Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет209/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Математикалық сауаттылық
– әлемдегі математиканың рө-лін 
айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей 
білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажетті-ліктерді 
қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері. 
Ғылыми-жаратылыстану 
сауаттылығы
– 
жаратылыстану 
ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген 
өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми 
дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген 
қорытынды жасай білу қабілеттері. 
8.6. Бейіндік оқыту мазмұнының ерекшіліктері. 12 жылдық 
мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интег-рациялау. 
Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұ-жырымдамасына 
сәйкес 
бейіндік оқыту 
- кәсіптік білім беру бағ-дарламаларын игеруге 
дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың 
арнаулы бейімділігі мен қызығушылы-ғын, танымдық қабілетін ескеруге 
бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру 
түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің 
педагогикалық жүйесі.
 
12 жылдық мектептің жоғары сынып оқушыларына бейіндік оқытуды 
енгізудің озық идеясы білім берудің индивидуалды, функ-ционалды және 
тиімді 
болуымен 
анықталады. 
Оны 
анықтауда 
жоғары 
сынып 
оқушыларының болашақ кәсіби әрекет салаларының бағдарларын қа-
лыптастыру үдерісінің ерекшеліктерін ескеру қажет. Бейіндік оқыту жоғары 
сынып оқушыларының жоғары оқу орындарына түсу үшін және ары қарай 
оқуын жалғастыруы үшін бірден-бір арнайы білім алу көзі екендігі туралы 
тұрақты ой қалыптасқан. Жалпы білім беретін мектептердегі дәстүрлі 
бейіндік емес даярлық мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы 
сабақтастықтың 
бұзылуына 
әкеліп, 
көптеген 
ақылы 
курстардың, 


271 
репетиторлықтың, 
жоғары 
оқу 
орындарының 
(ЖОО) 
даярлық 
бөлімшелерінің ашылуына алып келіп отыр.
Қалыптасқан жағдайды талдау жоғары сынып оқушыларының арнайы 
даярлық жүйесін, яғни бейіндік оқытуды енгізудің мүмкіндігі мен 
тиімділігіне негіздеме болып табылады. Бейіндік оқытуға көшу келесі негізгі 
мақсаттарды көздейді және оның жүзеге асырылуына мүмкіндік береді:
-
жалпы білім беру бағдарламасының жеке пәндерін тереңдетіп 
оқытуды қамтамасыз ету; 
-
оқушылардың 
жеке 
білім 
беру 
бағдарламаларын 
құ-ру 
мүмкіндіктерімен байланысты жоғары сынып оқушыларын оқыту мазмұнын 
саралау үшін жағдайлар жасау;
-
оқушылардың қабілеттеріне, жеке қызығушылық-тарына және 
қажеттіліктеріне сәйкес әртүрлі санаттарының толық білім алуға теңдей қол 
жеткізулеріне әсер ету. 
-
оқушылардың әлеуметтендірілу мүмкіндіктерін кеңейту, жал-пы 
және кәсіптік білім беру арасындағы бірізділікті қамтамасыз ету, мектеп 
бітіруші оқушыларды жоғары кәсіптік білім беру бағдарла-маларын 
меңгеруге тиімдірек даярлау.
Бейінді оқытуды ұйымдастыру бейіндеу бағыты мен құрылы-мын 
анықтауды, сонымен қатар бейінді оқытуды ұйымдастыру мо-дельдерін 
таңдауды қарастырады. Бейінді оқыту мақсатына сәйкес әр-түрлі бейіндердің 
пайда 
болуына 
әкелетін 
жоғары 
сынып 
оқушылары-ның 
жеке 
қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімдерін толығырақ ескеру қажет.
Оқытуды бейіндеудің кез келген формасы базистік оқу жоспа-рының 
инвариантты компонентінің қысқаруына әкелетіні айдан анық. Жеке 
пәндерді тереңдетіп оқитын мектептердің үйреншікті модельде-рінен 
айырмашылығы бір, екі пән тереңдетілген бағдарламамен оқы-тылып, ал 
қалғандары базалық деңгейде оқытылса, онда бейіндік оқы-туды жүзеге 
асыру оқушылардың базалық жалпы білім беретін даяр-лықтарын аяқтау 
мақсатымен бейіндік емес пәндердің оқу материал-дарын қысқарту 
жағдайында ғана мүмкін. 
Жоғары сыныптарда бейінді оқытумен жалпы білім беретін ме-
кемелердің модельдері оқу пәндерінің әртүрлі ара қатынастарының 
мүмкіндігін қарастырады, бұл бейіндік оқытудың дұрыс жүйесін қам-
тамасыз етеді. Бұл жүйе оқу пәндерінің келесі типтерін өзіне қамтуы мүмкін: 
базалық жалпы білім беретін, бейіндік және элективті. База-лық жалпы білім 
беретін пәндер барлық оқушылар үшін барлық оқу бейіндерінде міндетті 
болып табылады. Міндетті жалпы білім беретін пәндер: математика, тарих, 
қазақ тілі, шет тілі, дене шынықтыру, со-нымен қатар қоғамтанудың 
біріктірілген курстары. Бейіндік жалпы білім беретін пәндер – жоғары 
деңгейдегі пәндер, оқытудың әрбір нақты бейінінің бағытын анықтайды. 
Мәселен, физика, химия, био-логия – жаратылыстану-ғылыми бейіндегі 
бейіндік пәндер, әдебиет, қазақ тілі және шет тілдері – гуманитарлы 


272 
бейіндегі пәндер, тарих, құ-қық, экономика - әлеуметтік-экономикалық 
бейіндегі пәндер. Бейіндік оқу пәндері сол оқыту бейіндерін таңдаған 
оқушылар үшін міндетті болып табылады. 
12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс не-гізінде 
интеграциялау мақсатында интегративтік тәсілді қолдануды талап етеді. 
Білім алушыларды дамытуға арналған интегративтік тәсіл ба-
рысындағы оқыту үдерісі әртүрлі құралдар мен бірнеше іс-әрекеттерді 
біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегративтік тәсілге көптеген белсенді 
қозғалыс түрлері жатады: сергіту сәттері, театрландырылған ойындар, 
қозғалыс үзілістері (кідіріс). 
Интегративтік оқыту тәсілі білім алушылардың сөздік қорын 
кеңейтуге, 
коммуникативтік 
біліктіліктерін 
дамытуға, 
эстетикалық 
талғамдарын дамытуға, көркемөнер туындыларын түсіну және баға-лауға 
мүмкіндік береді. Аталған оқыту тәсілі психикалық үдерістеріне әсер етіп 
қиындықтарды жоюға, оқу материалын тиімді, қолжетімді, жаңа деңгейде 
қабылдауға мүмкіндік береді. 

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау