Өндірісті жарықтандырудың түрлері
Жасанды жарыққа қолданылатын жарық көздерін екі топқа бөледі – газразрядты лампалар және қыздыру лампалары. Қыздыру лампалары жылулық сәулелену жарық көзіне жатады. Газразрядты лампаларда спектрдің оптикалық диапазонының сәулеленуі атмосферадағы инертті газдар және метал буларының электрлік разряды нәтижесінде туындайды, сонымен қатар, көрінбейтін ультрокүлгін сәулесі көрінетін жарыққа өзгергенде, яғни, люминесценсия құбылысы нәтижесінде пайда болады.
Жарық көздерін таңдау және бір-бірімен салыстыру кезінде келесі параметрлер қоланылады: қоректенудiң номиналды кернеуi U (В), лампаның электрлік қуаты Р(Вт),лампа сәулелендіретін жарық ағыны Ф(лм), жарықтың максималды күші J(кд); жарық берілу Ф/Р(лм/Вт), яғни, лампа жарығы ағынының оның электрлік қуаттылығына қатынасы; лампаның қызымет көрсету мерзімі және жарықтың спектрлі құрамы.
Эксплуатацияда қолайлы, жасалынуы қарапайым, қосу кезінде төмен инерттілігі, қосымша қосу қондырғыларның болмауы, кернеу тербелістері және қоршаған ортаның метеорологиялық жағдайларында жұмыстың сенімділігі арқасында қыздыру лампалары өндірісте кең қолданысқа ие. Жоғарыда көрсетілген артықшылықтармен қатар қыздыру лампаларының сонымен қатар, айтарлықтай кемшіліктері де бар: төмен жарық берілу (жалпы тағайындалған лампаларға 7...20 лм/Вт), сәйесінше қызмет көрсету мерзімінің аздығы (2,5мың.сағ.), спектрде сары және қызыл сәулелердің болуы, ол олардың спектрлік құрамын кун сәулесінен улкен айырмашылығын көрсетеді.
Газразрядты лампалардың қыздыру лампаларынан негізгі артықшылығы үлкен жарық бергіштігі болып табылады 40...110 лм/Вт. Олардың қызмет көрсету мерзімі айтарлықтай үлкен, кейбір типті лампалардың қызмет көрсету мерзімі 8-12мың.сағ.жетеді. Газразрядтық лампалардан сәйкесінше инертті газдарды, метал буларын, люминоформдарды таңдай отырып, кез келген спектрдің жарық ағынын алуға болады. Көрінетін жарықтың спектр құрамына байланысты жарықтарды күндізгі жарық лампалары (КЖЛ), жақсартылған жарықберу күндізгі лампалары (ЖЖК), суық ақ түсті лампалар (САЛ), жылы ақ түсті лампалар (ЖАЛ) және ақ түсті лампалар (АЛ).
Газразрядты лампалардың негізгі кемшілігі ол жарық ағынының пульсациясы. Ол көру қабілетінің бұрмалануы болып табылатын, стробоскопиялық эффекттің пайда болуына алып келуі мүмкін. Яғни, жарық көзі пульсациясы жиілігінің сәйкес келуі немесе қысқа болуы жағдайында бір заттың орнына бірнешеуі көрінуі мүмкін, бағыт және қозғалыс жылдамдығы бұрмаланып, өндірістік операциялардың орындалуына мүмкіндік бермейді және жарақаттану қауіптілігінің жоғарлауына алып келеді. Өндіріс орындарын жарықтандыру көзі ретінде жалпы кеңестерге жүгіну керек: энергетикалық тұрғыда үнемді және қызмет көрсету мерзімі ұзағырақгазразрядты лампаларды таңдау; жарықтандыру құрылғыларына және олардың экплуатациясына бастапқы шығындарды азайту үшін, шама келгенше қуаттылығы аз, бірақ жарықтандыру сапасы төмен емес лампаларды қолдану.
Өндірісті жарықтандырудың келесі түрлері бар:
табиғи,
жасанды,
біріккен.
Табиғи жарықтандыру – өндіріс орнының аспан жарығымен жарықтануы. Ол келесі түрлерге бөлінеді:
Бүйiр - бөлменiң табиғи жарықтандыруы сыртқы қабырғалардағы тесіктер арқылыжарықтануы.
Комбинирленген (жоғарғы және бүйір) – жоғарғы және бүйір табиғи жарық үйлесімдері.
Әдебиеттер
1.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
2.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
3.http://enc-dic.com/sociology/Vidy-Truda-994.html
4.http://w http://www.mining-enc.ru/b/bezopasnost-truda
Достарыңызбен бөлісу: |