Қолданылған әдебиеттер
1.Безопасность жизнедеятельности: Учебник. /Под ред. профессора Э.А. Арустамова. - М.: Изд. Дом "Дашков и Ко", 2000г.
2.Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности: учебное пособие. - М.: ФАИР-ПРЕСС, 2002 г.
3.Охрана труда в химической промышленности./ Г. В. Макаров, А. Я. Ясин. 1989г.
Дәріс 11. Өрт қауіпсіздігі
1.Өрттің себептері.
2. Өрт өшіру қондырғылары.
3. Өрт сигналдары
Агрессивті заттар адам денесіне түскенде теріні күдіреді. Ондай заттарға жататындар: қышқылдар, сілтілер олардың булары және тұмандары; суда жақсы еритін газдар; кейбір заттардың шаңдары; қызған сұйықтар, балқығын металдар және температурасы адам денесінің температурасынан біраз жоғары болатын массалар. Тітркендіргіш заттар дем алатын жолдардың слизді қабаттарына түскен кезд, қабыну, спазма, жөтел, жасағу пайда болады.
Улы заттар – адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы, тері арқылы, асқазан-ішек жолдары арқылы түсе отырып, ағзаны уландырады. Ондай заттарға кейбір газдар, булар, тұмандар, шаңдар, түтіндер, сұйықтар және қатты заттар жатады.
Тұншықтырғыш заттар – олар өздері бейтарап, яғни ағзаға ешқандай әсер етпейді, бірақ ауада көп мөлшерде жиналғанда оттекті ығыстырады , ауа дем алуға жарамсыз болып қалады. Мұндай ортада адам дем алуға оттек жетіспей, тұншығады.
Жағыш заттар – отпен жанасқанда жанады және от алу көзін әкеткенде де жануын жалғастырады.
Жану температурасы – заттың жану кезіндегі температурасы.
Тез тұтанатын заттар – отпен немесе ұшқынмен жанасқанда тез жана бастайды және тұтану көзін әкеткенде де жануын жалғастырады.
Тұтану температурасы – зат қысқа уақыт ішінде отпен немесе ұшқынмен жанасқанда жана бастайды немесе жануын жалғастыратын ең аз температура.
Өздігінентұтанатын (өздігіненжанатын) заттар – ауадағы оттегі әсерінен химиялық реакция жүргенде жылу бөлінеді, жылу белгілі бір мөлшерде жинақталғанда заттар отпен жанаспайақ жана бастайды, сонымен қатар кейбір заттар сыртқы көз арқылы қызғанда белгілі бір температураға жеткенде отпен немесе ұшқынмен жанаспайақ жанады.
Өздігінен тұтану температурасы – жанғыш зат тұтану көзімен жанаспайақ жанатын ең аз температура.
Жарлысқа қауіпті заттар – белгілі бір жағдайларда тотықтырғыштармен белсенді түрде химиялық реакцияға түсуге қабілетті, яғни оттекпен (ұшқынмен) жанасқаннан кейін немесе детонациядан бірден жанады (жарылады)
Жанғыш сұйықтар буларының, газдардың және шаңдардың ауамен немесе басқа тотықтырғыштармен қоспасы белгілі бір қатынста болғанда жарылады.
Өндірістердің жарлысқа- және өрткеқауіптілігі.
Жарлыстар мен өрттердің алғашқы фазасы жану болып табылады.
Жану деп – жылу бөле және жарық шығара жүретін кез келген химиялық реакцияны айтады. Бұл анықтама бойынша қосылу реакциясы, сол сияқты ыдырау реакциясы да жану болуы мүмкін.
Жану процесінің шығуы және жүруі үшін жанғыш зат, тотықтырғыш және химиялық реакцияның жануын тудыратын импульс қажет..
Жанғыш заттарды жандыратын немесе жануына көмектесетін заттарды тотықтырғыштар деп атайды.. Жану процесінде кобінесе тотықтырғыш оттегі қатысады. Кейбір жағдайларда жану оттексіз жүруі мұмкін, бірақ басқа тотықтырғыштар қатысады: хлор, азот қышқылы, селитралар, бертолла тұзы және т.б.
Тұтану көздері жалын, электр және механикалық ұщқындар, қатты қызған немесе қызған денелер, сәулелі энергия, химиялық реакцияның жылудары болып табылады.
Жану процесі жарлыс, вспышка, тұтану, өздігінентұтану және өздігіненжану түсініктерімен байланысты.
Жанғыш заттардың ақырын тотығу процесі белгілі бір жағдайларда белсенді тотығуға немесе жануға ұласуы мүмкін. Мұндай жайттар тотығу реакциясы өз еркімен күшеюі мүмкін болған жағдайда болады. Тотығу реакциясының өздігінен күшейіп, сыртқы тұтану көзінің көмегінсіз жануын өздігінентұтану деп атайды.
Заттың сыртқы жылудың көмегінсіз өздігінен қызып және жануын өздігіненжану деп атайды. Бұл процесс заттың тотығуы нәтижесінде, жинақталған жылудың мөлшері оның ауаға таралу мөлшерінен артып кеткен жағдайда болады. Майлар құрамында қанықпаған көмірсутектердің көп болуы және олардың төменгі температурада тотығу қабілетінің болуынан өздігіен жанады.
Газдардың, булардың және шаңдардың жарылуы олардың ауада белгілі бір концентрацияда болуынан және сыртқы тұтану көзінің болуынан жүреді. Жарлысқақауіпті газдардың және булардың концентрациялары көлемдік процентпен, ал шаңдардың концентрациясы - г/м3 белгіленеді.
Ауадағы газдардың, булардың және шаңдардың жарлыс тудыратын минимальды концентрацмяларын жарылғыштықтың төменгі шегі деп атайды. Конценрация жарылғыштықтың жоғарғы шегінен жоғары болғанда қоспа жарлысқақауіпсіз болады.. Концнетрация төменгі шектен төмен болғанда да қоспа жарлысқа қабілетсіз болады өйткені оттек артық мөлшерде болады.
Жарлғыш заттардың жоғарғы және төменгі жарлғыштық шектерінің арасы неғұрлым үлкен болса, жанғыш заттар өртке соғрлым қауіпті болып келеді.
Барлық өндірістер өрткеқауіптілігі бойынша бес категорияға бөлінеді: А, Б, В, Г, Д.
А категориясына жататын өндірістерде қолданылатын заттар сумен немесе ауадағы оттегімен қосылғанда тұтанады немесе жарылады. Түзілетін булардың оталу температурасы 280 және одан төмен. Төменгі жарылғыштық шегі 10% және одан аз (жанғыш газдар үшін)
Б категориясына жататын өндірістерде қолданылатын сұйықтардың буларының оталу температурасы 20- 1200С, жанғыш газдар; шаңтәрізді заттар бөлетін ауамен жарлысқақауіпті қоспалар түзетін заттар.
В категориясына жататын өндірістерде жанатын қатты заттар мен материалдарды қолданады, сонымен қатар қолданылатын сұйықтардың буларының оталу температурасы 1200С жоғары болады.
Г категориясына жататын өндірістерде жанбайтын қатты заттар мен материалдарды балқыған, қызған және ыстық күйлерінде өңдейді, сонымен қатар қатты, сұйық және газтәрізді отындарды жаққанда жылу, ұшқын және жалын бөлетін заттар
Д категориясына жататын өндірістерде жанбайтын заттар мен материалдарды суық күйінде қолданады.
Өндіріс объектілерінің өрткеқауіптілігі профилактикалық шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.
Өрт профилактикасы - өрттердің алдын алатын, шектейтін, адамдарды табысты түрде эвакуайия жасайтын, сонымен қатар өрт туындай қалған жағдайда оларды жоятын кешенді инженерлік-техникалық және ұйымдастыру шаралары.
Өрт прфилактикасын өндірісті жабалағанда, салғанда және пайдаланғанда жүзеге асырады.
Өртті тоқтату үшін ең бірінші кезекте өртті қолдамайтындай жағдай жасау қажет: жанып жатқан орынды суыту;өрт шыққан ошақты ауадан бөліп тастау; өртеніп жатқан аймақтан жану көзін аластату.
Өртті сөндіруге әдетте суды қолданады.Су буланып, жанып жатқан материалды суытады, өйткені түзілетін бу көп жылуды қажет етеді. Сонымен қатар су жанып жатқан жерге ауаның келуін тежейді.
Ауалы-механикалық және химиялық көбіктер жеңілжанатын сұйықтарды өшіруге қолданады.
Тығыз жабылған бөлмелердегі өрттерді ,кез келген жанып жатқан заттарды өшіру үшін су буларын және жанбайтын газдарды қолдануға болады.
Жабық бөлмелердегі өттерді құрғақ, таза құмдар арқылы өшіруге де болады.
Өрткеқарсы жапқыштар(брезент, киіз, асбесті жапқыш және т.б.) аздап жанып жатқан беттерді және адамның үстіндегі киімдерді өшіру үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |