Тема: Международно – правовые вопросы беженцев



жүктеу 0,95 Mb.
бет4/5
Дата20.11.2017
өлшемі0,95 Mb.
#1182
1   2   3   4   5

3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
Босқындар мәселесін реттейтін Қазақстан Республикасының Заңы мейлінше жас. Біз осы жұмысымызда көрсетіп өткеніміздей, босқындар ұғымы Қазақстан Республикасының «Халықтың көші – қон туралы» заңында берілген40.

Қазақстанда, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында босқындар деп тану жөнінде өтініш берген тұлғалармен жұмыс туралы және босқындар мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулық әрекет етеді.41 Нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының территориясында тұлғаларды босқын деп тану облыстардың, Алматы қаласының және астананың Көші-қон және демография басқармаларымен («уәкілетті органның территориялдық қызметі») Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Босқын мәртебесінн анықтау процедурасының басталуына негіз болып шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның (өтініш беруші) Қазақстан Республикасы территориясында оны босқын деп тану туралы жазбаша арызы табылады.

Босқын мәртебесін анықтау процедурасына кіреді:

- өтінішті беру және анкетаны толтыру; өтініш берушімен әңгіме өткізу; өтініш беруші хабарлаған мәліметтердің растығын тексеру (бағалау); өтініш берушіні босқын деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы шешімді қабылдау. Осы кезде орындалатын әрекеттер:

а) Уәкілетті органның территориялдық қызметінің өкілдері өтініш берушіні жаднама жазбахатта келтірілген оның құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға міндетті. Өтініш берушінің босқын мәртебесін анықтаудың алдында тұрған процедуралар жөнінде қажет ақпараттарды алуы қажет . Босқын деп тану туралы өтінішті қабылдау өтініш берушінің және оның жанұясының мүшелерінің оларды куәландыратын құжаттары бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Босқын деп тану туралы өтінішті қабылдаған кезеңнен бастап өтініш беруші Қазақстан Республикасының территориясында оның мәселесі бойынша нақты шешім қабылданғанға дейін тұруға құқығы болады (аппелляцияны қосқанда). Қазақстан Республикасының территориясында босқын деп тану туралы өтініш беруші тұлғаның Қазақстан Республикасының «Халықтың көші – қоны туралы» заңына және халықаралық нормаларға сәйкес оның өтінішін тіркеуден де, босқын деп танудан да бас тартуға болады.

б) Өтініш берушімен әңгіме жүргізу өтініш беруші хабарлаған мәліметтердің растығын және дәлелдерін бағалау үшін қосымша ақпарат алу мақсатында ол үшін жеткілікті біліктілігігі бар уәкілетті органның территориялдық қызметінің өкілдерімен жүргізіледі. Әңгіме жүргізудің негізгі міндеті өтініш берушіден сол әңгіменің негізінде әрекеттегі заңға сәйкес тұлғаны босқын деп тануға арналған критерийлерді қанағаттандыратындығы туралы қорытынды жасау болып табылады.

в) Өтініш беруші тұлғаны босқын деп тану шешімі уәкілетті органның территориялдық қызметімен өтінішті тіркеген күннен бастап отыз күннің ішінде қабылданады. Егер тексеруді талап ететін кейбір фактілердің анықталуы бекітілген мерзімде аяқталмаса, онда шешім соларды анықталғанша кейінге қалдырылады және қажет болған жағдайда комиссия осы жұмысқа ҰҚК, ІІМ өкілетті тұлғаларын тарта алады. Шешімді қабылдау кезінде босқын мәртебесін анықтау процедурасы «Халықтың көші – қоны туралы» заңында көрсетілген жағдайлар бойынша қудалау құрбаны болудың негізделген қауіптенуі болуынан өзінің азаматтығы бар елінің қорғауын пайдалана алмайтын тұлғалар үшін әзірленген ескеру қажет. Осыған байланысты территориясында көрсетілген жағдайлар туындаған елдің ресми органдарынан (өкілдіктерінен) нақты тұлғаға (тұлғалар) қатысты кез – келген ақпаратты сұрату Қазақстан Республикасының және демография бойынша Агенттігінің төрағасының санкциясымен ғана жүргізіледі.

Босқын деп танылған тұлғаға ішкі істер органдарымен тіркелу үшін негіз болып табылатын белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Тұлғаны босқын деп танудан бас тартқан кезде оған бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап отыз күн ішінде бас тарту себептері көрсетілген және қабылданған шешім бойынша арыздану тәртібі көрсетілген жазбаша хабарландыру (ескерту) қағазы тапсырылады. Тұлғаны босқын деп танудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші жазбаша хабарландыру (ескерту) қағазын алған күннен бастап отыз күн ішінде жоғарғы уәкілетті органдарға немесе сот тәртібінде арыздана алады. Арыз беруші тұлғаға оның арызы бойынша ақырғы шешім қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасының территориясында болуға құқық беріледі.

г) Босқын мәртебесі алғаш рет бір жылға дейін беріледі. Босқын мәртебесін өкілетті органның территориялдық қызметімен мақұлдануы үшін жыл сайын босқындардың есебі жүргізіледі, олардың куәлігі қайта тіркеледі. Оның барысында әңгіме жүргізіліп олардың отбасылық жағдайлары, тұрғылықты жері мен жұмыс орны, отбасы табысы, көрсетілетін көмек мөлшері анықталады.

Тұлға Қазақстан Республикасының территориясындағы босқын мәртебесін иеленуден қалады, егер ол:

- Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің азаматтығын алса; басқа мемлекет территориясында босқын мәртебесін алса; ҚР шекарасынан тыс жерге тұрақты мекен-жайға кетсе; қудалау қауіптенуі салдарынан тастап кеткен елге өз еркінше қайта оралса.

Тұлға босқын мәртебесінен айырылады:

- егер ол оны босқын деп тану үшін әдейі жалған мәліметтер хабарлаған болса. Бұл жағдайда оны қабылдауда, орналастыруда және басқа да қолдауларда Қазақстан Республикасы тартқан шығындар сот шешімімен өндіріле алады; оны босқын деп тану үшін негіз болған жағдайлар жойылған кезде. Бұл жағдайда тұлға өзі азаматы болып табылатын елдің қорғауынан бас тарта алмайды және өзінің азаматтық еліне оралуы керек немесе азаматтығы жоқ тұлға ретінде өзінің тұрақты мекен-жайына оралуы қажет.

Босқын деп тану жөнінде өтініш беруші тұлғалармен жұмыс істеу үшін қажетті құжаттар тізімі:

- ҚРда босқын деп тану жөнінде өтініш берушіге арналған жаднама жазбахат;

- ҚРда босқын деп тану жөнінде өтініш;

- ҚР босқын деп тану жөнінде өтініш берушінің анкетасы;

- территориалдық және уәкілетті органдар шешімдері;

- босқын куәлігі;

- ІІБ паспорттық және визалық жұмыс Басқармасына жолдама;

- ҚР территориясында босқын деп тану жөнінде өтініш беруші тұлғалардың тіркелу журналы.

1996ж. ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы Ереже бекітілді42. Оған сәйкес Қазақстан Республикасында саяси баспана шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негізінде беріледі.

Қазақстан Республикасы қоғамдық-саяси қызметі, нәсілдік немесе ұлттық жағдайы, діни көзқарасына байланысты азаматтық елінде және/немесе тұрақты тұратын жерінде қудалау құрбаны болудың нақты қаупінен баспана немесе қорғаныс іздеуші тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ олардың халықаралық құқық нормаларымен қарстырылған адам құқықтары бұзылған жағдайларда саяси баспана береді.

Қазақстан Республикасында саяси баспананы беру туралы немесе саяси баспананы беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан Республикасында саяси баспана берілмейді, егер тұлға:

1) Қазақстан Республикасы заңымен қылмыс болып табылатын әрекеті үшін (немесе әрекетсіздігі үшін) қудаланатын болса немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін әрекеттер жасауда кінәлі болса;

2) қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылса немесе оған қатысты Қазақстан Республикасы территориясында заңды күшке енген соттың айыптау үкімі болса;

3) қудалау қаупі болмаған үшінші елде тұрған болса;

4) жалған мәлімет берсе;

5) оны қудаламайтын үшінші елдің азаматтығы бар болса.

Ереже Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру туралы өтініштерді беру және қарау тәртіптерін анықтайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының территориясында саяси баспана алуды тілейтін тұлға Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография бойынша Агенттігіне немесе оның территориялдық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының Президентіне өз атынан жазбаша өтініш беруі керек. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тұлға мұндай өтінішті Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемелері арқылы береді. Жасы 14-ке толмаған балалардан оларға берілген саяси баспана үшін жазбаша келісім талап етілмейді.

Өтініш беруші саяси баспана беру туралы мәселе шешілгенге дейін, айына екі рет Көші-қон және демография бойынша Агенттігінде немесе оның территориялдық бөлімшелерінде немесе өзінің тұратын жері бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінде (елшілік мекемесінде) белгіленіп отырады. Бұл тәртіп сақталмаған жағдайда Көші-қон және демография бойынша Агенттігі немесе оның территориялдық бөлімшелері немесе дипломатиялық өкілдік (елшілік мекемесі) жағдайды айқындап болғанға дейін материалдарды рәсімдеуді тоқтатуға құқылы.

Өтінішпен бірге берілетін құжаттар: өмірбаян, суреттер, денсаулығы туралы анықтама, оның ішінде иммунодефицит вирусына зерттелуі туралы және осы мәселеге қатысты басқа да құжаттар. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография бойынша Агенттігінің территориалдық бөлімшесі немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі (елшілік мекемесі) материалдарды (міндетті түрде мемлекеттік тілдегі аудармасымен немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілде), «Көші-қон және демография бойынша Агенттігіне жібереді. Көші қон және демография бойынша Агенттігі өтініш берген тұлғаға Қазақстан Республикасында саяси баспана берудің орындылығы туралы Сыртқы Істер Министрлігінен, Ішкі Істер Министрлігінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінен қорытынды сұрайды. Рәсімделген материалдарды (міндетті түрде мемлекеттік тілдегі аудармасымен немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілде) еңбектену, тұру және басқа орнығу мүмкіндіктері туралы негізделген қорытындымен Көші-қон және демография бойынша Агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің Мемлекеттік – құқықтық бөліміне жібереді.

Саяси баспана беру туралы өтініш бойынша материалдарды қарау мерзімі өтінішті берген күннен бастап үш айдан аспауы керек. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік – құқықтық бөлімі материалдарды Қазақстан Республикасында саяси баспана берудің орындылығы туралы немесе саяси баспана беру өтінішінен бас тарту туралы өзінің қорытындысымен азаматтық мәселелерін шешетін Комиссияға жібереді.43

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық мәселелерін шешетін Комиссия өтініш пен оған қоса берілген материалдарды қарайды және әрбір өтініш бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне өзінің ұсыныстарын енгізеді. Саяси баспана беру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген тұлғаға және оның жасы 16-ға толған отбасы мүшелеріне беогіленген үлгідегі куәліктер беріледі.44 Саяси баспана берілгені туралы куәлік Көші-қон және демография бойынша Агенттігімен беріледі. Облыстардың, қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының, аудандардың, қаладағы аудандардың ішкі істер басқармалары және бөлімдері Қазақстан Республикасында саяси баспана берілгені туралы куәлік негізінде ықтиярхатты рәсімдейді. Саяси баспана берілген тұлға мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы заңнамасымен қарастырылған құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.45

Саяси баспана беру туралы өтінішті қабылдаудан уәкілетті органның негізсіз бас тартуы, өтінішті қарау мерзімін бұзу немесе лауазымды тұлғалардың өтінішті қараумен және қабылданған шешімдерді орындаумен байланысты басқа да заңсыз әрекеттеріне жоғарғы органдарға немесе сотқа шағымдануға болатынын Ереже бекітеді.

ҚРда саяси баспана берілген тұлға мына жағдайларда саяси баспанаға құқығын жоғалтады:

- ҚР-дағы саяси баспанадан өз еркінше бас тарттса;

- ҚР азаматтығын немесе басқа елдің азаматтығын алса;

- өзі азаматы болып табылатын елге өз еркімен қайта оралса немесе тұрақты тұру үшін үшінші елге кетсе;

- ҚР заңымен бекітілген босқын мәртебесін алуға арналған заңды негізден айырылса .

Тұлға ҚР Президентімен Қазақстан Республикасындағы саяси баспанадан айырылуы мүмкін, егер ол ҚР ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарама-қайшы әрекетпен айналысса немесе тұлға қасақана қылмыс жасаса және сол үшін заңды күшіне енген айыптау үкімі болса.

1997 ж. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігімен «Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» Нұсқаулық әзірленді.46 Бұл Нұсқаулық Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі мен консулдық мекемелерімен шетелде тәжірибелік қолдануға арналған «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» Ереже негізінде әзірленді.

Ережеде Қазақстан Республикасында саяси баспана шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына және «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» Ережеге сәйкес халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негізінде беріледі.

Ережеде шетелдік азаматтарға және ҚР азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру туралы өтініштің берілу және қаралу тәртібі қарастырылады. Атап айтқанда, Ережеде ҚР шегінен тыс жердегі саяси баспана алуды тілейтін тұлға Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазбаша өтінішпен өзі ҚР дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемелеріне баруы керек. Егер тұлға саяси баспананы беру туралы өтінішті балаларымен бірге берсе, онда жасы 14-ке толған балалардың жазбаша келісімі талап етіледі. Өтініш беруші саяси баспана беру туралы мәселе шешілгенге дейін айына екі реттен кем емес өзінің тұрғылықты жеріндегі ҚР-ның дипломатиялық өкілдігінде немесе елшілік мекемесінде белгіленіп отырады. Бұл тәртіп орындалмаған жағдайда көші-қон Департаменті немесе дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме материалдарды рәсімдеуді жағдай айқындалғанға дейін тоқтатады.

Ереже ҚР-да саяси баспана беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау тәртібін нақтылайды; ҚР саяси баспана алған тұлғаның және оның отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайларын қарастырады, сонымен қатар егер мүдделі тұлғалардың босқын мәртебесін беру туралы өтініші бойынша іс қағаздарын жүргізуге қатысты қандай да бір сұрақтары болса, онда олардың тұрған жері бойынша уәкілетті органның территориялдық қызметіне өтініш бере алатынын белгілейді.

1997 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі N 622 «Қазақстан Республикасы Президентінің N 3432 «1997 жылға көшіп келу квотасы туралы»47Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулысын жүзеге асыру және босқын оралмандардың қоныс аударуын тиімді, ретті ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 30 қыркүйекте «Босқын оралмандардың қоныс аударуын ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар туралы»48 Қаулысы жарық көрді. Осы Қаулы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне Сыртқы істер Министрлігімен, Ішкі істер Министрлігімен, Көлік және коммуникация Министрлігімен, Денсаулық сақтау Министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кедендік комитетімен, Қорғаныс Министрлігімен, облыс және Алматы қ. әкімдерімен, ҚР Үкіметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасына Монғолиядан, Иран Ислам Республикасынан босқын – оралмандар отбасыларының қоныс аударуын ұйымдастырып қамтамасыз ету жүктелді.

1995 ж. арнайы Шешіммен49 босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры құрылды және босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ереже бекітілді50. Аталған Ережеге сәйкес, Қор гуманитарлық коммерциялық емес ұйым болып табылады және өзінің қызметінде саяси мақсаттарды көздемейді. Қор өзінің қызметін оның міндеттері мен қызметтеріне сәйкес жүргізеді, халықаралық және ұлттық мекемелермен және ұйымдармен байланыстар орнатады, олармен бірге Келісімге қатысушы – мемлекеттер босқындары мен мәжбүрлі қоныс аударушыларына көмек көрсетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатысады. Қорға Келісімге қатысушы – мемлекеттермен берілетін жарналар мөлшері, сонымен қатар қаражаттар, оларды беру тәртіптері мен мерзімдері туралы шешімдер Достастық үкіметтерінің басшыларының Кеңесі мәжілістерінде белгіленеді. Қор Келісімге қатысушы – мемлекеттер территориясында Ережені жүзеге асыру үшін қажет өзінің өкілдіктерін құра алады. Қордың орналасқан жері – Мәскеу қаласы.

Қордың негізгі міндеттері болып табылады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету үшін қаржылық және материалдық құралдарды шоғырландыру; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларды қабылдаушы Келісімге қатысушы – мемлекеттер арасында олардың қоныс аударуын ұйымдастыру және орналастыру мақсатында қаражаттарды бөлу; Келісімге қатысушы – мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарына босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың азаматтық, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғауда көмек көрсету; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар проблемаларына қауымдастықтың көңілін аудару, мейірімділік, ізгіліктік идеяларын насихаттау.

Өзіне жүктелген міндеттерді шешу үшін Қор келесі қызметтерді орындайды:

- Қор қаражаттарын орналастыру және жинақтау үшін Келісімге қатысушы – мемлекеттер банктерінің мекемелерінде белгіленген тәртіпте ағымдағы және есеп айырысушы шоттар ашады; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетуге Келісімге қатысушы – мемлекеттерге қаржылық және материалдық құралдарды бағыттайды; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы – мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып өзінің қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру.

Қордың қаражаты Келісімге қатысушы – мемлекеттердің жарналары мен басқа да мүліктік және ақшалай салымдары есебінен қалыптастырылады; территорияларынан босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар келетін Келісімге қатысушы – мемлекеттермен бірыңғай қаржылық нормалар бойынша міндетті түрде берілетін қаражаттарынан; кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың меншіктерінің нысанына қарамастан өтеусіз немесе қайырымдылық жарналарынан және азаматтардың, сонымен қатар шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қайыр көрсетуімен,өзге де қаражат көздерінен қалыптастырылады. Қорға жарналар есебінде ғимараттар, жабдықтар және басқа материалдық құралдар беріле алады.

Жарналарды бағалау кезінде жарнаны салу күніндегі айырбастау курсы немесе ресми валюталық курс ескеріледі. Қордың қаражаттары келесі мақсаттарға жұмсалады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларды қабылдаушы Келісімге қатысушы мемлекеттерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуге; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету бағдарламаларын қаржыландыру мен әзірлеуге, арадағы келісім негізінде тартылған мамандар еңбегіне ақы төлеуге ; Қордың аппаратын ұстауға және оның ағымдағы қызметтерін қамтамасыз етуге.

1992 ж. бастап Қазақстан Республикасында босқындармен жұмыс тәртібін және оларға бірінші кезектегі көмек көрсетуді анықтайтын босқындармен жұмыс туралы Уақытша ереже әрекетте болды. Уақытша ережеге сәйкес ҚР «Көші- қон туралы» Заңына сай басқа мемлекеттерде тұратын қазақ диаспорасы тұлғаларына олардың құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне, қудалануы мен ығыстырылуына байланысты Қазақстан Республикасына оралуға мәжбүрлі болуынан және өзінің тарихи отанына қайту ойына байланысты босқындар мәртебесі беріледі. Болу уақытына тәуелсіз Қазақстан Республикасы территориясындағы барлық босқындар тіркелуі керек. Тіркеуге негіз болып жазбаша өтініш және паспортты (туу туралы куәлікті) немесе оны ауыстыра алатын құжатты (қызметтік, зейнеткерлік куәлік, оқушының немесе студенттің билеті, еңбек кітапшасы, диплом, білім туралы куәлік немесе кәсіптік дайындық куәлігі) көрсету болып табылады.

Тіркеу туралы өтініште көрсетіледі:

- Қазақстан Республикасына келу уақыты, мақсаты және негізі;

- жастарының көрсетілуімен жанұя құрамы, бұрынғы жұмыс орны, кәсібі, мамандығы;

- ҚР территориясына келмес бұрын тұрған елі мен тұрақты мекен – жайы;

-ҚР территориясындағы уақытша тұру орнының мекен – жайы;

- қажетті көмек көрсету туралы өтініш.

Босқындарды тіркеу халықтың көші-қоны бойынша Департаментінің уәкілетті өкілімен жүргізіледі. Әрбір босқынға тіркеу карточкасы толтырылады. Босқындарды тіркегеннен соң халықтың көші-қоны бойынша Департаментінің уәкілетті өкілдері қалалық және аудандық әкімшіліктер, халық депутаттарының ауылдық Кеңестері саудалық, медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдайды, басқа да қажетті көмектер көрсетеді, ал баспанасы болмаған жағдайда оларды уақытша орналасу орындарына жібереді.

Өтініш берушіні босқын деп таныған жағдайда ішкі істер органдары оған белгіленген үлгідегі уақытша куәлікті береді, куәлік келесі құқықтарды береді:

- әрбір еңбекке жарамды отбасы мүшесі мен зейнеткер үшін есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмекті және әрбір асырауындағы жан үшін – айлық есептік көрсеткішінің 50 пайызын алуға ;

- қажетті медициналық және әлеуметтік көмекті алуға;

- арнайы берілген орындарда (елді мекендерде) уақытша тұруға;

- босқын – көшіп келушілердің топтық шаруашылығын және орналасуын ұйымдастыру үшін иммиграциялық жер қорынан бос жерлерді беру туралы ұсынысты сәйкес жергілікті атқарушы органдарға енгізе алады.

Босқынның уақытша куәлігі 3 айға дейінгі мерзімге беріледі. Қажет болған жағдайда бұл мерзім куәлікті берген органмен ұзартыла алады. Қазақстан Республикасы халқының еңбек пен жұмыспен қамту органдары босқындар мен олардың отбасының еңбекке жарамды мүшелеріне жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді. Халықтың көші-қоны бойынша Департаменті және оның уәкілетті өкілдері жергілікті жерлерде босқындардың келешек қызметтері туралы, оларға тұрақты тұратын жер беру мүмкіндігі және жұмысқа орналастыру туралы, босқынның тілегі бойынша басқа мемлекет территориясына өту немесе репатриация (бұрынғы тұрған елге қайта оралу) жайлы ұсыныстар дайындайды.

Босқындарға материалдық көмек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік иммиграциялық қорынан көрсетіледі. Мемлекеттік иммиграциялық қорынан төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек Министрлігі жанындағы халықтың көші-қоны бойынша Департаментімен анықталады .51

3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының құқықтық аспектілері.
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі бола отырып, босқындар проблемаларын шешуге белсенді қатыса бастады. Бұл Қазақстанның босқындар мәселелеріне арналған әр түрлі халықаралық құқықтық актілерде қатысуынан көрінеді. Жоғарыда айтылғандай Республика 1951ж. БҰҰ Конвенциясына және 1967ж. Хаттамасына қосылды.52 Бұл актілер ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес республика территориясында тікелей әрекет етеді , егер ішкі заң оған қарама-қайшы болатын жағдай туса, ішкі заңдар нормалары емес, халықаралық шарттар нормалары қолданылады. Қазақстанның көрсетілген құжаттарға қосылуы оның босқындар мәселесі бойынша халықаралық интеграцияға белсенді қатысуға мүдделілігі туралы айтады. Осы саладағы негізгі құқықтық актілерді бекіте отырып республика дүниежүзілік тәртіпті орнықтырудағы өзінің ұстанымын дәлелдеді.

Қазақстан көрсетілген актілерге қосылғаннан өзге көші-қон саласында көпжақты және екіжақты көптеген келісімдерге отырды. Осындай құқықтық құжаттар қатарына босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы Келісім де бар (Мәскеу, 24 қыркүйек 1993 ж.).

Келісімде көрсетілгендей, осы Келісімнің мақсаты үшін босқын деп баспана берген Тараптың азаматы болмастан, өзінің басқа Тарап территориясында тұрақты тұратын жерін оған немесе оның отбасы мүшелеріне қатысты зорлау немесе қудалау немесе нәсілдік және ұлттық жағдайына қарай, дініне, тіліне, саяси көзқарасына және белгілі бір әлеуметтік топқа қатысына байланысты, қарулы және ұлтаралық қақтығыстармен байланысты жағдайлар салдарынан тастап кеткен тұлға танылады. Бейбітшілікке қарсы, адамзатқа қарсы немесе басқа қасақана қылмыс жасаушы тұлға босқын деп таныла алмайды.

Мүдделі Тараптардың көмек көрсетуімен жөнелтуші мемлекет:

- оның Тараптардың бірінің территориясына кедергісіз кіруі үшін мүмкіндік бере отырып, қарулы және ұлтаралық қақтығыстар аймағынан халықты алып шығуды жүзеге асырады;

-көшірілетіндердің жеке және мүліктік қауіпсіздіктерін қаматамасыз етеді, ол үшін соғыстың тоқтатылуына қол жеткізуге , көшу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға тырысады;

- көшушілерді қаржылық, материалдық – техникалық, азық – түліктік, медициналық және көлікпен қамтамасыз ету мәселелері мүдделі Тараптар арасында шешіледі.

Баспана беруші Тарап өзіне келесі міндеттерді алады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар үшін олардың уақытша орналасқан жерлерінде қажетті әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етеді; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың әрбір Тараптың қабылдаған халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларына сәйкес жұмысқа орналасулары кезінде көмек көрсету.

Бұл кезде тараптар өзіне келесідей міндеттерді алады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға азаматтықтарымен байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды талап ету және беру кезінде көмек көрсету;

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға бұрынғы тұрған жерінен зейнетақымен қамтамасыз етуге, еңбек стажына, шетелге шығуына және т.б. қатысты мәселелерді шешу үшін қажет неке туралы,туу туралы куәліктерді,еңбек кітапшасын, басқа да құжаттарды алуға көмек көрсету;

- босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушы тастап кеткен мемлекет территориясында тұратын туыстары туралы және де сонда қалған мүліктері туралы мәліметтер алуға көмек көрсету.

Келісімнің 7 бабында көрсетілгендей: жөнелтуші мемлекет босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушыға оның территориясында қалған баспанасы мен басқа мүліктерінің құнын , денсаулығына келген зиян мен жоғалтқан жалақысын өтейді. Материалдық өтемақының мөлшері жөнелтуші мемлекеттің бағалауы бойынша анықталады. Жылжитын және жылжымайтын мүліктерін жоғалтқан босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың материалдық зиянын және төленетін өтемақы мөлшерін есептеу тәртібі мүдделі Тараптармен бірігіп анықталады. Бұл кезде Тараптар босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек қорын құрады. Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ереже босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек туралы Келісімнің бөлінбес бөлігі болып табылады.

Келісім бекітуді қажет етеді және осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасынан өзге оны бекіткендер: Әзірбайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Молдовия.

Алматы қаласында 1993 ж. 24 қыркүйектегі Келісіміге Хаттамаға қол қойылды.53

Осы саладағы құқықтық қайнар көздердің бірі деп көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды тануға болады (Алматы қ., 8 шілде 1994 жыл)54. Меморандумға Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы қол қойған, олар достасқан елдер халықтарының тарихи, мәдени және рухани ортақтығына және мемлекеттер арасындағы үзілмес байланыстарға негізделген . Бұл Меморандум Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы Шартқа сүйенеді және келесідей мақсаттарды көздейді: зиялы ой және еңбек потенциалын нығайту, сақтау және дамыту, қатысушы-мемлекеттердегі саяси тұрақтылыққа қол жеткізу, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді жүзеге асыру, аймақта тұратын әрбір халықтың ұлттық бірегейлігін сақтау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, ұлттық мәдениет пен тілді дамыту, экономиканы үйлестіруге көмек көрсететін трансұлттық және аймақтық компаниялар, ғылыми-өндірістік орталықтар құру үшін жағдайлар жасау, басқа мемлекет территориясында тұратын бір мемлекеттің азаматына өзінің меншігін құруға, қолдануға және т.б. кепілдік беру, оның ішінде тұрған мемлекетінің заңына сәйкес өндіріс құралдарына және басқаларға.

Меморандумды жүзеге асыру мақсатында мемлекет Басшылары өздерінің үкіметтеріне 1994 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы халықтар көші-қоны саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасын әзірлеуді тапсырады.

Қаралатын құжаттар қатарына кіреді:

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы қоныс аударушылардың қоныс аудару процесін реттеу мен олардың құқықтарын қорғау туралы Келісім (Москва қ., 6 шілде 1998 жыл)55;

- Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Қазақстан Республикасына еңбек шарттары бойынша келген тұлғалардың өз бетінше қоныс аударуы мен азаматтығын реттеу мәселелері туралы Шарт (Алматы қ., 2 желтоқсан 1994 жыл).56

- 1995 ж. босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға (1993 ж. 24 қыркүйегі) көмек туралы Келісімге Хаттамаға қол қойылды. Көрсетілген Хаттамаға сәйкес 1993 ж. 24 қыркүйектегі босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы Келісімнің 8 бабы толықтырылды, үшінші бөлімінің мазмұны келесідей болды: «Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қорының қызметі шеңберінде бір Тараптан екінші Тарапқа кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар (қызметтер, жұмыстар) кедендік баждардан, салықтардан және алымдардан босатылады».

- 1998 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен көші-қон бойынша Халықаралық ұйымның арасында ынтымақтастық туралы өте маңызды келісімге қол қойылды (13 қаңтар 1998 жыл)57. Келісуші Тараптар болып Қазақстан Республикасы Үкіметі мен көші-қон бойынша Халықаралық Ұйым (КХҰ) табылды.

Келісімде көші-қон бойынша Халықаралық Ұйымның Басқарушы Органдарының қабылданған шешімдеріне және сыртқы донорлармен қамтамасыздандырылған қорлардың болуына сәйкес Ұйым Қазақстанда келесідей көші-қон бағдарламаларын жүзеге асыратыны көрсетілген:

- көші-қон мәселелеріндегі техникалық ынтымақтастық бойынша потенциал қалыптастыру, кеңес беру қызметін көрсету және басқа шаралар жасау;

- көш – қонға қатысты ақпараттарды беру;

- ішкі және сыртқы көш – қон, Қазақстан Республикасының Үкіметіне этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына, босқындарға, экологиялық қоныс аударушыларға, мемлекеттен тыс жерге және ішінде қоныс ауыстырушы тұлғаларға және басқа да көмек көрсетуді қажет ететін адамдарға көмек көрсетуіне жәрдемдесу; білікті кадрларды қайтару және селективті көші-қон.

Ұйымның Қазақстанда өкілдік ашуға және оның қызметін жүзеге асыру үшін қызметкерлер жалдауға құқығы бар (1 бап). Қажет болған жағдайда Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың нақты саласы бекітілген және келешектегі бағдарламаларға қатысты Тараптар арасындағы хат алмасу жолымен келісіледі. Қазақстанда Ұйымға 1947ж. 21қарашадағы мамандандырылған мекемелеріне берілетін артылықшылықтар мен иммунитеттері туралы Конвенцияға сәйкес БҰҰ мамандандырылған мекемелеріне берілетін артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.

Қызметкерлер мәртебесі - Өкілдікте жұмыс істеуші Қазақстан Республикасының азаматтары еңбек контрактісі, шарты немесе келісімі негізінде Қазақстан Республикасының заңымен анықталады.

Соңғы жасалған келісімдер ішінде 2002ж. 7 қарашада Кишиневта қол қойылған босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшыларының Кеңесінің Шешімін атауға болады.58 Қарастырылып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекеттері басшыларының Кеңесінің Келісіміне сәйкес 1995 жылы 10 ақпандағы Достастық елдері басшыларының Кеңесі Шешімімен бекітілген босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ережесімен анықталған қызметтерді атқарудың мүмкінсіздігіне байланысты, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қорын жоюды шешті және 1995 жылы 10 ақпандағы босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қорын құру туралы туралы Достастық мемлекеттер басшылары Кеңесінің Шешімі күшін жойды деп танылды.

Әлі қолданысқа енгізілмеген, дегенмен ерекше көңіл аударарлық құжат ─ бұл босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі мен Ресей Федерациясының Ішкі Істер Министрлігі арасындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі қоныс аудару процесін реттеу және қоныс аударушылар құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама Жобасы (22 желтоқсан 2003 жыл)59.

Жобаға сәйкес Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары немесе Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына қоныс аударғысы келетін Ресей Федерациясының азаматтары Келісімде анықталған шарттарға сай белгіленген нысанда өтініш береді:

а) Қазақстан Республикасының азаматтары - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне немесе Қазақстан Республикасының көші-қоны мен демография бойынша Агенттігіне;

б) Ресей Федерациясының азаматтары - Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігіне немесе Ресей Федерациясының Ішкі Істер Министрлігіне.

Уәкілетті орган немесе қабылдаушы мемлекеттердің елшілері тіркеу жүргізеді, өтініштің Келісім шарттарына сәйкестігін тексереді және жөнелтуші мемлекеттің уәкілетті органына жібереді.

Қабылдаушы мемлекеттің уәкілетті органы өтінішті қарайды, онда шығуға кедергі келтіретін жағдайдың бары немесе жоғы туралы белгі соғады және қабылдаушы мемлекеттің уәкілетті органына немесе мемлекет елшілігіне жібереді. Шығуға кедергі келтіретін жағдай болмаған жағдайда қабылдаушы мемлекеттің уәкілетті органы немесе елшілігі өтініш берген тұлғаға қоныс аударуға (келуге) белгіленген үлгідегі рұқсатты береді. Қоныс аударуға (көшіп келуге) рұқсат беруден бас тартылған тұлға шығуға кедергі келтіретін жағдай жойылған кезде екінші рет қоныс аударуға (көшуге) өтініш бере алады. (3 бап).

Уәкілетті органдар әрбір жарты жылдықта қоныс аударуға (көшуге) рұқсат алған тұлғалар туралы ақпараттармен алмасады (4 бап).

Өтінішті жөнелтуші мемлекеттің уәкілетті органында қарау мерзімі бір айдан аспауы керек. Өтініште көрсетілген жағдайларды қосымша тексеру қажет болған кезде бұл мерзімді ұзартуға болады, бірақ бір айдан артық емес мерзімге. Өтінішті қарау мерзімі ұзартылған жағдайда жөнелтуші мемлекеттің уәкілетті органы қабылдаушы мемлекеттің уәкілетті органына немесе елшілігіне хабарлайды.

Қоныс аударуға (көшуге) берілген рұқсат Келісімге сәйкес тұлғаның тұрақты мекен-жайға көшуін және қоныс аударушы мәртебесін дәлелдейтін құжат болып табылады. Қоныс аударуға (көшуге) берілген рұқсат берілген күнінен бастап бір жылға дейін күшінде болады. Қоныс аударуға рұқсат алған тұлғаға уәкілетті орган қоныс аударушы мәртебесін дәлелдейтін белгіленген үлгідегі куәлікті береді.
Қорытынды.
Сонымен, босқындар мәселесі бүгінгі күнде ерекше маңызға ие мәселелердің бірі. Соңғы уақыттарда таралған, ең алдымен, терроризм актілерімен, аймақтық соғыстармен байланысты адамдар үшін қауіпті қатер, сөзсіз, қақтығыстар пайда болған жерлерден қашқан босқындар ағыны болатын жағдай туғызады. Олардың ішінде, барынша айқын мысал ретінде бола алатын, Америкадағы террористік актілер, оның жауабы ретіндегі Ауғанстандағы әскери әрекеттер, соның нәтижесінде Ауғанстаннан қашқан босқындардың өте үлкен армиясы пайда болды (2001 – 2002 ж.ж); Израильдің Палестинаға қарсы әскери әрекеті, оның нәтижесінде палестиндік босқындардың ағыны күннен – күнге артуда (2002 ж.) және т.б.

Сонымен қатар, босқындар табиғи катаклизмалар, саяси соқтығыстар және көптеген басқа себептер нәтижесінде пайда болады. Көрсетілген кез-келген жағдайларда адамдар олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған, өмірі мен денсаулығына қатер төнетін жерлерден қашады.

Соған қарамастан, босқындар жағдайын реттеуші халықаралық құқық нормалары әлі де құқықтық қорғау жүйесі ретінде толық қалыптаспаған. Өйткені, төтенше деп есептелетін жағдайларға қажет реттеуді қамтамасыз ете алмайды. Белгілі шамада олар жәбірленуші тұлғалардың жағдайын жеңілдетеді, бірақ олар ақырына жеткізілген болып табылмайды, өйткені босқындар мен баспана іздеушілерге әлі де болса уақытша баспана немесе уақытша қорғау беруден, өзінің үйлеріне қауіпсіз қайтуды қамтамасыз етуден немесе өтемақы төлеуден бас тартылуы мүмкін.

1) Жүргізілген талдаулар негізінде бүгінгі таңда босқындарға қатысты қолданылатын негізгі дайындалған ережелер келесілер болып табылатынын айтуға болады:

- еркіндік пен жеке қауіпсіздікті шектеуге тыйым салу;

- босқындарды олардың өмірі мен еркіндігіне қатер төнетін елге немесе территорияға қайта оралуының алдын алу;

- босқын мәртебесін анықтау процедурасына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- баспана беруді қамтамасыз ету;

- жер аударуды болдырмау;

- қамаудан босату;

- жеке басының куәлігі мен жүру құжаттарын беру;

- өз еркімен еліне қайтаруға ықпал ету;

- жанұялардың қосылуына ықпал ету;

- оқу орындарында оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- еңбекке құқықты және басқа да экономикалық және әлеуметтік құқықтарды қолдануын қамтамасыз етеді;

2) Көрсетілген ережелердің көбісі бірінші дәрежелі маңызы бар ережелер болып есептеледі, ал non-refoulement қағидасы тұрақты шешімдер іздеудің ең маңызды бастапқы нүктесі қызметін атқарады. Дегенмен, босқындарға қатысты қабылданатын шаралар және олар өмір сүретін жағдайлар жеке бастың қауіпсіздігі, отбасылардың қосылуы, шешімдерге жету үшін салынатын халықаралық күшке және көмек қойылатын талаптарға үлкен мән береді.

3) Халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда босқындарға қараудың дәл стандарты олар тұрған мемлекет Конвенция мен Хаттаманы немесе басқа сәйкес шарттарды бекіткеніне тәуелді ерекшеленеді. Ол босқын ұғымы терминіне кең немесе тар мән берілуіне байланысты болады, тұлғаның ресми түрде босқын деп танылуы және мемлекет территориясында заңды тұруы да осыған байланысты.

4) Босқын мәртебесін анықтаудың ресми процедурасы айтарлықтай дәрежеде 1951 жылғы Конвенция мен 1967 жылғы Хаттаманың жүзеге асырылуы мен қолданылуының тиімділігін қамтамасыз етеді, сондықтан Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңындағы процедураның бекітілуі босқындар сияқты құбылыспен күресте мемлекет саясатын анықтайтын маңызды кезең болып табылады.

5) Қазақстан Республикасында босқындардың саяси – құқықтық мәртебесі арнайы заңда бекітілмеген, бұл әрине өз кезегінде ағаттық болып табылады. Бұл жағдайға қатысты Ресей Федерациясын мысалға келтіруге болады, онда босқындардың құқықтық қатынастары жеке салалық заңдық актіде бекітілген. Біздің республикамызда ондай заң жоқ және босқындардың құқықтық мәртебесі заңдардың толық бір блогімен реттеледі. Ең алдымен, бұл ҚР «Халықтың көші – қоны туралы» заңы, одан соң әр түрлі үкімет қаулылары, ведомстволық ережелер, нұсқаулар және т.б.

Осыған қарамастан, Қазақстан зерттелінген салада екіжақты және көпжақты келісімдерге келе отырып, өзінің бейбітшілікке ұмтылатын бағдарламаларын жүзеге асыруда. Осыған байланысты көптеген елдермен салыстырғанда, Қазақстанның босқындардың жағдайын құқықтық реттеу саласындағы қатынастары тұрақты болып қалатынын атап айту керек. Мысалы, атап айтқанда, АҚШ президенті Д.Буштың өкіміне сәйкес, 2006 жылы Құрама Штаттар 70 мыңнан артпайтын саяси босқындарды қабылдайды, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл қудалауға ұшыраған немесе АҚШ-та тұратын өзінің жақын туыстарымен қауышқан адамдар. Квота 10 мыңға азайтылды, бұл иммигранттарды (көшіп келушілерді) қабылдауды шектеудің жалпы онжылдық беталысын көрсетеді. Р. Рейганның кезінде квота 200 мыңды құрады. Бұрынғы Кеңестік Одақ елдерінің ішінен келесі жылы босқындар мәртебесін 17 мың адам ала алады.


жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау