Тасќынынан, ќўламалардан жјне пайдалы ќазбалар мен кен орныныѕ сапасын тґмендететін басќа да факторлардан ќорєауын, баќылау



жүктеу 7,21 Mb.
бет17/25
Дата04.02.2020
өлшемі7,21 Mb.
#28189
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

233 ҚҰРАМДАС ТОП
Бастауыш мектептегі және мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мұғалімдер*

___________

*233 топты 331, 332 топтарда ескеру қажет


234 ҚҰРАМДАС ТОП

Арнаулы білім беру жүйесінің оқытушылары

Арнаулы білім беру жүйесінің оқытушылары дене және ақыл-ой кемістігі бар балаларды, сондай-ақ белгілі бір білім беру деңгейінде қиындықтар туындайтындарды оқытады.

Бұл мамандардың негізгі міндеттері оқу бағдарламаларын дене және ақыл-ой кемістігі бар адамдардың, сондай-ақ белгілі бір білім беру деңгейінде қиындықтар туындайтындардың ерекшеліктеріне қарай бейімдеуді; арнаулы тәсілдер мен әдістерді, мәселен, зағиптар мен саңырауларды Брайль әдісі бойынша, еріндерге қарап оқу және т.б. қолдана отырып бір немесе бірнеше пән бойынша сабақ жүргізуді; оқу процестерін ұйымдастыруға қатысуды, арнаулы білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды; өздерінің педагогикалық жұмысымен байланысты есептер мен басқа да құжаттамаларды жасауды; міндеттерінің мазмұны бойынша туыстас міндеттерді атқаруды қамтиды. Кейбір жағдайларда олардың міндеттері басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтуы мүмкін.
2340 БАЗАЛЫҚ ТОП

Арнаулы білім беру жүйесінің оқытушылары
Арнаулы білім беру жүйесінің оқытушылары дамуында дене және ақыл-ой ауытқушылықтары бар балалар мен ересектерді оқытады.

Олардың міндеттері:

- дамуында дене және ақыл-ой ауытқушылықтары бар балалар мен ересектерді (зағиптарды, саңырауларды, мылқауларды және тағы с.) арнаулы оқыту бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды, тәрбие, сыныптан тыс және оңалту жұмысын перспективалық және ағымдық жоспарлауды;

- ауытқушылықтар мен кемістіктердің құрылымы мен біліну дәрежесін айқындау мақсатымен оқушыларды (тәрбиеленушілерді, балаларды) тексеруді, топтарды оқушылардың психофизикалық жай-күйін ескере отырып жасақтауды;

- дамудағы ауытқушылықтарды түзеу және алдын алу, оқушылардың бұзылған функцияларын қалпына келтіру жөніндегі топтық және жеке сабақтар өткізуді;

- тәрбиеленушілерді олардың сабағын, бір-бірімен және оқытушымен қарым-қатынасын жеңілдететін арнаулы тәсілдер мен әдістерге (мәселен, саңырау-мылқауларды – дактилді-ымдау тіліне, зағиптарды – Брайль әдісі бойынша оқуға және т.б.) үйретуді;

- педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналарға (оларды алмастыратын адамдарға) дамуында ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсетудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолднау жөнінде консультациялар беруді;

- өз қызметінде білім беру мекемесінің (ұйымының) медициналық қызметкерлерімен бірлесіп әрекет етуді, жұмысында маман-дәрігерлердің оқушыларды медициналық тексеру деректерін пайдалануды;

- оқу процесінде дефектология ғылымының ең жаңа жетістіктерін ескере отырып, арнаулы әдістердің көрнекі құралдарын пайдалануды;

- өздерінің жұмысымен байланысты есептер мен басқа да құжаттамаларды дайындауды;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Логопед


Аудармашы-дактилолог

Мұғалім-дефектолог

Мұғалім-логопед
235 ҚҰРАМДАС ТОП

Білім беру саласындағы басқа мамандар
Осы құрамдас топтың мамандары ғылыми-зерттеу және ағарту жұмыстарын жүргізеді, әдістемелік және оқу құралдарын әзірлейді, қызмет түрлері бойынша нұсқаулықтар береді және әртүрлі білім беру деңгейлеріндегі педагогикалық жұмысқа бақылауды жүзеге асырады.

Бұл мамандардың негізгі міндеттері:

- оқыту әдістемесі және оқу процесінің басқа да аспектілері бойынша зерттеулер жүргізуді;

- білім беру бағадарламалары мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;

- аудивизуалдық және интерактивті оқу құралдарын пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуді және оларды оқу орындарында қолдану мәселелері бойынша консультациялар беруді;

- ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуді;

- қызметтердің түрлері бойынша нұқсаулықтар беруді; түрлі білім беру деңгейлеріндегі педагогикалық қызметке бақылауды жүзеге асыруды қамтиды.

Олардың міндеттеріне сондай-ақ, басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.


2351 БАЗАЛЫҚ ТОП

Оқыту және тәрбие жұмысының әдістемесі жөніндегі мамандар
Оқыту және тәрбие жұмысының әдістемесі жөніндегі мамандар зерттеулер жүргізеді, түрлі үлгідегі оқу ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады және жүзеге асырады, жаңа әдістер мен оқу құралдарын оқу процесіне енгізеді және осы мәселелер бойынша консультациялар береді.

Олардың міндеттері:

- Оқыту және тәрбие жұмысының әдіснамасы жөнінде зерттеулер жүргізуді;

- білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін зерттеуді және талдауды, білім беру процесі мен әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

- оқу-әдістемелік құжаттама мен құралдарды әзірлеуді ұйымдастыруды жүзеге асыруды, оларды резензиялауды, бекітуге және таратуға дайындауды;

- білім беру ұйымдары эксперименталдық жұмысының оң тәжірибесін, оқыту мен тәрбиелеудің озық технологиялары мен құралдарын зерттеуді және таратуды;

- білім беру ұйымдарының, бөлімшелерінің, оқу-әдістемелік, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларына және педагогикалық қызметкерлеріне оқу, әдістемелік және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетуді;

- білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысуды;

- білім беру ұйымдарының аудиовизуалдық және интерактивті оқу құралдарына қажеттілігін, қолданыстағы жалға алу қорының жай-күйін талдауды, фильмотекалар абоненттеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;

- өздерінің жұмысымен байланысты есептер мен құжаттамаларды дайындауды;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Жатақхана тәрбиешісі

Білім беру ұйымының әдіскері (әдістемелік, оқу-әдістемелік кабинеттің, (орталықтың), фильмотеканың)

Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі әдіскер

Патронаттық тәрбиеші

2352 БАЗАЛЫҚ ТОП

Білім беру инспекторлары
Білім беру инспекторлары барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарын инспекциялайды және олардың қызметіне практикалық көмек көрсетеді.

Олардың міндеттері:

- түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарын инспекциялауды, әкімшіліктің және оқытушылар құрамының оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауын бақылауды, білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін және т.б. бағалауды;

- білім беру ұйымдарындағы жұмыстың оң тәжірибесін анықтауды және оны таратуға қатысуды;

- білім беру ұйымына, жергілікті білім беруді басқару ұйымдарына практикалық қызмет көрсету мақсатымен олардың қызметін зерттеу қорытындылары жөніндегі ақпаратты жинауды, жүйелеуді және дайындауды;

- жергілікті басқару органдарына және білім беру ұйымдарына білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуде жәрдем көрсетуді;

- білім беру саласындағы нормативтік құжаттарды, даму бағдарламаларын дайындауға қатысуды;

- өздерінің жұмысына байланысты есептер мен құжаттамаларды дайындауды;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдры:

Жоғары оқу орындарының инспекторы

Мектептердің инспекторы (гимназиялардың, лицейлердің, техникумдардың, колледждердің)
2359 БАЗАЛЫҚ ТОП

Басқа топтарға енбеген оқыту жөніндегі мамандар
Осы топты құрайтын мамандар білім беру қызметін және әртүрлі қызмет салаларында (техникада, көлікте, құтқару операцияларында және басқаларында*) теориялық білім мен практикалық машықтар алу жөнінде нсұқаулықтар беруді жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- үйірмелерде, клубтарда, секцияларда, студияларда жеке және топтық сабақтар өткізуді;

- ағымдық және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеуге, ұйымдық-шығармашылық іс-шараларды өткізуге қатысуды (ұжым концерттерін беруді, көрмелер және т.б. ұйымдастыруды);

- экскурсиялар өткізуді, экспозициялар, көрмелер бойынша лекциялар оқуды, жаңа экскурсиялық және лекция тақырыптарын әзірлеуді;

- әдістемелік құжаттама дайындауға қатысуды, ғылыми-ағарту іс-шаларалын насихаттауды, ұйымдастыруды және өткізуді;

- жердегі және әуе көлік құралдарын, күрделі техникалық жабдықтарды және жүйелерді басқаруды, өртке қарсы іс-шараларды, құтқару операцияларын және т.б. өткізуді үйрету жөнінде теориялық білім беруді және практикалық оқытуды;

- өздерінің жұмысына байланысты есептер мен құжаттамаларды дайындауды;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Нұсқаушы ұшқыш-әдіскер

Тренажер нұсқаушысы

Лектор (экскурсовод)


24 ШАҒЫН ТОП

Біліктілік деңгейі жоғары басқа мамандар
Бұл шағын топқа зерттеулер жүргізетін, жалпы теорияны, тұжырымдамалар мен әдістерді зерттейтін және жетілдіретін, сондай-ақ жинақталған білімдерін ақпарат тарату, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу, философия, құқық, экономика, психология, тарих, социология, антропология, лингвистика, әдебиет, өнер, дін саласында практикада қолданатын біліктілік деңгейі жоғары басқа мамандар жатады.

__________________________________________________________

* Орындалатын жұмыстың күрделілігіне және жауапкершілік дәрежесіне қарай, қызметтің осы түрі біріктіретін кейбір мамандықтарды «Оқыту жөніндегі басқа да орта қызметкерлер» 3340 базалық тобында ескеру керек.

Бұл шағын топты құрайтын кәсіптер (мамандықтар) орындайтын жұмыстарының жоғары күрделілік деңгейімен сипатталады және жоғары кәсіптік білімінің, ал бірқатар жағдайларда ғылыми дәрежесінің болуымен айқындалатын біліктілік деңгейіне сәйкес келеді.

Жоғарыда аталған мамандардың функциялары кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізуді; кадрлармен жұмысты; заңдарды қолдануды, ақпаратты жүйелеуді және сақтауды; зерттеулер жүргізуді және алған білімдерін құқық, саясат, философия, социология салаларында практикалық қолдануды; адамдардың топтық және индивидуалдық мінез-құлықтарын , тіл дамуының ерекшеліктерін зерттеуді; өздерінің құзіретіне енетін мәселелер бойынша консультациялар беруді және болжамдар әзірлеуді; әдебиет пен өнер туындыларын шығару немесе орындаудағы шығармашылық ойларын іске асыруды; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат алуды және таратуды; ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды; діни тұжырымдамаларды дамытуды және түсіндіруді, салт дәстүрлерді жүргізуді қамтиды. Әдетте, көрсетілген мамандардың жұмысты орындаудағы жоғары дербестік деңгейі жеткілікті деңгейде жоғары болады, ал жекелеген жағдайларда олардың функцияларына басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
241 ҚҰРАМДАС ТОП

Кәсіпкерлік қызмет және кадрлар жөніндегі мамандар
Осы біліктілік тобының мамандары кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырумен (бухгалтерлік-қаржылық, коммерциялық, маркетинг), кадр саясатымен және кәсіптік бағдарлаумен байланысты әдістерді зерттейді, жетілдіреді және қолданады.

Олардың негізгі міндеттері бухгалтерлік қаржы-несие қызметін зерттеуді, ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; кадрларды жұмысқа орналастыруды, кәсіптік бағдарлауды, біліктілігін, мансабын көтеруді және т.б.; коммерциялық қызметті маркетинг, жарнама, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бағыттары бойынша ұйымдастыруды; патент заңнамасын қолдануды; кәсіпкерлік қызмет және кадрлармен жұмыс аспектілері бойынша консультациялар беруді қамтиды. Кейбір жағдайларда бұл мамандардың міндеттері басқа қызметкерлерге басшылық жасауды қамтуы мүмкін.


2411 БАЗАЛЫҚ ТОП

Бухгалтерлер, қаржы және несие жөніндегі мамандар, сервис жөніндегі менеджерлер
Бухгалтерлер, қаржы және несие жөніндегі мамандар, сервис жөніндегі менеджерлер бухгалтерлік және қаржы-несие қызметтерін, оларды бақылауды жүзеге асырады және осы мәселелер бойынша консультациялар береді.

Олардың міндеттері:

- есептеу техникасын және автоматтандырылған есептеу жүйесін қолдана отырып бухгалтерлік есепті (негізгі қорлар, тауар-материалдық құндылықтар, өндіріс шығындары есебін, ақша қаражатының қозғалысын, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасауды, төлемдерді бюджетке аударуды және т.б.) ұйымдастыруды және жүргізуді;

- бухгалтерлік есептер жасауды;

- ішкі шаруашылық резервтерін анықтау мақсатымен ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін талдауды, оны жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және кірістер мен бюджет бойынша болжамдар жасауды;

- қаржы құжаттамасын ресімдеудің, ақша қаражаты есебінің, салықтар төлеудің дұрыстығын және т.б. бақылау мақсатымен ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді;

- дәрменсіздік және банкроттық сияқты істер бойынша қаржы зерттеп тексерулерін жүргізуді;

- қаржы-несие қызметін (банктік, валюта операцияларын, жинақтау және сақтандыру істері мен т.б.) жүзеге асыруды;

- фирмалардың өкілдерімен жұмысты;

- бухгалтерлік есеп, салық салу, қаржы-несие қызметі мәселелері бойынша консультациялар беруді;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Бухгалтер-ревизор

Бухгалтер-сарапшы

Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист


2412 БАЗАЛЫҚ ТОП

Кадрлар және кәсіптік бағдарлау жөніндегі мамандар

Кадрлар және кәсіптік бағдарлау жөніндегі мамандар жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдарлау, біліктілігін, мансабын көтеру, жұмыспен қамтуды реттеу және т.б. мәселелер бойынша кадрлармен жұмыс істеуді және осы мәселелер бойынша консультациялар беруді жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- кадрлармен жұмыс істеуді – іріктеуді, орналастыруды, біліктілігін арттыруды, лауазымдық өсуін, еңбекақы төлеуді және басқаларын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

- жастар мен ересек халықты кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру, жасы және психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тестілеуді, кәсіптердің анықтамаларын, проспектілерін, вакансия тізімдерін және т.с. шығаруға және таратуға дайындауды;

- жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуді, қолданыстағы еңбек рыногын талдауды, оның даму, жалпы мемлекеттік және өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларының перспективалары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

- кәсіптік бағдарлау, жұмыспен қамту, мансап, кадрлардың біліктілік, кәсіптік және лауазымдық құрамы саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді, кәсіптер сыныптамасын, біліктілік анықтамаларын, кадрларды пайдалану және дайындау жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуді және т.б.;

- кәсіптік бағдарлау, біліктілік арттыру, қайта даярлау жөнінде және кадрлармен жұмыстың басқа да мәселелері бойынша консультациялар беруді;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Кәсіптік бағдарлау жөніндегі инженер (маман)

Кадрлар жөніндегі маман
2413 БАЗАЛЫҚ ТОП

Коммерциялық қызмет жөніндегі мамандар
Коммерциялық қызмет жөніндегі мамандар материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнім өткізу, қызметтерді сату процестерін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысады, маркетинг зерттеулерін жүргізеді және осы мәселелері бойынша консультациялар береді.

Олардың міндеттері:

- материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, шарттық міндеттемелердің орындалуын және шикізат, материалдар, отын, энергия және жабдықтар қорының түсуін және сатылуын бақылауға қатысуды;

- материалдық ресусртар мен дайын өнімге қойылатын талаптарды және олардың сапа стандарттарына, техникалық жағдайларға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін айқындадуы, жеткізілген сапасыз тауар-материалдық құндылықтарға шағым жасауды және тапсырыс берушілер шағымдарына жауаптар дайындауды;

- өнім өткізуді ұлғайту үшін тұтынушылар сұранысына белсенді әсер ету мақсатымен тауарлар мен қызметтер рыногын кешенді зерттеу мен талдау жүргізуді;

- брендті дамыту стартегиясын әзірлеуді;

- бренд қоғалысының саясатын әзірлеуді;

- маркетинг бюджетін басқаруды;

- сатулар мен пайда көлемін болжауды;

- нақты тауарлар (қызметтерге) өндірісіне және нарықтық коньюнктураның өзгеруіне сәйкес олардың бағаларына болжам жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

- өнім өткізуді (тасымалдауды, сақтауды тұтынушыға дейін жеткізуді) ұйымдастыруға қатысуды;

- сервисті ұйымдастыруға қатысуды;

- жарнамалық іс-шараларды әзірлеуді және оларға қатысуды;

- маркетинг мәселелері, коммерциялық қызметтің басқа да аспектілері, мәселелері бойынша консультациялар беруді;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Маркетолог

Жарнама жөніндегі маман

Товаровед

Шарттық және шағымдық жұмыс жөніндегі экономист
2419 БАЗАЛЫҚ ТОП

Басқа топтарға енбеген кәсіпкерлік қызмет жөніндегі мамандар
Бұл базалық топтарға өнертабысқа, патенттер ресімдеуге арналған өтінімдерді қараумен, қоғаммен байланысты қамтамасыз етумен, сараптама жүргізумен, ішкі және сыртқы қаржы рыногында операцияларды жүзеге асырумен айналысатын мамандар енгізілді.

Олардың міндеттері:

- патент жүргізу, өтінім жасауға көмек көрсету мәселелері жөнінде консультациялар беруді, өнертабыс құжаттарын ресімдеуді;

- экспорттық өнімнің патенттік тазалығын, оның құқықтық қорғауды қамтамасыз етуді;

- брокерлік-дилерлік операцияларды, портфельдерді басқару жөніндегі опреацияларды, валюта рыногындағы, ақша рыногындағы және капитал рыногындағы, ішкі және сыртқы қымбат металдар рыногындағы операцияларды жүзеге асыруды;

- өнертабыстар мен өнеркәсіп үлгілеріне арналған лицензияларды сатып алу және сату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатымен патенттік зерттеулер жүргізуді;

- ұйымның жеке және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ оның мәртебелік қызметін көтеретін байланысын қоса, қоғаммен байланыстар (жарнама жасау мақсатымен баспасөзбен, радиомен, теледидармен байланысты) жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруды;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Патент сарапшысы

Патенттік және өнертабыс жұмысы жөніндегі иеженер

Супервайзер
242 ҚҰРАМДАС ТОП

Құқық саласының мамандары
Құқық саласының мамандары заңгерлік проблемаларын зерттейді, заң жобаларын әзірлеуге қатысады, клиенттерге консультациялар береді, адвоваттық практикамен айналысады немесе сотта іс қарауға басшылық жасайды.

Олардың негізгі міндеттері:



  • заң жобалары мен құқықтық құжаттар әзірлеуді;

  • құқықтық мәселелер бойынша клиенттерге консультациялар беруді;

- арбитражға, тергеу және сот органдарына жіберу үшін түрлі құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дайындауды;

- заңгерлік құжаттар мен конрактілерді, мүліктік-құқықтық сипаттағы актілер жасауды;



  • сотта іс қорғауды немесе айыптауды қолдауды;

- сотта іс қарауға басшылық жасауды және үкім шығаруды қамтиды.

Кейбір жағдайларда осы кәсіптік топ өкілдері басқа қызметкерлерге басшылық жасауды жүзеге асыруы мүмкін.


2421 БАЗАЛЫҚ ТОП

Заңгерлер
Заңгерлер юриспруденция проблемалары бойынша зерттеулер жүргізеді, заң жобаларын әзірлеуге қатысады, заңдардың сақталуын іске асырады, сотта қорғауды және айыптауды жүзеге асырады және әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша консультациялар береді.

Олардың міндеттері:

- заңгерлік теориялар, әдіснамалар мен қағидаттар саласында зерттеулер жүргізуді, оларды қолданыстағы заңнамаға қатысты түсіндіруді;

- билік өкілдеріне заңгерлік мәселелері бойынша консультациялар беруді, заң жобаларын, Үкімет қаулыларының жобаларын дайындауды;

- клиенттерге азаматтық және қылмыстық құқықтың түрлі аспектілері, жеке ісін ұйымдастыру және т.с.бойынша консультациялар беруді;

- қылмыстық істерде мемлекет атынан айыптаушы ретінде сөйлеуге;

- сотта айыпталушыларды қорғауға;

- заңгерлік құжаттар жасауға;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Адвокат


Заңгер (заңтану, қылмыстық құқық)
2422 БАЗАЛЫҚ ТОП

Судьялар
Судьялар сот отырыстарын өткізеді, істерді тыңдайды және үкім шығарады.

Олардың міндеттері:

- белгіленген ережелерге сәйкес сот отырыстарын ұйымдастыруды және өткізуді;

- іс жүргізуді, талапкерлерді, жауапкерді, айыптаушыларды, қорғаушыларды, айыптау мен қорғаушы куәларын тыңдауды;

- тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындауды, алқабилерді (істі алқабилер жүргізген жағдайда) заңнаманың ерекшеліктерімен таныстыруды;

- үкім шығаруды және жариялауды;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Арбитр


Судья
2429 БАЗАЛЫҚ ТОП

Құқық саласының басқа топтарға енбеген мамандары
Бұл базалық топқа ұйымдардағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылықты, заңгерлік актілерді ресімдеуді, тергеу жүргізуді жүзеге асыратын, құқықтық тәртіпті және азаматтардың заңдарды, қаулыларды, нұсқаулықтар мен басқа да нормаларды орындауын қамтамасыз ететін мамандар енеді.

Олардың міндеттері:

- ұйымдардағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жасауды, құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдарға құқықтық көмек көрсетуді;

- құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысуды;

- талан-тараждар, ысырап ету, жетіспеушіліктер, сапасыз өнім шығару және басқа да құқық бұзушылықтар туралы материалдарды арбитражға, тергеу және сот органдарына жіберуге дайындауды;

- өндірістегі тергеу және арбитраждық істерді есепке алуды және сақтауды;

- заңдар мен нормативтік құқықтық актілер бойынша анықтамалық-ақпараттық жұмысты, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің есебін жүргізуді және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;

- әкімшілік, шаруашылық және басқа да заңгерлік мәселелер бойынша консультациялар беруді;

- әртүрлі заңгерлік актілерді (шарттарды, өсиеттерді, сенімхаттарды және т.б.) растауды, ресімдеуді;

- азаматтық және қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізуді;

- көшеде және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қолдауды және қорғауды;

- азаматтар мен олардың меншігін қауіптерден және заңсыз актілерден қорғауды;

- заңды, нормаларды және т.б. бұзғаны үшін адамдарды ұстауды;

- балалар бөлмелеріндегі ұсталған балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізуді;

- жол қозғалысын реттеуді және авариялар мен жазатайым оқиғалар кезіндегі операцияларға басшылық жасауды;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Нотариус

Полиця қызметкері

Тергеуші

Ерекше маңызды істер жөніндегі тергеуші

Юристконсульт
243 ҚҰРАМДАС ТОП

Ақпараттандыру саласындағы және тектес кәсіптер мамандары
Ақпараттандыру саласындағы және тектес кәсіптер мамандары мұрағаттардың, кітапханалардың, мұражайлардың, көркемөнер галереяларының және басқа да осындай ұйымдардың жинақтарын, сондай-ақ іскерлік құжаттамаларды жинайды, сақтайды және қызмет көрсетеді.

Олардың негізгі міндеттері зерттеулер жүргізуді; тарихи, ғылыми немесе көркемдік маңызы бар заттар мен құжаттарды жинауды, бағалауды және сақталуын қамтамасыз етуді; мұражайларда, көркемөнер галереялары мен басқа да осындай ұйымдарда коллекциялар мен экспозициялар ұйымдастыруды; жазылған және жарияланған материалдар жинағын әзірлеуді және ұстауды, кітапханалар мен туыстас ұйымдарға келушілердің оларға қол жеткізуін қамтамасыз етуді; іскерлік құжаттамаларды жүйелеу мен жүргізуді қамтиды. Кейбір жағдайларда бұл мамандардың міндеттері басқа қызметкерлерге басшылық жасауды қамтуы мүмкін.


2431 БАЗАЛЫҚ ТОП

Мұрағаттанушылар, мұражайларды сақтаушылар мен тектес кәсіптер мамандары
Мұрағаттанушылар, мұражайларды сақтаушылар мен тектес кәсіп мамандары тарихи, ғылыми немесе көркемдік маңызы бар заттар мен құжаттарды жинайды, бағалайды және сақталуын қамтамасыз етеді, қор материалдарын жүйелеуді жүргізеді, техникалық құжаттаманы қалыптастырады, қор материалдарының сақталу және қозғалысы мәселелері бойынша консультациялар береді, әдістемелік материалдарды ұйымдастырады және әзірлеуді жүзеге асырады, жұмыстың жаңа әдістерін енгізеді және осы мәселелер бойынша консультациялар береді.

Олардың міндеттері:

- мұрағаттану және мұражай ісі саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді, ғылыми баяндамалар, лекциялар жасауды, ғылыми жұмыстарды , мақалаларды, оқу құралдарын, бағдарламаларды рецензиялауды;

- мұражай және мұрағат істері мәселелер бойынша консультациялар беруді;

- құжаттардың, өнер туындыларының, басқа да экспонаттар мен қорлардың ғылыми сипаттауды, жүйелеуді, есебін және сақталуын қамтамасыз етуді;

- мұражай және мұрағаттың экспонаттары мен қорларының тарихи және көркем маңыздылығына сараптамалық бағалау жүргізуді;

- қайта қалпына келтіруді қажет етеін экспонаттарды анықтауды, қорлардың сақталуын қамтамасыз ететін алдын алу шараларын жүргізуді;

- қойма жұмысын ұйымдастыруға қатысуды, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кестесін әзірлеуді, қажетті материалдар мен жабдықтарға тапсырыс әзірлеуді;

- қорларды есепке алуды және сақтауды ұйымдастырудың тәртібін айқындайтын ережелер мен нұсқаулықтарды, оларға қызмет көрсету жөніндегі әдістемелік ұйғарымдарды әзірлеуге қатысуды;

- жөн сілтеуіштер, көрсеткіштер, шолулар, каталогтар мен басқа да анықтамалық құжаттаманы әзірлеуді және оларды шығаруға дайындауды;

- көрмелер мен экспозициялар ұйымдастыруды;

- ғылыми есептер мен құжаттамаларды дайындауды;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Мұрағатшы (мұрағат істері жөніндегі әдіскер)

Қор сақтаушы

Экспонат сақтаушы



2432 БАЗАЛЫҚ ТОП

Кітапханашылар, библиографтар, құжат жүргізушелер мен тектес кәсіптер мамандары
Кітапханашылар, библиографтар, құжат жүргізушілер мен тектес кәсіптер мамандары жазылған және жарияланған материалдар мен басқару құжаттамсын жинауды, жүйелеуді және қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- баспа материалдарын, әртүрлі жеткізушілердегі ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтауды, қызмет көрсетуді және есебін ұйымдастыруды;

- кітапханалардың дәстүрлі және автоматтандырылған режимдегі аппаратын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүргізуді;

- ұйымдық және есептеу техникасын пайдалану негізінде құжаттармен және құжаттық ақпаратпен жұмыстың технологиялық процестерін әзірлеуді және енгізуді;

- автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді және басқару жүйелерін, сондай-ақ ең жаңа ақпараттық технологияларды (оның ішінде қағазсыз) жобалауға, пайдалануға және жетілдіруге (ақпараттық қамтамасыз ету бөлігінде) қатысуды;

- ғылыми зерттеулер жүргізуді, лекциялар оқуды, ғылыми-техникалық семинарлар мен конференцияларға қатысуды;

- библиография, информатика, іс қағаздарын жүргізу саласындағы әдістемелік құралдарды әзірлеуді, құжаттарды бірыңғайлау, стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуді;

- кітапхана және басқа да ақпараттық қорларды пайдаланушыларға қызмет көрсетуді, олар үшін шолулар, анықтамалар, құжаттар дайындауды, оларды қызықтыратын ақпараттың, қорларды пайдалану ережелерінің болуы және келіп түсу мәселелері бойынша консультациялар беруді;

- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Библиограф

Кітапханашы

Құжаттанушы
244 ҚҰРАМДАС ТОП

Қоғамдық және тектес ғылымдар саласындағы мамандар
Қоғамдық және тектес ғылымдар саласындағы мамандар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, тұжырымдамалар мен әдістерді әзірлейді және жетілдіреді, алған білімдерін экономикада, социологияда, антропологияда, тарихта, философияда, психологияда, лингвистикада практикада қолданады, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Бұл кәсіптік топ мамандарының негізгі міндеттері:

- экономикада және саясатта, қоғамдық қатынастар саласында болып жатқан ахуалды талдауды, процестерді болжауды, тиісті проблемаларды шешудің жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді;

- қоғамның әлеуметтік құрылымын, адамның шығу тегі мен эволюциясын зерттеуді және суреттеуді;

- адамдардың жеке және ұжымдағы мінез-құлқын зерттеуді; өткен оқиғалар мен қызметті, әлемуеттік-экономикалық құрылымның дамуын, мәдени және саяси институттарды және қозғалыстарды зерттеуді және суреттеуді;

- тілдердің дамуын зерттеуді және әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы мүмкін байланыстарды ұйымдастыруды; әлеуметтік қызметтер көрсетуді; ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;

Кейбір жағдайларда бұл мамандардың міндеттері басқа қызметкерлерге басшылық жасауды қамтуы мүмкін.

2441 БАЗАЛЫҚ ТОП

Экономистер
Экономистер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, экономикалық теориялар мен әдіснамаларды жетілдіреді және дамытады, олардың ұлттық зкономиканы басқаруда пайдаланылуын жүзеге асырады, сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.

Олардың міндеттері:

- экономикалық теориялар, ұлттық және әлемдік экономиканың, рыноктың, бюджеттің кірістері мен шығыстары, бағатүзу мен саудадағы, еңбек экономикасының, ауыл шаруашылығы экономикасының, табиғатты пайдаланудың кешенді проблемалары және т.б. саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді;

- статистикалық деректерді, зерттеу нәтижелерін талдауды, экономикаға тиімді әсер ететін ұсыныстар мен бағдарламаларды, экономикалық тенденциялардағы күтілетін өзгерістер мен даму болжамдарын әзірлеуді және оларды үкіметке ұсынуды;

- ұйымдағы экономикалық жұмысты, материалдық, еңбек және қаржы шығындары жөніндегі есептерді жүргізуді; жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін анықтауды;

- шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізуді;

- ұйымның жоспарларын және даму болжамдарын жасауға, басқару мен экономикалық құжаттаманы жетілдіруді;

- түрлі экономикалық проблемалар бойынша консультациялар беруді;

- ғылыми құжаттамалар мен есептерді дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Экономикалық мәселелер жөніндегі консультант

Экономикалық кеңесші

Экономист
2442 БАЗАЛЫҚ ТОП

Социологтар мен тектес кәсіптер мамандары
Социологтар мен тектес кәсіптер мамандары қоғамның әлеуметтік құрылымын, адамның шығу тегі мен эволюциясын, адам мен қоршаған орта арасындағы өзара байланыстарды зерттейді және суреттейді, алған білімдерін практикада пайдаланады, сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.

Олардың міндеттері:

- адам қоғамының шығу тегі, жекелеген әлеуметтік институттардың, әлеуметтік топтар мен қауымдардың қалыптасуы мен тарихи дамуын, қоғам мен адам қатынастары, адамдардың жаппай мінез-құлық заңдылықтары және т.б. жөніндегі зерттеулер жүргізуді;

- социологиялық проблемаларды нақты елдің экономикалық, мәдени және этникалық дауымен, оның географиялық орналасуымен және климаттық жағдайларымен өзара байланыста зерттеуді;

- педагогикада, криминологияда, саясатта қоғамдағы көлеңкелі тенденциялардың алдын алу жөнінде, нарықтық қатынастарды дамыту жөнінде практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін социологиялық зерттеулердің нәтижелерін пайдалануды;

- түрлі социологиялық проблемалар бойынша консультациялар беруді;

- қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайлар туғызу мақсатымен ұйымдарда социологиялық зерттеулер жүргізуді;

- еңбекті ұйымдастыру нысандарын, кадрларды іріктеу және орналастыру, лауазымдық жылжыту, еңбекақы төлеу, еңбек тәртібінің сақталуын және т.б.жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді;

- ұйым қызметкерлеріне әлеуметтік мәселелерді шешуде әдістемелік көмек көрсетуді;

- ғылыми құжаттамалар мен есептерді дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Археолог


Социолог

Этнолог
2443 БАЗАЛЫҚ ТОП



Философтар, тарихшылар мен саясаттанушылар
Философтар, тарихшылар мен саясаттанушылар философия, мәдени және саяси институттар мен қозғалыстардың даму тарихы саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, алған білімдерін мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатты қалыптастыру үшін практикада пайдаланады, сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.

Олардың міндеттері:

- философиялық идеялардың, тұжырымдамалар мен қағидаттардың саласында зерттеулер жүргізуді, оларды қоғам дамуының қазіргі кезеңіне қатысты дамытуды және түсіндіруді;

- тарихи жазбаларды, құжаттарды, археологиялық, антропологиялық жаңалықтарды және т.б. зерттеу және талдау негізінде экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да аспектілерін қоса, адам қоғамының, жекелеген елдердің тарихи дамуын зерттеуді;

- саяси жүйелер мен институттардың тарихи дамуын және қазіргі жай-күйін зерттеуді;

- зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар әзірлеуді;

- ішкі және сыртқы мемлекеттік саясатты әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

- түрлі философиялық, тарихи және саясат мәселелері бойынша консультациялар беруді;

- ғылыми құжаттамалар мен есептерді дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалы:

Саясаттанушы

Философ
2444 БАЗАЛЫҚ ТОП



Филологтар мен аудармашылар
Филологтар мен аудармашылар тілдердің шығу тегін, дамуын, құрылымын зерттейді, бір тілден екінші тілге жазбаша және ауызша аудару жұмысын орындайды.

Олардың міндеттері:

- көне тілдер мен тілдердің қазіргі топтары арасындағы байланыстарды, сөздердің шығу тегі мен эволюциясын, грамматикалық және тілдік нысандарды зерттеу жөнінде зерттеулер жүргізеді;

- тіл білімдерінің түрлі мәселелері бойынша консультациялар беруді;

- тілдерді зерттеу жөніндегі ғылыми еңбектерді, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды, сөздіктерді, тіл сыныптамасы грамматикаларын, жүйелерін және т.б. әзірлеуді, рецензиялауды және жариялауға дайындауды;

- көркем әдебиетті жазбаша аударуды;

- ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да арнаулы әдебиетті, патенттік суреттемелерді, нормативтік-техникалық және тауарға ілеспе құжаттамаларды, шетелдік ұйымдармен және кәсіпорындарымен хат жазысу материалдарын, сондай-ақ конференциялардың, семинарлар мен басқалардың материалдарын жазбаша аударуды;

- аннотациялар, рефераттар, шетелдік әдебиеттің тақырыптық шолуларын және ғылыми-техникалық құжаттамаларды дайындауды;

- терминдерді бірыңғайлау, ғылымның, техниканың және экономиканың тиісті салалары бойынша ұғымдар мен анықтамаларды жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізуді;

- аударманың өнімділігі мен сапасын арттыру үшін есептеу және басқа да техниканы пайдалану жөнінде әдістеме әзірлеуді;

- машиналық тілдерді әзірлеуге қатысуды;

- халықаралық кеңестерде, конференцияларда, үкімет кездесулерінде және осындай іс-шараларда бір тілден екінші тілге ауызша аударма жасауды;

- ғылыми құжаттамалар мен есептерді дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Ғылыми қызметкер (лингвистика және аударма, филология саласындағы)

Аудармашы


2445 БАЗАЛЫҚ ТОП
Психологтар зерттеулер жүргізеді, психикалық процестер мен жекелеген адамдардың және топтардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейді, алған білімдерінің практикада пайдаланылуын жүзеге асырады, сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.

Олардың міндеттері:

- психикалық процестер мен адам санасына зерттеу жүргізуді, тұқым қуалайтын, кәсіптік және басқа да факторлардың ойлауға және жеке адамның мінез-құлқына әсерін талдауды;

- тестілер әзірлеуді және оларды адамдардың интеллектуалдық, психофизикалық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, мүкіндіктерін анықтау үшін қолдануды;

- зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижелерін психикалық аурулар мен басқа да эмоционалдық бұзылушылықтардың алдын алу мақсатымен медицинада пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, осы мәселелер бойынша консультациялар беруді;

- білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы мен жеке дамуын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізуді, дамыту және психотүзеу оқу бағдарламаларын әзірлеуді, ақыл-ой және дене дамуында кемістігі бар балаларға әлеуметтік-психологиялық қолду көрсетуді;

- кәсіптік бағдарлау жұмыстарын орындауды;

- қолайлы еңбек жағдайларын жасау және оның тиімділігін арттыру мақсатында өндірістегі психологиялық, экономикалық және ұйымдық факторлардың ұйым қызметкерлерінің еңбек қызметіне әсер етуін зерттеуді;

- профессиограмдар мен қызметкерлердің психологиялық мінездемелерін, адамның кәсіптік мүмкіндіктерінің даму перспективасын ескере отырып, оның жеке еңбек мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану, қызметкерлерді өндірістік және кәсіптік бейімдеу жөнінде ұсынымдар әзірлеуді;

- ұйымның басшылары мен қызметкерлеріне кадр және психологиялық факторлардың ескерілуін талап ететін еңбек мәселелері бойынша консультациялар беруді;

- ғылыми құжаттамалар мен есептерді дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Психолог (жалпы, медицина, педагогика бейініндегі)
2426 БАЗАЛЫҚ ТОП

Әлеуметтік проблемалар саласындағы мамандар

Осы кәсіптік топты құрайтын мамандар әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың контингентін зерттейді, әлеуметтік қызметтерді жоспарлайды, ұйымдастырады және көрсетеді.*

Олардың міндеттері:

- халықтың әлеуметтік көмекке мұқтаж санаттарын (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтамасыз етілген отбасыларын және т.б.) әлеуметтік қорғау саясатын жүргізуді ;

- әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыруды жоспарлауға, ұйымдастыруға қатысуды,осы қыззметтер жүйесін дамытуды;

- әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша консультациялар беруді, клиенттерге қажетті ақпарат жинауға және құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетуді;

- жалғызілікті және еңбекке жарамсыз азаматтарды анықтауды, оларға қажетті көмектің сипаты мен көлемін айқындауды, мұндай көмектің қамтамасыз етілуін ұйымдастыруды және бақылауды;

- қолайсыз отбасылармен жұмыс жүргізуді, көмекке мұқтаж балалар мен жастарды анықтауды, оларды интернаттар мен приюттерге орналастыруды, жастарға консультациялық-психологиялық көмек көрсетуді;

- девиантты мінез-құлқы бар балаларды арнулы оқу орындарында тәрбиелеуді және оқытуды; құқық бұзушылықтар өсуінің алдын алу, сондай-ақ жазасын өтеген адамдардың әлеуметтік бейімделуі, жастар клубтарындағы, қоғамдық орталықтар мен осындай ұйымдардағы қалпына келтіру және білім беру қызметтері бойынша жұмыс жүргізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Балаларды қорғау жөніндегі инспектор

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман
* Атқаратын міндеттерінің күрдеділілігіне және олардың орындалуы үшін жауаптылық дәрежесіне қарай, осы кәсіп түрі біріктіретін кейбір кәсіптерді «Әлеуметтік қызметкерлер» 3460 базалық тобында ескеру керек.

245 ҚҰРАМДАС ТОП

Әдебиет және өнер қайраткерлері
Әдебиет және өнер қайраткерлері әдеби, драмалық, музыкалық және басқа да өнер туындыларын шығарады, оларды орындайды, ақпарат алуды және беруді, сондай-ақ әртүрлі бағдарламалардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылуын ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Олардың негізгі міндеттері әдеби шығармаларды жазуды; әдебиет және өнер шығармаларының құндылығын бағалауды; ағымдағы оқиғалар туралы ақпарат жинауды және оларды суреттеуді; хабарламаларды, ақпараттық және басқа да бағдарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарымен беруді; мүсін, қылқалам және декоративтік-қолданбалы өнер туындыларын жасауды, оларды қалпына келтіруді; музыкалық шығармалар жазуды және оларды орындауды; спектакльдерді, би нөмірлерін, фильмдерді қоюды және орындауды қамтиды. Кейбір жағдайларда бұл мамандардың міндеттері басқа қызметкерлерге басшылық жасауды енгізуге болады.


2451 БАЗАЛЫҚ ТОП

Журналистер мен әдеби қызметкерлер
Журналистер мен әдеби қызметкерлер көркем әдеби шығармалар шығарады, мақалалар, сценарийлер, әдебиет және өнер туындыларын сынап бағалайды, жедел ақпаратты жариялау, жарнама жөнінде әртүрлі жарияланымдарды дайындайды; баспа өнімдерін редакциялайды.

Олардың міндеттері:

- шығарма тақырыбын таңдауды, қажетті ақпаратты зерттеуді, көркем әдеби шығарма (роман, әңгіме, пьсе және т.б.) жазу жолымен шығармашылық ойын іске асыруды;

- фильмдердің, қойылымдардың, көріністік іс-шаралардың сценарийлерін және басқаларды жазуды;

- әдебиет және өнер туындыларын сынап бағалауды;

- оқиға орындарынан жедел ақпарат жинауды, оларды белгілі бір тақырыптама бойынша сұхбат, жарияланымдар, комментарий түрінде ұсынуды;

- оқиғаларды нақты уақыт кезеңінде талдай отырып, шолулар дайындауды;

- газет және журнал очерктерін, мақалаларын, фельетондар және т.б. дайындауды;

- редакциялауды және басылымдардың интеллектуалдық, ғылыми және әдеби мазмұнын бекітілген тақырыптама бойынша бақылауды жүзеге асыруды, бөлімдердің, рубрикалардың ой байланысын және логикалық кезектілігін мен материалдық растығын тексеруді;

- авторлармен шарттар және келісімдер жасау үшін құжаттарды, түпнұсқаны рецензиялауға арналған құжаттаманы дайындауды;

- түпнұсқамен жұмыс кезінде стандарттардың, техникалық шарттардың және басқа да нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуді;

- жарнамалық хабарландырулар мәтіндерін дайындауды;

- баспасөзде, радиода және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін жарнама материалдарын жинауды және дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Комментатор

Корреспондент

Жазушы

Редактор
2452 БАЗАЛЫҚ ТОП



Мүсіншілер, суретшілер мен тектес өнер қайраткерлері
Мүсіншілер, суретшілер мен тектес өнер қайраткерлері қылқалам, мүсіндеу, монументальдық және қолданбалы өнер туындыларын жасайды, оларды қалына келтіреді, көркем құрастыру (дизайн) жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- әртүрлі материалдарды пайдалана отырып түрлі жанрдағы қылқалам, мүсіндеу шығармаларын жасауды;

- монументальдық және қолданбалы өнер туындыларын жасауды;

- мультфильмдерді көркемдеуді;

- теледидар бағдарламаларының бейнелеу-декоративтік шешімін қамтамасыз етуді;

- сахналық материалдардың негізінде спектакльдерді декоративтік- көркем әрлеуді, режиссердің жалпы творчестволық ойына сәйкес декорациялардың, гримдердің, костюмдердің, жиһаздың, бутафорияның эскиздері мен макеттерін, сондай-ақ жарнамалар, афишалар, бағдарламалар, шақыру билеттерін жасауды;

- өнер туындыларын қалпына келтіруді;

- киімнің және аяқ киімнің жаңа айрықша үлгілерін әзірлеуді;

- әзірленіп жатқан констукциялардың көркем-конструкторлық жобаларын эстетика, эргономика, технология талаптарын ескере отырып дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Мүсінші


Суретші-мүсінші (дизайнер)

Суретші-қоюшы

Суретші-реставратор
2453 БАЗАЛЫҚ ТОП

Композиторлар, сазгерлер мен әншілер
Композиторлар, сазгерлер мен әншілер музыкалық шығармалар жазады және оларды орындайды.

Олардың міндеттері:

- түрлі жанрдағы музыкалық шығармалар жазуды;

- музыканы белгілі бір музыкалық топтарға немесе құралдарға арнап бейімдеуді;

- музыкалық шығарманы бір немесе бірнеше құралда солист ретінде немесе оркестр құрамында дайындауды және орындауды;

- музыкалық шығарманың вокалдық партиясын солист ретінде немесе вокалдық ұжым құрамында орындауды;

- музыкалық құралдар оркестіне немесе хорға дирижерлік етуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Аккомпониатор

Әртіс-әнші

Оркестр әртісі

Симфониялық (үрлемелі, камералық) оркестр әртісі

Дирижер
2454 БАЗАЛЫҚ ТОП

Хореографтар мен бишілер
Хореографтар мен бишілер тақырыпты таңдайды, творчестволық ойға сәйкес би шығармаларын қоюды және орындауды жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- таңдалған тақырыпқа, творчестволық ойға сәйкес би шығармаларын (спектакльдерді, нөмірлерді) би өнерінің барлық элементтерін (қозғалыстарды, ымдарды және т.б.) қолдана отырып қоюды жүзеге асыруды;

- би шығармаларын солист ретінде, партнермен немесе бишілер ұжымының құрамында дайындауды және орындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Балет әртісі

Би (хор) ұжымының әртісі

Балетмейстер

Хореограф
2455 БАЗАЛЫҚ ТОП

Театр, кино актерлері мен режиссерлары, басқа да тектес кәсіптер
Театр, кино актерлері мен режиссерлары, басқа да туыстас кәсіптер спектакльдерді, көріністерді, фильмдерді қоюды және осы шығармалардағы рөлдерді орындауды жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- белгілі бір жанр және репертуар рөлдерін мәтінді, жекелеген репликаларды жаттай отырып сахнада, кинода, теледидарда, радиода дайындауды және орындауды;

- сахнада, кинода, теледидарда, радиода әдеби шығармаларды көркем оқуды, өлеңдер декламациясын, пародиялар және т.б. орындауды;

- спектакль, фильм және т.б. шығарудың творчестволық өндірістік процесін ұйымдастыруды, автор ойын, көркемдік сапасын және қоюда қолданылатын материалдық шынайылығын қамтамасыз етуді;

- көріністік, топтық және көпшілік сахналарына актерлер мен қатысушыларды іріктеуді, актерлермен жаттығулар өткізуді;

- актерлермен және түсірімге қатысушылармен шарттық қатынастардың орындалуын қамтамасыз етуді;

- жарнама таспаларын шығаруды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Драма әртісі

Кино әртісі

Кинорежиссер

Қоюшы режиссер
246 ҚҰРАМДАС ТОП

Діни қызметкерлер

Діни қызметкерлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, діни теориялар мен ұғымдарды түсіндіреді, түрлі ғибадат аспектілері бойынша консультациялар береді, практикалық діни қызметті жүзеге асырады.

Бұл кәсіптік топ мамандарының негізгі міндеттері әртүрлі діни теориялар мен ұғымдарды түсіндіруді; аллаға құлшылық етуді және басқа да діни ғибадаттарды орындауды; белгілі бір діни ұйым шеңберінде түрлі әкімшілік және қоғамдық міндеттерді орындауды; уағыздайтын дініне сәйкес рухани және моралдік басшылық көрсетуді; діни сипаттағы ғылыми жұмыстар жазуды; баяндамалар мен есептер дайындауды қамтиды. Кейбір жағдайларда бұл мамандардың міндеттеріне басқа қызметкерлерге басшылық жасауды енгізілуі мүмкін.
2460 БАЗАЛЫҚ ТОП

Діни қызметкерлер
Ресми тіркелген діни ұйымдардың және діни дәрежесі бар діни қызметкерлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, діни теориялар мен ұғымдарды дамытады және түсіндіреді, түрлі ғибадат аспектілері бойынша консультациялар береді, практикалық діни қызметті жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- діни теориялар мен ұғымдарды зерттеуді, мазмұндауды және түсіндіруді;

- аллаға құлшылық етуді және басқа да діни ғибадаттарды орындауды;

- белгілі бір діни ұйым шеңберінде түрлі әкімшілік және қоғамдық міндеттерді орындауды;

- уағыздайтын дініне сәйкес рухани және моралдік басшылық көрсетуді;

- өзінің елінде және шет елде діни доктриналарды таратуды;

- діни сипаттағы ғылыми жұмыстар жазуды, баяндамалар мен есептер дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Діни қайраткер (имам, муфтий, молла, архиепископ, священник)


3 ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ТОП

Біліктілік деңгейі орта мамандар
Біліктілік деңгейі орта мамандар физикалық және инженерлік әзірлемелерді жүзеге асырумен, жаратылыс, медициналық, ауылшаруашылық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қызметті, сондай-ақ білім беру, әдебиет, өнер, спорт және дін саласындағы әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты, көбінесе техникалық функцияларды орындайды. Оларды орындау белгілі бір теориялық дайындықты және арнаулы білім саласындағы қағидаттар мен әдістердің практикалық қолданылуын қарастырады. Біліктілік деңгейі орташа мамандардың функциялары қарапайым және күрделік деңгейі орташа инженерлік-техникалық жұмыстарды, сондай-ақ күрделілігі бойынша ұқсас жұмыстарды орындауды қамтиды.

Осы ірілендірілген топтағы кәсіптер (мамандықтар) әдетте, орта кәсіптік білімді немесе жалпы орта білімді және кейіннен кәсіптік оқытуды (курстық немесе жеке) талап етеді.

Біліктілік деңгейі орташа мамандардың негізгі функциялары: табиғи ғылыми, оның ішінде физикалық және химиялық қағидаттар мен әдістердің базасында жасалатын машиналардың, механизмдердің, қондырғылардың, жабдықтардың және басқа да инженерлік-техникалық құралдардың қалыпты жұмыс істеуін әзірлеуге және қамтамасыз етуге қатысуды; ғимараттардың, көлік құралдарының, қолданылатын технологиялар мен өндірілетін өнімнің қауіпсіздігін бақылауды; ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізуде кәсіптік ұсынымдар мен көмек беруді; денсаулық сақтау, гигиена, адамдар мен жануарларды күтіммен қамтамасыз ету саласында кәсіптік консультациялар беруді; балаларды бастауыш мектепте және балалар бақшасында тәрбиелеуді және оқытуды; мемлекеттік және өзге де басқарудағы, сауда-қаржы саласында белгілі бір міндеттерді орындауды; қылмысты зерттеп тексеруді және ұлттық шекаралар арқылы адамдар мен жүктерді тасымалдауды бақылауды; әлеуметтік мәселелер бойынша консультация және көмек беруді; көпшілік және спорт іс-шаралары мен т.б. ұйымдастыруды және өткізуді қамтиды.

Біліктілік деңгейі орташа қызметкерлер мен мамандардың қызметіне әдетте, біліктілік деңгейі анағұрлым жоғары мамандар мен түрлі иерархиялық деңгейдегі басшылар басшылық жасайды. Кейбір жағдайларда олар өздері басқа қызметкерлерге функционалдық басшылықты жүзеге асырады.


31 ШАҒЫН ТОП

Физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы біліктілік деңгейі орташа мамандар
Физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы біліктілік деңгейі орташа мамандар физикалық және инженерлік әзірлемелер саласындағы, машиналарды, механизмдерді, күрделі жабдықтарды жобалауды, жасауды және жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде физикалық және инженерлік қағидаттар мен әдістерді іске асыру, сондай-ақ жұмыстардың, жабдықтардың, технологиялар мен өнімнің қауіпсіздігін бақылау кезіндегі техникалық функцияларды орындайды. Бұл функцияларды орындау тиісті теориялық дайындықты және арнаулы білім саласындағы қағидаттар мен әдістердің практикалық қолданылуын талап етеді.

Осы шағын топтағы кәсіптер (мамандықтар) әдетте, орта кәсіптік білімді, ал кейбір жағдайларда – жоғары кәсіптік білімді немесе білім беруден кейінгі әжептәуір практикалық жұмыс тәжірибесін талап етеді.

Физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы біліктілік деңгейі орташа мамандардың функцияларына жаратылыстану ғылымдары мен инженерлік қызмет, ЭЕМ, компьютерлік қондырғыларға, оптикалық және электронды жабдықтарға қызмет көрсету, көлік құралдарын пайдалану және ғимараттардың, имараттардың, технологиялық өндірістік процестер мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау саласында қарапайым және күрделілік деңгейі орташа инженерлік-техникалық жұмыстарды атқару кіреді.

Физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы біліктілік деңгейі орташа қызметкерлер мен мамандардың қызметі әдетте, біліктілік деңгейі анағұрлым жоғары мамандардың мен тиісті бөлімшелер басшыларының басшылығымен жүзеге асырыла алады. Осы шағын топтың мамандары өз функцияларын дербес орындап, сондай-ақ басқа қызметкерлерге функционалдық басшылықты жүзеге асыруы мүмкін.


311 ҚҰРАМДАС ТОП

Физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы техниктер
Физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы техниктер ғылыми зерттеулер жүргізу, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында инженерлік-конструкторлық әзірлемелерді практикалық іске асыру, өндірістік процестердің экономикалық тиімділігін анықтау процесіндегі техникалық міндеттерді орындайды.

Әдетте, осы қызмет бағыттарындағы техниктер орындайтын міндеттер, химия, физика, геология, метереология және астрономия саласында, инженерия мен азаматтық құрылыстың түрлі бағыттарында, техникалық конструкциялауда және өндірісті техникалық-экономикалық негіздеме саласындағы қарапайым және біліктілігі орташа инженерлік-техникалық жұмыстарды қамтиды.

Физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы техниктер біліктілік деңгейі анағұрлым жоғары мамандардың мен түрлі деңгейдегі басшылардың басшылығымен жұмыс істейді. Бұған қоса, техниктердің өздері де басқа қызметкерлерді, оның ішінде жұмысшыларды қадағалауды және бақылауды жүзеге асыруы мүмкін.
3111 БАЗАЛЫҚ ТОП

Химиялық және физикалық ғылыми зерттеулер және оларды практикалық қолдану саласындағы техниктер
Химиялық және физикалық ғылыми зерттеулер және оларды практикалық қолдану саласындағы техниктер физика және геофизика, химия, геология және гидрогеология, геодезия, метереология және астрономия саласындағы зерттеулермен, осы зерттеулердің нәтижелерін практикалық қолданумен (өнеркәсіпте, медицинада,әскери және басқа) байланысты техникалық міндеттерді орындайды.

Олардың міндеттері:

- бастапқы деректер мен үлгілерді жинауды, өңдеуді, жинақтауды, жабдықтар мен материалдарды зерттеулер мен эксперименттер жүргізуге дайындауды;

- зерттеулерді, тәжірибелерді және талдауларды дайындауға және жүргізуге қатысуды;

- жабдықтардың, аспаптар мен аппаратураның жарамдылық жай-күйін бақылауды, оларды баптауды, реттеуді және тәжірибелік тексеруді жүзеге асыруды;

- қолданыстағы нормативтік құжаттамаға сәйкес жүргізілетін зерттеулердің, тәжірибелер мен әзірлемелердің, материалдық және еңбек шығындарының сметаларын жасауды;

- зерттеулер мен тәжірибелерді жүргізу процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін техникалық білімін қолдануды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Техник-дозиметрист

Техник-геофизик

Техник-геодезист

Техник-метролог


3112 БАЗАЛЫҚ ТОП

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс жөніндегі техниктер
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс жөніндегі техниктер құрылыс саласындағы зерттеулермен және практикалық жұмыстармен: ғимараттар мен басқа да азаматтық имараттарды, сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелерін, көпірлерді, жолдарды, бөгеттер мен аэропорттарды салумен, конструкциялаумен, пайдаланумен және жөндеумен байланысты техникалық міндеттерді орындайды.

Олардың міндеттері:

- топырақтың және құрылыс материалдарының далалық және зертханалық талдауларын орындауды немесе орындауға көмектесуді;

- қарапайым жобаларды, тәсімдерді әзірлеуге қатысуды, айрықшалықтарды немесе басқа да техникалық құжаттамаларды жасауды, күрделі емес техникалық есептерді орындауды;

- қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаларға сәйкес әзірленетін жобалардың суреттемелерін жасауды, жоба макеттерін жасауға қатысуды;

- үлгілік жобаларды, ғылыми-техникалық ақпаратты, анықтамалық және арнаулы әдебиетті зерттеуді;

- жұмысшы құжаттаманы рәсімдеу жөніндегі техникалық жұмыстарды орындауды, материалдарды графикалық көркемдеуді жүзеге асыруды;

- азаматтық құрылыс саласындағы техникалық білімін практикалық жұмыс процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін қолдануды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Техник-жобалаушы

Техник-қараушы

Техник-құрылысшы



3113 БАЗАЛЫҚ ТОП

Техник-электриктер
Техник-электриктер электр жабдықтары саласындағы зерттеу, әзірлеу, сынау, жасау, жинау, салу, пайдалану және жөндеу жөніндегі техникалық міндеттерді орындайды.

Олардың міндеттері:

- электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді, оны профилактикалық тексеруді және жөндеуді жүзеге асыруды;

- құрастырудың, жинаудың, өткізудің және басқаларының элкетротехникалық тәсімдерінің жарық көшірмелерін дайындауды және жасауды;

- электр жабдықтары мен жүйелерін пайдаланудың дұрыстығын бақылауды, жабдықтардың жұмысындағы ақаулар мен жұмыс істемеушіліктердің себептерін анықтауды және оларды жоюды;

- электр жабдықтарын және құрылғыларын пайдаланатын қызметкерлерге оларды пайдалану туралы нұсқаулықтар беруді;

- электротехника саласындағы техникалық білімін практикалық жұмыс процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін қолдануды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Цех элекригі

Учаске элекригі

Борттық элекрик-сынаушы
3114 БАЗАЛЫҚ ТОП

Техник-электрониктер және телекоммуникациялар жөніндегі техниктер
Техник-электрониктер және телекоммуникациялар жөніндегі техниктер электроника және телекоммуникациялар саласындағы зерттеулермен, электронды техника мен жабдықтарды, электронды және электромеханикалық телекоммуникациялық жүйелерді әзірлеу, сынау, жасау, жинау, салу, пайдалану және жөндеумен байланысты техникалық міндеттерді орындайды.

Олардың міндеттері:

- электронды және телекоммуникациялық жабдықтарды зерттеу және әзірлеу, тәжірибелік үлгілерді сынау саласындағы техникалық міндеттерді орындауды;

- электронды және телекоммуникациялық жабдықтарды пайдаланудың дұрыстығын бақылауды, профилактикалық тексеруді және жөндеуді жүргізуді;

- жабдықты жұмысқа дайындауды, ақауларды анықтау мақсатымен тестілік тексерулер жүргізуді, жекелеген элементтер мен блоктарды реттеуді;

- электронды жабдықтың көрсеткіштері мен жұмыс кестесінің есебін, техникалық құжаттама жүргізуді;

- электроника және телекоммуникациялар жүйесі саласындағы техникалық білімін практикалық жұмыс процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін қолдануды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Техник-электроник

Телекоммуникациялар жүйесі жөніндегі техник



3115 БАЗАЛЫҚ ТОП

Техник-механиктер
Техник-механиктер машиналарды, механизмдер мен механикалық жабдықтарды зерттеумен, әзірлеумен, сынаумен, жасаумен, жинаумен, пайдаланумен және жөндеумен байланысты техникалық міндеттерді орындайды.

Олардың міндеттері:

- машиналардың, механизмдер мен механикалық жабдықтардың жаңа түрлері мен типтерін зерттеу және әзірлеу, тәжірибелік үлгілерді сынау саласындағы техникалық міндеттерді орындауды;

- машиналар мен механизмдерді пайдаланудың дұрыстығын бақылауды, жабдықты профилактикалық тексеруді және жекелеген бөлшектері мен тораптарын жөндеуді;

- машиналар мен механизмдерді жұмысқа дайындауды, жекелеген бөлшектері мен тораптарын реттеуді;

- жабдық жұмысының, тоқтап тұру себептері мен ұзақтығының есебін жүргізуді, жөндеуге қажетті материалдарды, запас бөлшектерді, деталдар мен құралды алуға өтінім жасауды;

- машиналар мен механизмдерді әзірлеу және пайдалану саласындағы техникалық білімін практикалық жұмыс процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін қолдануды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Техник-механик

Авиациялық жабдықтарды пайдалану жөніндегі авиациялық техник-механик


3116 БАЗАЛЫҚ ТОП

Өндірісте істейтін техник-химиктер
Өндірісте істейтін техник-химиктер химиялық өндірістік жабдықтарды әзірлеумен, жобалаумен, пайдаланумен және жөндеумен байланысты техникалық міндеттерді орындайды.

Олардың міндеттері:

- химиялық зауыттарға арналған жабдықтарды, жаңа өнеркәсіптік технологияларды, химиялық зауыттарға арналған жабдықтарды зерттеу және әзірлеу, тәжірибелік үлгілерді сынау саласындағы техникалық міндеттерді орындауды;

- химиялық өндірістік жабдықтар мен технологиялық жүйелерді пайдаланудың дұрыстығын бақылауды, профилактикалық тексеру және жөндеу жүргізуді;

- жабдықты жұмысқа дайындауды, ақауларды анықтауды және жоюды;

- нәзік және дәл химиялық технологиялардың сақталуын бақылауды, қолданылатын материалдардың, өндірілетін тағамдар мен процестердің технологиялық аспектілері бойынша консультациялар беруді;

- химиялық жабдық жұмысының көрсеткіштері мен жұмыс кестесінің есебін, басқа да техникалық құжаттамаларды жүргізуді;

- химиялық өнеркәсіптік жабдықтарды әзірлеу және пайдалану саласындағы техникалық білімін практикалық жұмыс процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін қолдануды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Электрохимиялық қорғаныс жөніндегі техник

Техник-химик

3117 БАЗАЛЫҚ ТОП

Кен өндіру және металлургия саласындағы техниктер
Кен өндіру және металлургия саласындағы техниктер қатты минералдар, мұнай мен газ өндірудің геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және геофизикалық жағдайларын зерттеумен, рудниктерді, шахталарды және кен орындарын әзірлеумен, салумен, пайдаланумен және жөндеумен, мұнай мен табиғи газ өндіру жабдықтарының, тасымалдау және сақтау жүйелерінің, металды балқыту және тазалау жабдықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етумен байланысты анағұрлым жетілдірілген әдістерді іздестірумен байланысты техникалық міндеттерді орындайды.

Олардың міндеттері:

- кен өндіру және металлургия саласындағы жабдықтарды зерттеу және әзірлеу, тәжірибелік үлгілерді сынау саласындағы техникалық міндеттерді орындауды;

- геологиялық, кен өндіру жабдықтарын, мұнай мен газды тасымалдау, сақтау және өңдеу жүйелерін, металды балқыту жабдықтарын

пайдалануды және олардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуді бақылауды;

- жабдықтарды профилактикалық тексеруді жүргізуді, ақауларды анықтауды және оларды жоюды, ұсақ жөндеуді жүргізуді;

- геологиялық, кен өндіру жабдықтарына қызмет көрсететін қызметкерлерге оларды пайдалану ережесі, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері туралы нұсқамалар беруді;

- геологиялық, кен өндіру жабдықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы техникалық білімін практикалық жұмыс процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін қолдануды;

- геологиялық, геофизикалық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық және басқа да карталардың арнаулы жүктемесінің топографиялық негіздерін сызуды орындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Бұрғылау технигі

Мұнай және газ өндіру жөніндегі техник

Мұнай мен газды дайындау және тасымалдау жөніндегі техник

Газ объектілері жабдықтарын пайдалану жөніндегі техник


3118 БАЗАЛЫҚ ТОП

Сызушылар
Сызушылар өлшеулер мен басқа да арнаулы деректер негізінде чертеждерді, эскиздерді және карталарды орындайды, чертеждер мен суреттерді көшіреді.

Олардың міндеттері:

- техникалық және құрылыс чертеждерін, жинақтау чертеждерін, жалпы көрініс чертеждерін, габаритті және монтаждық чертеждерді эскиздер бойынша және заттың өзінен орындауды:

- жинақтау чертеждерін нақтылауды, бастапқы деректер бойынша күрделі емес есептерді орындауды:

- қарапайым констукциялардың эскиздерін орындауды, топографиялық, гидрогеографиялық және басқа да карталарды дайындауды және жасауды;

- тәсімдерді, айрықшалықтарды, түрлі ведомостар мен кестелерді жасауды;

- чертеждерді, эскиздерді және карталарды рәсімдеуді, көшірмелер жасауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Чертежші-конструктор
3119 БАЗАЛЫҚ ТОП

Физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы, басқа топтарға енбеген техниктер
Бұл базалық топ физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы, «Физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы техниктер» 311 сыныптамалық құрамдас тобы базалық топтарының ешбіреуіне енбеген техниктерді біріктіреді.

Олардың міндеттері:

- деректер жинауды және экономикалық тиімділікті анықтауды, өндірістік жоспарлар жасауды;

- өндірістік және зерттеу жұмыстарының техникалық қауіпсіздігін бақылауды және қамтамасыз етуді;

- еңбектің тиімді ұйымдастырылуын;

- әртүрлі зертханалық зерттеулер жүргізуді;

- жүргізілетін зерттеулер мен өндірілетін өнімның сапасын техникалық бақылауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Техник-лаборант

Техникалық оқу құралдары жөніндегі техник


312 ҚҰРАМДАС ТОП

Электрондық есептеу машиналарына және әртүрлі компьютерлік қондырғыларға қызмет көрсету жөніндегі техниктер мен операторлар
Электрондық есептеу машиналарына және әртүрлі компьютерлік қондырғыларға қызмет көрсету жөніндегі техниктер мен операторлар электрондық есептеу машиналарын, компьютерлік қондырғыларды қолдану және пайдалану жөніндегі техникалық міндеттерді орындайды, олардың жұмысын бақылайды және стандарттық бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Олар орындайтын міндеттер:

- электрондық есептеу машиналарында жұмыс істеуді ұйымдастыруды, электрондық есептеу машиналары мен стандарттық бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерінің пайдаланушыларына техникалық көмек көрсетуді;

- стандартты компьютерлік бағдарламаларды қосуды және қажет болған жағдайда оларға шағын өзгерістер мен түзетулер енгізуді;

- компьютерлік қондырғылар мен өнеркәсіп роботтарының жұмысын бақылауды және олардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуді;

- компьютерлік операциялар журналын жүргізуді және т.б. қамтиды

Электрондық есептеу машиналарына және әртүрлі компьютерлік қондырғыларға қызмет көрсету жөніндегі техниктер мен операторлар әдетте, біліктілік деңгейі анағұрлым жоғары мамандар мен түрлі дәрежедегі басшылардың басшылығымен жұмыс істейді. Техниктер басқа қызметкерлерді қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы мүмкін.
3121 БАЗАЛЫҚ ТОП

Электрондық есептеу машиналарына қызмет көрсету жөніндегі техниктер мен операторлар
Электрондық есептеу машиналарына қызмет көрсету жөніндегі техниктер мен операторлар электрондық есептеу машиналарын стандарттық бағдарламалық қамтамасыз етуді, есептеу техникасына, ақпарат қабылдау және өткізу құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және оның жұмысын бақылауды жүзеге асырады, деректерді өңдеу жүйелерін жетілдіруге қатысады.

Олардың міндеттері:

- электрондық есептеу машиналарын пайдалануды және бақылауды;

- есептеу операцияларын ұйымдастыруды және тиімді орындауды;

- есептеу техникасы құралдарын жұмысқа дайындауды, ақпаратты өңдеу тәсімдерін, бағдарламалар мен есептерді шешу алгоритмдерін жасауды;

- техникалық қызмет көрсету, тестілік тексерулер, профилактикалық байқаулар, жабдықты реттеу, баптау және ағымдық жөндеу жүргізуді;

- орындалған жұмыс көлемінің, машиналық уақыттың пайдаланылуы, машина жұмысының байқалған ақауларының есебін жүргізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Есептеу орталығының (ақпараттық-есептеу) технигі

ЭЕМ қызмет көрсету жөніндегі техник


3122 БАЗАЛЫҚ ТОП

Компьютер құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі техниктер мен операторлар
Компьютер құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі техниктер мен операторлар компьютер құрылғыларына әртүрлі ақпаратты жазу, сақтау, беру және өңдеу үшін пайдаланылатын компьютер құрылғыларының жұмысын бақылауды, қажет болған кезде оны дисплей экранына, қағазға, пленкаға және басқа да жеткізушілерге аударуды жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- компьютер құрылғыларының жұмысын пайдалануды және бақылауды;

- компьютерлік жұмыстарды ұйымдастыруды және тиімді орындауды;

- компьютер құрылғыларын жұмысқа дайындауды, ақпарат жеткізушілерді орнатуды, оларды сақтауды;

- техникалық қызмет көрсету мен компьютер құрылғыларын шағын жөндеуді, оларды тестілік тексерулер, профилактикалық байқаулар, реттеу, және баптау жүргізуді;

- компьютерлік жұмыс операцияларын, машина жұмысының байқалған ақауларының есебін жүргізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Компьютер құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі техник

Компьютер құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі оператор


3123 БАЗАЛЫҚ ТОП

Өнеркәсіптік роботтарға қызмет көрсету жөніндегі техниктер мен операторлар
Өнеркәсіптік роботтарға қызмет көрсету жөніндегі техниктер мен операторлар өнеркәсіптік роботтарды іске қосуды, олардың жұмысын техникалық бақылауды жүзеге асырады, бағдарламалық қамтамасыз етуді және олардың жұмысына негізгі техникалық қызмет көрсетуді орындайды.

Олардың міндеттері:

- өнеркәсіптік роботтарды бағдарламалау және қайта бағдарламалауды;

- өнеркәсіптік роботтарды іске қосуды;

- өнеркәсіптік роботтардың тоқтаусыз жұмыс істеуін бақылауды және қамтамасыз етуді;

- ақауларды уақытында анықтау және оларды жою мақсатымен өнеркәсіптік роботтарды тексеруді және алдын алу байқауларын жүргізуді;

- өнеркәсіптік роботтардың жекелеген құрылғыларын, тораптары мен блоктарын реттеуді және баптауды;

- шағын алдын алу немесе ағымдық жөндеу жүргізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Өнеркәсіптік роботтарға қызмет көрсету жөніндегі техник

Өнеркәсіптік роботтарға қызмет көрсету жөніндегі техник-бағдарламашы

Өнеркәсіптік роботтарға қызмет көрсету жөніндегі операторлар



313 ҚҰРАМДАС ТОП

Оптикалық және электрондық жабдықтардың техниктері мен операторлары
Оптикалық және электрондық жабдықтардың техниктері мен операторлары сурет пен дыбысты жазуға және монтаждауға арналған фото-, кино- және видеоаппаратураларға, видео- және теледидар тарату аппаратураларына, сондай-ақ медициналық диагностикалық және емдеу жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады.

Осы топтың техниктері мен операторлары орындайтын міндеттер:

- фотографиялық жұмыстарды;

- фото-, кино- және видеоаппаратураларға техникалық қызмет көрсетуді;

- дыбысты жазуға және монтаждайтын аппаратуралардың, сондай-ақ диагностикалық және емдеу жабдықтарының жұмысын бақылауды;

- диагностикалық және емдеу жабдықтарының және т.б. қалыпты жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз етуді және т.б. қамтиды.

Оптикалық және электрондық жабдықтардың техниктері мен операторлары әдетте, біліктілік деңгейі анағұрлым жоғары мамандардың мен түрлі дәрежедегі басшылардың басшылығымен жұмыс істейді. Техниктер басқа қызметкерлерді қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы мүмкін.
3131 БАЗАЛЫҚ ТОП

Фотографтар, сурет пен дыбысты жазуға арналған аппаратуралардың операторлары
Фотографтар, сурет пен дыбысты жазуға аппаратуралардың операторлары фотографиялық жұмыстарды орындайды, фото-, кино- және видеокамералардың, сурет пен дыбысты жазуға және монтаждауға арналған басқа да аппаратураның жұмысын қамтамасыз етеді және бақылайды.

Олардың міндеттері:

- өндірістік, ғылыми және коммерциялық мақсаттар үшін фотографиялар жасауды, газеттердегі, журналдардағы және басқа да басылымдардағы материалдарға жарнама үшін көркемдеуді;

- топтық және жеке, студиялық және студиядан тыс фото түсірулерді орындауды;

- кино- және видекамераларды, микро- және аэросуреттер түсіруге арналған камераларды, сурет жазуға арналған басқа да арнаулы камераларды баптауды және пайдалануды;

- кино- және видеофильмдерге, грампластинкаларға, дыбыс жазу лентасына, сандық ақпарат дискілеріне, лазерлік дискілерге, тікелей эфирге және басқа да мақсаттарға арналған аппаратуралардың жұмысын бақылауды;

- сурет және дыбыстық эффектілердің қажетті сапасын қамтамасыз ету үшін жазбалар мен дыбыстарды монтаждау аппаратурасын бақылауды және реттеуді;

- теориялық және практикалық білімі мен машығын сурет және дыбыс жазу процесіндегі техникалық проблемаларды шешуде қолдануды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Дыбыс операторының ассисенті

Монтажшы

Дыбыс жазу операторы

Фотограф

Фототехник


3132 БАЗАЛЫҚ ТОП

Радио-, телехабар тарату және телебайланыс аппаратуралары техниктері мен операторлары
Радио-, телехабар тарату және телебайланыс аппаратуралары техниктері мен операторлары бейне мен дыбысты тікелей эфирде беретін және құрғақта, теңізде және ауада телебайланыс дабылдарын өткізетін радио-, телехабар таратуға арналған аппаратураларын бақылауды жүзеге асырады және қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Олардың міндеттері:

- өткізетін және таратушы жүйелердің, сондай-ақ радио- және телебағдарламаларды жүргізуге арналған спутник байланысы жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бақылауды және техникалық қамтамасыз етуді;

- радиобайланыс, спутник қызметтерінің, құрғақта, теңізде және ауада дүркінді пайдаланылатын жүйелердің жұмысын бақылауды және техникалық қызмет көрсетуді;

- кинопроекциялық аппараттың жұмысын бақылауды және техникалық қамтамасыз етуді;

- Радио-, телехабар тарату және телебайланыс терминалдары мен өткізу жүйелері саласындағы теориялық және практикалық білімін аппаратураға қызмет көрсету процесінде қолдануды;

- операциялардың, аппаратураның жұмыс кестесінің журналдарын жүргізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Авиациялық отрядтың аға борт радисі

Борт радисі-сынақшы

Радиотехник
3133 БАЗАЛЫҚ ТОП

Медициналық аппаратураға қызмет көрсету жөніндегі техниктер
Медициналық аппаратураға қызмет көрсету жөніндегі техниктер диагностика және ауруларды емдеу үшін қолданылатын техникалық жабдықтың қалыпты жұмыс істеуін бақылайды және қамтамасыз етеді.

Олардың міндеттері:

- естумен, жүрек қызметімен, бүйрекпен, нерв жүйесімен байланысты аурулары мен ауытқушылықтар диагностикасы және оларды емдеу, сондай-ақ радиографияда, анестезиологияда және т.б. қолданылатын медициналық жабдықтарды бақылауды және қызмет көрсетуді;

- ақауларды уақытында анықтау және оларды жою мақсатымен медициналық жабдықтарды профилактикалық тексеруді және алдын алу байқаулар жүргізуді;

- жекелеген құрылғылар жүйелерін, тораптар мен блоктарды реттеуді және баптауды;

- медициналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі теориялық және практикалық білімі мен машығын қолдануды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Медициналық аппаратураға қызмет көрсету жөніндегі техник (электрокардиография, электроэнцефалография, ультрадыбыстық зерттеу құрылғылары және т.б.)

Медициналық аппаратураға қызмет көрсету жөніндегі техник -электрик
3139 БАЗАЛЫҚ ТОП

Оптикалық және электронды жабдықтардың, басқа топтарға енбеген техниктері мен операторлары
Бұл базалық топ «Оптикалық және электронды жабдықтардың техниктері мен операторлары» 313 құрамдас тобының басқа базалық топтарына енбеген оптикалық және электронды жабдықтардың техниктері мен операторларын қамтиды.

Олардың міндеттері:

- оптикалық және электронды жабдықтың қалыпты жұмысын бақылауды және техникалық қамтамасыз етуді;

- оптикалық және электронды жабдықтың жұмысына бақылау жасауды және техникалық қызмет көрсетуді;

- оптикалық және электронды жабдық саласындағы теориялық және парктикалық білімі мен машығын қолдануды;

- операциялардың, аппаратураның жұмыс кестесінің журналдарын жүргізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Оптикалық (электронды) жабдық технигі

Оптикалық (электронды) жабдық операторы
314 ҚҰРАМДАС ТОП

Көлік құралдарын (кемелер мен ұшақтарды) пайдалану жөніндегі бақылаушылар мен мамандар
Көлік құралдарын (кемелер мен ұшақтарды) пайдалану жөніндегі бақылаушылар мен мамандар көлік құралдарын басқару, олардың қозғалыс қауіпсіздігін және пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі техникалық міндеттерді орындайды.

Олар орындайтын міндеттер көлік құралдары жабдықтарының жұмысын техникалық қамтамасыз етуді және бақылауды, кемелер мен ұшақтарды басқаруды, көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыруды және бақылауды, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қамтиды.

Көлік құралдарын (кемелер мен ұшақтарды) пайдалану жөніндегі бақылаушылар мен мамандар өздерінің функцияларын басшылардың немесе біліктілік деңгейі анағұрлым жоғары мамандардың қадағалауымен жоғары дербестік дәрежесінде орындайды. Олар, әдетте, басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асырады.

Осы құрамдас топтың кәсіптері (мамандықтары) орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білімді талап етеді.


3141 БАЗАЛЫҚ ТОП

Кеме механиктері
Кеме механиктері кеме бортында жабдықтар мен механизмдерді пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асырады немесе функцияларының мазмұны бойынша туыстас міндеттерді жағада орындайды.

Олардың міндеттері:

- кеме жабдықтарының, жүйелерінің, құрылғылары мен механизмдерінің дұрыс пайдаланылуын, жарамды техникалық жай-күйде ұсталуын бақылауды;

- кеме бортындағы механикалық және электр жабдықтарының тиісінше қызмет көрсетілуін және жөнделуін қамтамасыз етуді;

- кемемеханикалық қызметтердің қосалқы бөлшектермен, отынмен қамтамасыз етілуін бақылауды, оларға тапсырыс рәсімдеуді және есебін жүргізуді;

- кеме машиналары мен механизмдерінің қолданыстағы ережелерге, нұсқаулықтарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес орнатылуына, қызмет көрсетілуіне және жөнделуіне техникалық қадағалауды жүзеге асыруды;

- кеме жабдықтары саласындағы теориялық және практикалық білімі мен машығын оны пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу проблемаларын шешу үшін қолдануды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Механик-тәлімгер

Линиядағы флот механигі (флот бойынша)

Порттық флот механигі

Кеме жүйелері жөніндегі механик

Аға капитан-механик

Аға командир-механик

Сүңгуір аппаратының аға механигі

Аға электромеханик-капитан

Аға электромеханик-командир


жүктеу 7,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау