Тәрбиешінің Әдістемелік қоржыны



жүктеу 2,42 Mb.
Pdf просмотр
бет33/34
Дата09.01.2020
өлшемі2,42 Mb.
#26084
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

88 

 

Бала  алғаш  өзіне  еркелетіп,  тұспалдап  айтылған  мазақтамалар  арқылы  зеректікке, 



тапқырлыққа  жаттықса,  өсе  келе  өзіндік  шығармашылық  танытатын  болған.  Ол  үшін 

қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүргізілген. Мәселен, үйге қонақ келгенде алдымен 

қонаққа арнап балаларға өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған. 

Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа 

жалғасып  келе  жатқан  отбасы  мүшелерінің  қатынасының  маңызы  зор.  Қазақ  халқының 

отбасы  тәрбиесіндегі  өзіне  тән  жарасымдылықтын  бір  ұшы  олардың  жасы  кішісінің 

үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, 

шеше  тұрып  қыздың  орынсыз  сөйлемеуінде  деп  есептемейміз.  Және  қазақ  отбасындағы 

бала  тәрбиесін  ұл  тәрбиесі,  қыз  тәрбиесі  деп  жеке-  жеке  мән  беріп  қарастыруда  оның 

өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. 

Үлкенді  құрметтеу  отбасы  мүшелерінің  бір-бірінің  тәрбиесіне  жауапкершілік, 

борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. 

Қазақ  отбасында  балаға  тілі  шығып,  анық  сөйлей  бастаған  кезден-ақ,  ағайын 

туысты, нағашы жұртын, ата тегін, руын , ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті 

атасын  білу»  заң  болған.   Ата-бабаларымыз  өз  тегінің  шығу  тарихан  білуді  әр  азаматқа 

парыз деп ұққан. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан 

қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік 

қасиеттерін  қалыптастырады  деп  есептеген.  Отбасы  мүшелері  балаға  тек  жеті  атасына 

дейінгі  бабаларының  атын  жаттатып  қанақоймаған.  Олардың  қандай  адам  болғанын, 

өнегелерін  үлгі  етіп  отырған.  Әрі  сол  арқылы  отбасы  шежіресін  жалғастыруға  баулуды 

мақсат еткен. 

Қазақ отбасының осындай  өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени 

құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болады. 

Сонымен қорыта келгенде, отбасы тәрбиесіндегі этникалық мәдени құндылықтары деп 

төмендегілерді айтуға болады: 

1.  Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу. 

2.  Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу. 

3.  Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның 

садағасы». 

4.  Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз». 

5.  Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы 

кенже ұлдың рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру. 

 

БАЯНДАМА 

 

Дайындаған:  Гульмира  Калидоллаевна  Жагипарова,  Көктөбе  ауылы,  «Балдаурен» 

балабақшасы 



Тақырыбы: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу 

Табиғат  –  біздің  ортақ  үйіміз.Табиғатқа  деген  сыйды  жоғалту  адамзаттың 

адамгершілік  құндылықтарын  жоғалтуға  әкеліп  соқтырады.  Қазіргі  уақыттағы  әлемдегі 

экологиялық жағдай  адам көзқарасының өзгеруін талап етеді.  Өсіп келе жатқан ұрпақта 

жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса 

да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат  заңдылықтары бойынша өз түсініктері 

болуы  керек.  Экологиялық  тәрбие  мен  білім  беру  –  қазіргі  таңдағы  айқын  бағыттардың 

бірі.  Экологиялық  мәдениеттілікке  тәрбиелеу  неғұрлым  ерте  басталса,  соғұрлым  оның 

болашағы  зор  болмақ.  Баланың  сәби  кезінен  экологиялық  мәдениеттілік  санасын 

тәрбиелеу  –  осы  мәселелердің  шешілу  жолдарының  бірі  болып  табылады.  Мектепке 

дейінгі  ұйымдардағы  экологиялық  тәрбие  берудің  маңызды  міндеті  -  балаларды 

табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету  және 

экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі 



89 

 

екенін  түсіндіру  керек.  Біз  баланы  табиғатты  пайдаланып  қана  қоймай,  оған  қамқор 



болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек. 

Экологиялық білім берудің басты міндеттері: 

-өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру. 

-қоршаған  ортада  алған  әсерлерін  жеткізе  білу,  эмоциялық  көңіл-күйлерін  басқара  білу 

дағдыларын жетілдіру. 

-қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру. 

-табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату. 

-адамның  табиғаттағы  тіршілік  әрекеті  және  жеке  гигиена  жайындағы  білімдерді  тиімді 

жолдарымен жеткізу. 

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай жұмыс түрлерін орындауға болады: 

-балалардың экологиялық білімдерін қамтамасыз ететін пәндік-дамытушы ортаны құру. 

-«Экологиялық соқпақ», «Қызыл кітап», «Жасыл аймақ», «Дәрілік өсімдіктер» орталығын 

құру,тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру. 

-үлестірмелі  материалдар  жинақтау  (гербарий,суреттер  жинағы,  табиғат  туралы  мақал-

мәтелдер т.б) 

-экологиялық  тақырып  аясындағы  бағдарламаны  жүзеге  асыра  білу  жолдарын  таба 

білу,басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттерімен сабақтастыру. 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері  кезінде балаларға табиғат  туралы жұмбақтар, 

мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, табиғат туралы ертегілер де оқуға болады. 

Жұмбақ. 


Қарасаң келбетіне - 

Тұмсығы найзағайдай. 

Шығарып су бетіне, 

Қанатын жайса жай, 

Көрінер кемедей 

Мұхитта телегей. 

-бұл жұмбақтың шешуі не? 

-балық 


-дұрыс , балықтар қайда тіршілік етеді? 

-суда 


-иә, олар  сусыз тіршілік ете алмайды. Суда өседі. Судан шықса, ауа жетпей қалады.  Сол 

үшін балықтың өсіп-өнуіне жағдай жасау керек. 

Біз бүгін  «Алтын балықпен» танысамыз. 

        Балық  желбезекпен  тыныс  алады.  Өкпесі  жоқ.  Құйрығы  бұрылу  қызметін  атқарады. 

Балық сопақша болады. Олар ұсақ балдырлар,  яғни су  өсімдіктері мен қоректенеді. 

    Сергіту сәті: Қане, балалар, тұрамыз, 

                           Бойымызды жазамыз. 

                           Балықтарға ұқсап біз, 

                           Жүзіп-жүзіп аламыз. 

   


Балалар тәрбиешінің жасаған іс-қимылдарын қайталайды. 

Тосын  сый.  (  Есік  қағылады.  Балықшы  атай  кіреді.  Сәлемдеседі.  Өзі  балық  аулап  келе 

жатқанын айтады.) 

-Ата, балалар сізге тақпақ айтып берсек дейді. 

 

Дәмді ететін сорпаңды 



 Білем таяз ортаңды, 

 Денесінен басы үлкен, 

Ұстап алдым шортанды. 

Ең ірісін алыппын, 

Өзім соған қарықпын 

Атам айтқан осыны, 

Қасқыры деп балықтың

Балықшы атай: Бәрекелді, қарақтарым, рахмет! Мен сендерге жұмбақтар жасырайын. 

 Аузы бар, тілі жоқ. 

Терісі бар, жүні жоқ. 




жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау