Технологиясы


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет156/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 
I.
1. ӘЖ дегеніміз не?
2.
ӘЖ артықшылықтары қандай?
3.
1 кВ дейінгі электр тасымалдау желілерін не үшін қолданады?
II.
1. 1 кВ жоғары электр тасымалдау желілерін не үшін қолданады? 
2.
КӘЖ климаттық шарттар қалайша ықпал етеді?
3.
Қандай мекендердің түрлерін білесіз?
III.
1. Сымның габариті дегеніміз не?
2.
Қиылысу габариті дегеніміз не?
3.
Жанасу габариті дегеніміз не?


360 
4.
Елді мекен бойынша өтетін ӘЖ габариті қандай?
11.2.
 
Әуе желісінің тіреулері
Тіреулер жер немесе су деңгейінің үстінен анықталған бір биіктікте 
(кернеуге байланысты) сымдарды тартуға арнап қызмет атқарады. 
Желілердің тіреулері ағаш, металл немесе темірбетоннан орындалады.
Сүрек тіреулерді құрастыруға арналған аса арзан материал болып 
табылады 
және 
негізінен 
мемлекетіміздің 
орман 
аймақтарында 
қолданылады. Ағаз тіреулері үшін әдетте қарағай, балқарағай, шырша және 
самырсын қолданылады. Сүректің аса елеулі жетіспеушілігі оның шіріп 
кету қабілеттілігі болып келеді. Сүректің ең төзімді түрлерінің бірі 
балқарағай болып келеді. Қарағай балқарағайға бекемділігі мен шіріп кетуге 
қарсы төзімдігімен сапасы жағынан нашарлау, бірақ ол арнайы құралдармен 
– сүректің шіріп кетуіне қарсы әсер ететін антисептиктермен майлауға өте 
жеңіл беріледі.
Ағаштың механикалық қасиеттері нашар емес, әсіресе, оның жеңіл 
екенін есепке алатын болсақ. Әртүрлі сүректерді тарту кезіндегі 
төзімділіктің шегі (талшықтардың бойымен, яғни, діңгек ұзындығының 
бағыты бойынша) 700...1300 кг/см
2
құрайды, ағаштың көлемдік салмағы 0,5 
бастап 0,8 г/см
3
дейін, ал кейбір кездері 1 г/см
3
дейін ауытқып отырады, ал 
қарапайым болатты тарту кезіндегі төзімділігінің шегі 4000.5000 кг/см
3

алайда осындағы тығыздық 7,8 г/см
3
шамасында. Солайша, геометриялық 
өлшемдерге емес, салмаққа жатқызылған ағаштың төзімділігі болаттың 
төзімділігінен төмен емес.
Ағаштардың ауыр түрлері, жеңіл түрлеріне қарағанда әлдеқайда төзімді. 
Әртүрлі бағыттардағы ағаштың төзімділігі әрқилы болып келеді: 
талшықтарға көлдеңен төзімділік, бойлай төзімділігіне қарағанда кем болып 
табылады.
Суда ерімейтін және суда еритін майлы антисептиктерді ажыратады. 
Майлы антисептиктер – мұнайда қайта өңдеудің өнімдері болып келеді. 
Майлы антисептиктермен тек құрғақ сүректі майлауға болады. Ал суда 
еритін антисептиктермен сүректі майлау үшін, ол керісінше жоғарғы 
ылғалды болуы шарт, себебі осы жағдайда ғана антисептик сүректің ішіне 
енеді; егер діңгек құрғақ болатын болса, онда ену үдерісі іске 
асырылмайтын болады.
Ағаш тіреулерін суда еритін антисептиктермен майлауды оларды желіде 
орнату алдында да, сонымен қатар, қолданыстағы желілерде тікелей іске 
асыруға болады.
Шырша және самырсын қарағайға төзімділігі жағынан осал болып 
келеді, бірақ олар антисептикпен майлау үдерісіне өте нашар ұшырайды, 
сол себепті, 35 кВ дейінгі кернеуі бар желілері, байланыс желілері сонымен 
қатар кейбір кездері кернеуі 35 кВ жоғары болып келетін желілерде тіреудің 
қосымша элементтері ретінде қолданыс табады.
Металл тіреулерін дайындау үшін Ст3 маркалы қарапайым көміртекті 


361 
болат және 14Г2 мен НЛ-2 маркалы төмен қоспаланған болып 
қолданылады, өте жиі жағдайларда алюминий қоспалары да қолданылуы 
ықтимал. Металл тіреулерінің негізгі жетіспеушілігі олардың коррозияға 
ұшырауы болып келеді: тіреудің қорғалмаған беті ылғалдылық және судың 
ықпал етуінен тот қабатын түзейді, ол өз кезегінде құрастырылым 
төзімділігінің нашарлануына әкеп соғады.
Әсіресе өндірістік кәсіпорындардың, сонымен қатар теңіз және ащы 
көлдерінің жағаларындағы қоқыс аймағында орналасқан желілер қатты 
коррозияға ұшырауы мүмкін. Металл тіреулерін коррозиядан қорғап 
қалудың ең жақсы тәсілі оларды ыстық мырыштау болып келеді. Одан 
басқа, тіреулерді қорғау үшін әртүрлі коррозияға қарсы лактер мен бояғыш 
заттарды қолданылады.
Қазіргі кезде желілерді құрастыру кезінде темірбетон кеңінен қолдау 
тауып отыр. Темірбетонды тіреулерді қолдану аса әсерлі, себебі олар 
коррозия және шіріп кетуге ұшырамайды, яғни, олардың қолданысы ағаш 
және металл тіреулеріне қарағанда, аса қарапайым болып келеді. 
Темірбетонды тіреулерді даярлау кезінде қолданылатын металл бөлшектері 
ыстық әдіспен мырышталуы немесе коррозияға қарсы төсеммен қорғалуы 
тиіс.
Темірбетонды тіреулер бетонды тығыздау әдісі бойынша дірілмен 
нығыздалған және центрифугаланған бола алады. Дірілмен нығыздалған 
бетоннан жасалған тіреулер өз кезегінде пішіні бойынша қос таврлы, 
шаршы және тік бұрышты болып ажыратылады (11.1 а, б суреттері) және 35 
кВ дейінгі кернеуі бар желілері мен байланыс желілері үшін қолданылады.
Центрифуганланған темірбетонды тіреулер жоғары төзімді юетоннан 
жасалады, оның тығыздалуы аса үлкен жылдамдық кезінде арнайы нысанда 
(центрифугада) бойлай осі бойымен айналу есебінен іске асырылады. 
Центрифугаланған тіреулердің қималары сақина тәрізді болып келеді (11.1 , 
в суреті), яғни олар конус немесе цилинд пішінді болуы мүмкін.
Темірбетонды тіреулер үшін темір арқау ретінде болатты біліктер және 
сым қолдавылады. Осындай тіреулер кернелмеген, жартылай кернелген 
немесе толықтай кернелген темір арқаулы болы ықтимал. Кернелмеген 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау