5- апта
БОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
№ 1 САБАҚ. ІСБ ФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША
Тақырып: Адам организмі қызметтерінің жүйкелік-эндокриндік реттелуі: Гипоталамус-гипофиз жүйесі. Дамудың генетикалық бағдарламасын іске асырудағы гормондардың орны. Орталық жылу реттелуі. Балалардағы жаылу реттелуінің ерекшеліктері.
ХАТТАМА ТОЛТЫРУ:
№1 тапсырма. «Гормондардың жалпы қасиеттері» атты кестені толтырыңыз
№
|
Гормондардың жалпы қасиеттері
|
1
|
Биологиялық белсенділігі өте жоғары
|
2
|
Дистантты әсер етеді
|
3
|
Әсері тез әрі қысқа
|
4
|
Ферментативтілік қасиеті жоқ
|
5
|
Олар қызметіне ғана емес құрылымына әсер етеді
|
6
|
Олар ағзаға жиналмай, тез бұзылады
|
№2 тапсырма.
А. «Гормондардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі» атты кестені толтырыңыз
Гормондардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі
|
Бездер
|
Гормондар
|
Стероидті
|
Холестерин туындылары: жыныс бездері
|
Андроген, эстроген, прогестерон, минералкортикоидтар, глюкокортикоидтар
|
Ақуыз-пептидті
|
Гипофиз, ұйқы безі
|
Вазопресин, окситоцин, ТТГ, инсулин, глюкагон
|
Аминқышқылдар туындылары
|
Бүйрекүсті безі және қалқанша безі
|
Адреналин, норадреналин, тирозин
|
Б. «Гормондардың қызметтері бойынша жіктелуі» атты кестені толтырыңыз
Гормондардың атқаратын қызметтері бойынша жіктелуі
|
Анықтамасы
|
Гормондар түзілу орны
|
Эффекторлық
|
Нысана жасушаларына тікелей әсер ететін гормондар
|
Бүйрекүсті безі, жыныс гормондары
|
Троптық
|
Эффекторлық гормон түзілуі мен бөлінуі
|
Аденогипофиз гормондары
|
Рилизинг-факторлар
|
Гипоталамустық жүйе жасушалары реттейді, троптық гормондардың түзілуі мен бөлінуі
|
Статиндер мен либериндер
|
№3 тапсырма. ІСБ-нің атауларын жазып шығыңыз:
Гипоталамустың нейросекреторлық жасушалары
9. Аталық безі
5. Айырша безі
6. Бүйрекүсті безі
7. Ұйқы безі
4. Қалқанша және қалқанша маңы бездері
3. Эпифиз
2. Гипофиз
8. Аналық безі
№4 тапсырма. «Гормондардың әсер ету жолдары» атты кестені толтырыңыз.
Әсер ету жолдары
|
Әсер ету механизмі
|
Тікелей
|
Гормондар ағзадағы арнайы рецепторы бар мүшелерге әсер етеді
|
Рефлекторлық
|
Гормондар цитоплазма рецепторларымен рецептор гормон кешенін құрайды, содан кейін олар жасуша ядросына тасымалданып, онда олар өздерінің негізгі әсерін көрсетеді, гормондар қан тамырларының хеморецепторларын тітіркендіреді
|
Орталық
|
Гормондардың бір мүшенің қызметіне орталық жүйке жүйесіндегі орталығы арқылы әсер етуі. Мысалы: адреналин әдетте жүрек соғысын жоғарылату арқылы әсер етеді, алайда ОЖЖдағы сопақша миға әсер ету арқылы жүрек соғысын төмендететін болып шықты. Гейман тәжірибесі
|
Шартты-рефлекстік
|
Шартты рефлекстердің қалыптасу кезіндегі шартты және шартсыз тітіркендіргіштер орталықтар арасындағы шартты байланыстардың қалыптасуы.
|
№5 тапсырма. «Гипофиз және гипоталамус гормондары» атты кестені толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |