Өндірісті жарықтандырудың негізгі талаптары.
Адамдар тұрақты түрде болатын өндірістік бөлмелерде табиғи жарық қарастырылуы керек.
Метеорологиялық жағдайлармен туындаған, күндізгі уақыт барысындағы табиғи жарықтың өзгерістері, жұмыстың осы түріне арналған жасанды жарықтың нормасында белгіленген мәнінен жұмыс зонасындағы жарықтың төмендеуін болдырмауы керек. Жарығы жеткіліксіз жұмыс зонасындағы жарық құрылғыларын автоматты қосу жолымен, табиғи жарықтың төмендеуін жасанды жарықпен толтыру қажет.
Жасанды жарықты жобалағанда апат және эвакуация жарығы қарастырылуы керек. Орташа дәлдіктегі жұмысты атқарғандағы жұмыс орнындағы жарық 500 лк-тен кем емес, ал аз дәлдіктегі жұмысты атқарғанда 200 лк-тен кем болмауы керек.
Бинокулярлық стереоскопиялық микроскоптарды қолданып жұмыс атқарған жағдайда, микроскоптан тыс монтажды столдың жұмыс зонасының жарығы, санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес болуы керек. Микроскоптың аясындағы объектілердің жарығы бірқалыпты реттелуі керек, сонымен қатар, оның жоғарғы шегі 20 000 лк-ке жетуі қажет.
Визуалды бақылайтын экрандары бар жүктемелі көз жұмыстары үшін жарықтың деңгейі осы санитарлық ережелерге сай болуы қажет.
Шырақтардың жарық техникалық сипаттамалары және олардың жұмысшы зонасына салыстырмалы орналасуы мен жабдықталуы жұмысшыға тікелей және бейнелі жарқылдың зиянды әсерін болдырмауы керек.
Шырақтардың конструктивтік орындалуы жұмыс істеу кезінде өрт және электр қауіпсіздігін, өндірістік ортаның (өртке және жарылғыш қауіптілігі, шаңға, химияға активтілігі) нақтылы жағдайында сипаттамаларының беріктігін, ұзақтығын және тұрақтылығын, сонымен қатар жұмысқа ыңғайлығын қамтамасыз етуі керек.
Жобаның құрылыс бөлімінде шырақты тазарту және жөндеу құралдарымен жабдықталған шеберхана, жарықтың газразрядты көздері мен жарық техникалық жабдықтарын сақтайтын қоймалар қарастырылады.
Газразрядты лампаларымен жарық беретін құрылғыларды жобалағанда, сынап толтырылған лампаларды сақтайтын бөлме қарастырылуы керек.
Өндіріс бөлмелерінің жарық беретін құрылғыларының құрамында ультракүлгін жеткіліксіздігінің алдын-алу үшін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары қарастырылуы керек. Ұзақ әсер ететін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары ультракүлгін сәулеленудің өндірістік көздері бар бөлмелерде қарастырылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |