Тәрбиешінің Әдістемелік қоржыны



жүктеу 2,42 Mb.
Pdf просмотр
бет31/34
Дата09.01.2020
өлшемі2,42 Mb.
#26084
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

84 

 

құрылыстарға жазбалар дайындап, келесі күнге дейін құрастырғандарын бұзбай сақтауға 



рұқсат беруі қажет. 

Көркем  әдебиет  орталығы.  Тәрбиеші  балалардың  қызығушылықтарын,  ұнайтын 

әрекеттерін,  сүйікті  ертегілерін  айқындап,  көрнекі  ұйымдастырылған,  жастарына  сай 

келетін  әдебиеттерді  дайындау  керек.    Тәрбиеші  әдебиетьке  деген  сүйіспеншілікке 

тәрбиелеуі қажет. Балалар әңгімелерін тыңдап, лайықты кітаптарды таңдауға көмектеседі. 

Сонымен қоса бала дамуы жөніндегі жазбалар жасайды.  

Өнер  орталығы.  Тәрбиеші  бұл  орталықта  түрлі  материалдарды  қолдану  арқылы 

сурет  салудың  алуан  әдістерін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Шығармашылық 

машықтарын,  түсті,  формаларды  сезінулерін  дамытады.  Түрлі  материалдарды 

араластыруға мүмкіндік береді.  

Ғылым  орталығы.  Балалар  зерттеу  жұмыстарын  жүргізетін  орталығы.  Тәрбиеші 

түрлі материалдармен қамтамасыз етеді. Мысалға, буклеттер, энциклопедиялар, суреттер 

және т. б. Олармен тәжірибелер жүргізуге рұқсат етеді.  

Әр орталықта тәрбиеші балаларға өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, әрекетіне 

араласпайды,  тек  бағыт  беріп,  бақылау  күнделіктерінде  жазба  жасайды,  бала  дамуының 

деңгейін айқыпдап, оның алға қарай жылжуын қадағалайды. 



Қорытынды.  Педагогикалық  технологияларды  зерттей  келе  келесідей  тұжырым 

жасауға болады. Оқу үрдісі өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың 

қызметтік  мінездемесімен  тек  қана  баланы  біліммен  қаруландыруға  ғана  бағытталмай, 

сонымен  қоса  олардың  жан-жақты  дамуына  бағытталған.  Көп  жылдар  бойы  мектепке 

дейінгі  білім  беру  жүйесі  балалардың  танымдық  дамуын  қамтамасыз  етті.  Алайда 

мектепке  дейінгі  тәрбие  беру  мен  оқыту  негізінен  бала  тұлғасы  қасиеттерінің  дамуына 

бағытталған. Бүгінгі таңда негізгі басымдық – бала мен тәрбиешінің тұлғалы-бағытталған 

әрекеті болып табылады. Баланың жеке-даралығын түсіну, қабылдау, қызығушылықтарын 

ескеру, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, эмоционалдық игіліктерін сақтау  – міне, 

осылардың барлығы қазіргі кездегі тәрбиешінің басты міндеттері. 

Осылайша,  жаңа  технологиялларды  қодану  -  тәрбиеші  қазіргі  заманға  сай  өзгеріп 

отыратын  әлемде  өмір  сүруге  дайын,  денісаулығын  сақтай  алатын,  білімі  мен 

машықтарын  көрсете  алатын,  шығармашылығы  кең,  ақыл-ой  өрісі  дамыған,  өз  ойын 

сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды  тұлғаны өсіруге жетелейді.  



 

БАЯНДАМА 

 

Дайындаған:  Гульзат  Бекмухамбтовна  Баянбаева,  Көктөбе  ауылы,  «Балдаурен» 

балабақшасы 



Тақырыбы: Өзіндік ұстанымдағы әдептілік 

 

"Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті 



мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды".                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұстафа Шоқай 

 

 



Бүгінгі  таңда  ХХI  ғасыр  табалдырығын  еркін  аттаған  азат  ұрпаққа    тәлім-тәрбие 

мен  білім  беруді  жетілдірудің  басым  бағыттарын  айқындап,  ұлттық  игіліктер  мен 

адамзаттық  құндылықтар,  рухани-мәдени  мұралар  сабақтастығын  сақтай  отырып 

тәрбиелеу,  ұлттық  сананы  қалыптастыру  көкейкесті  мәселелердің  бірі  болып  отырғаны 

анық.Олай болса, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға 

тәрбиелеу үшін 

- тәрбиеленушілердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; 

-  жас  ұрпақ  санасына  туған  халқына  деген  құрмет,  сүйіспеншілік,  мақтаныш  сезімдерін 

ұялату, ұлттық рухын дамыту



85 

 

- ана тілі мен дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын 



қастерлеу; 

-  жас  ұрпақ  бойында  жанашырлық,  сенімділік,  намысшылдық  тәрізді  ұлттық  мінездерін 

қалыптастыру.                                                                                                              

 

"Тәрбие  төрт  түрлі:  дене  тәрбиесі,  ақыл  тәрбиесі,  сұлулық  тәрбиесі,  һәм  құлық 



тәрбиесі.  Егер  адам  баласына  осы  төрт  тәрбие  тегіс  берілсе,  оның  тәрбиесі  түгел 

болғаны... 

Бала бала болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын" деген екен. 

Қай  кезде  де,  қай  халықта  да  ұрпақ  тәрбиесіне  үлкен  мән  беріліп,  жеткіншек  қамын 

ойламаған  жерде  ел,  халық  болашағы  туралы  айту  артық.  Жастарға  адамшылықтың 

негізін беру - әр халықтың ғасырлар бойы жасаған ұлттық дәстүр салттары мен халықтың 

педагогикасына негізделген.  

Халық педагогикасы - ұлттық тәрбиеге негізделген. 

 

Отбасындағы  дене  тәрбиесіндегі  мақсаты  бала  денесін  дамыту,  денсаулығын 



нығайту,  ағзасын  шынықтыру  және  күнтәртібін  дұрыс  ұйымдастыруға,  салауатты  өмір 

салтына  тәрбиелеу  болды.  Сондай-ақ,  адам  зиялылығының  негізі  -  ақыл  ой  тәрбиесі  деп 

есептелінеді. Қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі - ар болып 

есептеледі.  Ары  бар  адамда  намыста,  әділдікте,  адамгершілік  пен  имандылықта  болары 

сөзсіз.   

 

Әйгілі  жазушымыз  Мұхтар  Әуезовтің  "Ел  болам  десең  -  бесігіңді  түзе"  деген 



сөзінде  сан  алуан  астар  бар.  Кемеңгеріміздің  бұл  жерде  "бесігіңді  түзе"  деген  сөзді 

"Ұрпағыңды  түзе"  деген  сөздің  баламасы  ретінде  қолданып  отырғанын  біреуіміз  білсек, 

екіншіміз  аңғара  бермеуіміз  әбден  мүмкін.  Ал  сол  ұрпақты  түзу  жолға  салуға 

атсалысарлық алғышарттардың бірі - балабақша.  

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. 

"Баланы  жастан"  демекші,  бүлдіршіндердің  санасына  халқымыздың  тәрбие  негізі,  асыл 

қазынасы  -  салт-дәстүрлерін  дұрыс  жеткізе  білсек,  ертеңгі  күні  олардан  зор  ұлтжанды 

қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады. 

Қазіргі  кезде  халықтың  педагогика  элементтерін  балабақшаларда  тіл  дамыту, 

математика,  айналаны  қоршаған  орта,  бейнелеу  өнері,  дене  шынықтыру  оқу  іс-

әрекеттерінде  кеңінен  қолданудың  маңызы  артып  келеді.  Мысалы:  математика  оқу  іс  - 

әрекетінде  ақыл-ой  қабілетін  дамытатын  ойындармен,  ән-күй  сабақтарында  түрлі 

әуендермен,  экология  оқу  іс  -  әрекетінде  табиғи  денелерді  қолдануды  және  хайуанаттар 

дүниесін  елестететін  ойындармен  танысады.  Оқушыларды  жоғары  мәдениетті  адам  етіп 

тәрбиелеу сіздер мен- біздің басты міндетіміз.  

Ұлттық тәлім тәрбиенің ірге тасын дұрыс қалай білу педагогтар мен ата-аналармен 

қосылып  жүргізген  шараларына  байланысты  болмақ.  Өйткені,  бірінші  ұлттық  тәрбиенің 

ошағы-отбасында,  екінші-білім  мекемесінде  болғандықтан,  ата-аналармен  бірлесіп 

жұмыстар өткізіп тұру қажет.  

"Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  аласың"  демекші,  ата  дәстүріміздің    қалыптаса 

беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор.                              

Халқымыздың ұлттық құндылықтарын, асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, 

қажымай  еткен  еңбектеріңіздің  арқасында  дарынды  да  тәрбиелі  балалардың  бойына 

сіңіріп,  ұлттық  мәдениетімізді  әлемдік  деңгейдегі  мәдениетке  жеткізіп  сақтауға  деген 

патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей ат салысайық. 

 

 



 

 

 

 

 


жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау