«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



жүктеу 2,12 Mb.
бет6/13
Дата28.11.2017
өлшемі2,12 Mb.
#2290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Кітапхананың көмекші қызметі. Кітапхана міндеті:

- бүкіл персоналды қызмет сапасын жетілдіру, бағалау, талдау процесіне араластыру;

- бөлімдер арасында ақпаратты шұғыл және өз уақытында таратуды қамтамасыз ету;

- фронталды және басқа да қызметтер арасында ақпаратпен алмасу және екі жақты байланыс мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

- адам ресурстарына жауап беретін қызметтердің келушіге деген қамқорлықты қолдайтын жұмыс атмосферасын құруға қол жеткізуіне көмектесу;

Келушімен жұмыс. Кітапхана міндеті:

- әр оқырман өзін қалаулы ретінде сезінуі тиіс;

- жазылу билеттерінің құны және көрсетілетін жеңілдіктер туралы мәлмет көрінетін жерде ілінуі тиіс;

- кітапхана туралы ақпарат ұдайы жаңартылып тұруы тиіс;

- мүгедек адамдар қажеттілігін ескеру;

- бағдарлануға мүмкіндік беретін жоспарлар, көрсеткіштер қамтамасыз етілуі тиіс;

- туалеттер таза, жайлы болуы керек;

- нәрестелерге күтім жасауға арнайы жай;

- кітапханада таза, ұқыпты кафе болуы керек; - жақсы ойластырылған ассортименті бар дүкен пайдалы;

- температура және ылғалдылық деңгейі келуші үшін жайлы болуы шарт;

- отыру үшін арнайы орындық болу;

- қайсыбір кітап көрмесі немесе кітапхана бөлігі жабық болған жағдайда жазбаша түсініктеме ілінуі тиіс;

- персонал кітапханада қабылданған стандартқа сай келуі тиіс;

- арыз берудің қарапайым жүйесін ендіру;



Қауіпсіздік. Кітапхана міндеті:

  • азаматтар қауіпсіздігі және денсаулықты қорғаудың жалпы қабылданған талаптарын сақтау;

  • қосымша қауіпсіздік шараларын қарастыру, мысалы, ескерту, хабарландыру және қоршаулар;

  • қызметкерлердің қажетті тобын зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетулерге оқыту;

  • сақтауға қойылған заттарға мұқият болуға және қауіпсіздігіне кепіл беру.

Монтиоринг және бағалау. Кітапхана міндеті:

-келушілерге қамқорлық жасауға байланысты жұмыстарынын барлық аспектілер тиімділігіне ұдайы талдау өткізу;

- келушілерге түсінік жұмысына ерекше көңіл бөлінуі тиіс;

-келушілермен жұмыс сапасын арттыруға бағытталған, өз ұсыныстарымен бөлісуге кітапхананың бар қызметкерлерін шақырып тұру керек.

Қазіргі кезде кез келген кітапхана өзінін өмір сүруіне қаржыны дәстүрлі және дәстүрсіз бірнеше көздерден іздестіріп табуы керек. Бірақ бұл қаржыландырудың барлығы 100% демеушілік қолдаудан, сыйлаудан, қайырымдылық коммерциялық қызмет арқылы іске асырылмайды деген сөз.

Кітапханалардың көпшілігі бұрынғыдай өз қызметінің негізгі түрлеріне мемлекеттік қаржыландыруға тәуелді. Коммерциялық қызметтен түсетін қосымша кірістер бюджеттің 5 – тен 10%-ын құрайды, бұл кітапханалардың көпшілігінің бар жетер мүмкіндігі. Тәжірибе мен соңғы жылдардың есеп мәліметтері көрсеткендей, Ұлыбритания және АҚШ секілді дәлетті елдердің өзінде де қосымша кірістер алу әрқашан күрделі болуда.[10]

Әрине күткеңдей, онда дүкен табысты жұмыс істейді., бірақ тікелей сатудан түсетін табыс кітапхананың оперативті шығындарының тек 7%-ын ақ жабады.

Бірақ бұл кітапханалар әрқилы көздерден қаржылар табуға тырысады. Біраз кітапханалар тек маркетинггік зерттеулер және қосымша қаржыға тапсырыс жазатын жұмыс істейтін арнайы қызметкерлерді жалдайды.

Көптеген кітапханалар үшін оқырман билеттерінен, абоненттерден, «кітапхана достары» клубы мүшелерінен, жарналардан табыс, кітапхананы ұстап түру құнының жалпы 20%-ына жете алады.

Соңғы он жыдда өткізілген әр түрлі зерттеулер көрсеткендей, былайша айтқанда, негізі табыс көзі ол келушілер саны, сондықтан барлық кітапханалардың алғашқы негізгі қадамы оқырмандарды көбірек тартуға ұмтылу болып табылады.

Ұлыбританияда өткізген зерттеулер анықтағандай жылына 100 000 оқырман көрсеткішіне жеткен сәттен бастап, кірістерінен өз шығындарын ақтап, коммерциялық кәсіпорын ретінде өмір сүре алады.

Бірақ барлық ережелерге сай келмейтін жағдайлар да болады. Кафе ұйымдастыру тек аз кітапханаларға ғана табыс әкеледі. Олар кафе мен ресторанды тек кітапханаға келуді тартымды ету үшін ғана ашады, әрі нольдік сальдомен шықса да, жақсы қызмет көрсеткені үшін, жолымыз болды деп есептейді.

Белгілі жинақтары бар кітапханалар үшін табыс табудың тағы бір жолы репродукция өндіруге құқықты сату болып табылады. Тіпті шағын кітапханалардың өзі рождестволық, жаңа жылдық открыткалар мен күнтізбелер үшін өз көрмелер картиналарымен аз табыс таппағаны жөнінде мысалдар жеткілікті.

Кітапханалар үшін тағы бір кіріс көзі — почта арқылы жеткізілетін, кітапхана үлгілері бойынша дайындалған бұйымдарды каталогтар бойынша сату болып табылады. Кейбір кітапханалар Интернет арқылы сатуға қол жеткізуде. Егер кітапханада шығынып жабуға жеткілікті сату көлемі болмаса, онда шығынға батары сөзсіз, әрі оған табыс әкелмейді. Соған қарамастан кітапхана бұйымдарын басым сатып алушыларға қол жеткізудің, әсіресе Қазақстанда ең оңай жолы болмақ. Бұндай жағдайда ең алдымен, тапсырыстарды дәл жеткізуге кепіл болу керек.

Кітапхана жайларын қабылдаулар мен шаралар өткізуге беру кітапхана үшін ең табысты іс болмақ. Кейбір кітапханаларда залдарды арендаға беріп ондағы өткізілетін шараларға қызмет көрсету мол ақша әкелетін жекелеген бизнес түрі ерекшеленеді. Әрине мұндай қызмет түрі үшін жалға беруге лайықты жай болып, тамақ және қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін фирма-мен жақсы қатынаста болып, әрі сәйкес өткізу рыногы болуы шарт.

Жылжымалы көрмелер, егер олар валютамен табыс әкелетін болса, жақсы табыс көзі ретінде қарастырылады.

Ақша табудың басқа да «дәстүрлі емес» жолдарының бірі, өз офистерінің қабырғасына қызықты өнер туындыларын іліп, әрі экспозицияны ұдайы жаңартуды қалайтын коммерциялық фирмаға картиналарды «қарызға беру» және кітапханада жұмыс істейтін эксперттердің консультациялық қызмет көрсетуіне ақы алу. Оның үстіне жаратылыстану ғылымының жекелеген салаларына маманданған ғалымдар қызметі, өнертанушы немесе тарихшы қызметінен жоғары.

Іскер кітапханалар үшін қосымша кірістер алудың жолы өте көп, бірақ бұл жерде абайлайтын нәрсе уақыт пен ақша ресурстары босқа шығындалмауы керек. Маркетинггік зерттеулер мен сәтті жағдай келгенде батырлық көрсете білу өлшеусіз рөл атқарады. Және әрқашан басқа кітапханалар тәжірибесін үйрене беру қажет.


Дәріс №9

Тақырыбы: Кітапханадағы қоғамдық коммуникация (ПР)

Дәріс мақсаты: Кітапханалық – ақпараттық қызметтегі маркетинг ерекшелігін анықтау

Дәрістің мазмұны: Қазіргі коммерциялық және мемлекеттік құрылымдар

Қазақстанға Public Relations

РR қызметі ішкі және сыртқы болып бөлінеді

Брифингтер, пресс-конференциялар, «дөңгелек столдар», көпшілік пікірталастар, презентациялар өткізу

Қазіргі коммерциялық және мемлекеттік құрылымдар, сонан соң мәдениет мекемелерінің қоғаммен қатынас технологиясын игеру іскерлік белсенділіктің маңызды бағыттарының бірі болды. 1980 жылдардың екінші жартысында Қазақстанға Public Relations (ағыл. Public қоғамдық + relitionsқатынас, байланыстар) түсінігі келгенімен, қазақ тілінде өлі біржақты түсіндірілмей келеді. Бір мамандар оны «қоғаммен байланыс» деп атауды ұсынса, басқалары ол атаудан қашып «Паблик рилейшнз» аталуын ағылшындық аббревиатурасы РR қолданады. Ең таңдаған әмбебап анықтау, сол ұйымның табысты болатын ұйым мен қоғам арасындағы өзара тиімді гармоникалық қатынастарды орнықтыруға бағытталған РR-ді басқару қызметі ретінде анықтайды.

РR қызметі ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметтің негізгі міндеті — мәдениет мекемесінде шығармашылық жағдай мен оңтайлы көңіл-күй жасау. Сыртқы РR ағымдағы шаралар мен РR-науқандар кіреді.

Ағымдағы шаралардың мақсаты — қоғамның кітапханаға қалып-тасып үлгерген қатынасын қажетті деңгейде қолдау және оны жоспарлы түрде дамыту. РR-компаниялар мақсатты топтардыңкітапханаға, оның бағдарлама, жобаларына қатынасын өзгерту немесе қалыптастыруға лайықталған толық нақты нәтижелерге жетуге бағытталған. Олар бір-бірін толықтыра алатын өзара байланысты акциялар мен шаралардың комплексінен түрады. РR - компанияны жасаумен арнайы агенттер немесе шақырылған консультанттар айналысады.

РR әр түрлі жолдармен, ең алдымен, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы іске асырылады. БАҚ жұмыс істей отырып, кітапхана теле-радиокомпанияларға және жетекші журналистерге жіберетіндері:

— алдағы болатын вернисаж туралы маңызды жаңалығы немесе пайдалы ақпараты бар Пресс-релиздер-хабарлама;

— таңқалдырушы болып табылмайтын (мысалы қорды жаңарту барысы туралы) ағымдағы шаралар туралы пресс-анықтамалар;

- пресс-пакеттер-қосымшалар және фотосуреттер іріктелген материалдар.

Брифингтер, пресс-конференциялар, «дөңгелек столдар», көпшілік пікірталастар, презентациялар өткізу тиісті. Қоғамдық ойды қалыптастыру мақсатында кітапхана өкілдері әр түрлі клубтар мен қоғамдарда кездесулер өткізіп, жергілікті қоғамдастық пен саяси лидерлерге қабылдау ұйымдастырып, УІР-лауазымдар үшін арнайы экскурсиялар өткізу қажет.


Дәріс№10

Тақырыбы: Кітапханалық жарнама

Дәріс мақсаты: Кітапханалық жарнаманы зерделеу

Дәріс мазмұны: Жарнаманың даму тарихы

Кітапханалық маркетингтің мақсаты

Маркетинг құрамының бір бөлігі - жарнама

Таразының бір басында сұраныс тұрса, екінші басында ұсыныстың тұратынын білеміз. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында жасалатын әрекеттердің бір қыры - жарнама. Жарнаманың да өзіндік даму тарихы бар. Қазақстанда жарнама өнімдерін шығарумен айналысатын алғашқы мекеме 1951 жылы пайда болды. Дегенмен ол заманда жарнама өз қызметін дұрыс атқармады яғни, оның нарықтан алған орны онша маңызды бола қоймады. Себебі, өндіріс, сауда немесе қызмет көрсету орындар арасында бәсекелестік күрес дегендер болмаған. Тауар мен қызмет түрлер еш жарнамасыз өз тұтынушысын бірден табатын. Әрине, бұл ішкі нарықтағы жағдай, ал, сыртқы саудада отандық өнімдердің әлемнің басқа елдерімен бәсекеге түсе алуының барлық жақтары қарастырылумен болды. Дегенмен, дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстандағы жарнама өнімдерінің деңгейі төменгі сатыға жатқызылады.

Сапалы жарнама жасауға екі мәселе себепкер болады. Бірншіден, соңғы үлгідегі технология жетістіктерімен жабдықталу, екіншіден жоғары дәрежелі қызметкерлердің болуын қамтамасыз етеді. Әр саланың алға қарай жақсы көрсеткіштермен, нәтиже табыстармен өзіндік дамуында жарнаманың сан түрлі формалары қолданылады. Сол сияқты, жарнаманы керек қылатын мәдени мекемелердің бірі - кітапхана.

Оқырмандар талабын қанағаттандыратын кітапханалық құқықты іске асыра беретін ұйымдық - басшылықтың әр мүмкіндігі - маркетинг болып табылады. Америкалық маркетинг ассоциациясы (АМА) арқылы төмендегідей анықтама қабылдаған: «Маркетинг жекелеген тұлғалар мен ұйымдардың мақсатын қанағаттандыратын тауарлар мен қызмет көрсетулерді алмасу идеяларды іске асыру, баға құрылымын, ойға алған нәрсені іске асыру мен жоспарлау процесі болып табылады».

Кітапханалық маркетингтің мақсаты - кітапханалық қызмет көрсетулер арқылы оқырмандар тілегін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Кітапхана оқырманға басқа жағдайдан гөрі көбірек ұнайтын жағдайды жасап, қызметтер көрсетуі керек. Маркетингтік мына міндеттері табыстың келуіне көмектеседі: өздігінен икемділгін арттыру, тұтынушы қажетіне сәйкес өнім ассортиментін тез өзгерту өндірісіне жаңа технология мен техниканы жедел ендіру.

Маркетнг құрамының әр бөлігі - жарнама болып табылады. «Жарнама» - коммерциялық ақпарат, нарықтар, тауардың өтімділігін қамтамасыз ететін маркетинг бөлігі. Тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы ақпараттандыру тетігі ретінде жарнама әр түрлі құралды пайдаланады: жекелеген басылымдар (жобалар, каталогтар, бетшелер), мерзімді басылым (мақалалар,

хабарландырулар, салма қосымша театр, кино, теледидар, радио, жарнама және т.б.) - сөздікте осындай анықтама берілген.

Көптеген кітапханалардың мүмкіндігі шектеулі. Жарнама – көптеген кітапханалардың табысқа жету кілті. Барлық мекемелердің артықшылығы мен кемшілектері бар. Кітапханалардың ең үлкен кемшілігі олардың нашар икемдігі. Бұл - маркетингтің бір мәселесі болып табылады. Барлық жетекші фирмалар өз өнімдерін жарнамалауға айырықша көңіл бөледі. Дұрыс ұйымдастырылған кәсіби жасалған жарнама көп ретте кітапхана тағдырын шешеді. Егер кітапхана өмір сүргісі келсе, ол болып жатқан өзгерістерге оң қарауы керек.

Табысқа жететін қызмет көрсетулер арқылы ғана кітапхана беделін нығайтады. Пайдаланушы мен нарықты назарға алу кітапхананың әртүрлі қызметтерін ақпараттандыруды талап етеді. Ол – қазіргі замандық, интерьерлермен жабдықтаған бастамаларға ашық мекеме болуы керек.

Жарнамалық материалдарға да (плакаттар, проспектілер және т. б.) уақыт ағымын аулау аса маңызды. Кітапханаларды ұстау қаржы қорын бөлетін басшыларға көпшілік кітапханалар қызметінен түсетін әлеуметтік пайданы түсіндіріп, кітапханаларды ұстауға жұмсалатын қаржы оның қызметін пайдаланбаса да ақталатынына көздерін жеткізу қажет.


Дәріс №11

Тақырып: Кітапханалық жарнама

Дәріс мақсаты: Кітапханалық жарнаманы зерделеу

Дәріс мазмұны: Кітапхана - ақпараттық мәдени - ағарту институты ретінде

Кез - келген жарнамалық хабарламаның әсері

Ауызша немесе жазбаша сөйлеу мәдениеті

Кітапханалық жарнамаға қойылған негізгі талаптар

Кітапхана - ақпараттық мәдени - ағарту институты ретінде қазіргі замандық бейнедегі тұлға. Жарнама - осындай бейне жасау құралын кітапхана мүмкіндігі қызмет көрсетулері туралы ақпараттандыра отырьш кітапхананың позитивті бейнесін жасайды.

Қазіргі замандық кітапханалық, жарнамаға қойылған талапты білім сауаты ақпараттық және мәдени - ағартушылық қызмет іске асыру, өзіңді дербес мәнер арқылы жұмыс жүргізу мүмкін емес. Кітапханашы жұмыс барысында мынадай сұрақтарды кездестіреді: хабарландыруды қалай дұрыс жазу керек, ақпаратты жазуда бағдарларын қалай безендіруге болады, көзге түсетін жарнама қалай жасалады?

Компьютердегі мүмкіндіктерді қолдана отырып өз өніміңді қалай ерекшелендіруге болады? Кітапханада - қазіргі заман кітапхана мәнеріне сәйкес заттар ұсталып, әдемі - өзіндік қолтаңбасын табуы керек.

Өзінің ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып, жағдайын жақсартқан бүгінгі кітапхана өз жұмысын насихаттайтын жарнама жасау мүмкіндігіне ие.

Кез - келген жарнамалық қызмет негізінде бір басты мақсат болады - қызмет көрсету туралы пайдаланушыны ақпараттандыру және оны алуға ынталандыру. Жарнаманың әсер етуі АИДА атты әдемі әйел аты арқылы психологиялық формулаға негізделген ол ағылшын сөздерінің мынадай абревиатураларынан тұрады:

А - attention - назар

И - interest - ықылас

Д - desire - тілек

А - action - әрекет

Кез - келген жарнамалық хабарламаның әсері осы төрт элементтен тұрады.

Ауызша немесе жазбаша сөйлеу мәдениетінің деңгейі, кітапхана жарнамасымен тікелей байланысты және оның тұрғындармен жұмысының бағалаудағы маңызды аргументі болып табылады.

Жарнама жөнінде көрнекті батыс мамандарының бірі Д. Огилви жарнама мәтініне үлкен мән береді, яғни жарнаманы оқушы әр адам оның тек өзіне арналғанын сезінетін қызмет деп санайды.

Жарнамалық сөз тіркесін тілді таңдап алуға да маңызы зор себебі, ол арқылы жарнамалық нысан жақсы есте сақталады (ұран түрінде, дәлелді шақыру) Ағылшын Б. Ашервуд мынадай 6 түрді ұсынады:

1. Әлеуметтік – «әрбір адам - кітапхананы пайдаланушы».

2. Беделді – «Жақсы мен жайсаң кітапхананы пайдаланады».

3. көпшілікке бағытталған - «Бүгінде кітапханасыз ешкім бәсекеге түсе алмайды»

4. әзіл қалжыңды - «Демалуың мен сергуің үшін пайдалан».



5. эгоистік – маниакалды «Білім күші»

6. зілді – «Кітапханаға келмесеңіз, достарыңыз сізді мазақ қылады!»

Жарнаманың ерекшелігі - хабарланатын ақпараттың шыншылдығы. Жарнамалық сенімдерге көп адам нанады, бірақ іс жүзінде бар екеніне көз жеткізген соң, көпшілік кейінгі хабарламаларына сенбестей болады.

Егер тұтынушының өнімге деген ықыласын тарту және тұрақты ұстап тұру үшін жарнама ғана емес, оған қоса тұтас стратегия мен болашақтық жоспары ұсынылатын болса, жарнама ықпалыарта түседі. Осы мақсатта жарнамалық шаралар кестесі жасалады.

Жарнаманы орналастыруда көз солдан оңға қарай тез жылжитынын қадағалау керек, сондықтан, көлбеу және тіке түскен сызық басқаша көрінеді, тіке түскен сызық ұзындау болып оқылады. Көздің бағытталуын қолдану тиімді болады.Жарнама кітапхананы «көрнекті» қылады.

Жақсы жасалған кәсіби құрастырылған жарнама көп ретте кітапхана тағдырын шешеді. Жарнама ашық насихаттау тізім ретінде әртүрлі құралдарды пайдалана алады: жекелеген басылымдар (жобалар, каталогтар, плакаттар, бетшелер), мерзімді басылым (мақалалар, хабарландырулар, салмалар, арнаулы қосымшалар), радио, сыртқы жарнама және т. б.


Дәріс №12

Тақырып: Жарнамалық хабарламаларды көркемдеу әдістері

Дәріс мақсаты: Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрін зерделеу

Дәріс мазмұны:

Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрі

Кітапханалық - ақпараттық қызмет көрсетулерді пайдалану

Кітапханалық көрмені ұйымдастыру

Кітапхананың фирмалық мәнері

Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрі

Кітапханалық - ақпараттық қызмет көрсетулерді пайдалану үшін адамдар көпшілік жиналатын жерлерге немесе кітапхана мекен - жайына орналасады. Кітапханалық көрме - кітапхананың визиттік картотекасы, ол кітапханаға келу ықыласын оятуы керек.

Кітапханалық көрмені ұйымдастыру үшін көркемдік талғам мен ой болуы кажет. Барлық жаңа басылымдарды орната отырып, көрменің барлық алаңын жүз пайыз қолдануға тырыспау қажет, бұл құрылым түзулігін бұзады және қараушының назарын тұрақтатпайды. Тақырыпты ашу үшін өте көркем мұқабалы көкейтесті кітаптарды алу керек. Көрмелер таяздау болса, желім арқылы заттарды бос кеңістікке бекітуге болады, бұл арқылы көрме алаңы тиімді пайдаланады, сондай - ақ оның оптикалық мүмкіндігі өседі. Көрменің ішіндегі реңдерді таңдау жақындық немесе қарама - қайшылық ұстанымымен іске асырылады. «Артқы» - көрменің жалғыз көрінбейтін қабырғасын арнаулы сызба бойынша безендіру керек, оның ақ болуы міндетті емес.

Ашық қорда, көрмелерде кітаптарды «көз сүрінетіндей» қылып орналастыру керек.

Кітапхананың фирмалық мәнері - беделді жарнаманың құрамдас бөлігі. Кітапхананың беделді жарнамасы секілді көрнекті жоғарғы кейбір шеберлікті серіктес туралы пайдаланушыны ақпараттандыруға бағытталады.

Фирмалық мәнер мынадай негізгі компоненттерден тұрады:

- тауарлық немесе фирмалық белгі (қызмет көсетулер белгісі);

- фирмалық ұран немесе сөз тіркесі;

- баспа өнімдерінің фирмалық полиграфиялық констаттары (мәтіңдер, иллюстрация, форматтарды және т. б. орналастыру).

- барлық жарнамалық хабарландыруларды бірдей музыкалық жолмен жолдамалау;

- жарнамалық материалдарды бірдей түспен безендіру. Кітапханалық - библиографиялық және ақпараттық өнімдерді тану, қызмет көрсету мәдениеті, мекен жайдың сыртқы кітапхананың фирмалық мәнері, сүйкімді келбеті оның пайдаланушылар ықпалын арттырады. Фирмалық мәнер оқитын және оқымайтын көпшіліктің ықыласын оятады, кітапхананың сыртқы ортаға әсерін жеңілдетеді.
Дәріс №13

Тақырып : Жарнамалық хабарламаларды көркемдеу әдістері

Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрі

Дәріс мазмұны:

Кітапхана белгісі

Фирмалық қаріп және кітапхана логотипі

Бағандағы жарнама



Кітапхана белгісі

Ол коммерциялық фирмалардың тауарлық белгілері бойынша жасалады.



Тауарлық белгіні қолдану мақсаты - қызмет көрсетуі мен өнімді идентификациялауды женілдетеді, ол өзінше сапа кепілі болып табылады, нарықты жаулау үрдісін қарапайымдандырады және фирманың беделін нығайтады.

Кітапхана белгісі мына талаптарға жауап беруге тиісті:



  • Қарапайым болу (есте тез сақталатын және шығаруға жеңіл);

  • Сапаны жоғарлатпай масштабтың өзгертілуі (мекен – жай алдында қолданудан кітапхананың визиттік карточкасына дейін);

  • Ағымдық үлгіден тәуелсіз болу;

  • Негізгі қызмет мазмұнын ашу.

Фирмалық қаріп және кітапхана логотипі

Олар кітапхана көкейтестілігі мен белгісін қолдауға және соған сәйкес болуы тиіс. Фирмалық қаріппен терілген кітапхана атауы жақсы оқылуы керек, әріптер бір - біріне мінгеспей еркін тұруы және бос орынсыз жақсы оқылуы керек.

Графикалық түрде жасалған кітапхананың толық немесе қысқартылған атауы логотип деп аталады.

Кітапхана белгісі мен оның логотипі оқылуына байланысты фирмалық блок, оларға құжаттардан белгілі орын беріледі.

Кітапхананың фирмалық блогы оның барлық баспалық - сувенирлік жарнамаларында және басқа таратылатын құжаттарында болады (оқырман билеті, жобалар, хат бланкілерінде және т. б.).

Кітапхана мен оқырман арасыңдағы негізгі байланыстырушы буын - оқырман билеті, сондықтан ол айрықша жарнамалық ролге ие. Фирмалық мәнердің үш тұрақты элементінің оқырман билетінде эстетикалық орналасуы кітапхана бейнесі мен белгілерінің оқырман санасында жатталуына ықпал етеді.

Соңғы жылдарға Қазақстанның алдыңғы қатарлы кітапханалары өз қызметінің фирмалық мәнерін қалыптастырумен белсенді айналысып келеді. Мысалы 1999 жылы Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан ОӘҒК өзіндік фирмалық блогын жасады. Фирмалық мәнердің тұрақты элементтері іскер хаттар, шақырулар, библиографиялық және методикалық басылымдардың бланкілерінде болады.

Бағандағы жарнама

Кітапханалар туралы материалдарға отты тақырыптар қойылуы керек. Ол бірден оқырман қызығушылығын оятып, жаңа білімнің элементін қамтуында назарын аударту керек.

Тақырыпша маркетологтар тілмен айтқанда әрбір адамды қармаққа іліктіретін құрал міндетін атқаруы шарт.

Тақырып 5-7 сөзден тұрғаны жақсы. Кейде ол цитата болады. Ол — өлеңдер, әндер, оқырмандарда жауап хаттарынан үзінділер, жергілікті диалектінің элементі болуы мүмкін.

Жергілікті газеттердің көпшілігінің полиграфиялық әлсіздігіне байланысты, жарияланымдар иллюстрацияларының саны көбірек болуы қажет және нақты кітаптың немесе көрменің бір бөлігінің суретін ірі көлемде алып орналастырған тиімдірек. Кітапхана суретін де орналастыруға болады.

Оларды іріктеген кезде мына нәрсені есте ұстау керек - ескі фотоматериалдарды пайдалануға болмайды, ол ешқаңдай қозғалыстың жоқтығын көрсетеді.

Жарнаманың тиімділігін - газетте жарияланған материалдардың орналасу тиімділігінен де айқындайды.

Беттің жоғарғы оң жағына орналасқан жарнамалық материалдар төменгі сол жаққа жарнамаға қарағанда тез көзге түседі. Бетті ашқанда оң жақ бағанда тұрған жарияланым сол жақтағынан тез аңғарылады.

Егер кітапхананың газеттерге жарнамалық хабарлар мен шақырулар жариялау мүмкіндігі болмаса, оларды үнемі түрақты бір орында беру керек. Бұл оқырмандардың материалдарды іздестіруіне және оны есте сақтауларына көмектеседі. Мұндай хабарландырулардың жарнамалық маңыздылығын «Ақпараттық технологиялар», "Мәдениет және қоғам" және т.б. айдарлар топтама материалдармен күшейтеді.

Барлық мөселелер мақаланың басында және аяғында орналасуы тиіс. Газетке берілетін сандар мақала үшін жұмыс істеуі керек және оқырманға динамиканы анықтауға, бағыттарды қадағалап отыруға көмектесуі керек.

Егер материалдың мазмұны жүйелі болып және белгілі бір көлемді талап етсе, оңда барлығын бір нөмерде жариялауға болады, онда міндетті түрде қосалқы тақырыпшалар ендіру керек, ол оқырман ізденісін жеңілдетеді, уақытгы үнемдейді. Кітапхананың кажеттілік тақырыбы кез- келген хабарламада болуы керек.

Хабарландыруларды берудің кезеңділігі кажет. Редакциямен белгілі бір тұрақты бағанды алып тұратын келісім болса, тіпті жақсы.

Жақсы ойластырылған стратегия кітапхананың сүйкімді имиджін жасақтай алады. Кітапханалық материалдар жергілікті газеттерде баған немесе подвал түрінде берілуі мүмкін кейде екінші беттің екі бағанына берілуі ықтимал. Баған - кітапхана мәнерін жарнамалауға көмектеседі, оның фирмалық белгісі мен логотипін насихаттайды, хабарды одан әрі дамуына ықпал етеді.


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау