Технологиясы


Өзін-өзі т ексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет154/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Өзін-өзі т
ексеруге арналған сұрақтар
I.
1. Сым блогына анықтама беріңіз.
2.
Сым блоктарының негізгі өлшемдері қандай?
3.
Сымдарды блокқа кіргізу қалайша іске асырылады?
4.
Тіреу сым құрастырылымдары нені білдіреді?
II.
1. Тіреу құрастырылымдары қалай орныталады?
2.
Сым науаларын орнату мысалдарын келтіріңіз.
3.
Жерге тұйықтау өткізгіштері ретінде науаларды қолдануға болады 
ма?
III.
1.Блоктарда сымды тарту үшін сымды қалай даярлайды?
2.
Сымды арқанға бекітудің қандай амал-тәсілдерін білесіз?
3.
Науада электр сым желісін монтаждаудың қандай ережелерін 
білесіз?
4.
Сымдарды тарату сызбаларына салыстырмалы сипаттама беріңіз.
5.
Сымдарды фазалау не үшін қолданылады және оның сызбасы 
қандай?
РУ-1 220/380 В 
РУ-2 220/380 В 
10.19 сурет. 1 және 2 сымдарды фазалау сызбасы 


356 
11 тарау. 1 кВ ДЕЙІНГІ КЕРНЕУГЕ ӘУЕ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ 
МОНТАЖЫ 
11.1.
 
Әуе желілері туралы жалпы ақпарат
Электрлік әуе желілері 
(ӘЖ) ашық ауада орналасқан және тіреу 
құрастырылымдарына бекітілген сымдар бойымен электр қуатын 
тасымалдауға және таратуға тағайындалған. Электр тасымалдаудың әуе 
желілері 1 кВ дейінгі және 1кВ жоғары (стандарттық кернеудің шкаласы 
бойынша 3, 6, 10, кВ және одан да жоғары) болатын кернеуді қамти алады.
Электр тасымалдаудың әуе желілері Ресейде кеңінен таралған және олар 
үшін тән:
құрылыс кезіндегі жер жұмыстарының шамалы көлемі;
қолданыс және жөндеу жұмыстарының қарапайымдылығы;
радиожелілер, жергілікті телефон байланысы, сыртқы жарықтандыру, 
телебасқару, дабылдама сымдарын бекіту үшін 1 кВ дейінгі кернеумен әуе 
желілерінің тіреулерін қолдану мүмкіндігі;
сым желісін құрастыру бағасымен салыстыру бойынша 1 км 
құрылыстың төменгі құны (шамамен 25...30 %).
Әуе желілері келесідей негізгі құрастырылым элементтерінен тұрады:
сымдар және найзағайдан қорғаныстық арқандарын асуға арналған 
әртүрлі тіреулер;
электр тоғын өткізуге арналған әртүрлі құрылымдар мен қималары бар 
сымдар;
найзағай разрядтарынан қорғау желілеріне арналған найзағайдан 
қорғаныстық арқандар;
тіреудің жерге тұйықталған сымдарынан оқшаулауға арналған тізбекке 
жинақталған ажыратқыштар;
ажыратқыштар мен тіреулерге сым және арқанды бекітуге арналған, 
сонымен қатар, сымдар мен арқандарды біріктіруге тағайындалған желілік 
темір арқауы;
найзағай разрядтарын немесе қысқа тұйықталу тоғын жерге бұрып 
жіберуге арналған жергей тұйықтау құрылғылары.
ӘЖ жобалау және құрастыру ЭҚЕ сәйкес іске асырылады. Тіреу және 
іргетастың құрылыс құрастырылымдарын жобалау ҚНжЕ негізінде жүзеге 
асырылады. ЭҚЕ желінің тағайындалуына қатысты әртүрлі кернеуі бар 
желілеріне талаптарды орнатады: желінің тасымалдайтын кернеуі мен 
қуаты жоғары болған сайын, оның бұзылуы соншалықты зиян келтіреді, сол 
себепті, аса жоғары кернеуі бар желілеріне қатаң шарттар қойылады.
1 кВ дейінгі кернеуі бар желілері қалалар, кенттер мен ауылдар ішінде 
үйлер және кәсіпорындарға дейін шағын қашықтықта электр қуатын тарату 
мен тасымалдауға тағайындалған.
1...35 кВ дейінгі кернеуі бар желілері аудандық шағын станцияларынан 
елді мекендер мен кәсіпорындарға 10...20 км қашықтықта электр қуатын 


357 
тарату үшін қолданылады.
110...220...330 кВ кернеуі бар желілері электр станциялары және ірі 
аудандық шағын станциялары арасында 100-ден 600 км дейінгі қашықтықта 
ірі қалаларды немесе экономикалық аудандарды қуатпен жабдықтау үшін 
ауқымды қуатты тасымалдауға тағайындалған. 
500 кВ кернеуі бар желілері 1 млн кВт дейінгі қуатты тасымалдау үшін 
қолданылады және 1200 км дейінгі қашықтықта орналасқан әртүрлі 
энергетикалық жүйелерді байланыстыру үшін қызмет атқарады.
750 кВ кернеуі бар желілері 2...2,5 млн кВт қуатын 2000...2200 км 
қашықтығына таратады.
Желілердің құрастырылымдық орындалуын анықтайтын негізгі 
факторлар желдің, температураның, жаңбырдың, тайғақтың, найзағайдың 
және олардың мүмкін болатын үйлесулерінің әсер етуі болып келеді.
ЭҚЕ әртүрлі кернеулеріне желілер үшін әртүрлі есептеуіш климаттық 
шарттары қарастырылған, яғни, сыртқы атмосфералық қуаттың үйлесуі 
(мысалы, жел және тайғақтың үйлесуі).
Желдің есептеу жылдамдығы келесі көрсеткіштерден кем емес шамада 
қабылданады: 16 м/с – 1 кВ дейнгі кернеуі бар желілері үшін, 21 м/с – 1 кВ 
бастап 35 кВ дейінгі аралықта; 25 м/с – 110...330 кВ, 30 м/с – 400 кВ және 
одан да жоғары.
Тайғанақ қабатының есептеу қалыңдығы 330 кВ дейінгі кернеуі бар 
барлық желілері үшін 0,5 см кем емес және 400 кВ және одан да жоғары 
кернеуі бар желілері үшін 1,0 см кем емес шамада қабылданады.
Желі құрастырылып отырған ауданда ауа температурасын, желдің 
жылдамдығын, тайғанақтың қарқындылығы мен салыстырмалы салмағын 
ұзақ мерзім ішінде алынған бақылау нәтижелерінің деректеріне сүйене 
отырып, көрсетілген шамалардың басқа жоғары мәндері есептеу үшін 
қолданылуы мүмкін.
Ресейдің барлық аймағы тайғанақ деңгейі бойынша бес ауданға (I.IV 
және ерекше) және желдің күші (I .VII) бойынша жеті ауданға бөлінеді.
Салынып отырған желі үшін есептеу климаттық шарттарын анықтау, 
әдеттегідей, ЭҚЕ және ҚНЖЕ орналастырылған климаттық аудандастыру 
карталарына сай іске асырылады.
Желілердің қалыпты және апаттық жұмыс тәртіптерін ажыратады. 
Қалыпты тәртіп бұзылмаған арқан мен сымдар кезіндегі жұмыс болып 
саналады. Апаттық тәртіп сым немесе арқанның толықтай не бөлшектеп 
зақымдалу кезіндегі желілердің жұмысын анықтайды. Жұмыс тәртібінің 
әрқайсысы үшін желілердің құрастырылымдық элементтеріне сәйкес 
талаптар қарастырылған. Сонымен қатар, ЭҚЕ талаптары желі өтетін елді 
мекеннің түрімен және халықтың орналасу тығыздығымен шартталады.

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау