны  біз  өткен 


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау