Инфрадыбыс және ультрадыбыс туралы түсінік. Дыбыс тербелімінің жиілігі 16гц-тен төмен болса, оны инфрадыбыс деп атайды.Олар құлаққа естілмегенімен адамдардың ішкі мүшелеріне күшті әсер етіп, жұмыс ырғағын өзгертеді. Инфрадыбыстан құтылу үшін оларды адам құлағы еститін дыбысқа айналдыру керек. Жабдықтарды, қондырғыларды қатты ірге тасқа бекітіп, жаңғырықты өзгертетін тұншықтырғыш бөлмелер жасау қажет.
Дыбыс тербелімінің жиілігі 20000 Гц-тен артық болса онда ультрадыбыс деп аталады. Мұндай дыбысты адамдар белгілі құралдар арқылы естіп, солардың көмегімен ғана осындай тербелім жиілігін жасай алады.Ультрадыбыс дельфиндерде, жарқанаттарда, шыбын-шіркейлерде болады. Оның күшімен тастарды ұнтақтауға, металлды, басқа да затты, материалды тесуге немесе кесуге, матаны жабыстыруға, тісті емдеуге, денені сылап, уқалауға, хирургиялық операция жасауға, аурудың түрін анықтауға болады.
1 секундте дыбыстың таралу жылдамдығы ауа температурасы 90С болса – 331,8 м, 200С болса – 344 м, суда таралуы – 1450 м, көптеген металдарда қума толқындар 4000-7000 м, көлденең толқындар 2500-3500 м.
Барлық шулар санитарлық норма бойынша жиілік құрамына – шу спекторынабайланысты 3 топқа бөлінеді:
1-ші класс – төменгі жиілікті шулар, 400Гц. Соғылатын бөлшектері жоқ, жәй жүрісті агрегаттар мен механизмдердің шулары.
2-ші класс – орташа жиілікті шулар, 400-1000Гц, дөңгеленіп қозғалатын агрегаттар мен машиналардың шулары.
3-ші класс – орташа жиілікті шулар – 1000Гц-тен жоғары шулар.
Шулар шығу тегіне байланысты екі топқа бөлінеді:
1) Аэродинамикалық
2) Механикалық.
Өндірістік шу.
Қазіргі кезде техниканың дамуына байланысты жылдан-жылға әртүрлі күшті дыбыстар шығаратын көздер (транспорт, желдеткіштер, газтрубиналық қондырғылар, т.б.) көбеюде. Ғалымдардың ғылыми зерттеу арқылы алынған мәліметтері бойынша есептелмейтін теңселісі 20 Гц төменгі дыбыстар да (яғни инфрадыбыс) адам денсаулығына қолайсыз әсер етеді екен. Инфрадыбыс жер қозғалысында, жер беті мен теңізде дауыл көтерілгенде және тағы да басқа жағдайларда пайда болады. Әсіресе транспорт және өнеркәсіптен пайда болған инфрадыбыс адам организміне қолайсыз әсер тигізеді. Инфрадыбыс толқындары компрессорлар, турбиналар, дизель қозғалтқыштары, электровоздар, кондиционерлік жүйелер, желдеткіштер, т.б. үлкен көлемді машина мен механизмдер жұмыс істегенде пайда болады. Мысалы, шулар үйде де, өндіріс мекемелерінде де, көшелерде де мазалайтын болды.Өндірістік шу өте жоғары деңгейде. Көп жұмыс орындарында және шулы өнер кәсіптерде ол 90-110дБ дейін жетеді және одан асады. Біздің үйлердеде тыныш емес, өйткені жанадан шу шығаратын құрылғылар пайда болып жатыр, олар тұрмыстық техника. Көне заманда шудың адам организіміне зиян тигізетінін білседе оны көп уақыт бойы зерттеген жоқ. Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттерде ғалымдар шудың адам ағзасына ықпал етуіне байланысты әртүрлі зерттеулер жүргізіп жатыр. Олардың зерттеулері бойынша шу адам ағзасына елеулі әсер ететінің анықтаған, бірақ мүлдем тыныштық адамды шатастырады және естен тандырады. Жақсы изоляциясы бар бір конструкторлықбюроның жұмысшылары бір аптадан кейін тыныштықтан жұмыс істеу мүмкін емес деп шағымданды. Олар мазасызданды жұмыс қабілеттерін жоғалта бастады. Осыған орай ғалымдар шудың белгілі күші ойлау процесін ынталандырады, әсіресе санау процесінде.
Достарыңызбен бөлісу: |