«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



жүктеу 0,83 Mb.
бет4/6
Дата10.12.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3792
1   2   3   4   5   6

4.Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Кафедра «Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» тьютор Сундеткалиева А.А

(аты-жөні)


Пән «Актер шеберлігі - 2»

Кредит саны 6







Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту





кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Завадский Ю.А. Об искусстве театра. М., 1965 ж

1




10%







2

Завадский Ю.А. Рождение спектакля. М., 1975 ж

1




10%







3

Захава Б.Е. Искусство актера и режиссера. М., 1969 ж

3




30%







4

Кнебель М.О. Поэзия педагогики. М., 1976 ж

2




20%







5

Мейерхольд В.Э. Статьи, письма, речи,

2




20%







6

Соснова Искусство актера.

3




30%






5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



Тақырыбы: Кіріспе.

Дәрістің мазмұны:

Сөз сабақтағалы отырған «Станиславский жүйесі» әлемдік сахна өнерінің даму сатысының өткен кезеңдермен ғана жататын өткінші құбылыс немесе тек ұлт театрларының бүгінгісі мен ертеңгісін айтып қана қоятын арнасыз аксиомалық

анықтама да емес. Актер өнерінің сахналық теориясының іргетасын көтерген К.С.Станиславскийдің бірден-бір творчествалық мақсаты-актер творчествасының творчествалық әм көркемдік сипатын практикалық тәжірибелер мен тәсілдер арқылы шеберліктің шыңына жеткізу болды. Бүгіде біз К.С.Станиславскийді тек сахна суреткері ғана емес,драмалық өнердің реформаторы, білгір теоретигіәрі ірі практигі биігінен танимыз.

К.С.Станиславский жүйесінің тұтас бір тарауы «Зейін» элементіне арналған. 1908 жылдан бастап К.С.Станиславский актер творчествасы туралы «жүйе» жасауға мықтап бет бұрады.Алғашқы тарауларын қағаз бетіне түсіре бастайды.Өз «жүйесін» театр мен сахна өнерін, идеялық-көркемдік ой-парасат салтанатын айшықтауға ғана бағыттап қоймай, жұмыла топтасып тер төгетін бүкіл коллективтің ұйымдық бірлігі деп аталады. «Театр өнері- коллективтік өнер», - деді ол.Ұлы реформатордың қиян-кескі айқасқа шыққан ағымның бір-кейіпкерсындылық мектебі тудырған өнер үлгісі болады. Актер шеберлігі туралы ілімнің жүйелік іргетасын жапа-жалғыз қалаған алып ойдың иесі К.С.Станиславскийдің творчествалық жүріп өткен сүрлеуін сүзіп өткен де көзге түсетіні- оның тапқанілімі төңірегінде тоқырап тұрып қалмай, ұдайы ілгерілеп, ұдайыізденіс үстінде болатындығы.



Тақырыбы: Өзімен қарым – қатынас жасау. Монолог.

Дәрістің мазмұны:

Тақырыбы:Актердің көрермен залмен арадағы қатынас.

Дәрістің мазмұны:

Сахналық қарым – қатынастың ауыр түрлерінің бірі – көрермен залмен арадағы қатынас. Мұның қиындық ерекшелігі:

аталмыш қарым – қатынас партнермен де, көрермен қауыммен де бір мезгілде, бір мезетте байланыс жасайды. Партнермен саналы түрде қарым – қатынас жасаса, ал көрермендермен санасыз жанама түрде қарым – қатынас жасайды.Көрермен мен актер арасында болатын жанама немесе санасыз қарым – қатынас түрін қалай түсінуге болады? «Көрермен қауым рухани акустика тудыруға жағдай жасайды. Ол, резонатор сияқты бізден аларын алып, есесіне өзінің адамдық тірі сезімін қайыра қайтарады» деп жазады К.С.Станиславский.

Актерлердің ойын өрнегіне дән риза болып, сатырлата қол соғу, қызық тұстарда шек – сілесі қатқанша күлу, кейіпкермен қоса қайғыру, толғану мен тебірену, ойынның қайғылы сәттерінде шыдай алмай, еңіреп жіберу – көрерменнің актерлердің адамдық тірі сезіммен жауап беруі немесе көрермен мен актерлер арасындағы өзара қарым – қатынастың пайда болуы болып есептеледі.Қысқаша айтқанда, көрермен актерлермен бірге өмір сүреді. Санасыз немесе жанама қарым – қатынас деген осы. Мұндай қарым – қатынас түрі сахнада жүріп жатқан творчестволық процестің көркемдік қуатына қуат қосады. Актерлердің темпераментін күшейтіп, қызуын лаулатады. Бірте –бірте сахна мен көрермен залының арақатынасы күшейіп, алдын ала жоспарланбаған санасыз түрде сабақтасып, ұласуға айналады. Зал мен сахна бір деммен, бір тыныспен ғұмыр кешеді. Аталмыш жанама қарым – қатынастың қадір – қасиеті, көркемдік сипаты осындай.

Өзара қарым – қатынастың кейіпкержандылық ойын үлгісіне жатпайтын зиянды түрлері де болады. К.С.Станиславский оны – актердің кәсіпқойлық қарым – қатынасы (актерское ремесленное общение) деп атаған.

Актердің кәсіпқойлық қарым – қатынас процесі – төтелей көрермен залымен байланысатын акт. Ал, К.С.Станиславский мектебі – ең алдымен партнермен қарым – қатынас принципін лұғат етеді. Қасындағы партнерін айналып өтіп, тікелей көрермендермен қатынасқа шығу түрін ұлы реформатор, актердің өзін - өзі қызықтауы деп бағалап, мұндай құбылысқа үзілді – кесілді қарсы болған.Өнерде қимылдық қарым – қатынас емес, рухани қарым – қатынас қымбат.Кейіпкержандылық мектеп мұраты – сахнада «адамның рухани тіршілігін» сомдау принципі ғибрат етеді. Сондықтан да актердің ішкі әрекеті мен ішкі қарым – қатынас процестері ғана көркемдік қазына болып есептеледі.



Тақырыбы: Қиял мен елестетудің маңызы.

Дәрістің мазмұны:

Пьеса мен роль – автор қиялынан туған әдеби материал. Актер мұраты жазушы қаламынан шыққан әдеби дүниені сахналау десек, кейіпкер тұлғасын бейнелеу барысында қиял мен елестету процессі айрықша зор роль атқарады. К.С.Станиславский еңбегіде актер творчествосында ол екеуі жұптасып, қосақ ғұмыр кешеді. Қиял – көркемдіктің көмбесі болса, елестету – көмбе ішіндегі қазына. Ал, қиялдың көмбесін ақтарып, қазынасын көзге көрсететін көркемдік құрал – елестету процессі. Сахна қызметі артисті күнделікті қат – қабат қарбалас тіршіліктен елестету әлеміне енгізетін тетік – киелі күш «егер де» элементін пьеса мен рольге жегіп, желелеуден басталады. Аталмыш әдеби процестен сахна алаңына қоныс аудару кезеңде елестету ерекше роль атқарады.

Сахна сардары:елестетудің ынталы (инициативное воображение) және ынтасыз (без инициативное воображение) түрлері өмір сүреді.Елестету процессінің қайнары мен негізі – армандау құбылысымен тығыз байланысты. Сағыныш – арманды, арман – қиялды, қиял – елестетуді өмірге әкеледі. Алайда аталмыш процестер шоғырын тудыратын негізгі қайнар – көкірек көзі (внутреннее зрение) деп аталады.Аталмыш көкірек көзі өзіне лайық ішкі көңіл күйді тудырады. Сөйтіп, жан дүниемізге әсер ету арқылы белгілі бір тебіреніс әкеледі.Көкірек көзі кинолентасы. «Кинолента», «көкірек көзінің экраны», «көкірек көзі» - елестету процессінің негізгі компоненттері болып саналады. К.С.Станиславский елестету процесінің негізгі қоздырушы күші: кім, қашан, қайда, неге, не үшін және қалай дейтін етістік сұрақтарының табиғатында жатыр дейді.

Қиял - құпия құбылыс.Болашақ кейіпкерінің саханалық тұлғасын «көңіл көзімен», яғни «қиял көзімен» елестетуді К.С.Станиславский: көкірек көзімен көру ( видение внутреннего зрения) деп атаған.Алайда, қиял – елестету арқылы қызмет атқарады.



Тақырыбы: Сахналық дәлелдеме.

Дәрістің мазмұны:

«Станиславский жүйесінің» көптеген белсенді элементтерінің бірі – сахналық дәлелдеме.Қазақ тілінде дәлелдеме сөзінің – ақтау, көз жеткеру, айқындау, дәйектеу сияқты синонимдік баламалары бар. Сайып келгенде, бәрінің түсініктемесі – дәлелдеуге саяды.

Дәлелдеу – түсіндіру, ұғындыру, айқындау деген ұғым.Алайда, кез келген түсініктеме сахналық дәлелдемеге жауап бермеуі мүмкін. Ол үшін образ бен спектакльдің идеясын ашатын дәлел факторы шын болу керек, бұл – бір. Екіншіден, актердің көңіліне қонымды сенерлік, қызықтырғыш көркемдік материал жеткілікті болу керек.Демек, сахналық дәлелдеме деп спектакль үшін шынайы, ал актер үшін қызықты мотировканы айтамыз.Мотировка деп сахна алаңында бой көрсеткен нәрселер болып жатқан елеулі оқиғаларды айтады.Ал, сахналық дәлелдемеге – оқиға өтетін жер, оқиғаның мезгілі, сахналық жиһаз, жасау – жабдық, күллі ұсынылған тосын жағдай, актердің киім – кешегі мен опа – бояуы, образдың мінез – құлқы мен сыр – сымбат ерекшеліктері, актердің іс - әрекеті мен қылықтары, партнердің сөзі мен қимыл – қозғалысы, бір сөзбен айтқанда, сахнаға қатысты нәрселердің бәрі де жатады.

Дәлелдеу – шындық іздеу, шындықты дәйектеу, яғни шындыққа көз жеткізу деген түсінік.Сахна алаңында кездесіп қалатын күтпеген кездейсоқ жағдай болып қалса, ол дәл сол сәтте дәлелденуі тиіс. Бұл актер шеберлігінің ішкі техникалық тапқырлық заңдылығына жататын ерекшелік. Өйткені, дәлелдеудің шеберлігі арқасында әлгідей кездейсоқ жағдай сахна өмірінің шындығына айналады. Сахналық шындық болып қана қалмай, актер ой - өрнегінің берік іргетасын қалауға жәрдемдеседі.Аталмыш сахналық дәлелдеме процесі – сөзді дәлелдеу (оправдание текста) және әрекетті дәлелдеу ( оправдание действий) сияқты екі бөлімге бөлінеді.



Тақырыбы: Сахналық әрекет – тіршілік кілті.

Дәрістің мазмұны:

«Сахна аланыңда әрекетке бару керек. Актер өнері мен драма өнерінің тірегі – белсенділік пен әрекет» (К.С.Станиславский, сочинения, том 2, М., «Искусство») деп жазады К.С.Станиславский. Осы шындықты ашқан Станиславский, актер өнерінің тұнық табиғаты - әрекет екенін теория мен практика жүзінде бұлтартпай дәлелдеп, актер творчествосының методологиясы мен театр педагогикасы саласында әлемдік ұлы төңкеріс жасады.

«Сахнада тап қозғалмай отырған адамды белсенділік танытпады деп қорытынды шығаруға болмайды. Тап қозғалмай отырып – ақ, сырттай қимыл – іс арқылы ғана емес, іштей психикалық түрде де шынайы әрекет етуге болады. Станиславкий «Сахнада – іштей және сырттай ету керек демекпін» деп , әрекеттің ішкі және сыртқы түрлері болатынын айтады.Бұдан шығатын қорытынды: әрекет – бір тамырдан бой көтерген қос бұтақ секілді егіз құбылыс. Аталмыш процесс көрінісін К.С.Станиславский психикалық қимыл – іс (психо – физический акт) актісі деп атаған. Психикалық қимыл – іс актісі егіздігінің түп тамыры - әрекет. Олай болса, актер ішкі және сыртқы әрекет егіздігінің пішін мен мазмұн бірлігін бірдей дамытып, бірдей өрістетуге міндетті. Ол үшін не істеу керек? Бұл сауалға Станиславский : «Сезімнің пайдаболуын күтіп әуре болма,бірден әрекет етудің қамын ойла! Әрекет етсең – сезім де болады. Жалпы, сезім дүниесі – еріктен тыс болатын құбылыс. Ал, әрекет өз еркінмен келетін нәрсе.

Сонымен, әрекет – мақсат, ой, сезім бірлігін құрайтын қимыл – іс қозғалысының (физических движений) қайнар көзі, тұтастық негізі.

Әрекет – театрдың «тілі мен жағы», актер өнерінің ең басты құралы. Актер әрекеті болмаған жерде театр да, өнер де болмақ емес. Мағынасы жоқ беталды жүгіріс сахнада қажет емес. Әйтеуір жүгіру үшін жүгіріп, әйтеуір қайғыру үшін қайғырып іс істеуге болады.Сахнада сезімді зорлауға да болмайды, олай болған жағдайда аактер ойын үлгісінің ең жексұрын түрімен аяқтауға тура келеді. Бұдан шығатын түйін: сахнада сезімді ойнауға болмайды, тек, әрекет арқылы өмір сүруге болады. Түйіндеп айтқанда: мақсат, ой, сезім элементтерін өмірге әкелетін билеуші элемент әрекет – «Станиславский жүйесінің» негіздерінің негіздерінен саналады. Актер шеберлігі деп аталатын киелі ұғымның тас бұлақ қайнары - әрекет.

Тақырыбы: Тебіреніс зердесі.

Дәрістің мазмұны:

К.С.Станиславский «Тебіреніс зердесі» терминологиясын француз ғалымы Т.Рибоның (1839 – 1916) «Аффектілік зерде» атты психология саласын зерттейтін еңбегінен алған. «Тебіреніс» гректің Эmatsion ( орысша – волную, потрясаю) – тебірендіру, толғандыру деген сөзінен шыққан. Станиславский аталмыш терминнің мағынасын Рибоның келтірген мысалдары арқылы түсіндіреді.

...Теңіз апатына душар болған екі саяхатшыны толқын қуып, жағалаудағы жартас маңында кездестірсе керек. Екеуі естерін жиған соң, бастарынан кешкен қауіп – қатерді сөз қылады. Біреуінің есінде не болып, не қойғаны – қалай құлағаны, суға секіргені түп – түгел бүге- шігесіне дейін сақталыпты да, екіншісінің есінде қатты қорыққаны, өмірден түңілгені, құтылуға қам – қарекет қылғаны сияқты басты – басты сезім әсерлері сақталыпты. Міне, осындай сезім әсері адамның тебіреніс зердесінде сақталып қалатын болса керек.

Шабыт шалқарының інжу – маржан қазынасы көктен түспейді. Шабыт кеніші өз табиғатымызда, тебіреніс зердесінің отты ошағында, қоламтада көміліп жатпақ. Тек соны үрлеп, тұтататын себеп болса болғаны. Осы тұрғыдан алып қарағанда, тебіреніс зердесінің алғашқы (первичный) және қайталау түрлері (повторный) болатынын айтады.

К.С.Станиславский: «Қайталап еске түсуруді (повторные воспоминания) ерекше сүюдің маңызы, артистің бірден ойға түсе салған естелікті емес, ең қымбат, жанына жақын, әбден сұрыпталған, өз басынан кешкен, еліктіріп әкететін тірі сезімді түйсунуде жатыр.Тебіреніс зердесінің ең таңдаулы материалынан өрнек өрген образдың бейнелік тіршілігі, санаткер үшін оның күнделікті пендешілік тіршілігінен әлдеқайда қымбат.Артистің қалауымен келген дүниенің сахнаға шығуы да ұнамды болмақ. Алайда пішін мен жағдай пьесаның талабына сай өзгергенмен, артисттің адамдық сезінуі рольдің сезінуіне сай өзінің тірі қалпында қалу керек.

Мынау Гамлеттің сезімі, мынау Астровтыңсезімі деп бөліп – бөліп сақтап қоятын сезімнің неше түрлі қоры болған емес, болмайды да. Менің сезімім – менікі, сенің сезімің – сенікі дейтін табиғаттың бұлжымайтын заңы бар.

«Не нәрсені ойласаңызда, армандасан да қиялыңда немесе өмірде әр жағдайды бастан өткізсең де өзің - өзің болып қала бересің». Сахнада ешқашанда өзіңді - өзің болып қала бересің. Сахнада ешқашанда өзіңді - өзің жоғалтып алма. Әрқашанда өз атынңан адам – артист болып әрекет ет. Өйткені өзіңнен өзің кете алмайсың. Сахнада өзің өзі жоғалту деген, өмір сүруді тоқтатып, жасанды ойын өрнегіне бару деген сөз. Демек, кімді ойнасаңыз да, тек өз сезіміңізді ғана пайдалануға тиіссіз! Ең қымбаты – адам баласының өзінің табиғаты, шықтай мөлдір шыныдай таза кәусар сезімі. Оны ешқандай шеберлікпен, ешқандай техникамен алмастыра алмайсың! Сондықтан да кез келген актер сахнада, тек өзін, өз сезімін ғана ойнайды.

Актер психотехникасының ішкі қоздырғыш түріне «алдарқату» (манок) элементі жатады. Тебіреніс зердесін қоздыратын күш – алдарқату.



Тақырыбы: Сөз әрекеті.

Дәрістің мазмұны:

Сахна өнерінің ең басты құралы – сөз. әдебиет жоқ жерде сахна өнері де жоқ.

Сахналық туындының идеялық мазмұн – мағынасы сөйлеген сөз арқылы жететінін есте сақтау лазым. Сөз кейіпкердің - жан дүниесі. Кейіпкердің толғанысы мен тіршілігі, сезімі мен секемі сөз арқылы кестеленеді.

«Әріптің жанын сезінбеген адам, сөздің де жанын сезіне алмайды, сондай – ақ сөйлем мен ойдың да жан дүниесін сезінбек емес» деп әріптің, сөздің, сөйлемнің өзіне тән жан дүниесі болатынын, ал актер мұраты – солардың ішкі сарайын ашып, қазынасын ақтару екенін айтады К.С.Станиславский. Актерлік тіршілік иесі болғандықтан сөйлеген сөзіне де жан кіргізуге міндетті деп ұққан ұлы ұстаз, сахна лексиконына: өлі сөз, тірі сөз дейтін ұғым еңгізді.

«Артист тілдің қыры – сырын мүлтіксіз білуге тиіс. Егер тіл татымсыз болса, сахнадағы тәтті тіршілігің зая кетеді. Адам өмірде не сөйлесе де белгілі бір мақсатпен сөйлейді. Сахнада олай емес. Сахнада біз, автор, жазып берген «бөтен» біреудің сөзін айтамыз. Көпшілік жағдайда зауқымыз соқпайтын «керексіз» сөздерді айтуға мәжбүр боламыз.

Әрекет тұрғысынан әрекет арқауы деп атасақ, тіл тұрғысынан сөз астары деп атаймыз» деп К.С.Станиславский сөз астарының табиғатын әрекетпен байланыстырады. Демек, сылдыр сөзден бойды аулақ салудың алғы шарты – сөз астарын ашу. Сахнадан сөз астарынсыз айтылған сөз – бос сөз.

Сахнада сөз сөйлегенде тыныс белгілерін дұрыс қолдану – актерлерді асығып – үсігіп, қалай болса солай сөйлеуден сақтандырады. Тілдің тазалық табиғатына дақ түсірмеуге көмектеседі. Сондықтан да К.С.Станиславский актерлерден сөз сөйлегенде ана тілінің бай болмысын бұзбай фонетикалық әуені мен орфоэпиялық айтылуын қатаң сақтауды талап еткен. Сайып келгенде, актерлер тіл заңдылықтарына атүсті қарамай, өмір бойы зерттеп, зерделеп жүруге тиіс.

К.С.Станиславский кідірістің: қисынды кідіріс (логическая пауза), психологиялық кідіріс (психологическая пауза), тыныстық кідіріс (люфтпауза) сияқты негізгі үш түрі және көшпенді кідіріс (гастрольная пауза) аталатын қосалқысы болатынынайтады.



Тақырыбы: Сөз астары.

Дәрістің мазмұны:

Актер өзіне шығармашылық қатаң талап қоя білуге тиіс. Өнер шарты – тәртіп.

Актер сахнадан судыратып бос сөз сөйлемеу үшін талдау арқылы зерттеу процессін бастан кешу керек. Оның алғы шарты сөз астарын ашу.

«Әрекет тұрғысынан әрекет арқауы деп атасақ, тіл тұрғысынан сөз астары деп атаймыз» - деп К.С.Станиславский сөз астарының табиғатын әрекетпен байланыстырады. Демек, сылдыр сөзден бойды аулақ салудың алға шарты – сөз астарын ашу.Творчесвоның бар байлық, қалың қазынасы – сөз астарында жатады. К.С.Станиславский: «Творчество саласында сөзді ақын тудырса, сөз астарын – артист тудырады.» деп күллі сахна санаткерлеріне ұран тастаса, сөз астары басты роль атқармақ.

Сөз астары – «Станиславский жүйесінің» асыл мұрасына жататын жеті қазынасының бірі.

Сөз астары – ой мен тебіреніс процесіне ірге тебеді. Сөз астарын ашудың да өз құпиясы бар. Ол құпия – айтқан сөзің мен естігеніңді көкірек көзің мен зердең арқылы көруің керек. Егер біз, біреудің айтқанын тыңдайтын болсақ, алдымен құлағымызбен қабылдаймыз, сонан соң барып естігеңімізді көреміз. Біздің тілімізде – есту деген, айтқан сөзді көзбен көру деген сөз, ал айту деген – көру образын кейіптеу деген сөз.

«Артист үшін сөз – жәй ғана дыбыс емес, образ қоздырушы. Сондықтан сахнада сөзбен қарым – қатынас жасаған кезде сөзді құлаққа емес, көзге айту керек.» деп К.С.Станиславский, артист сахнада естіген сөзін зерделеу арқылы көзбен көріп, сол көргенін образға айналдыру керек екенін айтады. «Құлаққа емес, көзге айту керек. Сол сөздің мағынасы суретке айналып, көз алдымызда көлбеңдеп тұрып алу керек. Сөйлеу деген - әрекет ету. Әрекет – белсенділік. Белсенділік – сөздің қуаты мен әсері.

Тақырыбы: Өлшем – ырғақ.

Дәрістің мазмұны:

Ырғақ - әрекет кезінде өтіп жатқан мезгілді мөлшерлейтін ұғым. Сахнада ырғақ қозғалысты, қимылды білдіреді. Өлшем – адамның мінез – құлқының жиі – жиі өзгеріп отыруына байланысты оның көңіл – күйінің де өзгеруін сезімдік тұрғыдан бақылап, бағдарлайтын психологиялық процесс.Сахна кейіпкерінің ішкі тебіренісін, тірлік – тынысын, жүрек лүпілін, тамыр соғысын безбендейтін әрі күрделі, әрі нәзік құбылыс.

Өлшем мен ырғақ – қатар өмір сүретін бір – бірімен тығыз байланысты элементтер. Көп жағдайда олар бір – бірімен тығыз байланысты элементтер. Көп жағдайда олар бір – біріне тәуелді болып тұрады. Сол себепті де к.С.Станиславский екеуін қосақтап, өлшем – ырғақ деп атаған.

«Өлшем – ырғақ» тебіреніс зердесі мен сезім дүниесін қоздыратын құбылыс. Ал, өлшем – ырғақ процесін тудыратын қозғаушы күш – «ұсынылған тосын жағдай».Өлшем мен ырғақтың өзгеріп, құбылуы ұсынылған тосын жағдайдың өзіне тікелей байланысты. Мәселен, «Ревизор» комедиясының бірініші актісінде Бобчинский мен Добчинскийдің қалаға ревизордың келгенін хабарлайтын көрінісі бар. Автордың «ұсынылған тосын жағдайы» бойынша аталмыш көріністі қос кейіпкер қақалып – шашалып, жарыса сөйлеп ең шапшан өлшем – ырғақта өткізеді. Даурыға , дабырласа, асығып, аптығып сөйлеу – Н.В.Гоголь тарапынан «ұсынылған тосын жағдай». Ал, осы көріністі Вс.Мейерхольд басқаша шешекен. Оның қойылымында Бобчинский мен Добчинский ентігіп басып, әдейі созып асықпай әрекет еткен. Мақсат – айналасындағылардың төзімін тауысып, ықылас – ынтасын күшейту. Демек,бұл жерде Вс.Мейерхольдтың «ұсынылған тосын жағдайы» өктемдік етіп тұр. Ендеше, өлшем – ырғақты «ұсынылған тосын жағдай» тудырады. Осылардан байқалғандай, оқиға мен әрекет қисыны талап етіп отырған баяу өлшем – ырғақты шапшандатып зорлық жасауға болмайды. Керісінше, шапшаңдықты тіліейтін өлшем – ырғақтың қарқынын төмендетіп, баяулыққа салуды да еш заңдылық көтермейді.



Тақырыбы: Қисын әм сабақтастық.

Дәрістің мазмұны:

Қисын әм сабақтастық (логика и последовательность )- сахнадағы қимыл -іс әрекеттің ішкі психологиялық хал-ахуалын, туу себептерін,көркемдік шынайы өрісін өрім етіп өрнектейтін теориялық заңдылық. Кез келген сахналық сахналық өнердің мейлі,ол кіші болсын,ұлы болсын бастауы,қисыны,жалғасы, сабақтастығы болады. Қисынсыз құбылыстан қисынсыз ой тумайды, қисынды ой тумаса, оның психологиялық өрісі, даму процесі-сабақтастық та өмірге шәлкес келеді. Әманда адамның органикалық табиғаты тудырған сабақтастық линиясы ең алдымен шынайы қимыл-іс әрекетін өмірге әкелсе, қимыл-іс әрекеті психикалық ішкі дүниені өмірге келтіреді. Істілер істің, қисын-қайнары десек, сабақтастық- құярлығы болмақ. Тас қайнардан атқылаған асау бұлақ белден бел асып,құярлыққа құйылмақ. Арнасынан адаспай ұзын аққан бұлақта үзілмейтін өмір бар.

Қисын әм сабақтастық ішкі дүниесінде ой желісінің өмір тасқыны толассыз тулап жатса,сыргқы әлемінде қимыл-іс әрекеттің көркемдігі салтанат құрады. Сахна тілімен айтқанда,актердің ішкі, сыртқы шеберлік техникасы- қ и с ы н мен с а б а қ т а с т ы қ қайнарынан сусындайды. Қисын әм сабақтастық- бірі бастап, бірі қостап, бірін-бірі толықтырып,егіз өмір құрайды. Қисын мен сабақтастық желісі қалыптасқан дағды бойынша жымдасып,жалғасып жатады.

Бір қызығы,сахна алаңында басқаша болып шығады. Ең қарапайым деген іс-қимыл әрекетінің қисыны мен сабақтастығы жоғалтвп жатамыз. Қимылсыздың қиюы қашып, жалғасын таппай жатқаны. Бұл туралы К. С. Станиславский: «Мұндайлардың болатын себебі,біздің қатырғы қағаздан жасалған бос бокалдан шындап тұрып шарап ішкісі келмейді. Өйткені, біздерге істеп жатқан әрекеттіміздің қисыны мен сабақтастығы қажет емес» деп актеріміздің сахнада қисынсыз,сабақтассыз жалған іс-әрекет істейтінін қынжылы жазады. Біздің адамдық табиғатымызға сахналық іс-әрекеттің қажеті шамалы: сондықтанда да біз,тек сырттай сыңай танытумен,емеурін жасаумен ғана шектелеміз. Қажет таппаған,закық соқпаған нәрсені істеу де қиын ғой. Көңілсіз істелген нірсенің бәрі де жалған болып шығады. Тағы бір ескертетін жайт :қисын мен сабақтастық арқауынан сезіну процесі жапырақ жаяды. Сахнаклық әрекеттің қисындық желісін сезіну оның сабақтастық желісін сезінуге саяды. Ондай жағдайда актер әрекет шындығына көз жеткереді.,шындық-сенім тудырса, сенім-шынайлыққа табан тірейді. Нәтижесінде,қисын-сабақтастық –сезіну-шындық-сенім-шынайлық элементтері шоғырлана сап түзеп,актердің дұрыс ой толғау процесінің қабырғасын қалайды.

Сезім дүниесін- К.С. Станиславский-құштарлық деп те атаған ғой. Актердің сезім дүниесінің шірік жіптей бырт-бырт үзілетін себебін аталмыш актердің ссахнада тұтас бір спектакльді құштарлық құшағына сиғызам деп күш салған көзсіз қомағайлығынан іздеу шарт. К.С. Станиславский : «Рөльді бірден әйдік құштарлықтың құшағына алуға болмайды. Алайда актердің көпшілігі әйдік құштарлықты құшаққа алуға күш салады». Роль сомдаудан бастап спектакль сомдауға дейін аталмыш процестің араласуынсыз ой мен сезімге көгенделген көркем дүние жасау мүмкін емес. Бұл -өнердің отты өзегінен шынайы өріс өрнегін өретін жетекші құбылыс. Қимыл-іс әрекеттің көркемдігі мен ой желісінің байланыс бірлігін қиюластырып,олардың өзара сабақтастығын сабақтауға негізделген қ и с ы н және с а б а қ т а с т ы қ элементі – «жүйе» қонысына қағылған құтты қазақтың көз тартар көрнектісі болып


жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау