Тасымалдау процесін шұғыл басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің даму шамасы бойынша ақпарат алмасу өзара әрекеттесетін жол және тораптық есептеуіш орталықтардың ЭЕМ байланысының жанасқан каналдары арқылы қамтамасыз етіледі. ЭЕМ-нің осы деректерінің негізінде поездардың келу уақытын болжайды, байланыс каналдары бойынша пайдаланушыларға қажет деректерді қалыптастырады және жібереді.
1.8 СТО жұмысын ұйымдастыру
СТО келетін және жөнелтетін поездарға жүк құжаттарын өңдейді және таңдайды, станциядағы вагондарға құжаттарды сақтайды, локомотивтік бригадалардан құжаттарды қабылдайды және тапсырады. СТО қызметкерлері станция жолындағы вагондардың болуы мен орналасуына үздіксіз нөмірлік есепке алу жүргізеді, есептілік құрайды, сонымен бірге станция жолдарында вагондарды дер кезінде жөнелтуді бақылайды, поездар мен вагондар туралы ақпаратты қабылдайды және жібереді. СТО-да вагон парктерінің болуы және қолданылуы туралы есептілікті, вагондардың жолдан жолға және бөлімшеден бөлімшеге өтуін жасайды. СТО құру жоспарының сақталуын, толық салмақты және толық құрамды поездарды жөнелтуді бақылайды.
Құрамаларды өңдеуді жеделдету үшін станция аумағында СТО дұрыс орналастырудың мәні үлкен. СТО-ны учаскелік станцияда ИЦ мен маневрлік диспетчер орналасады. Ол оң жағынан қайта өңдеу паркі мен сұрыптау паркінің арасында орналасады. Осы жерде сол жағынан сұрыптау паркінің шыға берісінде шығынға жазудың телетайпты посттарымен СТО филиалы ұйымдастырылған. Олар үлкен диаметрлі пневмопочтамен қосылған. СТО штаты аға оператордан және станциядағы жұмыс көлеміне байланысты бір, екі ауысым операторынан құралады.
СТО операторы немесе поезды келгеннен соң өңдейтін ИЦ операторы кезекті ТГНЛ алады, берілген әрбір вагонның қарсы жағына құру жоспарының міндеттері немесе СП жолының нөмірін қоя отырып, айырады. Жүгі бар вагондардың міндетін бірыңғай желілік таңбалау кодтары бойынша, бос вагондар үшін вагондардың түрі бойынша анықтайды. Одан әрі топтағы вагондардың массасы мен санын есептейді: сұрыптау парағы үшін құру (ағыту) жоспары бойынша бірдей міндеттегі. Осыдан соң оператор әрбіреуі үшін қорытынды деректердің міндеті – вагондар массасы мен санын көрсете отырып, құру жоспарының міндеті бойынша барлық вагондарды бөлу кестесін құрайды. Өңделген ТГНЛ екі данасын станция жұмысын жоспарлау үшін маневрлік диспетчерге жібереді: жақын уақытқа поездарды қабылдау, тарату және құру үшін, поезды қабылдау жолдарын таңдау үшін. Диспетчер, поездың құрамы және қалыптасатын міндеттері туралы қорытынды деректерді басшылыққа ала отырып, құрамаларды тарату кезектілігін анықтайды. ДСЦ ТГНЛ бір данасын келгеннен соң поездарды өңдеумен айналысатын СТО операторына береді. Құрама мен тасымалдау құжаттарын тексерген соң, осы дананы төбешіктегі кезекшіге құраманы тарату кезінде сұрыптау табағы ретінде қолдануға береді. Екінші данасын вагондардың жинақталуын есепке алу жөніндегі операторға, белгіленген ТГНЛ үшінші данасы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің операторына жіберіледі. Жергілікті вагондар поездының құрамында күтілетін келуі туралы ақпаратты жүкті қабылдап алушыларға және жергілікті жұмыс жөніндегі диспетчерге жібереді.
Егер поездға ТГНЛ алынбаса, онда анықтама қағазды шынында келген құраммен салыстыру үшін телетайп немесе радионың көмегімен шығынға жазуды ұйымдастырады. Егер келу паркте құжаттарды жеткізу үшін тасымалдаушы құрылғылар болса, локомотивтік бригада пакетті (анықтама қағаздағы деректердің салыстырып түзетілгенмен сәйкестігін тексереді) қабылдау бункеріне тастайды. Егер мұндай құрылғылар болмаса, құжаттарды локомотив машинисті немесе оның көмекшісі СТО-ға тапсырады. Келген поездға құжаттарды алып, СТО операторы пакетті ашып, анықтама қағаздың деректерінің салыстырып түзетілген ТГНЛ-ға және вагонның құжаттарына сәйкестігін тексереді.
Салыстырып түзетілген ТГНЛ және таңбаланғанды маневрлік диспетчер орындаған, СП жолдары бойынша жеке вагондардың міндеттерінің өзгерістерін ескере отыырп, сұрыптау қағазын түзету үшін қолданады. Құрама мен құжаттарды өңдеуді аяқтаған соң, таңбаланған ТГНЛ данасын және транзитті вагондардың құжаттарын СТО операторы жөнелтуге жібереді. Вагондардың жолдан жолға ауысуын ескеретін пункттерде вагондардың тапсыруға жататын құжаттарын штампылайды. Таңбаланған және салыстырып түзетілген ТГНЛ бір данасын станция жолдарында вагондардың болуын үздіксіз нөмірлік есепке алу үшін қолданады.
2 Транзитті поездарды өңдеу
«Ж» станциясында транзитті поездарда өңдеу құрамаға техникалық қызмет көрсетуден, вагондарды ағытусыз жөндеуден және автотежегіштерді сынаудан; құраманы коммерциялық тексеруден және коммерциялық ақаулықтарды түзеуден; локомотивті немесе локомотивтік бригаданы ауыстырудан құралады.
Құрамаларға техникалық қызмет көрсету кезінде вагондардың техникалық күйін, олардың автотежегіш жабдығын тексереді, түзеуді қажет ететін ақаулықтарды анықтайды.Бұл жұмысты бригадалар орындайды, олардың әрқайсысы бірнеше топтан құралады.
Топқа вагондарды тексерушілер, тексеруші – автоматчик және слесарь – жөндеушілер кіреді.Бригадалар мен топтардың санын поездар құрамаларының саны мен ұзындығына, олардың келу қарқындылығына және өңдеу Бремени нормаларына байланысты есептеумен анықталады.
Әдетте құраманы бір бригаданың үш-төрт тобы біруақытта әрқайсысы өзіне бекітілген бөлікті жөндейді.Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді вагондарды құрамадан ажыратпай түзейді.
Вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттері (ТҚҚП) үш топқа бөлінеді: көпшілік тиеу станцияларында орналасатын негізгілер, тексеру және ірі ағымдағы жөндеу үшін вагондарды түсіру және дайындау; сұрыптау станцияларында вагондарды тексеру және ағымдағы жөндеу үшін; транзитті поездарда вагондардың күйін бақылайтын учаскелік станцияларда орналасқан бақылау-техникалық қызмет көрсету пунктері.
Сондай-ақ вагондарды кіріс жолдарға техникалық берудің бақылау посттары мен пункттерін белгілеп көрсетеді.
Локомотивтер айналымының ұзартылған учаскелерінде вагондарды техникалық тексеру және жөндеуді техникалық қызмет көрсету пункттерінде шоғырландырады. Бұл локомотивтерді ауыстыру пункттерінде құраманы бақылаушы техникалық тексерумен шектелуге мүмкіндік береді, ол поездардың қозғалысының үдеуіне әкеп соғады.
Коммерциялық тексерісті коммерциялық тексеріс пунктінің (КТП) қызметкерлері орындайды. Бұл пункттерді станцияларында жол бастығы бекітетін тізіммен ұйымдастырады.
КТП жұмысының ауысымында аға қабылдап-тапсырушы басқарады, оның қарамағында поездарды қабылдаушылар және коммерциялық ақаулықтарды жөндейтін жұмысшылар болады.
Поезды коммерциялық тексеруді біруақытта екі жақтан жұмысшылардың екі немесе көп топтары жүзеге асырады. Әр топ поездарды екі қабылдаушыдан және коммерциялық ақаулықтарды жөндейтін бір жұмысшыдан құралады.
Ашық жылжымалы құрамада жүк терді орналастыру және бекіту дұрыстығын, есік істіктерінің, жапсырмалардың, бұрағыштардың, люктардың, вагон шанағы мен төбесінің болуы мен күйін, цистерналардан ағып кетпеуін тексереді.
Коммерциялық ақаулықтары бар вагондарды оларды жөндеу үшін арнайы жолдарға қойып (асқын жүк, тиеуді түзеу, тексеру), сәйкес бормен таңбалайды.
Егер коммерциялық ақаулықты ағытусыз жөндеуге болса, бұны коммерциялық ақаулықтарды жөндейтін жұмысшы істейді.Коммерциялық тексерістің аяқталғандығы және оның нәтижелері туралы аға қабылдап-тапсырушы станция кезекшісіне хабарлайды.
Поезд келген соң, парк кезекшісі немесе техникалық кеңсе операторы локомотивтік бригададан жүк кұжаттары бар пакетті алады, олардың түгелдігін және сақталуын тексереді, құжаттардын поезға тиістілігіне көз жеткізед және машинист маршрутында оларды қабылдағаны туралы жазады.
Жөнелтетін поезға (құрамадан басқа) жүк құжаттарын локомотив машинистіне оның көмекшісіне пломбыланған түрде құжаттарды тапсыру кітапшасында қол қойғызып (ГУ – 48 формасы) тапсырады.Құрамадан басқа барлык поездарға барлық жүк құжаттары пломбылауға жатады. Құрама поеға арналған құжаттарды (оның ішінде анықтама қағазын) поездың бас кондукторы ұсынады.
Локомотивтік бригадаларды ауыстыру кезінде (локомотивті ауыстырусыз) жаңа бригада локомотивті және келген поездан құжаттарды қабылдайды.Уақытын көрсете отырып, қабылдау мен тапсыруды машинистер маршруттарында қол қоюмен куәландырады.Станция алдын ала поезд диспетчерінен оның құрамы және келетін уақыты туралы акпарат алады.
Егер диспетчер құрамада техникалық немесе коммерциялық ақаулықтары бар вагондардың болуы туралы хабарласа, бұл туралы техникалық қызмет көрсету пунктінің немесе коммерциялық тексеру пунктінің қызметкерлеріне қосалқы бөлшектерді дайындау үшін дереу хабарланады.
Поезд көрші станциядан шыққанда станция (парк) кезекшісі оның нөмерін, келу уақытын және локомотивтік депо кезекшісінің қабылдау жолын, техникалық кеңсе қызметкерлеріне, техникалық қызмет көрсету пункттеріне және поездарды қабылдаушыларға хабарлайды.Вагондарды тексерушілер және тексеруші-автоматчиктер құраманы топпен қарау үшін топтарға бөлінеді.
Құраманы соңынан бастап тексеретін топ поезд станцияға кіргенде қозғалыс кезінде барлық вагондардың жүретін бөлшектерінің (сырғымалар) барлық ақаулықтарын анықтайды. Құраманы тексеру кезінде вагондарға қажетті жөндеу туралы бормен таңба қояды, оны тексерушілердің артынан жүретін слесарьлар орындайды. Ағыту қажет вагондарды анықтап тексерушілер бұл туралы телефонмен маневрлік диспетчерге (станция кезекшісіне) хабарлайды. Осыған параллель коммерциялық тексеру пунктінің поездарды қабылдаушылары құраманы коммерциялық жағынан тексереді.
Ағытып жөндеуді қажет ететін вагондарда тексерушілер бормен жазып қояды. Осы вагондарға ПТО қызметкерлері стация кезекшісіне, техникалық кеңсеге ВУ-23 формадағы мәлімдеме жібереді. Құраманы коммерциялық қатынас жағынан тексеру нәтижелері туралы поездарды қабылдаушы станция кезекшісіне хабарлайды және ол туралы ГУ-98 формадағы кітапшаға белгі қояды. Коммерциялық ақаулықты жою немесе жүкті тексеру үшін жүк ауласына жіберуді қажет ететін вагонға ГУ-23 жалпы формадағы акт жасалады.
Локомотивті ауыстырып, қайта өңдеусіз, ТГНЛ және транзитті поезды өңдеу графигі 2.1, 2.2 кестеде көрсетілген.
2.1 кесте
ТГНЛ болған жағдайда қайта өңдеуге келіп түсетін транзитті поезды өңдеу графигі
Операциялардың атауы
|
Поезд келгенге дейін
|
Уақыты, мин
|
Орындаушылар
|
0 5 10 15 20
|
ТГНЛ алу, таңбалау және ТК, ПТО және маневрлік диспетчерге жіберу.
|
|
|
|
|
|
ТК операторы
|
Сұрыптау парағын толтыру
|
|
|
|
|
|
ТК операторы
|
ДНЦ-дан поездың нөмірі және оның келгендігі туралы хабар алу.
|
|
|
|
|
|
ДСП
|
ПТО және ПКО қызметкерлеріне поездың келу уақыты және жолы туралы хабарлау.
|
|
|
|
|
|
ДСП
|
Кіріс басында құраманы тексеру.
|
|
|
|
|
|
ТК операторы, телетайпист
|
Жүк құжаттарын техникалық кеңсеге жеткізу.
|
|
5
|
|
|
|
ТК операторы
|
Жүк құжаттарын тексеру және ТГНЛ таңбасына және сұрыптау парағына өзгерістер енгізу.
|
|
|
10
|
|
|
ТК операторы
|
Автотежегіш жеңдерді техникалық тексеру, ажырату және ілу.
|
|
|
15
|
|
|
ПТО жұмыскерлері
|
Құраманы коммерциялық тексеру
|
|
|
15
|
|
|
ПТО жұмыскерлері
|
Келген поезды өңдеудің жалпы ұзақтығы.
|
|
|
15
|
|
|
|
Компрессорлық қондырғы бар станцияда автотежегіштерді локомотивті келген поездан ағытқан соң сынайды, ал ол жоқ жерде оны поезд локомотивімен істейді.
2.2 кесте
Локмотивті ауыстырып, қайта өңдеусіз транзитті поездың кестесі
Операциялардың атауы
|
Келгенге дейін
|
Поезд келгенге дейін
|
Орындаушылар
|
Уақыты, мин
|
0 5 15 20 30
|
ДНЦ-дан поездың нөмірі, міндеті, келу уақыты туралы хабар алу.
|
|
|
|
|
|
|
ДСП
|
СТЦ, ПТО жұмыскерлеріне, депо кезекшісіне поездың нөмірі, келу уақыты және қабылдау жолы туралы хабарлау.
|
|
|
|
|
|
|
ДСП, ДСП операторлары
|
Поезды өңдеуде жұмыскерлерді қабылдау жолына шығару.
|
|
|
|
|
|
|
ПТО,ПКО жұмыскерлері
|
Локомотивті құрамадан ағыту, автотежегіштерді босату және құраманы қоршау.
|
|
2
|
|
|
|
|
Сигналист, лок.бригада
|
Жүк құжаттарын локомотивтік бригададан қабылдау.
|
|
5
|
|
|
|
|
ДСП, лок.бригада
|
Құрамаға техникалық қызмет көрсету.
|
|
|
|
20
|
|
|
ПТО жұмыскерлері
|
Коммерциялық тексеріс және ақаулықтарды жөндеу.
|
|
|
|
20
|
|
|
ПКО жұмыскерлері
|
Локомотивті тіркеу, автотежегіштерді сынау, жүк кұжаттарын алу, соңгы сигналды ілу және жөнелту.
|
|
|
|
|
|
10
|
ДСП, лок.бригада
|
Поезды өңдеудің жалпы
ұзақтығы.
|
|
30
|
|
Транзитті поездан ақау вагондарды ағыту кезінде маневрлік диспетчер оны станциядағы сондай міндеттегі вагондармен толықтырылуын қамтамасыз етеді.
3 Маневрлік жұмыстарды орндауға арналған технологиялық уақыт мөлшерінің есебі
Құрастыру, таратуға уақыт нормаларын маневрлік локомотивтің механикалық қозғалыс санын анықтайтын формулалармен есептейді. Нақты уақытты анықтау үшін алынған нормаға сәйкес операцияларды орындауға жұмсалған уақытты қосу керек: стрелкаларды бұру, вагондарды қарау және т.б. (1-1,5мин).
Есептеулер бойынша алынған барлық уақыт нормалары үлкен жағына қарай дөңгеленеді. Жүк ауласына маневрлік локомотивтің бос кіру немесе оның кері қайту уақытын жіберуге (алуға) арналған уақыттан 5 минут кем алады. Берудегі вагондар санын үлкен шамаға дейінгі тапсырмадан алады. Парк сортынан қабылдау-жөнелтуге тарту жолы арқылы құраманың орнын ауыстыру уақыты тақ басына ғана есептеледі, жұп басқа сол уақыт қабылданады.
Тарту жолында құраманы таратуға уақыт нормасын есептеу
, мин (3.1)
мұндағы – сұрыптауға арналған технологиялық уақыт:
,мин (3.2)
Достарыңызбен бөлісу: |