«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Тақырыбы: Сахналық көңіл күй. Дәрістің мазмұны



жүктеу 0,83 Mb.
бет5/6
Дата10.12.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3792
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Сахналық көңіл күй.

Дәрістің мазмұны:

Сахналық көңіл күй: сахналық сыртқы көңіл күй, сахналық ішкі көңіл күй өзінің көркемдік құрамдас бөлігі-ән, әуез, ым, үн, әуен, нақыс, тіл,тқимыл, қозғалыс, қарым-қатынас, қимыл-іс әрекеті, амал-айла және дыбыс сияқты көптеген тысқы элементтерден бас құрайды. Аты аталған сахналық сыртқы көңіл күй элементі актердің дене аппаратының икемділігі мен әсемділігін баптау арқылы рөл рухының кірпияз,кіді болмысын сахнада мінсіз етіп бейнелеп беру үшін аса қажет әрекет құралы. Яғни творчествалық зор дайындық процесі. Актердің творчествалық дайындық процесі ертеңгілік бой жазу гимнастикасынан басталады. Алдымен жеңіл қимыл жасап,денені қыздырып алады. Содан соң дене мен бұлшық еттерін сылап-сипап «ұйқысынан » ойатаджы. Бірте –бірте саусақтың,қолдың,аяқтың,мойын мен қарынның бұлшық еттерін жеңіл ғана уқалап,сылап-сипап белсенді қимылға келтіреді. Бара-бара дене мүшелерінің бәріне күш түсіруіне жаттығуларға көшеді. Сөйтіп,қан айналу процесін қалпына келтіреді. ДЛенені баптап болған соң,дауыс баптауға кіріседі. Үнді көмейге,мұрын қуыстары арқылы кеңсірекке, таңдайға,ерін ұшына жіберіп,дауыс жүретін жолдарды «тазалайды». Ыңылдап ән салып,ара-арасында жеңіл айқайға басып,дауыстың төменгі және жоғарғы екпін күшін тексереді. Үннің нәзік баяу-нақысын,әуездік иірімдерін құлақ күйге келтіреді.

Тіл – сахна өнерінің басты құралы десек, сұлу сөз, жатық сөйлем, анық айтылған ой сахна сәні. Ендеше, ертеңгілік жатығудың бір саласы – дикциямен айналасу. Актер мақсаты – сөзден сурет салып, ойдан өрмек өру болса, тұтығу, кекештену, сақаулану, былдырлау, быдықтану, мыңқылдау, міңгірлеу – көркемдік кінәрат. Міне, осындай тілдегі болатын мүкістік сияқты кемшіліктерден аулақ болу үшін актер, күнде ертеңгісін тіл жаттығуларын жасауға міндетті.

Сөйтіп, дене мен тіл тәрбиесінің пайдалы ритмінен өткен актер, сан алуан ырғақтың тербеліс бесігіне түскендей рақат күй кешеді. Бой сергіп, қан тасып денеге күш қуат тасқыны пайда болады. Тілі шешіліп, дауысы сырнайдай сыңғырлап, сөз сөйлеуге, ой айтуға икемдік танытады. Он екі мүшесіне от жүгіріп, ойнақтап шыға келеді.

Міне, осы құбылысты К.С.Станиславский актердің сахналық сыртқы көңіл күйі деп атаған.Жаттығусыз сахнада творчество тудыру өте қиын.

Ойынын аяқтаған актер шешінетін бөлмесіне бет алды. Сахнадан сәтті оралған өнерпаздың қуанышында шек жоқ. Бұдан біз, оның сахналық көңіл күйі бабында екенін байқаймыз. Ал, осындай творчесволық көңіл күйге актер қалай қол жеткізді. Қандай жолдармен келді? Сахналық ішкі көңіл күйдің көзі қайда?

К.С.Станиславский актердің шабытты шағы – сахналық ішкі көңіл күйін психика тіршілігінің қозғаушы күші (двигатели психической жизни) тудырады дейді.аталмыш процесс – ес (ум), қажыр (воля) және сезімнен (чувство) бастау алады. Ал, осы үшеуі актердің творчесволық ішкі қуаты – «қиял», «зейін нысанасы», «қарым – қатынас», «зауық» пен «әрекет», «шындық пен сенім», «тебіреніс зердесі», «амал – айла» сияқты элементтер шоғырын іске жегеді. Психикалық тіршіліктің қозғаушы күші аты аталған элементтердің ащы өзегін басып өтіп, олардың творчесволық белсенділігіне қозғау салып, қоздырады. Сөйтіп, күллі элементтер біртұтас бірігіп, ортақ мақсатқа бағытталады. Нәтижесінде, актердің күллі творчестволық аппараты сақадай – сай болып, шабытты шағына тап болады. Сахна санаткерінің дәл осы сәтін К.С.Станиславский: «Осындай сахналақ ішкі көңіл күй бізге сахнада болған сәттің соңына дейін ауадай қажет, өйткені нағыз творчество тек, сахна алаңында ғана өмірге келеді. Біздің сахналық ішкі көңіл күйін айрықша жоғары бағалайтындығымыз сондықтан.

6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.
3 семестр




Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Актердің жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар.


Ұйымдастыру, әрекеттің аяқталуы, ұжымдасу, көп қабатты жинақталған және шашыраңқы зейінді жаттықтыру жымысын жүргізу.Жаттығулар: Кедергілі өткелдер; Тұйық сақина; Асхана; Сіріңкені жақ және т.б.


1апта 1 семестр

1.Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж

2.Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

3.Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж



2

Монологпен жұмыс.

Бір белгілі шығарма алып, кейіпкерді таңдап, соның монологын оқуда өзімен қарым – қатынас құру

2 апта 1 семестр

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Завадский Ю. Система Станиславского – путь к созданию типического образа. – в сб.: Типический образ на сцене. – М., 1953 ж

3.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж



3

Бір кісілік этюд құру.


«Егер де мен» арқылы әрекет арқауын табу, этюдтің оқиғасын құру.


3 апта 1 семестр

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж




4

Сахналық зейінге арналған этюд құру.

Сахналық зейінді пайдалана отырып этюд құру.


4 апта 1 семестр

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж




5

Екі кісілік этюд (дәлелдеуге арналған)


Екі кісілік этюд құру. Сахнадағы тосын жағдайды, заттарды барлығын дәлелдеу.

5 апта 1 семестр

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж




6

Екі кісілік музыкалық этюд.

Екі кісілік этюд құру. Музыкамен көркемдеу. Ырғақ, өлшемді ескеру.

6 апта 1 семестр

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж




7

Үш кісілік музыкалық этюд.


Үш кісілік этюд құру. Музыкамен көркемдеу. Ырғақ, өлшемді ескеру.

7 апта 1 семестр

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж




8

Интермедия ойнау.

Интермедия жанрында ойнау.


8 - 10 апта 1 семестр

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж




9

Скетч.


Скетч жанрында ойнау.


11 - 15 апта 1 семестр

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж





7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
3 семестр

1 апта

Кредит сағат №2

Практикалық сабақ №1

Тақырыбы: Актердің жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар.

Мақсаты: Жұмыс жасау қабілетін жетілдіру.

Негізгі сұрақтар:

Жаттығулар: шығармашылық жарты шеңбер; Алғашқы қалып; Кім ұшты? Қалыпты - оймен дәлелдеу. Мрамордан жасалған адамдар; Ойлы қозғалыс.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттерді этюдтар алдында қыздыру үшін, актерлік ойнау қабілетін оятуға оқытушы жаттығулар жасату керек.



Пайдаланатын әдебиеттер

1. Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж



  1. Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

  2. Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж


2 апта

Кредит сағат №2

Практикалық сабақ №2

Тақырыбы: Монологпен жұмыс.

Мақсаты: Монолог оқығанда өз - өзімен қарым – қатынас жасауды игеру.

Негізгі сұрақтар:

Бір белгілі шығарма алып, кейіпкерді таңдап, соның монологын оқуда өзімен қарым – қатынас құру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттер үйінен бір драматургиялық шығармамен танысып, бір кейіпкердің монологын таңдайды. Осы монологты талдап, сөз астарын, ішкі сезімді, әрекетті іздейді. Сонымен өзімен қарым – қатынас құралдарын тауып сахнаға шығарады.



Пайдаланатын әдебиеттер

1. Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж



  1. Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

  2. Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж


3 апта

Кредит сағат №2

Практикалық сабақ №3

Тақырыбы: Бір кісілік этюд құру.

Мақсаты: Сахналық бір кісілік этюд құруды үйрету.

Негізгі сұрақтар:

Этюдпен жұмыс кезеңдері. Сценарилік бағыт (ерекше сценарий құруды үйрету). Режиссерлық бағыт (сценарилік материалдық қойылымның образдық шешімін табуды үйрену). Орындаушылық бағыт (материалдар образдық жарқын бейнесін сомдау). «Егер де мен» арқылы әрекет арқауын табу, этюдтің оқиғасын құру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттерге этюдты құру арқылы сценариилік, режиссерлық бағыт ретінде жұмыс істеу көздеу жасалып, тәжірибелік сабақ жүзінде түсіндіріледі.



Пайдаланатын әдебиеттер

1. Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж



  1. Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

  2. Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж


4 апта

Кредит сағат №2

Практикалық сабақ №4

Тақырыбы: Сахналық зейінге арналған этюд құру.

Мақсаты: Сахналық зейінді жетілдіру.

Негізгі сұрақтар:

Сахналық зейінді пайдалана отырып этюд құру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттерге этюдта сахналық зейінді дамыту арқылы құру тәжірибелік сабақ жүзінде түсіндіріледі. Этюд бір кісілік, екі кісілік болуы мүмкін.



Пайдаланатын әдебиеттер

1. Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж



  1. Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

  2. Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж


5 апта

Кредит сағат №2

Практикалық сабақ №5

Тақырыбы: Екі кісілік этюд (дәлелдеуге арналған)

Мақсаты: Ұсынылған тосын жағдайды дәлелдеу.

Негізгі сұрақтар:

Студентке Киелі күш "Егер де" мен "ұсынылған тосын жағдай" – ға этюд құру. Екі кісілік этюд құру. Сахнадағы тосын жағдайды, заттарды барлығын дәлелдеу.



Әдістемелік нұсқаулар:

Екі кісілік этюд. Студентке Киелі күш "Егер де" мен "ұсынылған тосын жағдай" – ға этюд құруға 2 – 3 минут беріледі. Студент К.С.Станиславскийдің актер ойынында "Егер де" мен болсам деп әрекет етеді. Сахнадағы затты, уақытты дәлелдеу керек.



Пайдаланатын әдебиеттер

1. Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж



  1. Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

  2. Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж



6 апта

Кредит сағат №2

Практикалық сабақ №6

Тақырыбы: Екі кісілік музыкалық этюд.

Мақсаты: Музыкалық этюд құруды меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

Екі кісілік этюд құру. Сахнадағы тосын жағдайды, заттарды барлығын дәлелдеу.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студентттің шығармашылық қабілетін жетілдіру үшін музыкалық этюдты құруға үйретеді. Музыкамен әрекеттерді, акценттерді белгілеу, этюдты музыка – шу арқылы көркемдеуге үйрету болып табылады.



Пайдаланатын әдебиеттер

1. Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж



  1. Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

  2. Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж


7 апта

Кредит сағат №2

Практикалық сабақ №7

Тақырыбы: Үш кісілік музыкалық этюд.

Мақсаты: Музыкалық этюд құруды меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

Көпшілік қатысатын этюдтар. Музыкамен көркемдеу. Ырғақ, өлшемді ескеру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студентттің шығармашылық қабілетін жетілдіру үшін музыкалық этюдты құруға үйретеді. Музыкамен әрекеттерді, акценттерді белгілеу, этюдты музыка – шу арқылы көркемдеуге үйрету болып табылады.



Пайдаланатын әдебиеттер

1. Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж



  1. Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

  2. Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж

8 - 10 апта

Кредит сағат №2

Практикалық сабақ №8

Тақырыбы: Интермедия ойнау.

Мақсаты: Актер шеберліктерін жетілдіру.

Негізгі сұрақтар:

Интермедия жанрында ойнау.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттер алғашқы этюдтан кейінгі тұрған қысқаша интермедияларға, скетчтарды ойнауға көшеді. Мұнда кейіпкерлердің характерлерін ұстау, қақтығыстарды айқын көрсету, дауыс, дикция, орфоэпия және т.б актерлық элементтерді меңгереді.



Пайдаланатын әдебиеттер

1. Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж



  1. Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

  2. Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж

11 - 15 апта

Кредит сағат №2

Практикалық сабақ №11

Тақырыбы: Скетч.

Мақсаты: Скетч материалымен ойнауды меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

Скетч жанрында ойнау.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттер скетч кейіпкерлеріне жансыз заттарды тірілтіп, мінездемесін беріп, образын аша білу керек.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж

3.Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж

4.Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

5.Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж


СОӨЖ сабақтарына әдістемелік нұсқаулар.

1 апта

Тақырыбы: Актер тренингісі бойынша жаттығу жасау.

Мақсаты: Шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Өткізу түрі: Тәжірибелік сабақ.

Тапсырма: Жаттығулар жасау.

Әдістемелік нұсқаулар:

Шығармашылық қабілетті дамыту бағытында тренингтердің атқаратын көмегі зор. Тренингтер әр – түрлі актерлік заңдылықтарға қарастырылу керек. Соның ішінде психикалық, дене еркіндігіне, зейінге, артистік батылдық қабілетті дамытуға, тез ойлауға және т.б қабілеттерді дамытуға арнайы жүргізіледі.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж

3.Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж

4.Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

5.Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж



2 – 3 апта

Тақырыбы: Монолог оқу.

Мақсаты: Монолог оқу шеберлігін меңгеру.

Өткізу түрі: Тәжірибелік сабақ.

Тапсырма: Өз бетінше бір драматургиялық шығарманы таңдап, сол пьесадағы өзіне ұнаған бір кейіпкердің монологын алып жұмыс істе.

Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттер үйінен бір драматургиялық шығармамен танысып, бір кейіпкердің монологын таңдайды. Осы монологты талдап, сөз астарын, ішкі сезімді, әрекетті іздейді. Сонымен өзімен қарым – қатынас құралдарын тауып сахнаға шығарады.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж

3.Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж

4.Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

5.Гиппиус С. Тренинг развития креативности. Гимнастика чувств. СПб., 2001 ж



4 апта

Тақырыбы: Бір кісілік этюд құру.

Мақсаты: Сахналық бір кісілік этюд құруды үйрету.

Өткізу түрі: Тәжірибелік сабақ.

Тапсырма: Бір кісілік этюд құру.

Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттерге этюдты құру арқылы сценариилік, режиссерлық бағыт ретінде жұмыс істеу көздеу жасалып, тәжірибелік сабақ жүзінде түсіндіріледі.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж

3.Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж

4.Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

5 апта

Тақырыбы: Екі кісілік этюд құру.

Мақсаты: Сахналық бір кісілік этюд құруды үйрету.

Өткізу түрі: Тәжірибелік сабақ.

Тапсырма: Екі кісілік этюд құру.

Әдістемелік нұсқаулар:

Екі кісілік этюд. Студентке Киелі күш "Егер де" мен "ұсынылған тосын жағдай" – ға этюд құруға 2 – 3 минут беріледі. Студент К.С.Станиславскийдің актер ойынында "Егер де" мен болсам деп әрекет етеді. Сахнадағы затты, уақытты дәлелдеу керек.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж

3.Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж

4.Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

5 апта

Тақырыбы: Екі кісілік этюд құру.

Мақсаты: Сахналық екі кісілік этюд құруды үйрету.

Өткізу түрі: Тәжірибелік сабақ.

Тапсырма: Екі кісілік этюд құру.

Әдістемелік нұсқаулар:

Екі кісілік этюд. Студентке Киелі күш "Егер де" мен "ұсынылған тосын жағдай" – ға этюд құруға 2 – 3 минут беріледі. Студент К.С.Станиславскийдің актер ойынында "Егер де" мен болсам деп әрекет етеді. Сахнадағы затты, уақытты дәлелдеу керек.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж

3.Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж

4.Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж
6 – 7 апта

Тақырыбы: Екі,үш кісілік музыкалық этюд құру.

Мақсаты: Музыкамен этюдты көркемдеуді меңгеру.

Өткізу түрі: Тәжірибелік сабақ.

Тапсырма: Екі,үш кісілік музыкалық этюд құру.

Әдістемелік нұсқаулар:

Студентттің шығармашылық қабілетін жетілдіру үшін музыкалық этюдты құруға үйретеді. Музыкамен әрекеттерді, акценттерді белгілеу, этюдты музыка – шу арқылы көркемдеуге үйрету болып табылады.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж

3.Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж

4.Грачева Л.В. Актерский тренинг: теория и практика. – СПб., 2003 ж

8 - 10 апта

Тақырыбы: Үш кісіге арналған интермедиямен жұмыс.

Мақсаты: Актер шеберліктерін жетілдіру.

Өткізу түрі: Тәжірибелік сабақ.

Тапсырма: Үш кісіге арналған интермедия таңдап дайындау.

Әдістемелік нұсқаулар:

Екі кісілік этюд. Студентке Киелі күш "Егер де" мен "ұсынылған тосын жағдай" – ға этюд құруға 2 – 3 минут беріледі. Студент К.С.Станиславскийдің актер ойынында "Егер де" мен болсам деп әрекет етеді. Сахнадағы затты, уақытты дәлелдеу керек.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж

3.Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж



11 - 15 апта

Тақырыбы: Үш кісіге арналған скетчпен жұмыс.

Мақсаты: Актер шеберліктерін жетілдіру.

Өткізу түрі: Тәжірибелік сабақ.

Тапсырма: Үш кісіге арналған скетч таңдап дайындау.

Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттер скетч кейіпкерлеріне жансыз заттарды тірілтіп, мінездемесін беріп, образын аша білу керек.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Байсеркенов М. Сахна және актер. А., 1993 ж

2.Захава Б. Мастерство актера и режиссера. М., 1969 ж

3.Голубовский Б.Г. Пластика в искусстве актера.- М., 1986 ж


8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар – пән бойынша қажет емес.
9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.

1) Тақырып бойынша жаттығулар жасау

2) Көшеде, жалпы бос уақытта жүрген кезде шығармашылық күнделікке кездескен қызықты оқиға, әр түрлі адамдардың, жануарлардың, жәндіктердің және жансыз заттардың іс – қимылына, характерлеріне зейін салып жазып жү

3) Монологты дайында

4) Этюд дайындау.

5) Этюд дайындау

6) Екі,үш кісілік этюд құру

7) Екі,үш кісілік этюд құру

8) Интермедия дайындау

9) Интермедия дайындау.

10) Интермедия дайындау

11) Скетч дайындау

12) Скетч дайындау

13) Скетч дайындау

14) Скетч дайындау

15) Скетч дайындау.



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау