245
70 жылдың өмір болмысынан айқынырақ аңғарамыз. Мы-
салы, өнердің театр, опера, балет, живопись, скульптура,
хореография, кино, телевидение, драма, проза, поэзия
тəрізді сан түрлі саласы бұл күндері кең қанат жайып,
өзімен бірге осы тектес неше алуан ұғымдар жəне солар-
ды күнделікті тірлігінде үздіксіз қолданып отыратын ма-
мандар, мамандық атауларын ала келді. Бұлардың əрқай-
сысының өзіне тəн лексикасы жəне бəріне ортақ терми-
нологиялық жүйесі бар. Яғни өнердің барлық салаларына
бірдей ортақ сөздермен қатар, бұлардың əрқайсысы өзіндік
терминдік жүйесін жасап дамытып отыр.
Қай тілде де терминология мəселесі аударма жұмы-
сынсыз өрістеген емес. Қазақ тілінде де солай. Қазақ тер-
минологиясының тарихын тексеріп қарағанымызда, мұның
аудармасыз күн кеше алмайтынын анық байқадық. Алдыңғы
тарауларда əңгіме болған алғашқы қазақ газеттері мен жур-
налдар бұл жөнінде неше алуан мысалды алға тосады. Сон-
да қазақ сөзі терминдік мəнде таза қазақша мақалалардан
гөрі, аударма материалдарда жиірек кездеседі екен. Ауыл-
шаруашылығы, мал дəрігерлік, медицина, оқу-ағарту, мə-
дени мəселелерге байланысты қажет деген дүниелерді
қазақ оқығандары ең алдымен орыс ортасынан алып, ау-
дарып беріп отыруға тырысқан. Осының нəтижесінде көп-
теген қазақ сөздері нақты мамандық түрлеріне сəйкес
терминдік қызметте жұмсала бастайды.
«Мың бір түн», «Шахнама», «Калила мен Димна» тəрізді
шығыстың дана туындыларын алып келген арғы жердегі
арабы үлгілерді қоспағанның өзінде, бертіндегі, яғни
XX ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын аудар-
малар терминжасам процесіне едəуір ықпал етті деп ойла-
мыз. Бұл құбылыс XX ғасырдың басында күрт даму жолына
түсті.
Аударманың термин қалыптастырудағы рөлін, негізгі
белгі, шарттарынсыз түрлерін анықтау мүмкін бола бер-
мейді. Осы тұрғыдан аударма тəсілдеріне де баруға тура
келеді. Сонда байқалғаны, айналасы жүз жыл шамасын
қамтып жатқан бұл өнердің басты-басты тəсілдері сара-
ланып шыққан екен. Олар – еркін аударма, баламалы ау-
дарма, дəлме-дəл аударма, сөзбе-сөз аударма, калька т.т.
Тарауда бұлардың əрқайсысына кезеңдік тақылетіне орай
баға беріледі, сараланады. Сөйтіп, жалпы аударманың
терминология процесінде едəуір рөл атқаратыны баян-
далады.
247
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыс, негізінен, қоғамдық ғылымдар саласын қам-
тығанмен, оның басқа да тармақтарына тəн мəліметтер
алынды. Мұнда терминология əдеби тіліміздің бір бөлшегі
ретінде ғана емес, сонымен бірге оның өз алдына дербес,
лексиканың өзекті де ауқымды жеке-дара саласы екені баса
айтылады, яғни мемлекеттік тіліміздің негізі – жазба əдеби
тіл дейтін болсақ, оның күре тамыры – терминология мен
ғылым тілі екені дəлелденеді. Соңғы екеуі кейбір ғылыми
əдебиетте қатар қарастырылғанымен, терминология ғылым
тілінің ауқымына кіреді де, оның қалыптасуы мен дамуына
тікелей ықпал жасайды. Өйткені ғылым тілінің қалыпта-
суын əйгілейтін бірінші шарт, оның терминологиялық
жүйесінің жасалуы. Яғни терминологиялық жүйесі жа-
салмаған саланың ғылым тілі аталуға қақы жоқ. Сондықтан
біз мұны үнемі тұтастықта, бірлікте қарауға тырыстық.
Бұлардың бірінсіз-бірінің күні жоқ, бірінің жолын бірі
ашып отырады.
Ал тіл-тілдің нақты қызметке көшіп, терминденуі
қилы-қилы жолдармен жасалады. Қазақ тілінің табиғатынан
да, біз осындай өзіндік ерекшелікті байқаймыз. Жалпы,
термин сөздердің пайда болуы, əдетте баспасөз бен баспа
жұмыстарының жолға қойылып, ғылыми əдебиеттер мен
арнайы мақалалардың, оқулықтар мен оқу құралдарының
шығуымен байланысты қарастырылады.
Терминологияның өмір сүретін табиғи ортасы ғылым
тілі екені рас. Алайда ол өз ішінде тұйықталып, тұмшаланып
тұра бермейді. Ол үнемі жалпы əдеби тіл лексикасынан
нəр алады, үнемі сонымен байланыста өмір кешеді. Біз
қарастырған сонау 20–30-жылдарда да, одан бергі кезең-
дерде де мұндай өзара байланыстар күшеймесе, азаймаған.
Анық байқалатыны, терминология тек өзіндік орта-
да, яғни ғылыми тіл лексикасының ішінде ғана терминдік
мəнде айқын, дəл көрінеді. Кейде қайсыбір терминдер өз
248
үйірінен шығыңқырап кетіп, өзге бір ортадан, мəселен,
түсіндірме сөздіктерден, көркем шығармалардан орын теуіп
жататыны бар. Бұл оның қолданыла келе ортақ сипат ала ба-
стауынан болса керек.
Біздің бұл жұмыстағы көздеген басты мақсатымыз қазақ
терминологиясын тарихи тұрғыда қарастырып, оның жаса-
лу жолдарын, қалыптасу кезеңдерін, даму барысын анық-
тау, сөйтіп оның ғылым тілін өркендетудегі рөлін көрсету,
қазіргі бағыт, бағдарды айқындау т.т. Сондағы келер кейбір
түйіннің бір парасы мына тектес.
1. Термин дегеніміз, негізінен, арнайы ұғымдар, түсі-
ніктер атауы. Ол қандай ұғым, қандай мағына арқаласа
да бір мəнді болуға тиіс. Олардың қатарында кездесетін
көпмағыналылық, синонимдік нышандар мəтінде (тексте),
сөйлеуде кездесіп қалғанмен, бұл қасиет оның негізгі
табиғатына тəн емес. Қолданыс барысы кейде термин та-
биғатына əсер етіп те жатуы мүмкін. Бірақ бұл жалпылық
сипат алмауы тиіс.
2. Термин сөз нақты қолданыстағы тақілетіне қарамас-
тан өзінің бір мəнділік тұтастығын сақтайды, ал бұл сақ-
талмаса, онда оның терминдік сипатқа əлі ие болмағаны. Бұл
оның мəністік, яғни семантикалық сипаты, ерекшелігі.
Ал оның, яғни ұғымның мəністік (семантикалық) құры-
лымы жағынан жеке, туынды, күрделі, қысқарған, тіркесті
болып келе береді. Мұндай құрылымдық ерекшелігіне
қарамастан ол тұтас бір ұғымды дəл білдіруге міндетті
жəне құрылымдық шегі айқындалмаған əрбір термин, тер-
минденген ұғымның шеңберімен тығыз байланыста болады
əрі соны білдіреді.
3. Терминді құрайтын не десек, ең алдымен, мыналарды
атар едік: негіз, яғни түбір, қосымшалар, тұтас сөз, ерекше
белгі – символ. Міне, сондықтан оған морфема ұғымынан
гөрі терминоэлемент деген ұғым сəйкес келіңкірейді. Өйт-
кені бұл атау соны құрап тұрған барлық белгіні қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |