Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет75/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   125

230
Таза  қазақ  тілінің  немесе  таза  орыс  жəне  сол  арқылы 
шетел  тілдерінің  элементтері  тіркестірілсін,  болмаса  таза 
кірме  сөздерден  құралсын,  терминжасамның  бұл  құры-
лымдық модельдерінде сөзжасам құралдары еркін пайдала-
нылатыны байқалады. Мұнда, əсіресе, грамматикалық амал-
дар молынан кірістіріледі.
Аббревиация  немесе  қысқарту  (сөз,  буын  не  əріп  қыс-
қарту)  амалдары  да  терминжасам  дағдымызда  кеңінен 
қолданылады. Бұл қазақ тілінде ғана емес, өзге туыс тілде-
рінде  де  тіл  дамуының  негізінде  орыс  тілі  арқылы  пай-
да  болған  терминжасамдағы  жаңалықтың  бірінен  санала-
ды.  Əсіресе,  ғылыми-техникалық  ұғымдарды  таңбалауға, 
білдіруге  келгенде  мұның  мүмкіншілігі  шексіз  деген 
кейбір  пікірлерге
99
  қосылуға  əбден  болады.  Мұның  бұлай 
болатын  себебі,  белгілі  бір  нəрсе  туралы  ұғымды  барын-
ша  қысқа  əрі  үнемді  білдіруге  бейім  тұратындығынан. 
Қазіргі  орыстың  ғылыми  əдебиетін  қарап  отырсаңыз,  сөзді 
үнемдеп  пайдаланудың  осы  тектес  əр  алуан  тəсілдеріне 
орынды  əуестікті  байқаймыз.  Қазақ  тілінің  терминжасам 
амалдарының  қатарына  қосылуына  себеп  болғанда  мұның 
осындай  сөз  үнемдеуші  қасиеті  деп  білеміз.  Бұлардың  да 
əртүрлі модельдері бар.
1.  Толық  мағыналы  екі  не  үш  сөздің  басқы  буындарын 
қысқарта  біріктіру  арқылы  жасалған,  сондай-ақ  бірінші 
компоненттерінің  бірінші  буыны  мен  соңғы  компоненттің 
толық түрінен құралған терминдер: колхоз, совхоз т.б. Қыс-
қартудың бұл тəсілі онша өнімді сапаға көше алған жоқ.
2.  Бірінші  сөздің  алғашқы  буыны  мен  келесі  сөздердің 
басқы  əріптерінен  қысқарған  терминдер:  ҚазТАГ,  ҚазПИ, 
ҚазМУ т.б.
3.  Əр  алуан  техника  атаулары  фото-,  теле-,  радиоаспап-
тары,  медицина  жəне  басқа  ғылым  салаларында  қолда-
99
 Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического описания. 
М.,1977. С.128-131.


231
нылатын  құрал-саймандар  маркалары  мен  модельдері: 
АН-24, ГАЗ-24, А-АТ,ТУ-104,ИЛ-62 т.б.
Қазақ  тілі  лексикасының  құрамындағы  сөздердің  тиісті 
буындары  мен  қайсыбір  компоненттерінің  басқы  əріптерін 
қысқарту  арқылы  терминжасау  тəсілі  ғылым  мен  техника-
ның  өрлеу  заманында,  əсіресе,  активтене  түсіп,  термин-
жасамның  негізгі  көзінің  біріне  айналып  барады.  Алайда 
бұл  арқылы  жасалған  термин  сөздердің  бəрі  бірдей  қазақ 
тілінің  нормасына  лайықты  туып,  қолданысқа  бірден  сіңіп 
кетті десек шындыққа жанаспас еді. 
Өйткені  қазақ  тілінің  нормалану  процесінде  өзінің  заң-
ды  орнын  таппай,  ала-құла  жазылып,  түрлі  нұсқалары 
қосарлана  жүрген  сөздер  əлі  көп.  Міне,  осыларды  тіл 
заңдылығы  тұрғысынан  бір  жүйеге  келтіріп  реттеп,  нор-
малы  қалыпқа  түсіріп  отыру  терминологтардың  міндетіне 
жатады.
Қазіргі  қазақ  тілінің  сөздік  құрамын  сүзіп  шыққанда 
көзіміз  жеткен  тағы  бір  ақиқат – қазақ  тілінің  бүгінгі  бол-
мысына зер салсақ, əдеби тілімізді байытып, сөздік құрамға 
қосылған  саяси-əлеуметтік  өмірге  қатысты  қаншама  тер-
миндерді  сарапқа  салуға  болады  екен.  Сонау 30-жылдар-
дан  бері  қарай  жасалып,  баспа  жүзін  көріп  келе  жатқан 
орысша-қазақша терминологиялық сөздіктердің жалпы саны 
бүгінгі  таңда 100-ге  тарта  болып  отырса  (əрине,  бұлардың 
бəрі бірдей қоғамдық терминдер сөздігі емес екені түсінікті 
болар),  соның  ішінде,  мыңдаған  қоғамдық-саяси  термин-
дерді  мысалға  алуға  болады.  Оның  бəрі  дерлік  соңғы 
70  жыл  шамасында  пайда  болған,  тіліміздің  даму  заң-
дылығына  сəйкес  жасалған  қазынамыз.  Бұл  терминдердің 
көбі  əдеби  тіл  қауызына  өзінің  халықаралық  нұсқасын 
сақтап  кірсе,  кейбіреулері  қазақ  тіліне  əртүрлі  жолдар-
мен  аударылып  еніп  барып  қалыптасты.  Мысалы,  өзінің 
бастапқы  қалпы  сақталып,  сол  күйінде  қабылданған  мына 
төмендегідей  терминдер,  қазір  қазақтың  төл  сөзіндей  етіп 
сіңдіруге  тырысқан  кірмелер:  коммунизм,  социализм,  рево-


232
люция, комитет, конференция, философия, идеология, або-
немент, авангард, аванс, автор, автономия, аксиома, архи-
тектор,  ассистент,  баланс,  банк,  бомба,  браконьер,  бюд-
жет, бюллетень, бюро, валюта, вахта, ведомство, гвардия, 
генетика, гимн, дедукция, декларация, декрет, делегат, де-
монстрация,  депутат,  диссертант,  дубликат,  жюри,  ин-
тервью,  инфляция,  канал,  капитал,  карантин,  картотека, 
касса, кафедра, кворум, киностудия, конкурс, конституция, 
консультация,  контингент,  контракт,  концепция,  космос, 
космонавт, курс, лагерь, лекторий, лоторея, магазин, мак-
симум,  мандат,  манифест,  марксист,  масштаб,  матери-
ал,  медаль,  метеорология,  метро,  механика,  миллионер, 
минимум,  номенклатура,  номинализм,  норма,  облигация, 
объект, оппонент, пакет, палата, парламент, пароль, пар-
тия,  патент,  пенсионер,  платформа,  практика,  практи-
цизм,  принцип,  проблема,  прогресс,  пункт,  разряд,  резолю-
ция,  резерв,  рейд,  рекорд,  репортаж,  ресурс,  реформа, 
реферат,  рецензент,  ринг,  романтизм,  секретарь,  синтез, 
смена,  социология,  спутник  (серік),  старт,  статистика, 
стипендия,  суверенитет,  табель,  таможня,  тариф,  теле-
визия,  территория,  тираж,  транспорт,  указ,  универсиа-
да, устав, факт, фантазия, финал, финанс, финиш, фирма, 
формация,  формула,  хронология,  хронометраж,  цензор, 
цикл,  шовинизм,  штурм,  эвакуация,  эволюция,  эгоизм,  эко-
номика,  экскурсия,  экспорт,  электр,  элемент,  эмиграция, 
эмоция,  энергия,  этногенез  т.б.  с.с.  Мұндай  терминдердің 
санын  жалғастыра  беруге  болады.  Тіліміздің  терминжа-
сам  мүмкіндіктерін  ішкі  даму  заңдылықтарына  орай  қайта 
қарастырсақ,  бұл  сөздердің  көбін  қазақшалап  алуға  əбден 
болатынын соңғы бес-он жылдық тəжірибе толық дəлелдеп 
отыр.
Ал халықаралық терминдер мен советизмдердің енді бір 
алуаны əртүрлі жолдар мен қазақшаға аударылып жасалды. 
Біразының  баламасы  табылса,  екіншілері  сөзбе-сөз  ауда-
рылып,  үшіншілері  калькаланып  жатты.  Мысал  үшін  мы-


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау