Терминологиялық хабаршы №1 (51) 2016



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет8/32
Дата25.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#17605
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

бағытталған  пікірлердің  де  мол  екендігіне  көз  жеткізіп  отырмыз.  Ұлы  ғалым         

А. Байтұрсынұлынан бастау алған осы көзқарас тіл жанашырларынан қолдау тап-

са ғылымды неге қазақша сөйлетпеске. Жалпы термин сөздерді аударғанда қазақ 

тілінің  сөздік  қорын  сарқа  пайдалану  қажет.  Жаңа  термин  ұғымының  мазмұны 

мен қызметіне сәйкес келіп, ана тіліне нұқсан келмейтіндей болуы тиіс. Көне грек, 

латын, француз басқа да шет тілінен енген, әбден сіңісіп, халықаралық көлемде 

қолданылатын терминдер өз қалпында енгізілуі тиіс. Оны баламалап, түсініксіз 

сөздер жасаудың қажеті жоқ. Тілші ғалымдар мен көпшілік қауымды ойландыра-

тын жағдай – ғылыми терминдерді аударуда ала-құлалық күшейіп кетуі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ш. Құрманбайұлы[Күркебаев Ш.]. Өсімдік мүшелері мен олардың құрылым-

құрылысына қатысты терминдер. Кан. Дисқолжазбасы.- Алматы, 1994.167 б.

2.  Б.Момынова  Қазақ  газетіндегі  қоғамдық  саяси  лексика.  Кан.  Дис 

қолжазбасы. – Алматы. 1993.131б.

3.  Ә.Қайдар  Қазақ  терминологиясына  жаңа  көзқарас.  -  Алматы:  Рауан, 

1993.43б.

4. Б.Қалиев жат сөздер жағадан ала бермесін. – Алматы: Ана тілі: 1994. -29 

қырқүйек

5. Ә.Болғанбаев Қазақ тілінің синонимдер сөздігі –Алматы: Ғылым, 1975.217б.




19

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

Қарлығаш Айсұлтанова 

Әл­Фараби атындағы ҚазҰУ доценті,

 филология ғылымдарының кандидаты 

Қазақ тіліндегі терминжасам мәселелері 

Терминдердің  осы  уақытқа  дейін  орыс  немесе  басқа  тілдерден  кірігіп, 

тіліміздің терминдік қорын байытып  келгені белгілі. Осыған байланысты соңғы 

ұлттық тіл мәселесіне, сонымен бірге ұлттық терминдерді қалыптастыруға мық-

тап ден қоюымызға орай тіліміздегі сөздер мен терминдердің көпшілігі шама-

шаркынша қазақ тіліне аударыла бастады.   

Дегенмен,  терминдер  мен  сөздердің  көпшілігінің  қазақ  тіліндегі  нұсқасы 

әлі де үйлесімді қолданыс таба алмай жатыр. Олардың бірқатары қазақ тілінде 

қолданысқа ие болып, қалыптасып үлгерсе, енді басқалары сынға ұшырап, ке-

ңінен қолданыс таппай, тілдік қорымызда әлі де қалыптаспай отыр. Осыған бай-

ланысты осы жағдайлардың  себептері неде, кей аудармалардың қалыптасып, кей 

нұсқаларының қалыптаспай, қолданыс таппай отыруының себебі неде, олардың  

қалыптасуына  немесе  қалыптаспауына  әсер  етуші  қандай  ықпалдар  бар,  неге 

өзге тілдердің терминдері мен кірме сөздері тілімізде қалыптасып, қолданыс та-

уып  кетуге  бейім,  неге  аударма  терминдер  жасауға  мәжбүрміз,  ана  тіліміздегі 

сөздер шын мәнінде термин жасауға, басқа тілдің сөзін аударып беруге икемсіз 

бе деген сияқты жан-жақты заңды сұрақтар өз-өзінен туындайды.

Бір жағынан, аталған сұрақтар қарапайым сұрақтар сияқты болып көрінуі мүм-

кін.  Екінші  жағынан,  бұл  сұрақтардың  жауабы  ғылыми  негізді,  дәйекті  тұжы-

рымды қажет етеді. Біздіңше, негізінен бұл сұрақтардың жауабы терминжасам мен 

тілдік процестерге әсер етуші факторларға, ықпал етуші сыртқы күштерге байла-

нысты. Сондықтан аталған сұрақтардың жауабын осындай әртүрлі факторларды 

қарастыру арқылы табуға болатын сияқты. Мүмкіндігінше аталған ықпал  етуші 

күштерді  қарастыра  отырып,  жоғарыдағы  сұрақтарға  жауап  іздеуге  ұмтылып 

көрейік.

Негізінен бұл мақсатта анағұрлым ілгері дамығандықтан, орыс тілі термино-

ло гиясындағы немесе орыс тілі арқылы аударылып берілген басқа тілдің терми-

нологиясындағы ғылыми еңбектерге сүйенетініміз ақиқат. Ал бұл сияқты ең бек-

терде термин қалыптастыру үрдісіне әсер етуші факторлар жөнінде соншалықты 

маңызды  пікірлер  жоқ.  Терминологиясы  дамыған  тілдерде  ондай  мә селе   

жоқтың  қасы  деуге  болады.  Орыс  терминологиясына  өзіндік  үлестерін  қосқан 

А.А.Реформатский [1,46], А.В.Суперанская [2,58], В.П.Даниленко [3,92], сияқты 

белгілі ғалымдардың еңбектерінің өзінде аталған тақырыпқа қатысты ойлар қоз-

ғал майды. Бұлай болуы заңды да. Өйткені басқа тілдің терминологиясында бұл 

сияқты мәселелер маңызды мәселелердің қатарына жатпайды. Ал даулы мәселе 

Терминжасам жән

е терминалмасым



20

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

болмаған жерде ол  бағытта  ғылыми  ізденістің болмайтындығы да шындық. Бұл 

біздің аталған сұраулардың  шешуін өз мүмкіндігімізше және жалпы тілдік тео-

риялар негізінде топшылауымызды қажет етеді. Сонымен, қандай себептер бар?

Біріншіден, біздіңше, ұлттық ғылымды дамытуға деген ғылыми механизмнің  

дұрыс жолға қойылмай отыруының өзі осыған әсер етуші бірден-бір негізгі күш. 

Себебі, ұлт тілінде тың ғылыми жаңалықтардың реті аз болғандықтан, мұндай 

жаңалықтар  ашатын  еңбектердің  дені  қазақ  тілінде  жазылмағандықтан,  қазақ 

тілінде жаңа термин жасалмайды. Ш.Құрманбайұлы "Ендігі жерде мемлекеттік 

мәртебеге  ие  болған  қазақ  тілі  өзінің  ғылым  саласындағы  қызметін  толық 

атқаруға  көшуге  тиіс.  Ол  үшін  терминжасам  тәсілдері  іске  қосылып,  үздіксіз 

жетілдіріп отыруымен қатар, термин жасауда пайдаланылатын лексика көздері 

анықталып, олар термин шығармашылығында тиімді пайдаланылуы қажет"     [4, 

95] - деп көрсетеді  

Өз  ғылыми  жаңалықтарымызды  біздің  ғалымдар  алдымен  өзімізде  емес, 

өзге елдерде дәлелдеуге тырысады. Соның негізінде өзге елдің тіліне бейім тер-

мин жасалады. Былайша айтқанда, ұлттық термин жасауға әсер етуші фактор 

—  дұрыс  жолға  қойылған  ғылымның  даму  механизмі.  Оның  үстіне,  біз  жаңа 

ұғымдар жасауға соңғы жылдардың үрдісінде бейімделмегенбіз. Соның  арқа-

сында тіліміздің мүмкіндігін пайдалану сияқты әрекеттерден мүлдем айырылып 

қалғанбыз деуге болады.

Келесі әсер етуші күш - ұлттық психология. Себебі психологиямыздың орыс-

тан ғаны соншалық, жаңа жасалған ұлттық терминдерді қабылдауға, дұрыс тү-

сінуге  қабілетсізбіз.  Яғни,  қазақы  ұлттық  психологиядағылардың  өзіне  орыс 

пси хологиясының көптеген элементтері сіңген. Ал, орыс тілділер жөнінде сөз 

қозғаудың өзі артық. Ұлттық психология болмаған жерде өз тілімізде жаңа сөз 

жасап, оны қабылдай алмаймыз. Яғни, ұлттық терминжасаудың   келесі көзі — 

ұлттық психология. Ұлттық психология болмаған жерде терминдер ғана емес, 

жаңа  сөздердің  өзін  дұрыс  қабылдап,  қолданысқа  енгізе  алмайтын  боламыз. 

Бір ғана мысал,  осы уақытқа дейін, тіпті, әлі  күнге дейін  біздің түсінігімізде  

неоло гизм сөз дегеніміз  тек  өзге тілден енген сөздер болуы керек сияқты болып 

тұрады.


Үшіншіден, ұлттық психологиямен байланысты келесі әсер етуші фактор — 

ұлтжандылық, отаншылдық қасиеттер. Бізде қандай дәрежеде екендігін айту ар-

тық болар. Бұл қасиеттер  ұлттық терминжасамның  ғана емес, ұлт тілінің де 

алдында тұрған  проблема. Ал бұған кері әсер ететін орыс тілділеріміз тағы бар. 

Қалыптасқан сөздік, терминдік қолданыстарды саналы түрде қолдануға өзімізді-

өзіміз  қинағымыз келмейді немесе өз ұлттық мүддемізді  түсінгіміз келмейді. 

Бәрін  де  тілдер  арасындағы  байланыстың  табиғи  заңдылығымен  түсіндіруге 

ұмтылатын жағдай да бар. Ал бұл ең бастысы ұлт тағдырына, ұлт ұрпағының 

тағдырына балта шабу екендігін саналы аңғару керек сияқгы.

Терминжасам жән

е терминалмасым



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау