Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, негізгі көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, зерттеу базалары, қорғауға ұсынылған қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері берілді.
«Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың ғылыми – теориялық негіздері» атты бірінші тарауда педагогикалық сабақтарда инновациялық технологияларды толыққанды пайдалану мүмкіндіктері, педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері және инновациялық технологиялардың жіктемесі айқындалды.
«Жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану әдістемесі» атты екінші тарауда инновациялық технологиялардың педагогикалық жүйесі жасалып, оның тиімділігін айқындау мақсатында арнайы курс бағдарламасы ұсынылды, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының әрбір кезеңдеріндегі нәтижелері мазмұндалды, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |