3142 БАЗАЛЫҚ ТОП
Капитандар мен лоцмандар
Капитандар мен лоцмандар кемелерге әміршілік пен басшылықты жүзеге асырады, жағадағы әміршілік функцияларды орындайды.
Олардың міндеттері:
- теңізде және ішкі су жолдарында кемелерге әміршілік пен басшылық етуді;
- жалпыкемелік қызметті, палубадағы және жүру вахтасының ұйымдастырылуын мен өткерілуін бақылауды;
- жүкті қауіпсіз тиеу және түсіру, жүзудің және кәсіпшілікті жүргізудің қауіпсіз жолдарын таңдау, экипаж бен жолаушылардың қауіпсіз жүзу ережелері мен рәсімдерін сақтауы жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтар мен ұйғарымдардың орындалуын қамтамасыз етуді;
- кеменің қолданыстағы айрықшалықтар мен нормативтерге сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында кеменің пайдаланылуын және жөнделуін техникалық қадағалауды жүзеге асыруды;
- кеме экипаждарының порт құрылғылары мен фарватерлерін қорғау туралы ережелер мен заңнаманы сақтауын бақылауды;
- кемені пайдалану және жөндеу саласындағы теориялық және парктикалық білімі мен машығын кеме жүргізу проблемаларын шешу кезінде қолдануды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Капитан
Рейд капитаны
Капитан-директор
Капитан-кранмейстер
Капитан-тәлімгер
Сүңгуір аппаратының капитаны
Тапсыратын капитан
Флот капитаны
Лоцман
3143 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ұшақ командирлері, пилоттары мен тектес кәсіптер мамандары
Ұшақ командирлері, пилоттары мен тектес кәсіптер мамандары жолаушыларды, пошта мен жүк тасымалдау үшін ұшақтарды басқаруды жүзеге асырады, ұшу алдындағы дайындықты орындайды, ұшудың дұрыстығы мен қауіпсіздігін бақылайды.
Олардың міндеттері:
- қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес ұшақты басқаруды және ұшу қауіпсіздігін бақылауды;
- ұшуды ұйымдастыруды және жүргізуді, экипаждың ұшу және ұшу алдындағы дайындық процесіндегі дәл және сауатты әрекеттерін бақылауды;
- ұшу жоспарын әзірлеуді және бекітуді, стандарттық жоспарларды нақты ұшу жағдайларын ескере отырып түзетуді;
- жабдықтар мен ұшуды басқару органдарының қалтқысыз жұмысын қамтамасыз етуді, ұшақтың дұрыс пайдаланылуын және техникалық қызмет көрсетілуін бақылауды;
- ұшқыштар құрамымен ұшу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және жүргізуді;
- ұшуға дайындық және ұшу кезінде метереологиялық аэронавигациялық жағдайды талдай және дұрыс бағалай білуді;
- ұшу саласындағы теориялық және практикалық білімі мен машығын ұшақты басқару процесінде туындайтын проблемаларды шешуде қолдануды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бөлімше командирі
Пилот
Ұшқыш-сынақшы
Штурман (авиациядағы)
3144 БАЗАЛЫҚ ТОП
Авиация диспетчерлері
Авиация диспетчерлері радиобайланысты, радиолокаторлық және жарық жүйелерін пайдалана отырып ұшақтардың әуе кеңістігіндегі және жердегі қозғалысын басқарады, ұшулар бойынша қажетті ақпарат береді.
Олардың міндеттері:
- ұшақ қозғалысын басқаруды, аэропортқа жақындаған және аэропорттан ұшқан кездегі, сондай-ақ жерде оны бақылауды;
- әуе кеңістігіндегі белгілі бір секторларда ұшақтың ұшуын басқаруды және бақылауды;
- ұшу жоспарларын зерттеуді және бекітуді;
- экипажды және ұшақ қызметкерлерін ауа райының жағдайлары, аппаратура жұмысы, ұшу жопарлары мен ұшақтардың қозғалысы туралы хабардар етуді;
- ұшақтың қозғалысын басқару және бақылау саласындағы теориялық және практикалық білімі мен машығын жұмыс процесінде туындайтын барлық проблемаларды шешуде қолдануды;
- қажет болған кезде авариялық және іздестіру-құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Аэродром диспетчерлік (авиациялық-диспетчерлік) пунктінің диспетчері
Қозғалыс қызметінің диспетчер-нұсқаушысы
Жолаушылардың тамақтануын қамтамасыз ету жөніндегі диспетчер
Ұшып өтулер жөніндегі диспетчер
3145 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ұшақтар қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі техниктер
Ұшақтар қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі техниктер ұшақтардың қозғалысын және аэронавигацияны бақылау жүйелерін әзірлеу, жобалау, орнату, пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі техникалық функцияларды орындайды.
Олардың міндеттері:
- аэронавигациялық жүйелердің электронды және электротехникалық жабдықтарын әзірлеу жөніндегі техникалық міндеттер мен функцияларды орындауды, тәжірибелік үлгілерді сынауды;
- аэронавигациялық жүйелер мен ұшақтарды анықтау және курс жүргізу жүйелерінің өзара қызмет ету жүйелерін жоблау кезінде техникалық көмекті жүзеге асыруды;
- сметаларды, ұшақтар қозғалысының қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету жөніндегі жабдықтардың техникалық суреттемесін дайындауды;
- жердегі аэронавигациялық жабдықтың жасалуын, орнатылуын және пайдаланылуын техникалық қадағалау жөніндегі көмекті, оған қызмет көрсетуді және жөндеуді;
- ұшақтардың қозғалысын бақылау жөніндегі жердегі қолданылып жүрген жабдықты жетілдіруге қатысуды;
- ұшулардың, ұшақтардың ұшу мен қону дәлдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жердегі аэронавигациялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және реттеуді:
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Аэронавигациялық ақпарат жөніндегі техник
Аэродром қызметінің технигі
Ұшуды жарықтехникалық және электротехникалық қамтамасыз ету жөніндегі техник
3146 БАЗАЛЫҚ ТОП
Диспетчерлер (авиациядағылардан басқа)
Барлық атаудағы диспетчерлер диспетчерлік арнаулы құралдарды пайдалана отырып өндіріс барысын, қозғалыс процесін, және өндірісті, көлікті және байланысты ұйымдастырудың негізгі қызметінің барлық түрлерін жедел реттеуді жүзеге асырады, негізгі қызметтің барысы, кезеңдері, мерзімі мен басқалары туралы қажетті ақпарат береді.
Олардың міндеттері:
- өндірістің, көліктің және қызметтің басқа түрлерінің барысын жедел реттеуді, тапсырмалар мен кестелердің орындалуын бақылауды;
- қызметтік қалыпты барысын материалдармен, жабдықтармен, құрастырушы бұйымдармен, көлікпен, тиеу-түсіру жабдықтарымен, және басқалармен қамтамасыз етілуін бақылауды;
- өндірістің, көліктің және қызметтің басқа түрлерінің барысындағы бұзылушылықтардың алдын алу және жою, орын алған бұзылушылықтардың салдарын жою жөніндегі шараларды іске асыруды;
- істің жай-күйі, тапсырмалардың орындалу кезеңдері мен мерзімі, жабдықтардың жұмысы және басқалар туралы қажетті ақпарат беруді;
- диспетчерлік журнал жүргізуді, кезекшілік туралы есеп рапорттарын және басқа да құжаттаманы жасауды;
- жедел реттеу және қызметті үйлестіру саласындағы теориялық және практикалық машығын жұмыс процесінде туындайтын барлық проблемаларды шешуде қолдануды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Диспетчер
Вагон депосының диспетчері
315 ҚҰРАМДАС ТОП
Құрылыс және қауіпсіздік жөніндегі инспекторлар (өрт, көлік құралдары, өндірістік процестер мен өнім)
Құрылыс және қауіпсіздік жөніндегі инспекторлар (өрт, көлік құралдары, өндірістік процестер мен өнім) жұмыс орындарын, ғимараттарды, имараттарды, өндірістік процестерді, өндірілетін, тұтынатын және сатылатын тауарлар мен қызметтерді инспекциялаулы жүзеге асырады, адамды, жануарлар әлемін және қоршаған ортаны қорғайтын заңнаманың сақталуын бақылайды.
Бұл топ мамандарының міндеттері ғимараттар, имараттар құрылысының сапасын, еңбек жағдайларын, өндірістік процестердің қауіпсіздігін, өндірістік қалдықтардың жиналуы мен орналастырылуын, өндірілетін және тұтынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ ұйымдар мен қоғамға тиісті заңнаманы, ережелер мен қаулыларды дұрыс түсіну және сақтау жөнінде консультациялар беруді қамтиды.
Құрылыс және қауіпсіздік жөніндегі испекторлар өздерінің фунционалдық міндеттерін қолданыстағы заңнаманы және олардың қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік жасайтын жоғары органдардың өкімдерін басшылыққа ала отырып, жоғары дербестік деңгейінде орындайды. Олар сондай-ақ, басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруы мүмкін.
Осы құрамдас топ кәсіптері (мамандықтары) жоғары немесе орта кәсіптік білімді талап етеді.
3151 БАЗАЛЫҚ ТОП
Құрылыс және өрт сөндіру инспекторлары
Құрылыс және өрт сөндіру инспекторлары қолданыстағы заңдардың, құрылыс нормалары мен ережелерінің, мемлдекеттік стандарттардың, өрт қауіпсіздігі ережелері мен басқа да нормативтің актілердің сақталуын бақылау мақсатында жаңадан салынған және пайдаланудағы тұрғын үйлерді, өндірістік орындарды, қызмет көрсету ұйымдарын және басқа да ғимараттар мен имараттарды инспекциялауды жүргізеді (жүзеге асырады), сондай-ақ жану себептерін анықтау үшін өрт орындарын зерттеп тексереді.
Олардың міндеттері:
- құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын, құрылыс нормалары мен ережелерінің, техникалық шарттар мен өндіріс технологиясының сақталуын, материалдар мен бұйымдар сапасын, олардың белгіленген стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылауды;
- құрылыс туралы қолданыстағы заңнама және ғимараттар мен имараттардың сапасы мен қауіпсіздігін регламенттейтін басқа да нормативтік актілер мәселелері бойынша консультациялар беруді;
- ғимараттар мен имараттарды құрылыс барысында және ол аяқталғаннан кейін инспекциялауды;
- ережелердің және пайдалану талаптарын бұзушылық жағдайларын айқындау мақсатымен пайдаланудағы ғимараттар мен имараттарды инспекциялауды;
- өрт болу қаупін анықтау және оны жою мақсатымен өнеркәсіптік ұйымдарды және қызмет көрсету ұйымдарын инспекциялауды;
- өрт дабылы, өрт сөндіру жүйелері мен жабдықтарын орнату жөнінде, өрт туындау қатерін және ол орын алған жағдайда зиянды азайту үшін құрылыс материалдарын және тасымалдау жабдықтарын пайдалану жөнінде консультациялар беруді;
- жану себептерін анықтау үшін өрт орындарын зерттеп тексеруді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сапа және құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдау жөніндегі инспектор
Ғимараттарды техникалық ұстауды бақылау жөніндегі инспектор
Өрттің алдын алу жөніндегі инспектор
3152 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қауіпсіздік, сапа (көлік құралдарының, өндірістік процестер мен өнімнің), жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі инспекторлар
Қауіпсіздік, сапа (көлік құралдарының, өндірістік процестер мен өнімнің), жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі инспекторлар денсаулыққа қауіпті өнімдер мен қызметтерді, көлік құралдарын, қауіпті немесе қатерлі өндіріс жағдайларын, көлік құралдарын, механизмдер мен жабдықтарды пайдалануды регламенттейтін қолданыстағы заңдарды, қаулылардың, санитарлық нормалар мен ережелердің, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау, жер қойнау және жер қойнауын пайдалану, зиянды қалдықтарды орналастыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңдарды бұзушылықтарды анықтау мақсатымен инспекциялауды жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- көлік құралдарын (автомобильдерді, ұшақтарды және т.б.) өндірумен, оларға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын адамдарға мемлекеттік стандарттарды және көлік құралдарының техникалық сипаттамалары мен жай-күйіне қатысты ережелерді дұрыс түсіну және сақтау жөнінде консультациялар беруді;
- техникалық стандарттар мен басқа да нормативтік актілерге сәйкестігін анықтау мақсатымен пайдаланудағы көлік құралдарын, оларға қызмет көрсету және жөндеу орындарын инспекциялауды;
- өндіріс басшылары мен қызметкерлерге консультациялар беруді, оларға өндіріс және өндірістік ортаның қауіпсіздігіне қатысты заңнаманы түсіндіруді;
- жұмыс орындарының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау мақсатымен оларды инспекциялауды;
- қорғаныс және алдын ала сақтану құралдарының болуын, жай-күйінің және пайдалану дұрыстығын, техника қауіпсіздігі жөнінде қабылданған шаралардың жеткіліктілігін, қорларды есептен шығарудың дұрыстығын және тау-кен нысандарын жоюдың және консервациялаудың негізділігін, өндірілетін және жер қойнауында қалатын негізгі және бірге өндірілетін пайдалы қазбалар мен өндіріс қалдықтарының есебі мен сапасының дұрыстығын, жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын су басудан, су тасқынынан, құламалардан және пайдалы қазбалар мен кен орнының сапасын төмендететін басқа да факторлардан қорғауын, бақылауындағы кәсіпорындардың жай-күйін бақылауды;
- өндіріс гигиенасы, санитария, шикізаттардың, тамақтың, дәрі-дәрмектердің, парфюмерияның және осыған ұқсас тауарлардың тазалығы мен сапасы мәселелері бойынша қызметкерлерге және көпшілікке консультациялар беруді;
- кен орындарын іздестіруге, барлауға және пайдалы қазбаларды өндіруге құқық беретін рұқсат құжаттардың болуын, ластайтын заттардың пайда болуына және зиянды қалдықтарды орналастыруға қатысты, олардың қолданыстағы нормалар мен ережелерге, қаулылар мен стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін өнімді өндіру, өңдеу, тасымалдау, тиеу және түсіру, сақтау және өткізу жағдайларын инспекциялауды;
- жер қойнауының қорғалуы мен пайдаланылуын, қоршаған ортаның экологиялық жағдайының қорғалуын бақылауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Жарылыс қаупі бар өндірістердегі инспектор
Газ-техника инспекторы
Жол инспекторы
Теңіз инспекторы
Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі инспектор
32 ШАҒЫН ТОП
Жаратылыс және медицина ғылымдары саласындағы біліктілік деңгейі орта мамандар
Жаратылыс және медицина ғылымдары саласындағы біліктілік деңгейі орта мамандар жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, медицина және акушерлік, санитария және ветеринария, фармацевтика және халықтық медицина саласындағы белгіленген қағидаттар мен әдістердің теориялық мәселелерін әзірлеумен және практикалық қолднумен байланысты техникалық және көмекші функцияларды орындайды.
Осы шағын топқа енгізілген кәсіптер (мамандықтар) орта кәсіптік білімді және практикалық қызмет кезеңін талап етеді. Бұған қоса, емшілер мен дәстүрлі емес медицина практиктердің туа біткен қасиеттері мен практикалық жұмыс процесінде жинақтаған кәсіптік үлкен тәжірибесі болуы керек.
Бұл шағын топтың біліктілік деңгейі орташа мамандарының функциялары жаратылыс ғылыми зерттеулерін, агрономия, ауыл және орман шаруашылықтары саласындағы; медициналық және ветеринарлық көмек көрсетудегі; медициналық күтім және акушерлік қызметті жүзеге асыруда; дәстүрлі емес (халық) медицинасы және емшіліктегі күрделілігі бойынша ұқсас жұмыстарды жүргізу процесіндегі күрделілік деңгейі орта жұмыстарды орындауды қамтиды.
Жаратылыс және медицина ғылымдары саласындағы біліктілік деңгейі орташа мамандардың қызметіне, әдетте, ірілендірілген 2 топтың тиісті сыныптамалық топтарының біліктілік деңгейі анағұрлым жоғары мамандары, сондай-ақ түрлі деңгейдегі басшылар басшылық жасайды. Осы шағын топтың мамандары өздерінің функцияларын өздігінен орындай алады, сондай-ақ басқа қызметкерлерге қадағалауды жүзеге асыра алады.
3211 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жаратылыс ғылымдары саласындағы мамандар
Жаратылыс ғылымдары саласындағы мамандар биология және жаратылыс ғылымдары саласында зерттеулер жүргізумен, зерттеулер нәтижелерін өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада, денсаулық сақтауда және т.б. практикалық қолданумен байланысты техникалық функцияларды орындайды.
Олардың міндеттері:
- эксперименттер, сынаулар мен талдаулар жүргізу үшін материалдар мен жабдықтарды дайындауды;
- эксперименттер, сынаулар мен талдаулар жүргізу үшін жасушаларды, тіндерді немесе мүшелерді жинауды және дайындауды;
- өзінің мамандану саласында эксперименттер, сынаулар мен талдаулар жүргізу кезінде ассисент болуды;
- зерттеулер жүргізу үшін қажетті деректер жинауды, оларды жүзеге асыруға жұмыс, материалдық және еңбек шығындары көлемдерін анықтауды;
- жабдықтарды тексеруді және алдын алу тексерулерін жүргізуді, оған техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруды;
- теориялық және практикалық білімі мен машығын ғылыми зерттеулер процесінде туындайтын және техникалық проблемаларды шешуге қолдануды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Лаборант (біліктілік деңгейі орта)
Техник-лаборант
3212 БАЗАЛЫҚ ТОП
Агрономия және орман шаруашылығы жөніндегі мамандар
Агрономия және орман шаруашылығы жөніндегі мамандар агрономия және ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулермен, зерттеулер нәтижелерін ауыл және орман шаруашылықтарында практикада қолданумен байланысты техникалық міндеттерді орындайды.
Олардың міндеттері:
- эксперименттер, сынаулар мен талдаулар жүргізу үшін материалдар мен жабдықтарды дайындауды;
- эксперименттер, сынаулар мен талдаулар жүргізу үшін өсімдік және жануарлар жасушалары, тіндері үлгілерін жинауды және дайындауды;
- өзінің мамандану саласында эксперименттер, сынаулар мен талдаулар жүргізу кезінде ассисент болуды;
- тұқым үлгілерінің сапалық, тазалық және өсу жылдамдығын талдауды;
- тұқымдық және отырғызу материалдарының энтофитопатологиялық жай-күйін бақылауды, ауылшаруашылық және орман өсімдіктерінің зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөнінде жұмыс жүргізуді;
- зерттеулер жүргізу үшін қажетті деректер жинауды, оларды жүзеге асыруға жұмыс, материалдық және еңбек шығындары көлемін анықтауды;
- жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыруды;
- зиянкестер немесе аурулар бүлдірген алаңдарды және бүліну дәрежесін анықтау үшін ауылшаруашылық және орман шабындықтарына зерттеу, химиялық, биологиялық және басқа да қорғаныс құралдарын қолдану жұмыстарын жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Агроном (біліктілік деңгейі орташа)
Агроорманмелиораторы
Агрохимик (біліктілік деңгейі орташа)
Орманшы (орман қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспектор)
Топырақтанушы (біліктілік деңгейі орташа)
Техник- лесопатолог
3213 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ауыл және орман шаруашылығы жөніндегі консультанттар
Ауыл және орман шаруашылығы жөніндегі консультанттар ауыл және орман шаруашылығы проблемалары (тиімді жүргізу, озық технология, өсімдіктердің қорғаныс және карантин құралдары, т.б.) бойынша техникалық көмек көрсетеді және консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- ауыл және орман шаруашылығындағы ең жаңа әдістер мен технологиялар бойынша консультациялар беруді;
- өнім сапасын, өнімділікті, қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігін арттыру тәсілдері бойынша консультациялар беруді;
- ауыл шаруашылық дақылдары мен орман өсімдіктерін зиянкестерден, арамшөптерден, аурулардан қорғау және карантин, топырақ эрозиясымен күрес және асылдандыру проблемалары бойынша консультациялар беруді;
- деректер жинауды, жоспарларды, жобаларды немесе тәжірибелерді іске асыруға қажетті жұмыс, материалдық және еңбек шығындары көлемдерін анықтауды;
- озық әдістерді насихаттау және көрсету жөнінде жұмыс жүргізуді, лекциялар оқуды, әдістемелік материалдар таратуды;
- теориялық және практикалық білімі мен машығын ауыл және орман шаруашылықтары проблемаларын шешуге қолдануды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Консультант-маман
Асылдандыру жөніндегі техник
322 ҚҰРАМДАС ТОП
Орта медициналық қызметкерлер
Орта медициналық қызметкерлер (медициналық күтімді қоспағанда) медицина, ветеринария, стоматология, фармацевтика, санитария және денсаулық сақтаудағы басқа да туыстас саладағы ғылыми тұжырымдамаларды, қағидаттар мен әдістерді зерттеу және практикалық іске асыру процесіндегі техникалық міндеттерді орындайды.
Орта медициналық қызметкерлердің міндеттері:
- медицина, ветеринария, стоматология саласындағы санитария және гигиена мәселелері бойынша консультациялар беруді, диагностика, профилактика және емдеу жөніндегі қарапайым және күрделілігі орташа жұмыстарды;
- рационалды және диеталық тамақтану әдістерін әзірлеуді және қолдануды;
- көруді зерттеуді, көзәйнек және контакт линзаларын белгілеуді;
- физиотерапиялық емдеу жүргізуді;
- дәрі-дәрмектер әзірлеуді және қолдануды;
- медициналық көмектің гомеопатикалық және басқа да түрлерін қолдануды қамтиды.
Біліктілік деңгейі орташа медициналық қызметкерлердің (медициналық күтімді қоспағанда) қызметіне, біліктілік деңгейі анағұрлым жоғары мамандар мен басшылар басшылық жасайды. Олар басқа қызметкерлерге басшылық жасауды жүзеге асыра алады.
3221 БАЗАЛЫҚ ТОП
Фельдшерлер
Фельдшерлер емдеу-алдын алу, санитарлық-алдын алу және қатты сырқаттану және жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық жедел көмек көрсетеді. Олар өздігінен немесе дәрігерлердің басшылығымен жұмыс істейді. Олар көрсететін көмек пен қолданатын емдеу түрлерінің шектеулі күрделілік және әртүрлілік деңгейі болады.
Олардың міндеттері:
- аурулардың неғұрлым жиі кездесетін әдеттегі жағдайларын диагностикалауды, қатты сырқаттану және жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық жедел көмек көрсетуді;
- халыққа және жекелеген пациенттерге аурудың алдын алу, гигиена, диеталық тамақтану шаралары және т.б. туралы консультациялар беруді;
- дәрігер келгенше алғашқы көмек көрсетуді, оперативтік шаралар мен күрделі процедуралар кезінде дәрігерге ассисент болуды;
- қарапайым хирургиялық операциялар жүргізуді;
- ағымдық санитарлық қадағалауды жүзеге асыруды, эпидемияларға қарсы іс-шаралар жүргізуді;
- дәрілер белгілеуді және диагнозы белгіленген ауруларды, бұзылушылықтар мен зақымдануларды емдеуді;
- зертханалық зерттеулер жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Фельдшер
Фельдшер-лаборант
3222 БАЗАЛЫҚ ТОП
Гигиена, санитария және эпидемиология жөніндегі мамандар
Гигиена, санитария және эпидемиология жөніндегі мамандар санитарлық жағдайлар мен нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, санитарлық жағдайларды және қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту жөнінде көмек көрсетеді, гигиена, санитария және эпидемиология мәселелері жөнінде консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- қоршаған ортаның санитарлық жай-күйін инспекциялауды;
- санитарлық жағдайлар мен нормаларды жақсарту және сақтау, судың, ауаның, топырақтың және тамақ өнімдерінің ластануын болдырмау жөнінде шаралар қолдануды;
- тамақ өнімдерін өңдеу, қоғамдық пайдалану орындарын тазалау, қалдықтарды орналастыру және т.б. кезінде санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бақылауды;
- санитарлық нормаларды сақтау жөнінде алдын алу жұмыстарын жүргізуді, лекциялар оқуды, санитарлық материалдар таратуды;
- деректер жинауды, өлшеулер мен талдаулар жүргізуді, нормативтік санитарлық жағдайларды қалпына келтіру шараларын анықтауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Гигиена, санитария және эпидемиология жөніндегі маман
3223 БАЗАЛЫҚ ТОП
Диетологтар мен дұрыс тамақтану жөніндегі мамандар
Диетологтар мен дұрыс тамақтану жөніндегі мамандар дұрыс тамақтану қағидаттары мен әдістерін әзірлейді, жетілдіреді және қолданады, диеталарды жалпы және терапиялық мақсаттарда қолдануды жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- диеталар мен дұрыс тамақтану әдістерін әзірлеуді;
- терапиялық және басқа да диеталарды жетілдіруді, оларды жеке адамдар, санаттар, белгілі бір салалар мен қызмет салаларының қызметкерлері үшін бейімдеуді;
- дұрыс тамақтану қағидаттары мен әдістерін үйретуді, олардың емдік және алдын алу қасиеттерін түсіндіруді;
- диеталық және дұрыс тамақтану мәселелері бойынша консультациялар беруді, сауықтыру бағдарламаларын іске асыруды;
- диеталық және дұрыс тамақтану қағидаттары мен әдістерін әзірлеу саласындағы жетістіктерді қадағалауды, диетолог-дәрігерлермен және басқа да мамандармен тұрақты қарым-қатынасты қолдауды;
- диеталық және дұрыс тамақтану тақырыбына лекциялар оқуды, әңгімелер жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Медициналық диеталық мейірбике
Маман-диетолог
3224 БАЗАЛЫҚ ТОП
Оптиктер мен оптикометристер
Оптиктер мен оптикометристер арнаулы жабдықтардың көмегімен көзәйнектер мен контакт линзаларын іріктейді, көруді жақсартудың оңтайлы құралдарын таңдау, жұмыс, оқу және т.б. кезінде жарықты дұрыс пайдалану жөнінде консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- арнаулы жабдықтардың көмегімен көруді зерттеуді, көзәйнек, контакт линзаларын, көруді жақсартудың немесе түзеудің басқа да тәсілдерін тағайындауды;
- көзәйнектер мен контакт линзаларын дұрыс пайдалану, жұмыс, оқу және т.б. кезінде жарықты дұрыс пайдалану жөнінде консультациялар беруді;
- линзаларды жиектемеге орналастыруды, жиектемелер мен контакт линзалар таңдау кезінде көмектесуді;
- көрудің медициналық емдеуді қажет ететін бұзылушылық жағдайларын анықтауды, дәрігер-офтальмологке жіберуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Оптикометрист
Оптик-офтальмолог
3225 БАЗАЛЫҚ ТОП
Фельдшерлер мен техник-стоматологтар
Фельдшерлер мен техник-стоматологтар стоматологиялық емдеу-профилактикалық және әдетте, күрделілік деңгейі шектеулі тіс протездеуге көмек көрсетеді.
Олардың міндеттері:
- стоматологиялық ауруларды диагностикалауды, емдеу және күрделілік деңгейі орташа стоматологиялық жедел жәрдем көрсетуді;
- халыққа және жекелеген пациенттерге стоматологиялық аурулардың алдын алу, ауыз қуысы гигиенасы шаралары туралы консультациялар беруді;
- дәрігер-стоматологтарға көмекті, стоматологиялық құралдар мен жабдықтарды дайындауды және ұстауды, дәрігерге дейінгі тексеру жүргізуді;
- тіс протездерін, ортодонтикалық және жақ-бет протездерін дайындауды;
- жасанды қаптамаларды, штифті тістерді, көпіртектес және басқа да стоматологиялық протездерді дайындауды;
- стоматологиялық құралдар мен материалдарды жұмысқа дайындауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Тіс дәрігері (фельдшер)
Тіс технигі
3226 БАЗАЛЫҚ ТОП
Физиотерапиялық кабинеттердің орта медициналық қызметкерлері
Физиотерапиялық кабинеттердің орта медициналық қызметкерлері ультрадыбыстық, жылу, лазерлік және терапияның басқа да түрлерінің көмегімен сүйек-буын, қан тамырлары немесе нерв жүйесі бұзылушылықтарын емдеуді жүргізеді, психикалық аурулардан немесе ауытқулардан зардап шегушілерді емдеу үшін физиотерапияны және ұқсас әдістерді қолданады.
Олардың міндеттері:
- ультрадыбыстық, жылу, лазерлік және терапияның басқа да түрлерінің көмегімен сүйек-буын, қан тамырлары немесе нерв жүйесі бұзылушылықтарын емдеуді;
- сүйек-буын, қан тамырлары немесе нерв жүйесі бұзылушылықтары бар ауруларға зерттеп тексеру жүргізу кезінде дәрігер-ортопедке және басқа да маман-дәрігерлерге көмек көрсетуді;
- сүйек-буын жүйесін нығайту немесе қалпына келтіру мәселелері бойынша консультациялар беруді, емдік физкультура сабақтарын өткізуді;
- терапиялық әсері бар массаж түрлерін жасауды;
- дене ауытқулары бар пациенттердің протездерді игеруіне және пайдалануына көмек көрсетуді;
- психикалық аурулардан немесе ауытқулардан зардап шегушілерді емдеу үшін физиотерапия әдістерін қолдануды;
- физиотерапиялық, рентгенологиялық аппаратуралардың және емдеу құралдарының жарамдылығын бақылауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Физиотерапия жөніндегі медициналыфқ мейірбике
Ренгтгенолаборант
Массажшы
3227 БАЗАЛЫҚ ТОП
Фельдшерлер мен техник-ветеринарлар
Фельдшерлер мен техник-ветеринарлар профилактикалық және емдік ветеринарлық көмек көрсетеді, жануарларды дұрыс тамақтандыру және ұстауды қамтамасыз етеді. Олар өздігінен немесе маман-дәрігерлер мен зоотехниктердің басшылығымен жұмыс істейді. Олар көрсететін көмек пен емдеу түрлерінің күрделілік деңгейі шектеулі болады.
Олардың міндеттері:
- жануарларға емдеу және профилактикалық көмек көрсетуді, тексеру жүргізуді;
- жануарларға емдеуге пайдаланылатын құралдар мен материалдарды дайындауды және тәртіптеп ұстауды;
- жануарларға емдеу және олардың ауруларының алдын алу, оларды ұстаудың санитарлық нормалары мәселелері бойынша консультациялар беруді;
- қоражайлардың, азық пен жабдықтардың санитарлық жай-күйін бақылауды, оларды санитарлық өңдеу жүргізуді,
- жануарларды қарауға және емдеуге дайындауды, карантиндегі, изолятордағы, стационарлық емдеудегі жануарларға қызмет көрсетуді;
- жануарларды жасанды жолмен ұрықтандыру жөніндегі техникалық міндеттер атқаруды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ветеринарлық фельдшер
Ветеринарлық техник
Жануарларды жасанды жолмен ұрықтандыру жөніндегі техник
3228 БАЗАЛЫҚ ТОП
Фармацевтер
Біліктілігі орта деңгейдегі фармацевтер біліктілігі жоғары деңгейдегі фармацевтердің басшылығымен дәріханаларда, клиникалар мен амбулаторияларда түрлі емдік препараттарды әзірлеуді жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- дәрілерді, сулауларды, микстуралар мен басқа да емдік препараттарды әзірлеуді, оларды мөлшерлеме бойынша таратып бөлуді;
- дайындалған емдік препараттар құрамын тексеруді және беруді;
- емдік препараттарды қолдану жөнінде дәрігер ұйғарымына сәйкес ауызша немесе жазбаша түрде нұсқама беруді;
- емдік препараттарды әзірлеу және таратып бөлу үшін пайдаланылатын сыйымдылықтарды, құралдар мен жабдықтарды жұмысқа дайындауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Фармацевт (біліктілік деңгейі орташа)
3229 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген орта медициналық қызметкерлер (медициналық күтімді қоспағанда)
Осы базалық топ «Орта медициналық қызметкерлер» 322 құрамдас тобының (медициналық күтімді қоспағанда) басқа базалық топтарына енбеген орта медициналық қызметкерлерді (медициналық күтімді қоспағанда) біріктіреді.
Бұл базалық топқа психикалық немесе дене кемістіктері, ауытқушылықтары бар адамдарға терапиялық көмек көрсететін, көру мен естуді түзеумен, зағиптарды бағдарлау проблемаларымен айналысатын адамдар кіреді.
Орадық міндеттері:
- ауруларды гомеопатия әдістерімен емдеуді;
- психикалық аурулардан зардап шегетін немесе дене ауытқушылықтары бар адамдарға оларды оқыту, қандай да бір қызмет немесе демалыс процесінде терапиялық көмек көрсетуді;
- сөйлеу кемістігін және айту мәнерін түзетуді;
- көз бұлшық еттерін жаттықтыру көмегімен көруді түзеуді;
- зағиптарды бағдарлау проблемаларын шешуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Зағиптарды бағдарлау жөніндегі маман
323 ҚҰРАМДАС ТОП
Күтім және акушерлік жөніндегі медициналық қызметкерлер
Медициналық бикелер мен күтім жөніндегі медициналық қызметкерлер ауруларды күту және босандыру, сондай-ақ аналар мен сәбилерге босанғаннан кейінгі медициналық көмек көрсету ғылыми тұжырымдамаларын, қағидаттары мен әдімтерін практикалық жүзеге асырады.
Олар атқаратын міндеттер дәрігерлер мен басқа да жоғары білікті мамандарға медициналық күтім және акушерлік бойынша алдын алу және ауруларды емдеу жөніндегі медициналық шараларды іске асыруда көмек көрсетуді; медициналық және акушерлік көмектің шұғыл шараларын жүзеге асыруды, аурулар мен мүгедектердің күтімі жөнінде қызметтер көрсетуді және консультациялар беруді; аналарды босандыруды және оларға жас нәрестелерді күтуді үйретуді қамтиды.
Күтім және акушерлік жөніндегі медициналық қызметкерлер дәрігерлердің және күтім және акушерлік жөніндегі басқа да мамандардың басшылығымен жұмыс істейді. Олардың қызметіне басқа қызметкерлерге басшылық жасау да енгізіліуі мүмкін.
Бұл құрамдас топтағы кәсіптер (мамандықтар) міндетті орта кәсіптік білімді талап етеді.
3231 БАЗАЛЫҚ ТОП
Күтім жөніндегі медициналық қызметкерлер
Күтім жөніндегі медициналық қызметкерлер үйде және емдеу-профилактикалық мекемелерде ауруларға медициналық күтімді жүзеге асырады, дәрігерге дейінгі және шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
Олардың міндеттері:
- емдеу мекемелерінде және үйде күтім жасауды, емдеу-профилактикалық процедураларды орындауды;
- дәрігерлер мен басқа да мамандарға олардың міндеттерін орындауға көмектесуді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жараны орауды және басқа да медициналық көмек түрлерін орындауды;
- шұғыл жағдайларда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге жәрдемдесуді;
- анализ жасауды, құралдарды, орау материалдарын зертханалық зерттеу үшін стерилизациялауды;
- дәрігерлік тағайындаулардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етуді;
- емдік препараттардың жұмсалуын бақылауды, олардың есебін жүргізуді және сақтауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Медициналық мейірбике (патронаждық, операциялық, анестезист және басқалар)
3231 БАЗАЛЫҚ ТОП
Акушерлер
Акушерлер акушер-дәрігерлерге және гинекологтарға аналарды босандыруға көмек көрсетеді, босануға дейінгі және одан кейінгі көмек көрсетеді, оларға жас нәрестелерді күтуді үйретеді.
Олардың міндеттері:
- жүктілікті және оның мерзімін анықтауды, қалыпты босануға көмектесуді;
- жүкті және босанған әйелдерді диспансеризациялауды және патронаж жүргізуді;
- шұғыл акушерлік және гинекологиялық, сондай-ақ босанған аналар мен жас нәрестелерге жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді;
- бірінші өмір сүру жылынан бастап балалардың денсаулық жағдайы мен дамуын қадағалауды, ата-аналарын оларды күтуге үйретуді;
- шағын акушерлік және гинекологиялық операцияларға ассисент болуды;
- контрацепция әдістері мен құралдары бойынша консультациялар беруді, оларды пайдалануға көмектесуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Акушер
Фельдшер -акушер
324 ҚҰРАМДАС ТОП
Емшілер мен дәстүрлі емес медицина практиктері
Емшілер мен дәстүрлі емес медицина практиктері денсаулық жай-күйі, сондай-ақ оны сақтау және жақсарту әдістері жөнінде консультациялар жүргізеді, сендіру, биоэнергетикалық және басқа да әсер ету арқылы ағзаның тіршілік тынысын көтермелейтін халықтық әдістердің көмегімен физикалық және психикалық ауруларды емдеуді жүзеге асырады.
Олар атқаратын міндеттер денсаулықты қолдау және қалпына келтіруге ықпал ететін дұрыс тамақтану және өмір салты мәселелері бойынша консультациялар беруді; пациенттерді халық медицинасы әдістерінің көмегімен, оның ішінде шөппен емдеуді, сендіру, биоэнергетика өрісін түзеу және т.б. көмегімен емдеуді қамтиды.
Емшілер мен дәстүрлі емес медицина практиктері әдетте, өздігінен жұмыс істейді. Олардың қызметіне басқа қызметкерлерге басшылық жасау да қамтылуы мүмкін
Бұл құрамдас топтағы кәсіптер (мамандықтар) туа біткен қасиеттерді және практикалық жұмыс процесінде жинақталатын үлкен кәсіптік тәжірибені талап етеді.
3241 БАЗАЛЫҚ ТОП
Дәстүрлі емес медицина практиктері
Дәстүрлі емес медицина практиктері шөптердің, емдік өсімдіктердің және ағзаның тіршілік тынысын көтермелейтін әрі оның қорғаныс күшін қалпына келтіретін халықтық әдістердің көмегімен физикалық және психикалық ауруларды емдейді.
Олардың міндеттері:
- шөптердің, емдік өсімдіктердің, жәндіктердің және халықтық құралдар мен әдістердің көмегімен ауруларды, жаралар мен жарақаттарды емдеуді;
- денсаулықты сақтау және өзін өзі жақсы сезіну мақсатында шөптерді, емдік өсімдіктерді дұрыс пайдалану, тамақтану және мінез-құлық мәселелері бойынша консультациялар беруді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Шөппен емдеуші
Дәстүрлі емес медицина практигі (шығыстық, тибеттік және т.б.)
3242 БАЗАЛЫҚ ТОП
Емшілер
Сендірумен және дұғалармен емдейтін емшілер биоэнергетикалық әсер ету, сендіру, дұғалар мен басқа да әдістердің көмегімен физикалық және психикалық ауруларды емдейді.
Олардың міндеттері:
- биоэнергетикалық әсер ету, сендіру, дұғалар мен басқа да әдістердің көмегімен физикалық және психикалық ауруларды сендіру және дұғалардың күшімен, биоэнергетикалық өрісті түзеу арқылы емдеуді;
- денсаулықты сақтау және өзін өзі жақсы сезіну мақсатында дұрыс мінез-құлық, өмір салты және сенімге қатысты консультациялар беруді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Халық емшісі
33 ШАҒЫН ТОП
Білім беру саласындағы біліктілігі орта деңгейдегі мамандар
Білім беру саласындағы біліктілігі орта деңгейдегі мамандар мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейінде, сондай-ақ дамуында психикалық немесе дене ауытқушылықтары бар балаларға қатысты, оқыту мен тәрбиелеу функцияларын жүзеге асырады, білім беру қызметі саласындағы ұйымдық функцияларды орындайды. Көрсетілген функцияларды орындау арнаулы кәсіптік даярлықты және оқу-тәрбие саласындағы практикалық жұмыс машығын талап етеді.
Осы шағын топқа енгізілген кәсіптер (мамандықтар) арнаулы кәсіптік даярлықты немесе жалпы орта білім беру негізіндегі өзге де кәсіптік даярлықты талап етеді.
Білім беру саласындағы біліктілігі орта деңгейдегі мамандардың функциялары мектепке дейінгі балалар мен бастауыш мектеп балаларын белгіленген пәндер тізбесі бойынша оқыту бағдарламаларын дайындау және іске асыру жөніндегі күрделілігі орташа жұмыстарды орындауды; тәрбиелеу және білім беру процестерін жоспарлауды және ұйымдастыруды; оқу жоспарларын әзірлеуді және психикалық немесе дене ауытқушылықтары бар балаларды оқыту процестерін (Брайль шрифтін, ерін қозғалысы бойынша оқу техникасын және оқытудың басқа да арнаулы әдістері мен құралдарын пайдалана отырып) жүзеге асыруды; түрлі жүріп-тұру құралдарын басқаруды ұйымдастыруды және үйретуді қамтиды.
Осы шағын топ қызметкерлерінің қызметі 23 шағын тобындағы білім беру саласындағы біліктілік деңгейі едәуір жоғары мамандардың, сондай-ақ тиісті басшылардың әдістемелік басшылығымен жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қызметіне басқа қызметкерлерге басшылық жасау да енгізіліуі мүмкін.
331 ҚҰРАМДАС ТОП
Бастауыш білім беру педагогикалық қызметкерлері
Бастауыш білім беру педагогикалық қызметкерлері балаларға бастауыш білім беру деңгейіндегі бірқатар пәндерді оқытуды жүзеге асырады.
Олар орындайтын міндеттер бастауыш оқу бағдарламаларын әзірлеуді, оқу-тәрбие процестерін жүргізуді, бастауыш білім беру деңгейіндегі білім беру қызметін ұйымдастыруды қамтиды.
Бастауыш білім беру педагогикалық қызметкерлері бастауыш және мектепке дейінгі оқыту жөніндегі жоғары білікті мамандардың әдістемелік басшылығымен жұмыс істейді. Олардың міндеттері басқа қызметкерлерге басшылық жасауды да қамтуы мүмкін.
Осы құрамдас топтағы кәсіптер (мамандықтар) орта кәсіптік білімді немесе жоғары кәсіптік білімді талап етеді.
3310 БАЗАЛЫҚ ТОП
Бастауыш білім беру педагогикалық қызметкерлері
Бастауыш білім беру педагогикалық қызметкерлері балаларға бастауыш білім беру деңгейіндегі бірқатар пәндерді оқытуды жүзеге асырады. Олардың қызметі бастауыш оқу бағдарламаларын әзірлеуді, оқу-тәрбие процестерін жүргізуді қамтиды.
Олардың міндеттері:
- оқу, математиканы, ана тілін және оқу жоспары шеңберіндегі басқа да пәндерді оқытудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеуді немесе өзгертуді;
- оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыруды және жүргізуді;
- күнделікті және бақылау жұмыстары мен оқу жоспары пәндері бойынша тапсырмаларды дайындауды, тексеруді және бағалауды;
- оқушыларды сыныпта және мектептегі басқа да орындарда бақылауды;
- оқу материалын игеруде қиындық көретін оқушыларға қосымша тапсырмаларды ұйымдастыруды және жүргізуді;
- оқушының оқу материалдарын игеру барысын ата-аналарымен талқылауды, бірлескен тәрбие шараларын әзірлеуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Мұғалім (бастауыш мектепте, лицейде, гимназияда)
332 ҚҰРАМДАС ТОП
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметкерлері
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметкерлері мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту жөніндегі қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Олар орындайтын міндеттер баланың ақыл-ой және физикалық қабілеттерін дамытуға, олардың қоршаған әлем туралы қарапайым деректер мен көріністерді, тілдік және адамдар арасындағы қатынас дағдыларын меңгеруіне бағытталған оқу-тәрбие процестерін жоспарлауды және ұйымдастыруды қамтиды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметкерлері мектепке дейінгі оқыту жөніндегі жоғары білікті мамандардың әдістемелік басшылығымен жұмыс істейді. Олардың міндеттері басқа қызметкерлерге басшылық жасауды да қамтуы мүмкін.
Осы құрамдас топтағы кәсіптер (мамандықтар) орта кәсіптік білімді немесе жоғары кәсіптік білімді талап етеді.
3320 БАЗАЛЫҚ ТОП
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметкерлері
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметкерлері баланың ақыл-ой және физикалық қабілеттерін дамытуға, олардың қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту жөніндегі қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- баланың ақыл-ой және физикалық қабілеттерін дамытуға, олардың қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие процестерін жоспарлауды және ұйымдастыруды;
- балалардың тіл машығын дамыту, оларға ойын үйрету, өлеңдерді, тақпақтарды, ертегілерді жаттату жөнінде жұмыс жүргізуді;
- әр баланың жай-күйін, денсаулығын нығайтын, балаларға арналған белгіленген күн кестесін орындауын бақылауды;
- балаларды қадағалауды, ата-аналарымен бірге олардың ақыл-ой және дене дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктерді бірге талқылауды;
- балаларды қауіпсіздікті және жанжалсыз қатынастарды қамтамасыз ететін қоғамдық тәртіп ережелеріне үйретуді;
- отбасында балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға көмек көрсетуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Балабақшаның тәрбиешісі
Мектепке дейінгі тәрбие, мектептен тыс тәрбие жөніндегі инспектор
333 ҚҰРАМДАС ТОП
Арнаулы оқыту жөніндегі мұғалімдер персоналы
Арнаулы оқыту жөніндегі мұғалімдер персоналы дамуында психикалық немесе физикалық ауытқулары бар балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді белгілі бір білім беру деңгейінде оқытуды жүзеге асырады.
Олар орындайтын міндеттер оқу жоспарларын дамуында психикалық немесе физикалық ауытқулары бар адамдардың белгілі бір тобына қатысты бейімдеуді, Брайль шрифтін, ерін қозғалысы бойынша оқу техникасын және оқытудың басқа да арнаулы әдістері мен құралдарын пайдалана отырып саңырау немесе зағип адамдарға бір немесе бірнеше пәнді оқытуды қамтиды.
Арнаулы оқыту жөніндегі мұғалімдер персоналы арнаулы оқыту жөніндегі жоғары білікті мамандардың әдістемелік басшылығымен жұмыс істейді. Олардың міндеттері басқа қызметкерлерге басшылық жасауды да қамтуы мүмкін.
Осы құрамдас топтағы кәсіптер (мамандықтар) орта кәсіптік білімді немесе жоғары кәсіптік білімді талап етеді.
3330 БАЗАЛЫҚ ТОП
Арнаулы оқыту жөніндегі мұғалімдер персоналы
Арнаулы оқыту жөніндегі мұғалімдер персоналы дамуында психикалық немесе физикалық ауытқулары бар балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді белгілі бір білім беру деңгейінде оқытуды жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- оқу жоспарларын әзірлеуді және жетілдіруді, оларды дамуында психикалық немесе физикалық ауытқулары бар адамдардың белгілі бір тобына қатысты бейімдеуді;
- Брайль шрифтін, ерін қозғалысы бойынша оқу техникасын және оқытудың басқа да арнаулы әдістері мен құралдарын пайдалана отырып сабақтар дайындауды және жүргізуді;
- оқушыларды қадағалауды, олардың жетістіктерін көтермелеп, қиындықтар мен кемістіктерді жеңуіне көмектесуді;
- дамуында психикалық немесе физикалық ауытқулары бар балаларды оқыту проблемаларын дәрігерлермен, ата-аналарымен, әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп талқылауды;
- жеке оқу жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Оқытушы (арнаулы оқыту жөніндегі білім беру жүйесінің біліктілігі орта маманы)
334 ҚҰРАМДАС ТОП
Оқыту жөніндегі басқа да орта персонал
Оқыту жөніндегі басқа да орта персонал арнаулы оқыту жөніндегі алдыңғы топтарға енбеген бағыттар бойынша оқытуды (нұсқау беруді) жүзеге асырады.
Олар орындайтын міндеттер автомобильді, ұшақтарды, метро және теміржол поездарын жүргізуді, оқушылардың жол қозғалысы құралдарын меңгеру және басқа да қызмет түрлері машықтарын меңгеруді үйретуді қамтиды.
Оқыту жөніндегі басқа да орта персонал жоғары білікті мамандар мен басшылардың басшылығымен жұмыс істейді. Олар басқа қызметкерлерге басшылық жасауды жүзеге асыра алады.
Осы құрамдас топтағы кәсіптер (мамандықтар) орта кәсіптік білімді және әжептәуір практикалық жұмыс тәжірибесін талап етеді.
3340 БАЗАЛЫҚ ТОП
Оқыту жөніндегі басқа да орта персонал
Оқыту жөніндегі басқа да орта персонал автомобильді, ұшақтарды, метро және теміржол поездарын жүргізуді, оқушылардың жол қозғалысы құралдарын меңгеру және басқа да қызмет түрлерін меңгеруін оқытуды жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- жол жүру құралдарының, құрылғыларының жұмыс істеу, оларды басқару қағидаттарын түсіндіруді;
- оқу сапарларында, ұшуларда оқушыларға ілесіп жүруді, жүргізу, басқару және басқа да жұмыс машығын бақылауды;
- жердегі және әуе көлік құралдарының қозғалыс ережелерін түсіндіруді, оларды білуін және сақтауын бақылауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Парашют вышкасының нұсқаушысы
Су стансасының нұсқаушысы
34 ШАҒЫН ТОП
Қаржы-экономикалық, әкімшілік және әлеуметтік қызметтер саласындағы орта персонал
Қаржы-экономикалық, әкімшілік және әлеуметтік қызметтер саласындағы орта персонал қаржы-экономикалық, әкімшілік және әлеуметтік салада практикалық қаржы және сауда қызметін жүзеге асыру, коммерциялық операцияларды, бухгалтерлік және статистикалық есептерді жүргізу, әкімшілік және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру, әлеуметтік қамсыздандыру процесіндегі, ойын-сауық, спорт және дін саласындағы техникалық және көмекші функцияларды орындайды. Көрсетілген функцияларды орындау белгілі бір теориялық дайындықты және арнаулы білімдер саласындағы қағидаттар мен әдістерді іске асырудың практикалық тәжірибесі болуын қарастырады.
Осы шағын топ кәсіптері (мамандықтары) әдетте, орта кәсіптік білімді немесе жалпы орта білімді және кейіннен кәсіптік оқуды (курстық немесе жеке) талап етеді.
Қаржы-экономикалық, әкімшілік және әлеуметтік қызмет саласындағы мамандар мен орта персоналдың қызметіне 24 шағын тобының біліктілігі анағұрлым жоғары мамандары мен басшылар басшылық етуі мүмкін. Олардың қызметі басқа қызметкерлерге басшылық жасауды қамтуы мүмкін.
Ұлттық білім беру мен оқытудың деңгейлері мен нысандарын, сондай-ақ нақты лауазымдық міндеттердің айрықшалықтарын ескере отырып, кейбір кәсіптерді (мамандықтарды) «Біліктілік деңгейі жоғары басқа мамандар» 24 шағын тобына жатқызу мүмкін болады.
341 ҚҰРАМДАС ТОП
Қаржы және сауда қызметі саласындағы орта персонал
Қаржы және сауда қызметі саласындағы орта персонал әртүрлі коммерциялық және коммерциялық емес қызметтер көрсетеді; түрлі құнды қағаздарды, шетелдік валютаны, жылжитын және жылжымайтын мүлікті сатып алады және сатады; түрлі сақтандыруды жүзеге асырады; көтерме сатулар мен сатып алуларда агенттер ретінде жүреді; тауар және мүліктер құнын бағалайды; аукциондық сатулар мен т.б. жүзеге асырады.
Бұл персоналдар орындайтын міндеттер: құнды қағаздар, шетелдік валютасы, жылжитын және жылжымайтын мүлік рыногындағы коньюнктураны зерттеуді; клиенттің немесе өзінің атынан сатып алуға немесе сатуға мәмілелер жасауды; сақтандыру туралы шарттар жасауды; жылжымайтын мүлікке қаржы құжаттарын және меншік құқығы берілуін тіркеуді қамтамасыз етуді; саяхаттармен байланысты қызметтерді сатуға және консультациялар беруді; тауарлар мен қызметтерді көтеріп сату және сатып алуды; тауарлардың, жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын анықтауды және аукционнан сатуды қамтиды.
Қаржы және сауда қызметі саласындағы орта персонал қызметіне басқарушылар немесе жоғары білікті мамандар басшылық жасауы мүмкін. Олардың өздері де басқа қызметкерлерге басшылық жасауды жүзеге асыра алады.
Осы құрамдас топтағы кәсіптер (мамандықтар) орта кәсіптік білімді немесе жалпы орта білімді және кейіннен арнаулы курстық даярлықты талап етеді.
3411 БАЗАЛЫҚ ТОП
Дилерлер мен брокерлер
Құнды қағаздар мен қаржы құжаттарын сату жөніндегі дилерлер мен брокерлер фондылық биржада клиенттің тапсыруымен және оның атынан немесе өзінің атынан құнды қағаздармен және шетелдік валютамен әртүрлі коммерциялық операцияларды жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- құнды қағаздар мен шетелдік валюта рыногындағы коньюнктураны зерттеуді;
- сатып алушыларға рыноктың, құнды қағаздардың, акциялардың, облигациялардың, шетелдік валютаның жай-күйі және перспективалары туралы ақпарат беруді;
- инвестиция өндірісі үшін клиенттер мен компаниялардың қаржы жағдайы туралы ақпараталуды;
- клиенттерге акцияларды, облигацияларды орналастырудың, несие алудың неғұрлым тиімді және перспективалы нұсқалары туралы консультациялар беруді;
- құнды қағаздарды, акцияларды, облигацияларды, шетелдік валютаны сату және сатып алу туралы мәмілелерді тіркеуді, қажетті қаржы құжаттарын рәсімдеуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Брокер (қаржылық, коммерциялық)
Дилер
3412 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сақтандыру агенттері
Сақтандыру агенттері кленттерді сақтандыру түрлері, мерзімдері және шарттары туралы хабардар етеді, сақтандыру түрлері туралы шарттар жасайды және рәсімдейді.
Олардың міндеттері:
- сақтандыру түрлері туралы бойынша құжаттар рәсімдеуді және төлемдер қабылдауды;
- құнды қағаздар мен шетелдік валюта рыногындағы коньюнктураны зерттеуді;
- сатып алушыларға рыноктың, құнды қағаздардың, акциялардың, облигациялардың, шетелдік валютаның жай-күйі және перспективалары туралы ақпарат беруді;
- сақтандырудың түрі, мөлшері және шарттары туралы клиенттермен келіссөздер жүргізуді;
- сақтандырудың қажетті түрі мен төлем шарттарын анықтау үшін клиенттің материалдық жағдайы туралы ақпарат алуды;
- өмірді сақтандыру, жазатайым оқиғалардан сақтандыру, үйді немесе автомобильді сақтардыру, аралас сақтандыру, балаларды, саяхатты, салымдарды және т.б. сақтандыру туралы шарттар жасауды және рәсімдеуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сақтандыру агенті
3413 БАЗАЛЫҚ ТОП
Мүлік сату жөніндегі агенттер
Мүлік сату жөніндегі агенттер клиенттердің тапсырмасы бойынша және олардың атынан жылжымайтын мүлікті сатып алумен, сатумен және жалға берумен айналысады.
Олардың міндеттері:
- сатылатын немесе жалға берілетін жылжымайтын нысан туралы, олардың иесінің және сатып алушылардың (жалға алушылардың) талаптары туралы ақпарат жинауды;
- сатылатын немесе жалға берілетін жылжымайтын нысандарды сатып алушыларға (жалға алушыларға) көрсетуді, сатудың немесе жалға берудің шарттарын түсіндіруді;
- меншікке құқықтың берілуін немесе жалға беру туралы шартты рәсімдеуді ұйымдастыруды;
- иесінің атынан жал төлемін алуды, жылжымайтын мүлікті жалға дейін, жалға беру уақытында және кейін қарауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі агент
3414 БАЗАЛЫҚ ТОП
Саяхаттарды ұйымдастырушылар, туристік агенттер, туристік операторлар
Саяхаттарды ұйымдастырушылар, туристік агенттер, туристік операторлар саяхаттар мен экскурсиялардың бағыттарын жоспарлайды, олардың кестесін жасайды, туристік және іскерлік саяхаттарға жолдамалар мен билеттер сатуды, демалушыларды қонақүйлері мен отельдерге орналастыруды ұйымдастырады.
Олардың міндеттері:
- саяхаттар мен экскурсиялардың бағыттарын әзірлеуді, экскурсиялар өткізуді;
- саяхаттармен және экскурсиялармен байланысты ұйымдық мәселелерді: көлік түрлерінің болуын, жайлылығын, құнын айқындауды, билеттерді және қонақүйлері мен отельдерде тұру орындарын резервте сақтау мәселелерін шешуді;
- туристік билеттер беруді, саяхаттағы және экскурсиядағы клиенттерді қонақүйлері мен отельдерде орналастыруды, олардың тамақтануын ұйымдастыруды;
- іскерлік іс-шаралар өткізу үшін сапарлар ұйымдастыруды;
- саяхаттар мен экскурсияларға қажетті құжаттарды рәсімдеуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Туризм жөніндегі инспектор
Туристік агент
Туристік оператор
Саяхат (экскурсия) ұйымдастырушы
3415 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сату жөніндегі агенттер
Сату жөніндегі агенттер қажетті ақпарат береді, түрлі тауарларды, техникалық жабдықтарды және қызметтерді көтерме сатуды жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- тапсырыстар қабылдауды және өнеркәсіп, бөлшек және көтерме сауда ұйымдарына және басқаларына тауарлардың көтерме партияларын сатуды;
- техникалық жабдықтарды және қызметтерді сатуды, жабдық жұмысының сипаттамасы, кестесі және ерекшеліктері туралы ақпарат беруді, оның жұмысын көрсетуді;
- жасаушыларға клиенттердің пікірлерін, талаптары мен шағымдары хабарлауды;
- тауарларды, техникалық жабдықтарды және қызметтерді сатуға қажетті құжаттарды рәсімдеуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Коммерциялық агент
Коммивояжер
Теңіз агенті
3416 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сатып алулар жөніндегі агенттер
Сатып алулар жөніндегі агенттер өнеркәсіптік, сауда, коммерциялық және басқа да ұйымдар атынан түрлі тауарларды, техникалық жабдықтарды және қызметтерді сатып алады.
Олардың міндеттері:
- ақпарат алуды, келіссөздер жүргізуді және өнеркәсіп кәсіпорындары, кәсіпорындар, әлеуметтік сала ұйымдары үшін тауарларды, техникалық жабдықтарды және қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасауды;
- сатып алушылар талаптарын анықтауды, сатылатын және сатып алынатын тауарлардың қоры, саны мен сапасы туралы ақпарат жинауды, сатып алудың құны, мерзімдері және басқа да шарттары туралы келісімге қол жеткізуді;
- шарт жасауға қажетті құжаттарды рәсімдеуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сатып алу жөніндегі агент
Жабдықтау жөніндегі агент
3417 БАЗАЛЫҚ ТОП
Авариялық комиссарлар, бағалаушылар
Авариялық комиссарлар, бағалаушылар тауарлық материалдық құндылықтардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкін бағалайды, сақтандыру ақшасын төлеген кезде залалды анықтайды; сақтандырылған көлік құралдары мен жүктер бойынша шығындар мөлшерінің себебін, сипатын және мөлшерін белгілеумен айналысады.
Олардың міндеттері:
- жылжымайтын мүліктің, өндірістік жабдықтың, тауарлардың, шикізаттың, үй және жеке мүліктің, өнер туындыларының, бағалы тастардың және сату немесе сақтандыру үшін берілетін басқа да заттардың сапасы мен құнын анықтауды;
- шығын мен сақтандыру полисі бойынша төленетін зиянды өтеу сомасының мөлшерін анықтауды;
- қажетті құжаттаманы әзірлеуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылық етуді қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Аджастер
Авариялық комиссар
Бағалаушы
3418 БАЗАЛЫҚ ТОП
Аукционшылар
Аукционшылар жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, тауарлық материалдық құндылықтарды, өнер туындыларын, қымбат және басқа да заттарды аукционнан сатуды жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, тауарларды, шикізатты, жабдықты, малды, өнер туындыларын, зергерлік бұйымдарды және тағы басқаларды аукционнан сатуды;
- аукциондық сатулардың дұрыстығы мен заңдылығын бақылауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді орындауды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Аукционшы
3419 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қаржы және сауда қызметтері саласындағы басқа топтарға енбеген өзге қызметшілер
Бұл базалық топ «Қаржы және сауда қызметі саласындағы орта қызметшілер» 341 құрамдас тобының басқа базалық топтарына енбеген өзге қызметшілерін қамтиды.
Қаржы және сауда қызметі саласындағы орта қызметшілер түрлі коммерциялық және коммерциялық емес қызметтер түрлерін көрсетеді; шетелдік валютаны айырбастайды және сатады; көтерме сату және сатып алу кезінде инспекторлар ретінде жұмыс істейді;
Бұл қызметшілер орындайтын міндеттер:
сақтандыру (қайты сақтандыру) портфелін қалыптастыруды;
әлемдік сақтандыру нарығындағы жағдайды білу, нарықты талдауды және басқаруды;
шетелдік валютаның, тауарлардың коньюктурасын және басқаны зерттеуді;
қызметтер көрсетуді ұйымдастыруды, кеңес беруді және сатуды;
тауарлар мен қызметтерді сатуды және сатып алуды инспекциялауды;
инкассация мен құндылықтарды тасымалдауды инспекциялауды және ұйымдастыруды;
тауарлардың құнын белгілеуді;
басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Андеррайтер
Инкассацияны ұйымдастыру және құндылықтарды тасымалдау жөніндегі инспектор
Айырбастау пунктінің инспекторы
342 ҚҰРАМДАС ТОП
Сауда-коммерциялық қызметі мен қызметтер көрсету саласындағы орта қызметкерлер
Сауда-коммерциялық қызметі мен қызметтер көрсету саласындағы орта қызметкерлер сатып алушылар мен тауар сатушылары арасындағы делдалдық қызметті, көтерме сатып алулар мен сатуды жүзеге асырады; бос жұмыс орындарын іріктейді және бос лауазымдарға қызметкерлер іздейді, еңбек шарттарын жасасады; басқа да коммерциялық қызметтер көрсетеді.
Олардың орындайтын міндеттері тауарлардың көтерме партияларын сатып алу және сатуды, сатып алушылар мен сатушылар арасында қажетті қарым-қатынастар орнатуды; еңбек шарттарын және жалға алу шарттарын жасасқан кезде техникалық және ұйымдық мәселелерді шешуді, бос лауазымдарға қызметкерлер іздеу және жұмыс іздегендерге бос жұмыс орындарын іздестіруді; іскерлік байланыстарды ұйымдастыруды; түрлі коммерциялық қызметтерді сатуды, байланыстарды ұйымдастыруды қамтиды.
Орта қызметкерлердің сауда-коммерциялық әрекеттері мен қызметтер көрсету саласындағы қызметіне менеджерлер немесе біліктілік деңгейі жоғарылау мамандар басшылық жасайды. Олар басқа қызметкерлерге де басшылық жасай алады.
Бұл құрамдас топтың қызметтері (кәсіптері) орта кәсіптік немесе жалпы білімді және тиісті курстық даярлықты талап етеді.
3421 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сауда брокерлері
Сауда брокерлері тауар-шикізат биржаларында көтерме тауарлар партияларын сатуды және сатып алуды жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
сатып алушылар мен сатушылар арасында қажетті байланыстар орнатуды;
тауар-шикізат нарығында қалыптасқан коньюктураға қатысты клиенттерді ақпараттандыруды;
тауарлар сатып алуға немесе сатуға қатысты клиенттердің талаптарын талқылауды;
аукциондық каталогтарды ұсынуды, жөнелтім бағасын анықтауды, клиенттің атынан аукционда баға қосуды;
тауарларды сату немесе сатып алу туралы клиенттер атынан келіссөздер жүргізуді, мәмілелер жасасуды;
көлік-жүк шығыстарының мөлшерін анықтауды, олардың құнын клиенттерден алуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Брокер (сауда)
3422 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сауда-коммерциялық агенттер мен экспедиторлар
Сауда-коммерциялық агенттер мен экспедиторлар кедендік-баждық ресімдерді орындауды, сақтандыру және экспорттық-импорттық лицензиялар ресімдеуді жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
кедендік-баждық лицензияларды ресімдеуді;
сақтандыру құжаттарын ресімдеуді;
қажетті қаржы-коммерциялық құжаттарға қол қоюды және оларды беруді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Кедендік баждар жөніндегі маман (агент)
Экспедитор
Жүк тасымалдау жөніндегі экспедитор
3423 БАЗАЛЫҚ ТОП
Кадрлық қызметтер мен жұмысқа орналастыру ұйымдарының
мамандары
Кадрлық қызметтер мен жұмысқа орналастыру ұйымдарының мамандары жұмыс іздеген адамдарға бос жұмыс орындары мен лауазымдар іріктеуді, бос жұмыс орындарға қызметкерлерді іздестіруді жүзеге асырады, ұйымның атынан қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасады, кадрлармен жұмыс жүргізеді.
Олардың міндеттері:
жұмыс іздеген адамдарға бос жұмыс орындары мен лауазымдарды іріктеуді;
бос жұмыс орындарын орналастыру үшін белгілі біліктілік сипатындағы қызметкерлерді іздестіруді;
қолданылып жүрген еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды, босатуды ресімдеуді;
қызметкерлермен кәсіпорынның, мекеменің және ұйымның атынан, қолданылып жүрген еңбек немесе халықаралық заңнамаға сәйкес еңбек шарттарын жасасуды және ресімдеуді;
жеке құрам есебін және басқа да белгіленген кадрлық құжаттаманы жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Кадрлар жөніндегі инспектор
Жұмысқа орналастыру жөніндегі маман (жетекші, аға)
3429 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген өзге сауда-коммерция қызметкерлері
Бұл базалық топқа «Сауда-коммерциялық қызмет пен көрсетілетін қызметтердің орта қызметкерлері» 342 - құрамдас тобының басқа базалық топтарына енбеген өзге сауда-коммерция қызметкерлері енеді.
Олардың міндеттері:
- коммерциялық және көлік қызметтерін көрсетуді іске асыруды, сату туралы ақпарат алуды және келіссөздер жүргізуді;
- әртістер мен спортшылардың өнер көрсетулері туралы келісім-шарттар жасасуды ұйымдастыруды;
- келіссөздер жүргізуді, келісім-шарттың шарттарын түсіндіруді және олардың сақталуын қамтамасыз етуді;
- клиенттер атынан кітаптар шығаруды, пьесалар қоюды, музыкалық туындыларды орындауды, оларды жазуды және музыкалық өнімді сату туралы келісім-шарттар жасасуды;
- заңгерлерге, психологтарға және басқаларға консультациялар жөнінде делдалдық қызметтер көрсетуді ұйымдастыруды;
- тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Агент (коммерциялық, көлік, жарнамалық және басқа да қызметтер)
Фрахтовшы
343 ҚҰРАМДАС ТОП
Орта әкімшілік-басқарма қызметкерлері
Орта әкімшілік-басқарма қызметкерлері ұйымдық бөлімше шеңберінде әкімшілік-үйлестіру қызметін жүзеге асырады, құрылымдық бірліктер арасында ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді.
Орындайтын міндеттері ақпараттық-құжаттамалық жұмыстарды жүргізуді; заң құжаттарын ресімдеуді; барлық қаржы операцияларын толық есепке алуды; ақпараттық-статистикалық материалдарды жинауды, өңдеуді және ұсынуды, жеке дипломаттық қызметтерді, жауапты хатшының міндеттерін, сондай-ақ ұйымдыр мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі барлық әкімшілік-үйлестіру мәселелерін шешуді қамтиды.
Орта әкімшілік-басқарма қызметкерлері біліктілік деңгейі жоғарылау мамандардың және басқарушылардың басшылығымен жұмыс істейді. Олардың қызметі басқа қызметкерлерге басшылықты қамтуы мүмкін.
Бұл құрамдас топтың қызметтері (кәсіптері) орта кәсіптік білімді немесе жалпы орта білімді және арнайы курстық даярлықты талап етеді.
3431 БАЗАЛЫҚ ТОП
Әкімшілік-басқарма қызметкерлері
Әкімшілік-басқарма қызметкерлері мен ұқсас кәсіптер қызметкерлері ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі әкімшілік-ұйымдастыру мәселелерін шешуді, құжаттаманы жүргізуді және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- іскерлік хат алмасуды, хаттамаларды және басқа да әкімшілік құжаттарды жүргізуді;
- отырыстарды, кеңестерді, іскерлік кездесулер мен жүріп-тұруларды ұйымдастыруды;
- түрлі іс-шараларды өткізу мерзімін келісуді, олардың сақталуын бақылауды;
- әкімшілік-ұйымдық сипаттағы мәселелер шешуде басшылар мен қызметкерлерге көмек көрсетуді;
- келісім-шарттардың, шарттардың жобаларын әзірлеуді, келіссөздер жүргізуді, келушілер мен қызметкерлерді қабылдауды ұйымдастыруды;
-мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Әкімші
Тұсаукесер басқарушы
3432 БАЗАЛЫҚ ТОП
Орта заң қызметкерлері
Орта заң қызметкерлері мен ұқсас кәсіптер қызметкерлері ұйымдар басшылары мен мамандарына, сондай-ақ азаматтарға заң мәселелерін шешуге, құқықтық сипаттағы құжаттар әзірлеуге, қаржы мәмілелерін және басқа да заңдық қамтамасыз етуді талап ететін істерді жасасуға көмек көрсетеді.
Олардың міндеттері:
заң мәселелері мен құжаттарын зерттеуге, басшыларға, мамандарға және азаматтарға заң мәселелерін шешуге құқықтық көмек беруді;
- заң мәселелері жөнінде баяндау хат әзірлеуді;
- сот және төрелік сотқа беру үшін талаптық материалдарды жасауды, сот және төрелік істерді есепке алуды және сақтауды;
- шаруашылық-экономикалық шарттарды және қаржы мәмілелерін заңды түрде ресімдеуді;
- заң құжаттарын әзірлеуді, тиісті тіркеу үшін оларды ұсынудың дұрыстығын және уақтылығын бақылауды;
- ағымдағы заңнама, оны өзгерту және толықтыру мәселелері жөнінде консультация беруді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сот отырысының хатшысы;
Сот атқарушысы
Сот иеленушісі
Заң кеңесшісі (біліктілік денгейі орташа)
3433 БАЗАЛЫҚ ТОП
Бухгалтерлер
Бухгалтерлер ұйымның қаржы операцияларына толық есеп жүргізеді, тиісті бухгалтерлік құжаттама әзірлейді және қаржы құжаттарының дұрыс ресімделуін тексеруді жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- ұйымның барлық қаржы операцияларына есеп жүргізуді және оны бас бухгалтердің басшылығымен жүргізудің жалпы қағидаларына сәйкес бухгалтерлік есептің басқа түрлері бойынша жұмыс жүргізуді;
- алғашқы бухгалтерлік құжаттама дайындауды;
- ақша төлемдеріне, түсімдеріне қатысты құжаттар ресімделуінің және басқа да қаржы операцияларының дұрыстығын тексеруді;
- қаржы есептерін әзірлеуді;
- жұмыс барысында туындайтын проблемаларды шешу үшін, сондай-ақ есептің өзінің нысандары мен әдістерін жетілдіру мақсатында бухгалтерлік есеп саласындағы теориялық білім мен практикалық тәжірибені қолдануды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бухгалтер
3434 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ақпараттық-статистикалық орта қызметкерлер
Ақпараттық-статистикалық орта қызметкерлер ұйымның қаржы және экономикалық бөлімшелерінің операцияларымен байланысты статистикалық ақпарат жинауды және өңдеуді жүзеге асырады. Олардың қызметін, әдетте, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар (математиктер, статистиктер және басқалар) басқарады.
Олардың міндеттері:
- статистикалық деректер жинауды, оларды өңдеуді және ресімдеуді;
- сомалық, орта, пайыздық және басқа өлшемдерді есептеуді, кестелер мен графиктерді ресімдеуді;
- қаржы құжаттарын жасауды, пайыздарды, комиссиялық және елтаңба алымдарын есептеуді;
- клиенттер немесе кәсіпкерлер сататын немесе сатып алатын облигацияларды, акцияларды және өзге бағалы қағаздарды есепке алу кітабын жүргізуді;
- санақтар және басқа да статистикалық зерттеулер жүргізу кезінде техникалық міндеттерді орындауды, есеп машиналарын пайдалануды және оларға қызметтер көрсетуді;
- статистикалық және математикалық есеп айырысу мен есептеуді орындау үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің стандарттық кешендерін пайдалануды;
- жұмыс барысында туындайтын проблемаларды шешу үшін статистикалық және математикалық зерттеулер мен есептеу саласында теоретиялық білім мен практикалық тәжірибені қолдануды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Статисшы (біліктілік денгейі орташа)
Медициналық статисшы
3439 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген өзге әкімшілік-басқарма қызметкерлері
Бұл базалық топқа «Орта әкімшілік-басқару қызметкерлері» 343 құрамдас топтың басқа базалық топтарына кірмейтін өзге әкімшілік-басқару қызметкерлері енеді.
Олардың міндеттері:
- консулдық қызметшілер міндеттерін атқаруды;
- ұйымдар мен ведомстволар басшылары үшін жауапты хатшылардың міндеттерін атқаруды;
- жауапты хатшылардың міндеттерін атқаруды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге башылықты қамти алады.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Дипломатиялық курьер
Шығармашылық одақтың (қауымдастықтың) хатшысы.
344 ҚҰРАМДАС ТОП
Мемлекеттік қызметтің орта қызметкерлері
Мемлекеттік қызметтің орта қызметкерлері мемлекеттік шекараға, салық салуға, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қабылданған мемлекеттік заңдар мен қаулылардың сақталуын қамтамасыз етеді; жүріп-тұруға, тауарларды, шетелдік валютаны енгізуге және шығаруға лицензиялар мен рұқсаттар беруді бақылайды және мемлекеттік реттеуге жататын басқа да қызметті жүзеге асырады.
Қызметкерлер міндеттері мемлекеттік шекараны қорғауды, шекарадан өткізілетін адамдарды, көлік құралдары мен құжаттарды, сондай-ақ тауарларды, мемлекеттік заңдардың және қаулылардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тексеру жүргізуді; жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар сомасын анықтау үшін салық декларацияларын тексеруді; әлеуметтік қамтамасыз ету және көмек жөніндегі төлемдерге, жүріп-тұру, сауда-өнеркәсіптік кәспорындар мекемелерінің тауарларын енгізу және шығару үшін қажетті үкіметтік рұқсаттар мен лицензияларды беруге және мемлекеттік реттеуге жататын басқа қызметтерге қатысты шешімдерді қарауды және қабылдауды қамтиды.
Мемлекеттік қызметтің орта қызметкерлері аға мемлекеттік қызметкерлердің басшылығымен қызмет істейді. Олардың қызметі қолданылып жүрген заңнамамен реттеледі және басқа қызметкерлерге басшылықты қамти алады.
Бұл құрамдас топтың қызметтері (кәсіптері) орта кәсіптік немесе жалпы орта білімді және арнайы курстық даярлықты талап етеді.
3441 БАЗАЛЫҚ ТОП
Кеден және шекара инспекторлары
Кеден және шекара инспекторлары мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтарды және көлік құралдарын, мемлекеттік заңдардың, қаулылардың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тексеруді жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- мемлекеттік шекара мен аумақтық суларды қорғауды, мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен, сондай-ақ тауарлар мен валютаны заңсыз енгізуді және шығаруды жүзеге асыратын адамдарды ұстауды;
- мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтарда құжаттарының болуы және олардың дұрыстығын тексеруді;
- тауарлар мен валютаны енгізуге және шығаруға мемлекеттік заңдар мен қаулыларды сақтау мақсатында мемлекеттік шекарадан өтетін адамдардың қол жүгін қарауды және тексеруді;
- мемлекетаралық жүк тасымалдауды реттейтін мемлекеттік заңдар мен қаулыларды сақтау мақсатында мемлекеттік шекарадан өтетін көлік құралдарын және жүктің ілеспе құжаттарын тексеруді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамти алады.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Кеден инспекторы
Шекара инспекторы
3442 БАЗАЛЫҚ ТОП
Мемлекеттік салық қызметшілері
Мемлекеттік салық қызметшілері жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтың түрі мен сомаларын анықтау үшін салық декларациясы мен басқа да құжаттарды тексеруді жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтың, баждардың, алымдардың түрі мен сомаларын анықтау үшін салық декларациялары мен басқа да тиісті құжаттарды тексеруді;
- мемлекеттік салық заңнамасына, азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты жеке және заңды тұлғаларға консультация беруді;
- ерекше маңызды, күрделі және даулы істерді мемлекеттік аға қызметкерлеріне, тиісті құжаттар ұсына отырып жолдауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Салық инспекторы
Салық ревизор-инспекторы.
3443 БАЗАЛЫҚ ТОП
Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі
мемлекеттік қызметшілер
Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік және мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жөнінде тағайындауға және төлеуге қатысты өтініштерді қарайды және қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес шешімдер қабылдайды.
Олардың міндеттері:
- жекелеген азаматтар мен әлеуметтік топтарға берілетін зейнетақылардың, басқа да әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың түрі мен мөлшерін анықтау үшін арыздарды және басқа да тиісті құжаттарды қарауды;
- азаматтарға қолданылып жүрген мемлекеттік зейнетақы заңнамасына, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі заңдар мен қаулыларға қатысты консультациялар беруді, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді;
- әлеуметтік көмек көрсету және зейнетақы төлеу туралы маңызды немесе даулы істерді мемлекеттік аға қызметшілеріне, тиісті құжаттаманы ұсынумен жолдауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі ұйымдардағы инспектор (орта қызметкерлер)
Әлеуметтік қорғау жөніндегі ұйымдардағы инспектор (орта қызметкерлер)
3444 БАЗАЛЫҚ ТОП
Лицензиялар жөніндегі мемлекеттік қызметшілер
Лицензиялар жөніндегі мемлекеттік қызметшілер тауарлар енгізуге және шығаруға лицензиялар беру туралы өтініштерді қарайды және шешім қабылдайды, сауда-өнеркәсіп ұйымын құру, елге келіп кету, төлқұжат алу және мемлекеттік реттеуге жататын басқа да жұмыстарды орындайды.
Олардың міндеттері:
- лицензиялар берудің мүмкіндігін, заңдылығын және шарттарын анықтау үшін өтініштер мен басқа да тиісті құжаттарды қарауды;
- азаматтар мен заңды тұлғаларға қолданылып жүрген мемлекеттік лицензиялық заңнамаға қатысты консультациялар беруді, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді;
- лицензия беру туралы ерекше күрделі немесе ерекше маңызды істерді тиісті құжаттаманы ұсына отырып, мемлекеттік аға қызметкерлерге жолдауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Лицензиялар беру жөніндегі инспектор
Иммиграциялық қызмет инспекторы
3449 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген мемлекеттік қызметтің өзге де орта
қызметкерлері
«Мемлекеттік қызметтің орта қызметкерлері» 334 басқа топтарға енбеген мемлекеттік қызметтің өзге орта қызметкерлері. Олардың міндеттері нақты қызмет құзыретінің шеңберінде қолданылатын мемлекеттік заңнаманың сақталуын инспекциялауды және бақылауды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Коммерциялық ревизор
345 ҚҰРАМДАС ТОП
Полициялар мен детективтер
Полициялар мен детективтер құқық бұзушылықтарды тергеуге, оларды ашу және болдырмау үшін қажетті ақпаратты іздестіруге қатысады. Олардың орындайтын міндеттері жасалған қылмыстың фактілері мен мән-жайын, оған қатысты адамдарды анықтау мақсатында жинауды және тергеуді; құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында адамдар мен ұйымдар туралы ақпарат жинауды; құқыққа қарсы мінез-құлық жағдайларын тергеуді; тұтқындауды; сотта куәгер болуды қамтиды.
Полициялар мен детективтер біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандардың және басшылардың басқаруымен қызмет істейді.
Олардың қызметі басқа қызметкерлерге басшылықты да қамтуы мүмкін.
Бұл құрамдас топтың қызметтері (кәсіптері) кемінде орта кәсіптік білімді талап етеді.
3450 БАЗАЛЫҚ ТОП
Достарыңызбен бөлісу: |