Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 91,84 Kb.
Дата07.12.2017
өлшемі91,84 Kb.
#3280



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы «____» ____________

№_____ бұйрығына

2-қосымша



Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу мен беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу, беру және жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі (бұдан әрі – кеме) экипажының мүшесі ретінде теңізшінің жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады және еңбек кітапшасын ауыстырмайды.

3. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жазбаша келісімімен кеме капитанында сақталған жағдайды қоспағанда, кемемен теңізге шыққан кезде осы кеменің бортында айналысатын қызметін растау үшін, әрқашан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін теңіз кемесі экипажының әрбір мүшесінің қолында болады.

4. Теңізде жүзу кітапшасы:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін теңіз кемесі бортында кез келген қызметтегі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға;

2) жүзу практикасынан өту үшін теңіз кемелеріне жіберілетін, оқу мекемелерінің курсанттарына (оқушыларына) беріледі.

5. Теңізде жүзу кітапшасын осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды ұсына отырып, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген адамдардың осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес теңізде жүзу кітапшасын беру туралы өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) жүгінген кезде теңіз портының капитаны ресімдейді және береді.

6. Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттар ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

7. Теңізде жүзу кітапшасы жоғалған жағдайда жаңа теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу оның кемедегі жұмысы туралы анықтаманы немесе кемедегі жұмыс туралы соңғы еңбек шартының көшірмесі қоса берілген өтініш негізінде осы Қағиданың 6-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

Кемедегі жұмысы туралы анықтама кемедегі жұмысы туралы мынадай мәліметтерден тұрады: кемедегі жұмысы басталған күні және кемедегі жұмысы басталған порт, кемедегі жұмысы аяқталған күні және теңізші кемедегі жұмысын аяқтаған порт.


2. Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу тәртібі
8. Теңізде жүзу кітапшасы техникалық құралдарды пайдалана отырып немесе қара түсті сиямен анық жазумен былайша толтырылады:

теңізде жүзу кітапшасы иесінің тегі, аты, әкесінің аты қазақ немесе орыс тілінде бас әріптермен көрсетіледі. «/» белгісі арқылы үлкен әріптермен латын алфавитінің белгілерін пайдалана отырып, тегі және аты көрсетіледі;

«Жынысы/ Пол/Sex» бағаны: «М» - ер адамдар үшін, «F» - әйел адамдар үшін;

«Азаматтығы/Гражданство/Nationality» бағаны;

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – «Қазақстан/Kazakhstan»;

шетел азаматтары үшін азаматтығы «/» белгісі арқылы орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі;

азаматтығы жоқ адамдар үшін «азаматтығы жоқ/statless» деп көрсетіледі.

«Туған күні», «Берілген күні» деген бағандар араб цифрларымен мынадай жүйелікпен көрсетіледі: күні/айы/жылы (күні мен айы екі таңбалы, ал жылы төрт таңбалы болып жазылады, мысалы, 23/02/2011);

«Туған жері» деген бағанда республиканың, облыстың, қаланың атауы көрсетіледі. Жазу жеке тұлғаны куәландыратын негізгі құжатта көрсетілген теңізшінің жеке куәлігі иесінің туған жері туралы деректер негізінде жүргізіледі.

Теңізшінің жеке куәлігінің иесі туған мемлекетті көрсету кезінде «/» белгі арқылы мемлекеттік аббревиатурасы ағылшын тілінде немесе оның атауы көрсетіледі.

«Уәкілетті адамның лауазымы, тегі, қолы/ Должность, фамилия, подпись уполномоченного лица/ official’s position, name, signature» деген бағанда теңізде жүзу кітапшасын беруге рұқсат еткен адамның лауазымы, тегі және аты-жөні көрсетіледі. Ағылшын тілінде лауазымы «/» белгісі арқылы көрсетіледі (мысалы, Порт капитаны «Актау»/ Harbor master «Aktau»);

«Қолы /подпись/signature» деген бағанда теңізде жүзу кітапшасын беруге рұқсат еткен лауазымды адамның қол қойылады.

Теңізде жүзу кітапшасы иесінің фотосуреті шектеу рамкасы ашық қалатындай етіп желімделеді. Фотосурет теңізде жүзу кітапшасын берген ұйымның мөрімен бекітіледі.

9. Теңізде жүзу кітапшасына теңізшінің кемедегі жұмысы туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) «Кемедегі қызметтік жағдайы» деген бөлімде:

кемедегі теңізшінің қызметі;

кеменің атауы;

кеменің ұлты;

Халықаралық теңіз ұйымы берген кеме нөмірі;

кеме үлгісі;

кеме иесінің (жұмыс берушінің) атауы және Халықаралық теңіз ұйымы берген оның сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

кеме тіркелген порт (орын);

жалпы сыйымдылығы;

басты энергетикалық қондырғының үлгісі, маркасы және қуаты;

кемедегі жұмыс басталған күн;

кемедегі жұмыс басталған порт (өңір);

2) «Жұмыстың аяқталуы» деген бағанда:

кемедегі жұмыс аяқталған күн;

теңізші кемедегі жұмысты аяқтаған порт (өңір).

10. Кемеде жұмыс істеу басталған күн мен портты қоспағанда, осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген теңізшінің жұмысы туралы мәліметтерді онымен еңбек шартын жасасқаннан кейін теңізде жүзу кітапшасы ізденушісінің (кеме иесінің) жұмыс беруші кеме иесі растайды.

11. Теңізде жүзу кітапшасы иесінің кемедегі жұмысының басталу күні және оның кемедегі жұмысы басталған порт туралы, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерге кеме капитаны немесе ол тағайындаған лауазымды тұлға қол қояды және кеме мөрімен расталады.
2. Теңізде жүзу кітапшасын беру тәртібі
12. Теңізде жүзу кітапшасы алу үшін өтініш беруші мыналарды ПТӘ-ге ұсынады:

өтініш;


жеке тұлғаны куәландыратын құжат;

келесі құжаттардың бірі:

өтініш беруші кеме иесімен жасасқан еңбек шарты;

жарамды диплом, кәсіптік дайындық деңгейіне сәйкестігін растайтын маманның біліктілік және арнайы куәлігі, сондай-ақ өтініш берушінің денсаулық жағдайының Теңізшілерді даярлау және диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы конвенциямен белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.

Құжаттармен бір уақытта жоғарыда көрсетілген ұйымдарға екі фотосурет ұсынылады. Фотосурет ақ-қара түсті немесе түрлі-түсті 30х40 милиметр өлшемде және күңгірт қағазда ашық реңде орындалған болуы тиіс. Суретте теңізде жүзу кітапшасының иесі бас киімсіз бейнеленеді.

13. Өтініш берушіге теңізде жүзу кітапшасын беру ол жеке тұлғасын куәландыратын негізгі құжатты ұсынған кезде жеке жүзеге асырылады.

Теңізде жүзу кітапшасын алу кезінде өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес теңізде жүзу кітапшасын беруді есепке алу журналына қол қояды.

14. Жүргізілуі тоқтатылған теңізде жүзу кітапшасында соңғы парағына оны жүргізу тоқтатылғаны туралы және осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес пайдаланылғанның орнына жаңа теңізде жүзу кітапшасын беру туралы мөртабан мемлекеттік тілде қойылады.

Теңізде жүзу кітапшасы аяқталған соң, ол иесінде қалады.

Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидаларына

1-қосымша

Нысан
Теңіз портының капитаны ___________________

_________________________________
_________________

|Фотосурет үшін |

| орын |

| (мөрмен |

| куәландырылады) |

|________________ |



Теңізде жүзу кітапшасын беру туралы

ӨТІНІШ
1. Тегі, аты, әкесінің аты___________________________________________ __________________________________________________________________тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), егер ол өзгертілсе, қашан және қайда)
2. Туған күні, айы, жылы __________________ 3. Жынысы________________ 4. Туған жері _________________________________________________________________

(республика, облыс, жергілікті пункт)

5. Тұрғылықты (тіркелген) жері __________________________________________________________________

(индекс, республика, өлке, облыс,)


_________________________________________________________________

(елдімекен, көшесі, үй, корпус, пәтер, телефон)


6. Азаматтығы

__________________________________________________________________

7. Басқа мемлекеттің азаматтығы (егер болса көрсету керек)_______________

8. Жеке басты куәландыратын негізгі құжат


__________________________________________________________________

сериясы _____________ нөмірі _______________ 20__ жылғы _____________берілді._________________________________________________________________________________________________________________

(кім бергенін көрсету керек)

Теңіз кемесінде жұмыс істейтінімді растау үшін мыналарды ұсынамын: __________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (ұсынылған құжаттарды, олардың нөмірлерін, қашан және кім бергенін атап өту)


20__ жылғы ____________ _____________ ___________________

(күні) (қолы) (аты-жөні, тегі)


ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ БЕРІЛДІ
№ ТЖК _____________ Берілген күні 20___ жылғы «____» _______.
___________________________________ ___________ __________________ (теңізде жүзу кітапшасын беру туралы (қолы) (аты-жөні) шешімді қабылдаған тұлғаның лауазымы)
Теңізде жүзу кітапшасы №________ журналда №___________ тіркелді.

Теңізде жүзу кітапшасын

ресімдеу және беру қағидаларына

2-қосымша

Нысан
Теңізде жүзу кітапшаларын беруді есепке алу журналы



Р/с №

Теңізде жүзу кітапшасының нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы, кеменің атауы, кеме иесі (жалға алу және жұмыспен қамту ұйымының атауы)
жазбаша өтініш

Кеме бортында жұмыс істейтінін растайтын құжат

Берілген
күні

Алған кездегі қолы

1

2

3

4

5

6

7

Теңізде жүзу кітапшасын

ресімдеу және беру қағидасына

3-қосымша

Нысан
Теңізде жүзу кітапшасын жүргізуді тоқтату және пайдаланылғанның орнына жаңадан берілген теңізде жүзу кітапшасын беру туралы мөртабан


___________________________ _______________________________

Теңізде жүзу кітапшасын жүргізу тоқтатылды.


Теңізде жүзу кітапшасы берілді
ТЖК № ________________ 20__ жылғы_______ «_____» ________ ____________________________

(ұйым атауы)


___________________________ ______________ ___________________

(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)


______________________________ __________________________________
жүктеу 91,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау