Зерттеудің міндеттері:
- педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу;
- инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту сапасын арттыру;
педагогикалық сабақтарда инновациялық технологияларды пайдаланудың әдістемесін анықтау, оның тиімділігін практикалық тұрғыда тексеру.
Зерттеудің әдістері:
Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары орындарында жүргізілетін педагогикалық пәндер мазмұнына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |