2
Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының Эксперттік Кеңесімен ұсынылған (2013 жылдың ___
ақпанынан №___ хаттамасы).
Рецензент:
Нұрғалиева Сара Дүйсембайқызы, Павлодар облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басқару
және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы.
Құрастырушы: Мухамедова Зухра Димяновна, Май ауданы білім беру
бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері.
Тәрбиешінің әдістемелік қоржыны
Бұл әдістемелік жинақта әдіскерлер мен тәрбиешілер өз жұмыстарында
қолдана алатындай Май ауданының мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінің әдіскерлері мен тәрбиешілері әзірлеген ертеңгіліктер
сценарийлері, ойын-сауықтар, сергітулер, 2012 жылы аудан көлемінде
өткізілген семинарлар құжаттары жинақталған.
3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
4
1 Ертеңгіліктер сценарийлері
5
2 Ойындар, сергітулер
63
3 Баяндамалар
82
4 Қорытынды
92
5 Пайдаланған әдебиеттер тізімі
93
6 Қосымша
94
4
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты білім сапасын жаңа деңгейге көтеру болып
табылады.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсатына жетуі мектепке дейінгі білім деңгейі
мазмұнын ұйымдастыра алатын педагогикалық корпустың басым шоғыры болуына
байланысты.
Шебер педагог – не ойды, не технологияны дайын күйінде қабылдамайтын – оларға
қатыстыны өздігінен анықтайтын және жеке шеберлігін қалыптастыра алатын маман.
Тәжірибелі маман сабақты өз қабілетіне қарай тәжірибесіне сүйеніп өткізеді және өзінің
«білім жиынтығын» қалыптастырады, оны кәсіби мәселелерді шешуге жұмсайды.
Отандық мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қойылған мәселені шешу
құралдарының бірі – әдістемелік жұмыс.
Берілген жинақта Май ауданы әдіскерлері мен тәрбиешілерінің әдістемелік
қоржындарындағы жұмыстары жинақталған. Жинақтың бірінші бөлімінде мерекелеік
ертеңгіліктер сценарийлері, екінші бөлімінде ойындар, сергітулер және үшінші бөлімінде
баяндамалар берілген. Осы жинақты тәрбиешілер күнделікті жұмыстарында қолданып,
өздерінің әдістемелік қоржындарын толықтырады деген үміттеміз. Осылайша, біртіндеп,
мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына ат салысамыз.
5
І. ЕРТЕҢГІЛІКТЕР СЦЕНАРИЙЛЕРІ
Мерекелер – мектепке дейінгі жастағы балалар үшін жарқын және қуанышты
сәттер. Олар балаларға үлкен ықпал етіп, өмірінде жайдарлы із қалдырады. Мерекелерді
ұйымдастыру мен өткізу бүлдіршіндердің эстетикалық, рухани тәрбиеленулеріне
бағыттайды: олар бір-бірімен алған әсерлері жайында бөліседі, ұжымдық негіздері
қалыптасады, патриоттық сезімдері оянады, этномәдени бағыты бойынша тәрбиеленеді,
өз-өзін ұстау мәдениеті қалыптасады. Өлеңдер, тақпақтар, билерді жаттай отырып өз
елдері, табиғаттары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, түрлі ұлт өкілдері туралы көптеген
жаңа нәрселерді біледі. Бұл балалардың білімдерін молайтып, есте сақтау қабілеттерін,
сөйлеудегі тіл байлықтарын, ойлау, көз алдарына елестету қабілеттерін дамытады.
Мерекелік атмосфера, залдың салтанатты безендірілуі, костюмдер әдемілігі,
балалар қойылымдарының қызықтылығы – бұлардың барлығы эстетикалық тәрбие
берудің маңызды факторлары.
Тәрбиеленушілердің өлең айтуда, ойындарда, билерде қатысуы бала ағзасын
дамытып, қозғалыс координациясын жақсартады. Мерекелерге дайындық жүйелі және
жоспарлы түрде, бала өмірінің жалпы ырғағын бұзбай ұйымдастырылуы керек. Егер
тәрбиеші балаларды жақсы білсе, олардың қызығушылықтарын, жеке бас ерекшеліктерін
ескеріп отырса, әр бөбектің күн сайынғы өмірін қызықты ұйымдастырып, мерекеге
дайындықтарының өзін мейрамға айналдыра алады.
Әр мерекенің негізінде әр балаға жеткізілуі тиіс белгілі бір ой жатыр. Мысалға, 16
желтоқсан – бұл Отанымыздың Тәуелсіздік күні, 8 наурыз – сүйікті Аналарымыздың,
қадірлі Апаларымыздың күні және т. с. с. Берілген бөлімде Республикамызда тойланатын
мерекелердің сценарийлері жинақталған.
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын
орталық
Тақырыбы: Аналар-мәңгі жасасын!
Жүргізуші:
- Аяулы біздің аналар мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі -
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға
деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ.
Қабыл алыңыздар!
Армысыздар, аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
- Балалар, сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем.)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, қар ериді, жер көктейді,
бәйшешектер шығады, құстар қайтып келеді.)
- Қазір қандай ай? (Наурыз.)
- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі.)
- Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне дайындаған қандай сыйлықтарың бар?
1. Көктем келді жадырап,
Күн нұрымен таласып.
Жайнай берші жарқырап,
Жаны жайсаң анашым.
2. Көктем келді, алақай!
Көктеп жатыр даламыз.
Біз бақытты балақай,