«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



жүктеу 2,12 Mb.
бет5/13
Дата28.11.2017
өлшемі2,12 Mb.
#2290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Дәріс №3

Тақырыбы: Маркетинг эволюциясы

Дәрістің мақсаты: Маркетинг эволюциясын анықтау

Дәрістің мазмұны:

Кітапханалық-ақпараттық маркетинг

кітапханалық-ақпараттық қызметтер

Маркетингтік әдістер ірі, орта және шағын кітапханаларда кең қолданылып қоймайды, оларды таңдау нақты жағдайлар мен мүмкіндіктерге байланысты. Бұның үстіне профильді маркетингтің басты мақсаты әлеуметтік-экономикалық негізделген жетекші жұмыс бағыттары арқылы кітапхана мекемесі жұмысының тиімділігін арттыру, оқырмандар талабын, сұранысын болжамдай отырып, өз күш-шамасын объективті бағалау.

Кітапханадағы маркетинггің басқа интерпретацияларымен салыстырғанда ең комплексті болып табылатыны «кітапхана-ақпараттық маркетингі». Бұл терминнің қалыптасқан әрі анықталған ерекшеленуін көрсетеміз, онда профильді маркетинггің басқарушы функциясының жетекші рөлі көрсетілген.

Кітапханалық-ақпараттық маркетинг - комплексті ұйымдастыру-экономикалық талдауға, сұранысты болжамдау және оны қанағаттандыру мүмкіндіктері, кітапхана ұсынатын қызметтерді жарнамалау, интеллектуалды өнім мен сервиске негізделген шығармашылық басқару қызметінің өзіндік түрі. Соңғы мақсаты қоғамның объективті өзгермелі тұтынымдары мен оқырмандардың (топтардың) нақты сұраныстарына (яғни ағымдағы рынок конъюнктурасына) бейімделу болып табылады.

Ерекше айтылатын нәрсе кітапханалық-ақпараттық қызметтер мен көрмелер маркетингінің маңызды құрамдаушылары арасында сан қырлы кітапхана ортасында бір мезгілде белсенді әсер ету үшін оқырмандар пайдалануына бағдарлануды ерекшелеу қажет.

Маркетингке қатысты шетелдік және отандық маркетологтардың көптеген айтуларын түйіндей отырып, былайша есептеуге болады, бір жағынан, оның тапсырыс, тұтанымдарды зерттеуге бағдарлануы, яғни рынокты диагностикалау, екінші жағынан, бұл сұранысқа белсенді әсер ету, сәйкес болашақ сұраныстарды қалыптастыру үшін рынок (тұтынушылық көңіл-күй). Ол қосымша қызмет көрсетуге қатысты (сервис) қолданушылардың шынайы ағымдағы тұтынулары туралы бір мезгілдегі ақпаратта сұраныстың сенімді болжамын қамтамасыз етуге, әрі нақты қожалық субъектінің жағдайлық және потенциалдық мүмкіндіктеріне арналған.

Маркетинг тұжырымдасы басқару қызметіне жүйелілік тұрғысынан келуді іске асыруға мүмкіндік береді: болашақ мақсаттар қою, ағымдағы міндеттерді анықтау, қажетті ұйымдастыру - экономикалық шараларды өндеу әрі іске асыру.

Қазіргі отандық кітапхана мамандарына, бірінші кезекте директорлар, құрылымдық бөлімдердің меңгерушілері, жетекшілері, кітапхана менеджерлеріне теорияны біліп кітапхана - ақпараттық мекемесін басқарудың рыноктық тұжырымдамасы ретінде маркетингтің негізгі ережелерін біліп, практикада қолдану. Маркетингтік құрылым кітапхананың басқарушы персоналының игеру маңызы әр қазақстандық кітапхананың болашақта өз стратегиялық бағытын өңдеу, әрі күнделікті жұмысқа бейімделген икемді тактикасын анықтаудың оңды қажеттілігі болып табылады.
Дәріс №4

Тақырыбы: Маркетинг эволюциясы

Дәрістің мақсаты: Маркетинг эволюциясын анықтау

Дәрістің мазмұны:

Классикалық маркетингтік комплекс

Маркетингтің бағытталған басқару функциясы

Маркетингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері

Коммерциялық маркетинг

Классикалық интерпретациялауда маркетинг (ағыл. тагкеі — рынок, өткізу, сұраныс) жеткізушілер (өнім, қызмет) және сатып алушылар (қолданушылар) арасындағы өзара әрекеттің оңтайлы жолдарын анықтау бойынша бағытталған қызмет. Бұл басқарудың жүйеленген әдісі, сәйкес тұтынымдарды қанағаттандыруға, профильді сұраныстарды белсендіру мен қалыптастыруға бағытталған.

Маркетингтің мынадай «формуласын» модельдеуге болады:


  • сұранысты зерттеу,

  • оны қанағаттандырудың ерекше жолы,

  • мұқият ойластырылған өнімді (қызметті) «ұсыну».

Классикалық маркетингтік комплекске басты төрт құрылымдық элемент енеді:

- тауар (өнім, қызмет);

- баға;

- тарату әдісі (өткізу);



- көтермелеу (жылжыту),

Айнала қоршаған ортаны талдауға мүмкіндік беретін бастапқы аналитикалық (ақпараттық) функцияға негізделген, рынокты жан-жақты зерттеу (рыноктық зерттеу), ресурстарды бағалау, тұтынымдарды талдау, қанағаттандырылмаған сұранысты және потенциалды тұтынушыларды анықтау, қызмет өнімдерінің қорытынды бәсекелестікке төзімділігін анықтау.



Маркетингтің бағытталған басқару функциясы:

- өнім және қызмет (азық-түлік саясаты) ассортиментін (номенклатурасын) жоспарлауға;

- өзіндік құны мен бағасын (баға қою саясаты) жоспарлау;

- өткізуді жоспарлау және іске асыру (дистрибуция саясаты);

- өнім және қызметті жылжытуды жоспарлау (жылжыту саясаты);

- нақты қызметгі басқару және ұйымдастыруға әсер ету (коммуникация саясаты).



Маркетингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері болып табылатындар — ең толық тұтынымдық қанағаттандыруға жету, барынша тұтынымға жету, профильді рынок сегментін бекіту, өнімдер мен қызметтерді оңтайлы таңдауды ұсыну, болашақ сұранысты дамыту, позитивті имиджді құру және қолдану.

Қазіргі басқару логикасы және маркетинг принципіндегі кітапхана қызметі маркетингтік тұжырымдамаға сәйкес келеді.

Көңіл аударатын нәрсе кітапханалық-ақпараттық салада дәстүрлі коммерциялық емес маркетинг тең қолданылады, бірақ бұнда басты рөлді соңғысы алады.

Маркетингтің кітапханадағы басты приоритеті - ол кітап қорларының қажетті сапасын қамтамасыз ету, кітапхана ресурстары мен қызметін оқырмандардың пайдалана алуы. Оның үстіне жаңа көрмелер басты болып қана қоймай, бұрыннан бар әдебиеттерді толық дамыту болып табылады.

Коммерциялық маркетинг – кітапхананың бюджеттен тыс шаруашылық қызметін дамыту жағдайы мен кітапханалық-ақпараттық және басқа да кәсіпкерлік құрылымдарды құрамында немесе кітапхана мекемесінің үлестік араласуында қалыптастыру.

Коммерциялық күш-жігер, сұранысты көтермелеу мен комплексті зерттеу әдісінде тұрақтанады, бәсекелестікке жарамды қызмет пен өнімдерді іске асыру көлемін өсіру, әрі сәйкес тұтынымдарды қанағаттандыруды қамтамасыз ету нәтижесінде табыс табуды есептеу арқылы қызметі үйлестіріледі.

Қосымша ақылы кітапханалық әдетке айналған жекелеген кітапханалық шаруашылық қызметіне ауысым ретінде табысқа, тиімділікке ұмтылған коммерциялық есеп келді. Сонымен коммерциялық маркетингтің мақсатты табысының өсуі коммерциялық қызметтерді жеделдету тұжырымдамасымен қоса принциптер жиынтығы іске асырыла бастайды. Міне, осылайша, коммерциялық маркетингті кітапхана серіктестіктерімен әрқилы келісімдерді іске асыруда және кәсіпкерлік қызметтер процесінде қолданады.

Сонымен қатар көптеген қазіргі отандық кітапханалар өзінің күнделікті тәжірибесінде әлеуметтік басымдылықтарға көбірек көңіл бөліп (кіру құны арзан) өзінің экономикалық қызығушылығына шектеу қояды. Осыған байланысты кітапхана жұмысына ең ыңғайлы методология коммерциялық емес маркетинг болып табылады. Ол қызметтің бюджеттік саласындағы қоғамдық қызығушылыққа жетудің тиімді құралы ретінде болады.


Дәріс №5

Тақырыбы: Маркетингтің негізгі түрлері

Дәрістің мақсаты: Маркетингтің негізгі түрлерін анықтау

Дәрістің мазмұны: кітапхананы басқару концепциясы

Кітапхана маркетингінің мораль принципі

Көтермелеуші маркетинг

Конверсиялық маркетинг

Дамушы маркетинг

Әр түрлі келуші топтармен өзара қатынасты басқару мен ұйымдастырудың қуатты құралы болып табылады.

Жетекші коммерциялық емес маркетинг принциптері арасында ерекшеленетіні:

- міндетгі қаржы пайдасына ұмтылыстың болмауы;

- тұтыныстарды зерттеуге комплексті тұрғыдан келу және оларды қанағаттандыру жөнінде ұсыныстарды өндеу;

- келушімен ұдайы «кері байланыс»-Коммерциялық емес ұйымдарда маркетинг объектісінің мақсаттары мен міндеттері болып табылатындар:

- қызмет көрсетудің нақты бір түрін насихаттау (қызмет маркетингі);

- мекемені тұтастай көпке таныту (ұйымдастыру маркетингі);

- жетекші қызметкерлер, нақты мамандарды көпке таныту (жекелеген тұлғалар маркетингі немесе персоналды маркетинг);

- объектінің орналасқан жерін насихаттау (орын маркетингі);

- профильді идеяларды тарату (идеялар маркетинг, соның ішінде, қоғамдық маркетинг).

Маркетинг - бұл ең алдымен келушіге бағдарланған кітапхананы басқару концепциясы, сондықтан ол әр түрлі байқалу формасына қарамастан маңызы бір.

Бірақ та міндеттері, қызметті ұсыну варианттары, тұтыным сұранысының жағдайы, рыноктың параметрлеріне орай маркетологтар маркетингтің бірнеше типтері мен түрлерін ерекшелейді.

Бұл айтылғандардан бөлек маркетингтің қандай түрлері кітапхана-ақпарат мекемесінде қолданылатынын көреміз.

Бұл жерде тауарлы-дифференциалды маркетингтің әдісінің табысты қолданылуы мүмкін. Бұл жерде сонымен қатар өз өнімдерін тұтьшушыға жылжыту интенсивті маркетинг әдістемесімен іске асырылады, бұнда этикалық нормаларды бұзу агресивті маркетинг деп аталатын күшеюіне әкеп соғады. Бұған кітапхананың баруының қажеті жоқ, себебі агрессия ақпаратгық білім беру, мәдени-тынығу мекемесі болып табылатын қызметке жат қылық болып саналады.

Кітапхана маркетингіне көп жағдайда мораль принципі тән, ал оның негізі әлеуметтік (әлеуметтік-этикалық) маркетинг болуы керек.

Мақсатты рыноктардың қажеттілігін, тұтынымын және сұраныстарын анықтауды қажет етеді. Қоғамдық және жеке қызығушылықтардың ұзақ мерзімділігін ескеріп, қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Маркетингтің бұндай үлгісі ретінде кейбір кітапханалар іске асыратын арнайы мақсатты маркетингті бағдарламаларды айтуға болады: мүгедектерге, көп отбасының балаларына, басқа ұлт өкілдеріне, босқындар мен оралмаңдарға т.б. қызмет көрсету.

Нақты жағдай мен кітапханаға сұраныстан шыға отырып кітапханада әр нақты жағдайда оның қызметін оңтайлы басқаруға мүмкіндік беретін маркетингтің тұтас түрлерінің бірқатарын қолдануға болады.

Көтермелеуші маркетинг - ол кітапхана ұсынатын қызметтерге немқұрайлық пен қызықпаушылық кездескен жағдайда қажет. Бұңдай жағдайда қызықпаушылық себебін анықтап, потенциалды тұтынушыларды профильді қызмет пен интеллектуалды өнім артықшылықтарына көздерін жеткізе білу керек. Бұнда маңызды орын алатын шаралар «паблик рилейшнз», жарнама әрі баға белгілеу саясаты.

Дамушы маркетинг - потенциалды сұранысқа қалыптастыру әсерінен байланысты. Ол белсенді бірақ іске асырылмаған сұраныс бар болғанда жақсы нәтижелер береді. Маркетинггің бұл түрінің мақсаты потенциалды сұранысты шынайылыққа айналдыру.

Конверсиялық маркетинг - бұл белгілі кітапхана-ақпарат қызметтерін оңды сипатта болмай, яғни кітапхананы қолданушылардың көпшілігі қабылдамағанда қолданылады. Басқару шешімі мен тактикасы сәйкес тұтьшымдар мен көрсету номенклатурасының жекелеген құрамдастырушыларын өзгерту, оның сапалық параметрлерін қайта қарау.
Дәріс №6

Тақырыбы: Маркетингтің негізгі түрлері

Дәрістің мақсаты: Маркетингтің негізгі түрлерін анықтау

Дәрістің мазмұны:

Ремаркетинг

Ремаркетингтің мақсаты

Қолдаушы маркетинг

Синхромаркетинг

Карсы әрекетті маркетинг



Ремаркетинг - олардың сәйкес өмірлік цикл дөрежесінде кітапхана-ақпарат өнімдеріне сұраныс төмендегенде пайдаланылады.

Ремаркетингтің мақсаты - бұрынғы қызметтеріне қосымша тартымды сипат бере отырып өзінің жаңа стратегиясы мен шұғыл жұмысы арқасында сұраныс белсеңділігін арттыру

Синхромаркетинг - маусым кезіңде оның кітапхана-ақпаратгақ қызметіне сұраныстың ауытқуы кезінде қолданылады. Ол «бос тұрып» қалуды барынша азайтып, негізгі оқырмандар азайған кезде уақытша оқырмандарды (мысалы, демалушылар) тарту арқылы жүзеге асырылады.

Қолдаушы маркетинг – кітапхана ұсыныстары құрылымына сұраныс сапасы мен деңгей сәйкестігін сақтау үшін қажет Маркетинг саясаты оңды жағдайды сақтауға ықпал етіл, берілген көлемді іске асыруды қамтамасыз етеді.

Белгілі кітапхана-ақпарат қызметіне сұраныс кітапхана ресурстық мүмкіндіктерінен бірнеше еселеп артып кетіп, қолданушыларға ыңғайсыз жағдай туғызбау үшін (кезекке тұру, төмен сапалы қызмет және т.б.) демаркетинг қолданылады. Сұранысты төмендету үшін нормадан тыс қызметке ақыны көбейту, жарнама науқанын тоқтату. Сонымен қатар, бұл сұранысты қанағаттандыру үшін не істеу керектігін ойланып, одан соң біртіндеп кері процесс ремаркетингті бастау керек.



Карсы әрекетті маркетинг - бұл өз мәнінде әлеуметтік-этикалық маркетингпен үйлеседі, себебі кітапханаға қоғам тұрғысынан қажетсіз қызметтер мен өнімдерді азайтады (мысалы, жалаңаш тәнді басылымдар, адамзатты жек көру идеясы, ұлтшылдық, күшті пір түту, милитаризм, т.б. жолына тосқауыл қою). Кітапханалар басқа ұжымдардың бастамасын қолдап, темекі өнімдері, ішімдік, есірткіге қарсы науқандарға бірлесіп маркетинг өткізеді.

Егер кітапхана құрыльшы күрделі ірі мекеме болар болса, онда өзінің (ішкі фирмалық) маркетингімен айналыса алады, әрі арнайы «іскер» жоспарларды (бизнес жоспарларды) маркетинггің жеке комплекстерін өңдейді. Олар кітапхананың жалпы (бірегей) «маркетинг мисс» маркетинггік концепциясына кіріп, өткізу, баға қою, нақты өнімдерді жылжыту, жекелеген бөлім қызметтерінің ерекшеліктерін мұқият өңдеу мәселесімен айналысады.

Маркетингтің кейбір ерекше түрлеріне назар аударамыз. Егер маркетинг бір ел шеңберінде іске асырылса, оны сөзсіз ұлттық деп, ал егер шетінде болса — халықаралық не экспорттық, не импорттық деп атаймыз. Біріншісінің болуын көптеген мамандар мойындайды, ал екіншісімен бәрі бірауызды емес. Импортты маркетинг өнімді рынокқа өткізудің ерекше технологиясымен, сату процесін оңтайластыру және т.б. байланысты.

Біздер импорттық маркетингтен жоғары тиімді сатып алуды қамтамасыз ететін зерттеудің ерекше формасын көретіндерге қосыламыз. Кітапханаларға бұл түсінік жақын, себебі олар шет елдердегі профильді рыноктарды зерттеуге мәжбүр.

Халықаралық маркетинг синонимі болып табылатын түсініктер: мультиұлттық, сыртқы экономикалық, ішкі сауда. Ұлттық, мемлекеттік, әрі көптеген облыстық Қазақстанның кітапхана-ақпарат орталықтары сыртқы іскерлік байланыстарды белсенді дамытуда, бұл қызмет арқасында халықаралық маркетинг принциптерін табысты іске асыруға болады.

Халықаралықпен тығыз байланыста тікелей инвестициялар маркетингі болады. Ал енді глобальды маркетинг мемлекеттік шекаралардың «ашықтығы» принципінен шыға отырып қызметтер, жұмыс күші және материалдық құндылықтардың еркін жүріп-тұруына әсер етеді. Оның іске асуының бірінші қадамы біріккен Еуропа жобасының іске асуы болды. Қызметтестіктің жалпы еуропалық жоспары кітапхана қызметінің әр түрлі формаларын корпорациялау мен үйлестіру. Глобальды маркетингтің маңызды аспектісі мен алғышарты сапаның жоғары деңгейлік деңгейіне жету үшін бірегей стаңдарттарды қолдану болып табылады.


Дәріс №7.

Екінші бөлім. Кітапханалық – ақпараттық қызметтің маркетингтік кешені

Тақырып: Кітапханалық – ақпараттық қызметтегі маркетинг ерекшелігі.

Дәріс мақсаты: Кітапханалық – ақпараттық қызметтегі маркетинг ерекшелігін анықтау

Дәрістің мазмұны:

Стандарттар

Клиенттер

Менеджерлер немесе кітапхана басшылары

Оқырманға жақсы камқорлық қызмет көрсетудің сыртқы белгілері

Мемлекеттен қаржыландырылатын, әрі салық төлеушілердің ақшасы орынды жұмсалатынын дәледеу үшін кітапхана белгілі стандарттарға сай келуі тиіс. Қорды сақтау және олардың менеджменті мәселелеріне қатысты тиімділікті өлшеудің бірқатар көсіби нормалары мен көрсеткіштері бар. Бұл талаптар кәсіптің өз ішінде пайда болған, ол үшін негізгі басымдық - бұл коллекциялардың сақталуын қамтамасыз ету, көрмелер жарамдылығы және зерттеу тереңдігі.

Стандарттар — бұл кітапханаға келушіге —оқырманға қамқорлық жасау. Оқырмандар әрқашан бір нерсені күтеді, кітапхана соны ақтауы тиіс. Қоғамдық ғимараттарға келген адамдар онды және таза жайларды көргісі келеді. Олар кітапханаға келген кезде осы жайды да байқағысы келеді. Яғни бұл дегеніміз, кітапхана өз жайларына көңіл бөлуі тиіс, әрі кітапхана персоналы арқылы жақсы көңіл-күйді қамтамасыз етуі тиіс.

Қызмет көрсету саласының басқа салаларының ұсынатын қызметтерінің күннен-күнге сапасы артып барады. Соған сәйкес кітапхана да өз стандарттарын көтеріп, бәсекелестерінен қалып қоймауы тиіс.



Біздің клиенттер — олар кімдер?

Клиенттер — бұлар бізден өнім мен қызмет алатын адамдар. Қызметімізге төлейтіні-төлемейтініне қарамастан барлығымыздың өз клиентіміз бар.

Таңдауға мүмкіндігі, өз уақытын өткізетін және өз табысының артық бөлігін шығындағысы келетін адамдар үшін алған әсері бәсекелестікке сәйкес клиентіне кітапхана жұмыс істеуі керек. Егер бізге келушілер толық қанағаттанып кетсе, келесі жолы тек өзі келіп қана қоймай, достарын да ерте келеді.

Кітапхана туралы оқырманның әсері өзі алатын ақпарат сапасына байланысты:

— ол дұрыс па?

— ол жеткілікті ме?

— жақсы көрсетті ме?

— кітапхананы оңай табуға бола ма?

— хабарламалар мен көрсеткіштер, кітапхана есіктерін, гардеробты, көрме бөлімдерін оңай табуға көмектесе ме?

Оқырман кітапханаға кірген сәттен бастап, кітапханадан алатын әсерлерінің сапасы әр кездескен қызметкермен тығыз байланысты болу керек.

Бүгінгі күннің тәжірибесі көрсеткендей, персоналының барлығы бір кісідей жұмылып оқырмандармен - клиенттермен жұмыс істейтін ұйымдар ғана табысқа жететіні дәлелденіп отыр.

Менеджерлер немесе кітапхана басшылары өз қызметкерлеріне «клиенттер» секілді қарым-қатынас жасап, ақпараттандырып, көтермелеп отырса, өз ұйымына үлкен табыс әкеледі. Ұйым қызметкерлері де бір-біріне келушілерге көрсететіндей құрмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер арасындағы бір-біріне қатынас, өзара құрметтеу, кітапхана оқырмандарына тез ауысады.

Мысалы, жақсы кітапханада міндеттерді келушілер түрғысынан әрқашан зерттеуге тырысып, барлық мүмкіншіліктер мен жағдайлар жасайды. Коллекциялардың жоғары стандарты экспонаттаудың жоғары стандартымен көрсетуі тиіс. Кітап көрмелері оқырмандарға физикалық әрі интеллектуалды мағынада сәйкес келуі керек. Персоналдың сыртқы түрі мен мінез-құлқы мейірімділік және кәсіби сипатта болу қажет. Оқырман кітапхананың табалдырығын аттағаннан оны қабылдау мен қызмет көрсету жоғары стандартга болуы тиіс.

Барлық кітапханаларға қажет нәрсе:

— жақсы үйретілген персонал болуы;

— әу бастан-ақ жақсы әсер қалдыра білу;


  • келгенін жақсы ұйымдастыру үшін келушілерді ақпаратпен қамтамасыз ету.

Оқырманға жақсы камқорлық қызмет көрсетудің сыртқы белгілері

кандай болады?

— Персоналдың оқырманға деген сәлемі түзу болады.

— Персонал қажет болған жағдайда әрқашан көмек ұсынады. Көрсеткіштер, нұсқаулар, көрме жоспарлары, этикеткалар, жолкөрсеткіштер және адамдар оқырманға қайда барып, не істеу керектігіне көмектеседі.

— Гардероб келуші үшін жақсы жабдықталған.

— Жақсы жабдықталған таза туалеттер (есте сақтайтын нәрсе бұл жөнінде оқырмандар жақсы эксперттер).

Сапаны жасайтын адамдар. Оқырмандармен жұмыс істейтін көптеген қызметкерлер жақсы жұмыс істегісі келеді. Кейде оларға тренииг немесе ақпарат, көмек керек.



Олар білуге тиіс:

— олардан не талап ететінін білу;

— жұмысқа деген мотивацияның болуы;

— барлық материалдарды, құралдарды, тренинг және ақпараттарды алу;

— табысқа жетелейтін жүйеде жұмыс істеу;

— басшыдан өз жұмысының базасын ұдайы есіту;

— төтенше жағдайда не істеу керектігін білу.

Кітапхананың не ұсынатынын адамдарға ұғынуға көмектесе отырып, біз оларға маңызды ашу мен жаңа мәнді нәрсені ұғынуға көмектесеміз.

Оқырмандарды коллекциялармен таныстыру - бұл тек ғылыми қызметкерлер мен дизайнерлер жұмысы емес. Оқырмандарға қамқор болу әр кітапхана қызметкерінің міндеті.

Оқырманға қамқорлық - бұл тек аздаған көрерменмен тікелей өзара іс-әрскет емес. Егер кітапханаға мемлекет қаражаты жұмсалар болса, онда қоғамның оның жұмысы жоғары стандарттарға сай келер-келмесін білуге құқығы бар. Кітапхана ісінің кәсіби стандарттарын сәйкес мемлекеттік органдар бекітеді.

Сіздің кітапхана жұмысында осы стандарттар сақтала ма?
Дәріс №8

Тақырып: Кітапханалық – ақпараттық қызметтегі маркетинг ерекшелігі.

Дәрістің мақсаты: Кітапханалық – ақпараттық қызметтегі маркетинг ерекшелігін анықтау

Дәрістің мазмұны:

Кітап көрмелерімен жұмыс

Оқырмандарға қамқорлық

Қолдану еркіңдігі. Кітапхана міндеті

Маркетинг. Кітапхана міндеті

Көрме және ағарту жұмыстары

Персоналды оқыту. Кітапхана міндеті

Кітапхананың көмекші қызметі. Кітапхана міндеті

Келушімен жұмыс. Кітапхана міндеті

Қауіпсіздік. Кітапхана міндеті

Монтиоринг және бағалау. Кітапхана міндеті

Кітап көрмелерімен жұмыс. Кітапхана міндеті:


  • қорды толықтыру және көрмелерді орналастыру саясатын жариялау;

  • кітапхана жинақтарын құжаттау;

  • бұл құжаттарды оқырмандар қолдануына мүмкіндік жасау;

  • көрмелерді насихаттау;

  • ғылыми-зерттеулерді жариялау.

Оқырмандарға қамқорлық. Кітапхана міндеті:

— Кітапхана оқырмандарымен жұмыс саясатын қалыптастырып жариялау;

— бұл саясатқа ұдайы түзету жөне мониторинг өткізуді іске асыру;

— кітапхана қызметкерлері лауазымдық қызметтері суреттелгендей оқырмандарға қызмет көрсету принциптерін жариялау;

— келушілер түтынымын мүқият зерттеу;

— өз әрекетін оқырмандар тұтынымын зерттеу нәтижелерін ескеру арқылы құру;

— түсетін мәліметтерді шұғыл өңдеу.

Қолдану еркіңдігі. Кітапхана міндеті:

— ішкі және сыртқы кіре берісте, көшеде, арнайы тандалған орындар мен негізгі жақын магистралдарда көрсеткіштер жүйесінің болуы;

— мүгедек-келушілер үшін қажетті жайлылықтың қамтамасыз ету ережелері мен ұсыныстарын ұстану;

— тұрғындар туралы ресми статистикалық мәліметтерге негізделген оқырмандар демографиясын зерттеу жөне оның потенциалды аудитория демографиясымен зертгеу;

—кітапхананың ашық уақыты, жұмыс сағаты, демалыс күндері туралы ақпарат тарату;

— топтық келушілер тұтынымын ескеру және қамтамасыз ету.



Маркетинг. Кітапхана міндеті:

— маркетинггік зерттеуді кітапхана жұмыстары басты элементтерінің бірі ету;

— сәйкес жеңілдіктер қарастыру (зейнеткерлер, тұрғындардың жұмыссыз және басқа да категориялары);

— кітапхана бағалауы мен қызметтерінде кітапханаға тегін жазылуды қарастыру.


Көрме және ағарту жұмыстары:

— көрмелердегі барлық мәтіндер келушіге оқуға қызықты, түсінікті етіп құрылуы тиіс;

— оқырмандарға бағытталған барлық жазбаша материалдар сәйкес зерттеулер мәліметтерін ескеру қажет;

—оқырмандардың жеке дене ерекшелігін ескеру қажеттілігі (бойы, жанары және т.б.);

— оқырмандардың интеллектуалды айырмашылығын ескеру қажет;

— жазбаша ақпаратты бірнеше тілде беру қажет;

— көрмелердің, егер соған байланысты лекциялар мен экскурсиялар ұйымдастырылып, оқушылар үшін сабаққа, тіпті үлкендер мен балалар үшін білім беру бағдарламаларына үлестіру материалдары жасалса, маңызы мен құндылығы арта түседі;

— кітапхана аудиториясының әр түрлі мәдени дәстүрлерін біліп, оларды өз жұмыстарында қолдану.



Персоналды оқыту. Кітапхана міндеті:

— жазбаша түрде персоналды оқыту және біліктілігін арттыру саясатын белгілеу және өңдеу;

— аудиториямен тікелей жұмыс істейтін персоналды келушілерге қамқорлық ережесі мен терең үйретуді өткізу;

— барлық кітапхана қызметкерлерін клиенттермен қарым-қатынас жасау курсынан өткізу;

— табиғат апаты және төтенше жағдайларда қабылданатын шараларға үйрету.


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау