Технологияларды пайдалану



жүктеу 372 Kb.
бет14/22
Дата06.01.2022
өлшемі372 Kb.
#36806
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Дисс.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ

Тақырыптардың атауы

Мақсаты және дайындыққа қойылатын талапар

І.Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың теориялық негіздері

Білім беру жүйесінің мазмұнын аша білу, білімнің мазмұнын, инновациялық технологияның

ерекшеліктерін меңгеру



1.1. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар

1.2. Инновациялық технологиялар классификациясы

1.3. Оқытудағы ақпараттық технологиялар

1.4. Жаңа инновациялық технологиялардың негізгі принциптері

ІІ. Инновациялық технологияның түрлері

Инновациялық педагогикалық технологиялардың әдістерін, тәсілдерін анықтап, ерекшеліктерін ашып көрсету

2.1. Білім беруді ізгілендіру технологиясы

2.2. Саралап-деңгейлеп дамыта оқыту технологиясы

2.3. Дербес оқыту технологиясы

2.4. Білім беруді ізгілендіру технологиясы

2.5. Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы

ІІІ. Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны ендіру жолдары:

жаңа идеяны іздеу;

жаңалықтарды ұйымдастыру; жаңалықтарды ендіру кезеңдерін жан-жақты ашып көрсету;

озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау жолдарын меңгеру



3.1 Оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық технологияны ендіру кезеңдері

3.2 Инновациялық технологиялардың нәтижесіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар

3.3. Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары: ұйымдастыру, таңдау, құрастыру, түзету, бағалау

3.4. Педагогикалық озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау жолдары

3.5.Педагогикалық шеберлік, озық іс-тәжірибе, жаңашыл мұғалімдер туралы ұғымдар

3.6. Озық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату, насихаттау әдістері.

3.7.Педагогикалық озат тәжірибені практикаға енгізу жолдары: педагогикалық оқулар, конференциялар, дөңгелек үстел, ашық сабақтарға қатысу, семинарлар, ашық сабақтар беру

Біздің зерттеу жұмысымызда болашақ мұғалімдердің инновациялық құзіреттілігін қалыптастыру қажеттілігін атап өткенбіз. Сондықтан аталмыш міндетті шешу мақсатында студенттерге арналған «Болашақ мұғалімнің инновациялық құзыреттілігін қалыптастыру» атты арнайы курс ұйымдастырдық. Арнайы курс мазмұны 6-кестеде берілген.

6- кесте «Болашақ мұғалімнің инновациялық құзыреттілігін қалыптастыру» атты арнайы курс мазмұны

р/с

Тақырыбы


өткізу формасы

Барлығы


лекция

прак

СӨЖ

СОӨЖ

1

Болашақ мұғалімнің инновациялық құзыреттілігі ұғымына сипаттама

1

1

2

2

6

2

Мұғалімнің инновациялық құзырлығы құрамы

1

2

3

3

9

3

Инновациялық құзыреттіліктің деңгейлері

2

1

3

3

9

4

Іс-әрекеттік, мәдени, жүйелілік, жеке тұлғаға бағытталған құзыреттілік

1

1

2

2

6

5

Оқытудың белсенді түрлері мен инновациялық технологиялар

1

2

3

3

9

6

Инновациялық білімді жетілдіру

1

1

2

2

6




Барлығы

7

8

15

15

45

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының соңғы кезеңінде қайта жүргізілген сауалнама нәтижесінде жоғары болашақ педагогтардың инновациялық технологияларды меңгеру деңгейі анықталды.

Ол үшін экспреиментіміздің бақылаушы кезеңіне арнап тапсырмалар кешенін дайындап, жүзеге асырдық. Алынған нәтижелерді талдау барысында студенттердің 37% инновациялық технологияларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын; 53%) инновациялық технологнияларды пайдалану іскерлігіне ие екенін көрсеткен. Осы іскерліктің қалыптасуы болашақ мұғалімдердің басты қиындығы ретінде көрсетілген. 59% респондент ақпаратты беру іскерлігі бар екенін белгілеген. Респонденттердің 79% жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға инновациялық технологиялар өте қажет деп есептеген. Зерттеу нәтижесі бойынша, инновациялық құзыреттілікті студенттердің 46% өз бойында толық қалыптасқан деп есептейді.

Тапсырмалар кешенін орындау кезінде студенттердің инновациялық құзырлығының қалыптасуына практикалық сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ, зертханалық сабақтар, педагогикалық практика сияқты оқу формалары ықпал еткені белгілі болды. Оларды жеткілікті әсер етеді деп бағалаған көрсеткіштер 91%, 81%, 73%, 61% болды.

Студенттердің 51% өздерін инновациялық құзыреттілікке қажетті психофизиологиялық сипатқа иеміз деп санайды.

Студенттердің 79% өздерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруына баға бере алады.

Педагогикалық экспериментті жүргізу арқылы:

І. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісіне студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыру деңгейі арта түскені байқалды.

2.Құрастырылған модельді қолдану барысында студенттердің студенттердің инновациялық технологиялардыжүзеге асыруға дайындау моделінің динамикасын қамтамасыз ететін дидактикалық шарттар жүзеге асты.

Қалыптастырушы эксперимент кезінде бақылау, әңгімелесу мен интервью, эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу, студенттердің оқу, кәсіптік қызметтерін талдау әдістері қолданылды.

Қолданылған әдістердің растығы, дәлдігі статистикалық нәтижелерді өңдеу арқылы, құрастырылған модельді практикаға енгізу нәтижелерін талдау арқылы анықталды.

Осы кезеңде бақылау және эксперименттік топ деректері салыстырылып, эксперименттік топтың көрсеткіштері жоғарылағаны анықталды.

Эксперименттік топтарда диссертацияда ұсынылған педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың дидактикалық жүйесі жүзеге асырылды. Салыстыра талдау үшін ізденуші эксперимент нәтижелеріне қарай дайындық деңгейлері ұқсас келетін бақылау топтары алынды, ондағы оқыту дәстүрлі тәсілмен жүргізілді.

Қалыптастырушы экспериментті жүргізу барысында зерттеудің бірқатар қағидалары сынақтан өткізіліп, нақтыланды:

- оқу тапсырмалар мазмұнының, оларды шешу әдістемесінің инновациялық технологияларды пайдалану міндетіне сәйкес студенттердің оқу-кәсіптік әрекеті құрылымына оқу-педагогикалық тапсырмаларды, инновациялық дидактикалық кешенді енгізу тәсілдерінің адекваттығы;

-зерттеуде ұсынылған инновациялық технологияларды пайдалану студенттердің инновациялық құзырлығын қалыптастыру динамикасын арттыруға мүмкіндік берді.

Арнайы курс соңында қорытынды диагностикалық жұмыс пен сауалнама нәтижелеріне қарай студенттер инновациялық технологияларды қолданудың креативтік (жоғары) деңгейіне ауысты, яғни инновациялық технологияларды қолдануды шығармашылық тұрғыда іске асыра бастады (жеткілікті деңгейде дербестігін көрсетіп, инновациялық технологияларды бастамашылықпен қолдана бастады, берілген мақсат пен міндетке орай перспектива құрастыра біліп, оларды аяғына дейін орындап, нәтижелерді бағалай бастады).

Студенттерге тән сипаттамаларды атап көрсетсек:

-өзінің кәсіби қызметіне байланысты инновациялық технологияларды қолдануға деген мотивациясының тұрақты болуы;

-өз бетімен білім алуда және оқу үдерісінде жүйелі түрде ізденіп, шығармашылық қабілетінің болуы;

-инновациялық технологиялар әлемін еркін бағдарлай алуға және оларды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін кәсіби білім жүйесінің тұтас, саналы әрі берік болуы;

Сонымен, педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану жүйесін іске асыру студенттердің іс-әрекеттің бұл түріне дайындығын қалыптастыруға ықпал еткенін байқап отырмыз.

Қорытынды эксперименттің нәтижелері эксперимент тобындағы студенттердің инновациялық құзыреттілік бойынша қажетті білім, іскерлік пен дағдылардың қалыптасқандығын көрсетті (7 кесте).
Кесте - 7 Студенттердің білім, іскерлік пен дағды деңгейлерінің өзгеруі (%)



жүктеу 372 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау