273
Оқу бағдарламасы – жекелеген әр бір оқу пәні бойынша меңге-рілуге
тиісті негізгі білім, дағдылар шеңбері белгіленетін нормативтік құжат. Онда
оқытылатын материал тақырыптарының тізімі, әрбір та-қырыпқа берілген
уақыт, сағат саны бойынша және оларды оқыты-латын жылдарға бөлу,
курсты толық үйретуге бөлінген уақыт туралы ұсыныстар енгізілген. Оқу
бағдарламаларының мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында көрініс
табады. Оқулықтар мен оқу құралдары негізгі білім көзі болып табылады
және оқушылардың өзіндік жұмы-сын ұйымдастыруда маңызы зор. Оқулық
оқушыны оқуға үйретуі керек, ол үшін берілетін
материал көлемі қысқа да
нұсқа, ал мазмұны жағынан нақты болуы шарт.
2017-2018 оқу жылында 1-ші және 2-ші сыныптар білім маз-мұны
жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын болады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшелік-тері:
-
пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі, яғни білім
мен біліктерді тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту
(дағдыларды тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);
-
пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жікте-летін
және таным заңдылығына негізделген
оқу мақсаттарының Блум
таксономиясы бойынша иерарахиясы;
-
білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында
педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды
барынша ескеруге мүмкіндік береді;
-
білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-
ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақы-рыптардың
болуы;
-
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына
сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
-
оқу үдерісінің
ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді
жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып табылады.
Оқу бағдарламаларында оқу пәні бойынша үштілді білім беру іске
асыру көзделген. Көптілді оқыту ортасын құру үшін әрбір оқу пәнінің
қосатын үлесі жиынтықта үштілді білім беру саясатын іске асыруды
қамтамасыз етеді.
Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі – олардың пәндік
білім
мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды
қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең
ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық
және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу
жұмыстарын
жүргізу,
ақпараттық-комму-никациялық
технологияларды
пайдалану, қарым-қатынастың әртүрле-рін қолдану, жеке
және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақ-
тылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың
274
және тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі
анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған
тапсырмаларды құрастыра алады. Оқу бағдар-ламасы мұғалімдердің оқу
мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу
мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақ-саттарға бөлуіне мүмкіндік береді.
Мұғалімдер тақырыпқа оқу мақ-сатына берілген сағат санын өз бетімен
анықтауларына болады. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінің
отырысында қабылдана алады. Жоспарлау кезінде
мұғалімдер бекіту және
қайталау сабақтарын ескерулері тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: