1313 БАЗАЛЫҚ ТОП
Орта және шағын құрылыс ұйымдарының басшылары
Орта және шағын құрылыс ұйымдарының басшылары азаматтық және өнеркәсіп нысандарының құрылысын жүзеге асыратын ұйымдарды басқарады және өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен істі жүргізеді.
Олардың міндеттері:
- тұрғын үй, өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандардың құрылысын жүзеге асыратын орта және шағын ұйымдардың қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- өндірістік қызметті басқаруды;
- материалдық және техникалық ресурстардың тиімді пайдаланылуын бақылауды, өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалауды және құрылыс сапасын бақылауды;
- жеткізіп берумен, тапсырыстармен және өнім өткізумен байланысты келіссөздер жүргізуді, құрылыс жұмыстарын орындауға арналған шарттар жасасуды;
- ұйымның мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- өндірілетін өнімнің есебін ұйымдастыруды, өндірістік қызмет туралы есептемені ұсынуды;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Орта және шағын ұйымның басшысы (директор және т.б.) (құрылыстағы)
1314 БАЗАЛЫҚ ТОП
Орта және шағын сауда ұйымдарының басшылары
Орта және шағын сауда ұйымдарының басшылары өнімді тұтынушыға дейін жеткізуді жүзеге асыратын ұйымдарды басқарады және өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен істі жүргізеді.
Олардың міндеттері:
- сауда саласындағы орта және шағын ұйымдардың қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- өндірістік қызметті басқаруды;
- материалдық және техникалық ресурстардың тиімді пайдаланылуын бақылауды, сату нәтижелерін және алушыларға қызмет көрсетудің сапасын бақылауды;
- жеткізіп берумен, тапсырыстармен және тауарларды сатумен байланысты келіссөздер жүргізуді;
- ұйымның мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- тауар-материалдық құндылықтардың есебін ұйымдастыруды, жүргізілген сатулар туралы есептеме ұсынуды;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Орта және шағын ұйымның басшысы (директор және т.б.) (саудадағы)
1315 БАЗАЛЫҚ ТОП
Орта және шағын қоғамдық тамақтандыру, мейрамханалар мен қонақүйлер ұйымдарының басшылары
Осы базалық топты құрайтын басшылар қоғамдық тамақтандыру, мейрамханалар мен қонақүйлер ұйымдарын басқарады және өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен істі жүргізеді.
Олардың міндеттері:
- орта және шағын қоғамдық тамақтандыру, мейрамханалар мен қонақүйлер ұйымдарының қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- өндірістік қызметті басқаруды;
- материалдық және техникалық ресурстардың тиімді пайдаланылуын, өндірістік қызмет нәтижелерін және тұтынушыларға қызмет көрсетудің сапасын бақылауды;
- жеткізіп берумен, қызметтер көрсетуге тапсырыстармен байланысты келіссөздер жүргізуді;
- қоғамдық тамақтандыру, мейрамханалар мен қонақүйлер ұйымының мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- өндірілетін өнімдер мен қызметтердің есебін ұйымдастыруды, өндірістік қызмет туралы есептеме ұсынуды;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Орта және шағын ұйымның басшысы (директор және т.б.) (қоғамдық тамақтандыру, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметін көрсететін)
1316 БАЗАЛЫҚ ТОП
Орта және шағын көлік және байланыс, материалдық-техникалық жабдықтау және өткізу ұйымдарының басшылары
Орта және шағын көлік және байланыс, материалдық-техникалық жабдықтау және өткізу ұйымдарының басшылары тиісті салалардағы орта және шағын разрядқа жататын ұйымдарды басқарады және өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен істі жүргізеді.
Олардың міндеттері:
- орта және шағын көлік және байланыс, материалдық-техникалық жабдықтау және өткізу ұйымдарының қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- ұйымның өндірістік қызметін басқаруды;
- материалдық және техникалық ресурстардың тиімді пайдаланылуын, өндірістік қызмет нәтижелерін және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды;
- жеткізіп берумен, тапсырыстармен байланысты келіссөздер жүргізуді, қызметтер көрсетуге шарттар жасасуды;
- ұйымның мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- өндірілетін өнімдер мен қызметтердің есебін ұйымдастыруды, өндірістік қызмет туралы есептеме ұсынуды;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Орта және шағын ұйымның басшысы (директор және т.б.) (көлік және байланыс, материалдық-техникалық жабдықтау және өткізу ұйымының)
1317 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жалпы коммерциялық қызметті жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікпен операциялар және тағы басқа да коммерциялық қызметтер көрсететін орта және шағын ұйымдардың басшылары
Жалпы коммерциялық қызметті жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікпен операциялар және тағы басқа да коммерциялық қызметтер көрсететін орат және шағын ұйымдардың басшылары коммерциялық кәсіпкерлік, жылжымайтын мүлікпен операциялар және коммерциялық қызметтің басқа да қосалқы түрлері саласындағы ұйымдарды басқарады және өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен істі жүргізеді.
Олардың міндеттері:
- жалпы коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және әртүрлі коммерциялық қызметтер көрсететін, жылжымайтын мүлікпен операциялар жүргізетін орта және шағын ұйымдардың қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- ұйымның өндірістік қызметін басқаруды;
- қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың тиімді пайдаланылуын бақылауды, коммерциялық қызметтің тиімділігін бағалауды;
- келіссөздер жүргізуді, мәмілелер мен шарттар жасасуды;
- ұйымның мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- есеп және тиісті құжаттаманы жүргізуді, жүргізіліп отырған коммерциялық қызмет пен қызмет көрсетулер туралы есептеме ұсынуды;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Орта және шағын ұйымның басшысы (директор және т.б.) (коммерциялық қызметтегі)
1318 БАЗАЛЫҚ ТОП
Халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсететін орта және шағын ұйымдардың басшылары
Халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсететін орта және шағын ұйымдардың басшылары халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы орта және шағын разрядқа жататын ұйымдарды басқарады және өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен істі жүргізеді.
Олардың міндеттері:
- халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы орта және шағын ұйымдардың қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету және қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі қызметті басқаруды;
- қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың тиімді пайдаланылуын бақылауды, көрсетілетін қызметтердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалауды;
- келіссөздер жүргізуді, жеткізіп берушілермен және тұтынушылармен әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетуге мәмілелер мен шарттар жасасуды;
- ұйымның мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- есепті, көрсетілетін қызметтердің саны, сапасы мен түрлері, халыққа қызмет көрсету жөніндегі қызметтің тиімділігі туралы есептеме ұсынуды;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Орта және шағын ұйымның басшысы (директор және т.б.) (әлеуметтік-тұрмыстьық қызмет көрсетудегі)
1319 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген орта және шағын ұйымдардың басшылары
Бұл базалық топ 131 «Орта және шағын ұйымдардың басшылары» құрамдас тобының басқа базалық топтарына енбеген, және өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен іс жүргізетін орта және шағын ұйымдардың басшыларын қамтиды.
Олардың міндеттері:
- білім беру, денсаулық сақтау, бос уақытты, спорттық және көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру және басқа да қызмет түрлері саласындағы орта және шағын ұйымдардың қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- ұйымның қызметін жедел басқаруды;
- қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың тиімді пайдаланылуын бақылауды, қызмет нәтижелерін бағалауды, өнімдер мен қызметтердің сапасын бағалауды;
- келіссөздер жүргізуді, мәмілелер мен шарттар жасасуды және т.б.;
- ұйымның мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- есепті, тиісті есептемені ұсынуды;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Орта және шағын ұйымның басшысы (директор және т.б.) (басқа салалардағы)
2 ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ТОП
Біліктілік деңгейі жоғары мамандар
Біліктілік деңгейі жоғары мамандар түрлі қызмет салаларындағы қоғам жинақтаған білімді байытуға және білім сомасының көбеюіне ықпал ете отырып, ғылыми теориялар мен тұжырымдамаларды әзірлеуді және зерттеуді, олардың тәжірибеде қолданылуын және оқыту арқылы жүйелі таратылуын жүзеге асырады.
Осы сыныпматалық топ біріктіретін кәсіптердің (мамандықтардың) көпшілігі орындайтын жұмыстарының жоғары күрделілілік деңгейімен ерекшеленеді және жоғары кәсіптік білімге (төртінші біліктілік деңгейіне) сәйкес келетін біліктілік деңгейін, сондай-ақ олардың қосымша арнаулы біліммен және машығымен айқындалатын әрі ғылыми дәрежесімен сипатталатын одан да жоғары деңгейлерді талап етеді. Әртүрлі кәсіптік топтардың біліктілік деңгейі жоғары мамандарының негізгі функциялары процестер мен құбылыстардың теорияларын дамытуды, зерттеуді және талдауды, ғылымның түрлі салаларындағы (жаратылыс, техникалық, гуманитарлық, қоғамдық) тұжырымдамалар мен әдістерді әзірлеуді; алған білімі мен зерттеулер нәтижелерін нақты қызмет салаларында (азаматтық және өндірістік ғимараттарды жобалау және салу. өнеркәсіп құрылғыларын, машиналарды, жабдықтарды және т.б. жобалу және жасау) медицинада (денсаулықтың түрлі бұзылушылықтары мен ауруларды емдеу нысандары мен әдістері), биологияда, ауыл және орман шаруашылықтарында, экономикада, саясатта іс жүзінде қолдануды; түрлі қызмет аспектілері бойынша консультациялар беруді; белгілі бір білім беру деңгейіндегі түрлі білім беру салаларында теория мен практиканы оқытуды; дене кемістігінен зардап шегіп жүрген адамдарды тәрбиелеуде; ақпараттық, қаржылық, коммерциялық, заңгерлік және әлеуметтік қызметтер көрсетуді; әдебиет және өнер туындаларын шығаруды және орындауды; діни қызметті (сенімдік дәстүрлерді жүргізу, діни басшылық және тәлімгерлік); ғылыми құжаттар мен есептер дайындауды қамтиды.
Бірқатар жағдайларда біліктілік деңгейі жоғары мамандардың функциялары басқа қызметкерлерге басшылық жасауды қамтуы мүмкін.
21 ШАҒЫН ТОП
Табиғи* және инженерлік ғылымдар, жер қойнауының геологиялық құрылысын кешенді зерттеу саласының мамандары
Табиғи* және инженерлік ғылымдар, жер қойнауының геологиялық құрылысын кешенді зерттеу саласының мамандары ғылыми зерттеулер жүргізеді, жаңа теорияларды, тұжырымдамаларды және әдістерді жетілдіреді және әзірлейді әрі олардың физикада, механикада, астрономияда, химияда, геологияда, геофизикада, метереологияда, математикада, статистикада, информатикада, архитектурада және техникада іс жүзінде қолданылуын жүзеге асырады.
Бұл шағын топ кәсіптерінің (мамандықтарының) басым бөлігі орындайтын жұмыстарының жоғары күрделілік деңгейімен сипатталады және жоғары кәсіптік білімінің, ал бірқатар жағдайларда ғылыми дәрежесінің болуымен айқындалатын біліктілік деңгейіне сәйкес келеді.
Бұл сала мамандарының функцияларына: ғылыми-зерттеу әзірлемелері мен заттар мен құбылыстардың физикалық-химиялық қасиеттерін, сондай-ақ математикалық, статистикалық және ақпараттық тұжырымдамалар мен әдістерді зерттеу нәтижесінде алған білімін іс жүзінде қолдану; азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттар мен имараттардың құрылысын, көлік жүйелерін жобалау және техникалық басшылық жасау; қондырғыларды, машиналарды, жабдықтарды жобалау және жасау, сондай-ақ оларды пайдалану мен жөндеу; өндірістік технологияларды әзірлеу; жаратылыс және инженерлік барлық ғылым салалары бойынша консультациялар беру; құрғақ жер бетінің құрылысын, теңізді, ауа райын зерттеу және тиісті картографиялық материалдар жасау; қоршаған орта объектілерді экологиялық далалық және зертханалық зерттеулерін (топырақ, өсімдік, су, тамақ өнімдері, биообъектілер) жүргізу; өндірістік процестер мен еңбекті ұйымдастыру; ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындау жатады. Әдетте, көрсетілген мамандардың жұмысты орындаудағы жоғары дербестік деңгейі ерекшенеді, жекелеген жағдайларда олардың функцияларына басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
211 ҚҰРАМДАС ТОП
Физиктер, химиктер мен тектес кәсіптер мамандары
Физиктер, химиктер мен тектес кәсіптердің мамандары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, теориялар мен әдістер әзірлейді, оларды жетілдіреді, физика, астрономия, метереология, геология, геофизика, физикалық география саласында алған мәліметтерді практикада қолданады. Олардың негізгі міндеттері механикамен, термодинамикамен, оптикамен, магнетизммен, техникалық акустикамен, электрмен, электроникамен, ядролық физикамен, астрономиямен, химияның түрлі салаларымен, атмофералық құбылыстармен және жер қыртысының жағдайымен (құрғақтың және теңіздің) байланысты зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуді; консультациялар беруді және алған білімдерін өңдеу және өндіру өнеркәсібінде, теңізде жүзуде, ғарыштық зерттеулерде, радиобайланысында, минералдық шикізат, энергия ресурстары мен су қорын анықтауда, азаматтық инженерияда, ауыл шаруашылығында, медицинада іс жүзінде қолдануды; ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды қамтиды.
Бұл мамандардың функцияларына басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
____________________________________________________________
* Биогиялық ғылымдардан басқа
2111 БАЗАЛЫҚ ТОП
Физиктер мен астрономдар
Физиктер мен астроном мамандар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, физикалық процесстер мен құбылыстарды зертеудің теориялары мен әдістерін әзірлейді және жетілдіреді, сондай-ақ алған білімдері мен нәтижелерінің экономиканың түрлі салаларында (өнеркәсіпте, медицинада, байланыста және т.б.) практикалық қолданылуын жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- теориялық зерттеулер жүргізуді, физика мен астрономиядағы тұжырымдамалар мен әдістерді әзірлеуді және жетілдіруді;
- физиканың әртүрлі салаларындағы (механикадағы, акустикадағы, термодинамикадағы, электрдегі, магнетизмдегі, оптикадағы ядролық физикадағы және басқаларындағы) процестер мен құбылыстарды эксперименталды зерттеуді және талдауды;
- заттардың түрлі жағдайдағы (қатты, сұйық, плазманы қоса, газ тектес) құрылымы мен сапасына және олардың белгілі бір әсерлер кезіндегі жай-күйіне – қыздырғандағы, қысымдағы және т.б.) тәжірибе жасауды, сынауды және талдауды;
- аспан денелерін бақылауды және зерттеуді, алынған нәтижелерді практикалық қажеттіліктергі (уақыт қызметінде, жер бетінің координаттары мен азимуттарын айқындауда, Жердің жасанды серіктері мен ғарыш зондтарын жұлдыздар бойынша бағдарлауда және т.с.) пайдалануды;
- зерттеулердің, тәжірибелер мен бақылаулардың нәтижелерін бағалауды, математикалық әдістер мен үлгілерді пайдаланы отырып қорытынды дайындауды;
- физика мен астрономия заңдары мен әдістерін техниканың әртүрлі салаларында (электротехникада, электроникада, жылу техникасында және .тб.) практикалық пайдалануды;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Астроном
Астрофизфик
Гидроакустик
Физик
2112 БАЗАЛЫҚ ТОП
Метеорологтар мен тектес кәсіптер мамандары
Метеорологтар атмосфераның құрылысымен, құрылымымен және динамикасымен байланысты теорияларды, тұжырымдамалар мен мен әдістерді зерттеуді жүргізеді, жетілдіреді және әзірлейді, авиацияда, суда жүзуде, ауыл шаруашылығында, сондай-ақ халықты хабардар етуге пайдаланылатын әртүрлі мерзімге ауа райының болжамдарын дайындайды.
Олардың міндеттері:
- зерттеулер жүргізуді, жер атмосферасының құрылысын, оның қасиеттерін мен онда болып жатқан процестерді жер бетінің қасиеттерімен және әсерімен өзара байланыстыра отырып зерттеумен байланысты теорияларды, тұжырымдамалары мен әдістерді әзірлеуді және жетілдіруді;
- атмосферадағы және жер бетіндегі жылу айналымы мен жылу режимін, ылғал айналымы мен атмосферадағы судың фазалық ауысуын, ауа массаларының қозғалысын, атмосферадағы түрлі құбылыстарды, сондай-ақ күн радиациясын зерттеуді;
- метеорологиялық стансалардан және метеорологиялық спутниктерден алынған ақпаратты зерттеуді және талдауды, авиацияда, суда жүзуде, ауыл шаруашылығында, сондай-ақ халықты хабардар етуге пайдаланылатын синоптикалық карталар мен ауа райының болжамдарын дайындауды;
- климатқалыптасу, жер шарының климаттарын суреттеуді және сыныптауды, климатқа антропогендік әсер ету мәселелерін зерттеуді;
- тұмандарды сейілту, ылғалды және ауа райын басқарудың басқа да түрлеріне бақылауды жөнінде тәжірибелер жүргізуді;
- қоршаған орта мониторингін жүзеге асыруды;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Климатолог
Метеоролог
Синоптик
2113 БАЗАЛЫҚ ТОП
Химиктер
Химиктер ғылыми зерттуелер жүргізеді, химиялық процестерді зерттеудің теорияларын, тұжырымдамалары мен әдістерін жетілдіреді және әзірлейді, алған білімдері мен нәтижелерінің шикізатты, жартылай фабрикаттарды, өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеумен, түрлі заттарды, материалдарды алумен және жетілдірумен, технологиялық процестерді әзірлеумен және жақсартумен байланысты экономиканың түрлі салаларында (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және т.б.) практикалық қолданылуын жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- зерттеулер жүргізуді, химияның түрлі (органикалық емес, органикалық, физикалық, аналитикалық, полимерлер химиясы) салаларындағы теориялар мен әдістерді әзірлеуді және жетілдіруді;
- зерттеулердің, тәжірибелер мен бақылаулардың нәтижелерін бағалауды, оларды практикалық пайдалану жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар дайындауды;
- әртүрлі заттарды, материалдарды, бұйымдар мен процестерді әзірлеуді және жетілдіруді;
- химиялық өнімдерді дайындаушылар мен тұтынушыларға арналған сапаны бақылау әдістемелерін әзірлеуді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Химик
Химик-аналитик
Химик-неорганик
Химик-органик
2114 БАЗАЛЫҚ ТОП
Геология саласындағы мамандар
Геология саласындағы мамандар ғылыми зерттеулер жүргізеді, геология мен геофизиканың теориялары мен әдістерін жетілдіреді және әзірлейді, алған білімдері мен нәтижелерінің пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру және барлау, су ресурстарын қорғау кезінде, азаматтық инженерияда, навигацияда практикалық қолданылуын жүзеге асырады.
Минералдық-шикізат қорын ұлғайту, тау-кен-қазба өнеркәсібін дамыту перспективасы, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан және жобаланатын кәсіпорындарды пайдалы қазбалар қорымен қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауының геологиялық құрылысына кешенді зерттеу жүргізеді, ғылыми зерттеулер жүргізіп, нақты жағдайларға қарай пайдалы қазбаларды іздестіру мен барлаудың тиімді әдістерін әзірлейді және жетілдіреді, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингін қоса, жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады, жер қойнауы мониторингінің бірыңғай ақпараттық жүйесін жасайды, жер қойнауы жағдайын тұрақты жақсарту және қорғауды, олардың теңгермелі пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Олардың міндеттері:
- зерттеулер жүргізуді, геология ғылымдары мен геофизика салаларындағы теориялар мен әдістерді әзірлеуді және жетілдіруді;
- жер қыртысының құрамын, құрылысын, даму тарихын және Жердің анағұрлым терең қойнауларын, таужыныстардың, пайдалы қазбалар қалдықтарының жату жағдайларын, минералдық, химиялық құрамын зерттеуді;
- жер үсті және жер асты суларының, мұздықтардың, қар қыртыстарының географиялық таралуын, олардың құрамын және қасиеттерін зерттеуді;
- пайдалы қазбалар мен жер асты су ресурстарын геологиялық түсіру, гидрогеологиялық, іздестіру және барлау жұмыстарын жобалауды, ұйымдастыруды және тікелей жүргізуді;
- минералдардың, тау-кен жыныстарының, кендердің, шөгінді қыртыстарының заттық құрамын зерттеу әдістерін, жекелеген өңірлер мен кен орындарын құрылымдық-заттық талдауды әзірлейді және жетілдіреді;
- инженерлік геология білімдерін плотиналарын, көпірлер, туннелдер мен ірі құрылғылар салу кезінде қолдануды;
- жердің ішінде, жер бетінде және атмосферада болып жататын физикалық-сейсмикалық, гравитациялық, электрлік, термиялық, магниттік процестерді зерттеуді;
- жердің магниттік өрісінің карталарын жасауды және оларды навигацияда және пайдалы қазбаларды барлауда қолдануды;
- жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-шарт талаптарын, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары қорының мемлекеттік балансын орындауы мониторингін жүргізуді;
- жер қойнауының жағдайы жөніндегі картографиялық материал мен жер қойнауын пайдалану мониторингін жасау жұмысына қатысуды;
- геологиялық ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі автоматтандырылған деректер банкін толықтыруды;
- тау-кен және геологиялық бұруларды жер қойнауын пайдалануға дайындауды;
- жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан және жобаланатын кәсіпорындарды пайдалы қазбалар қорымен қамтамасыз етуді;
- өнеркәсіптің жаңа шикізатқа қоятын талаптарын орындауды, кен орындарының есебін және пайдалы қазбалар қорының есебін жүргізуді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Геолог
Геофизик
Геохимик
Гидрогеолог
Геологиялық ақпараттық қамтамасыз ету инженері
Палеонтолог
212 ҚҰРАМДАС ТОП
Математиктер, статистиктер мен тектес кәсіптер мамандары
Математиктер, статистиктер мен тектес кәсіптер мамандары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, математикалық және статистикалық теориялар мен мен әдістерді әзірлейді және жетілдіреді, алған білімдерін қызметтің түрлі салаларында – техникалық, жаратылыс, медициналық, қоғамдық ғылымдарда және коммерциялық қызметте практикалық қолданылуын жүзеге асырады, сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.
Осы сыныптамалық топ мамандарының негізгі міндеттері фундаменталдық математика саласында зерттеулер жүргізуден; математикалық және статистикалық қағидаттар мен әдістер жөнінде консультациялар беруден және оларды іс жүзінде қолданудан; статистикалық бақылауларды болжамдаудан, әзірлеуден және жүргізуден; статистикалық деректерді бағалаудан, түсіндіруден және талдаудан метрология, сертификаттау және сапа мәселелері жөніндегі стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеуден және келісуден; әзірленетін конструкторлық және технологиялық құжаттамаға метрологиялық сараптаманы жүзеге асырудан; ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындаудан тұрады. Бірқатар жағдайларда олардың міндеттеріне басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
2121 БАЗАЛЫҚ ТОП
Актуарийлер, математиктер мен тектес кәсіптер мамандары
Актуарийлер, математиктер мен тектес кәсіптер мамандары ғылыми зерттеулер жүргізеді, математикалық теориялар мен әдістерді әзірлейді және жетілдіреді, алған білімдерінің қызметтің түрлі салаларында – сақтандыруда, жаратылыс және қоғамдық ғылымдарда, техникада, медицинада, ауыл шаруашылығында және коммерциялық қызметте практикалық қолданылуын жүзеге асырады, сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- тарифтерді есептеуді; сақтандыру өнімдерінің пайдалылығын және ұйымның қаржылық жағдайын бағалауды;
- мәмілелер мониторингін және оларға талдау жүргізуді;
- фундаменталды математика саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді, есептер шешімінің математикалық қамтамасыз ету теориялары мен әдістемесін, әдістерін әзірлеуді және жетілдіруді;
- математикалық қағидаттардың, үлгілер мен әдістердің қызметтің түрлі салаларында практикалық қолданылуы бойынша консультациялар беруді;
- жаратылыс және қоғамдық ғылымдарда, медицинада, ауыл шаруашылығында, сондай-ақ, техникада, технологияда, коммерциялық, сақтандыру және басқа да қызмет түрлерінде ғылыми-техникалық, өндірістік және басқару есептерін шешуді математикалық қамтамасыз ету жүйсеін әзірлеуді;
- бағдарламаларға, математикалық есеп үлгілеріне арналған техникалық шарттар мен тапсырмаларды әзірлеуді жүзеге асыруды, бағдарламалардың есептерін және логикалық тәсімдерін шешудің алгоритмдерін құрастыруды;
- есептеу процестерін бірыңғайландыру жөніндегі жұмыстарды орындауды, есептеу техникасының қолданылу саласын ұлғайту жөніндегі жобалау жұмыстарына қатысуды;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Актуарий
Математик-статистик
Ғылыми қызметкер (математика слаласындағы)
2122 БАЗАЛЫҚ ТОП
Статистиктер
Статистиктер статистикалық теориялар, тұжырымдамалар мен әдістемелер саласында ғылыми зерттуелер жүргізеді, математикалық және статистикалық әдістердің басқа да аспектілерін жетілдіреді, алған білімдерін қызметтің түрлі салаларымен – жаратылыс және қоғамдық ғылымдармен, медицинамен, білім берумен, коммерциямен және т.б. байланысты ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау саласында іс жүзінде қолданады, сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, статистикалық теорияларды, тұжырымдамалар мен әдістемелердің математикалық және басқа да аспектілерін әзірлеуді және жетілдіруді;
- жаратылыс және қоғамдық ғылымдармен, медицинамен, білім берумен, коммерциямен және қызметтік басқа да түрлерімен байланысты статистикалық ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау саласында білімдерін іс жүзінде қолдануды;
- статистикалық зерттеулер, бақылаулар мен сұрақ-жауаптар ұйымдастыруды және жүргізуді;
- алынған нәтижелерді бағалауды, түсіндіруді және талдауды;
- статистикалық деректерді өңдеуді және ресімдеуді, оларды жариялауға дайындауды;
- ақпарат жинаудың статистикалық әдістерін қолдану және оның дұрыстығын айқындау жөнінде кончультациялар беруді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Статистик
Демограф
Экономист- демограф
2123 БАЗАЛЫҚ ТОП
Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандары
Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандары стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі стандарттар мен басқа да құжаттардың жаңаларын әзірлеуді және қолданыстағыларын қайта қарауды, олардың ұйымдарда енгізілуін, өнімдер мен қызметтер сапасын арттыру жөнінде жұмыс жүргізуді, оларды сертификаттауды, өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз етуді, стандарттардың, метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың стандарттарын, ережелері мен рәсімдерін зерттеуді және жүйелеуді;
- стандарттау нысандарын анықтауды, жаңа стандарттар әзірлеуді және стандарттарды өзгерту және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі басқа да құжаттарды өзгерту ұсыныстар даярлауды;
- сараптама жүргізуді және нормативтік құжаттама жобаларына қорытындылар дайындауды;
- техникалық құжаттамаларға нормалау бақылауын жүргізуді; метрология, өлшеудің эталондық базасын және жоғары дәлдіктегі құралдарын жасау саласында фундаменталдық зерттеулер жүргізу жолымен өлшеулер бірлігін қамтамасыз етуді;
- бекітілген өлшеу түріне ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруды, эталонды дамытуға, жетілдіруге және талап етілетін ғылыми-техникалық деңгейде қолдауға бағытталған фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жөнінде ұсыныстар дайындауды;
- мемлекеттік эталондар аппаратурасын әзірлеуді және жасалған аппаратураны сынаудан өткізуді, мемлекеттік эталондарды басқа елдердің ұлттық эталондармен және халықаралық эталондармен салыстыруды жүзеге асыруды және салыстыру нәтижелеріне талдау жүргізуді;
- эталондарды оларды сақтау және қолдану ержелеріне сәйкес сақтау және қолдану шарттарын сақтауды;
- эталондарда тексеру және мөлшерлеу жұмыстарын жүргізуді;
- стандарттау әдістерімен өнімнің және қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді, өнімді және қызметті стандарттауды жүргізу үшін нормативтік база дайындауды;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің өнімді әзірлеу, оны өндіріске дайындау, оны жасау, өткізу, пайдалану, сақтау, тасымалдау және ұқсату сатыларында, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды;
- мемлекеттік метрологиялық бақылауды және қадағалауды;
- өлшеу құралдарын мөлшерлеу жолымен олардың жай-күйіне және қолданылуына, метрологиялық ережелер мен нормалардың, өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың сақталуына, өлшеу құралдарын тексеруге және мөлшерлеуге ұсынудың уақтылылығын метрологиялық бақылау және қадағалауды;
- стандарттау мен метрологияны насихаттауды және стандарттарды әзірлеу мен қолдану тәжірибесін алмасуды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Метрология жөніндегі инженер
Ғалым – Мемлекеттік эталонды сақтаушы
213 ҚҰРАМДАС ТОП
ІТ- мамандар
ІТ- мамандар ақпараттық технологиялар саласында зерттеулер жүргізеді, есептеу техникасын пайдаланудың тұжырымдамаларын, қағидаттарын, әдістерін әзірлейді және жетілдіреді, деректер базасын үлгілейді, жобалайды, әзірлейді, ақпараттық жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Осы сыныптамалық топқа жататын мамандардың негізгі міндеттері есептеу техникасын, компьютерлік жүйелер мен желілерді жасаудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ компьютерлік архитектура мен дизайнды, құрылымы мен деректер базасын, олардың коммуникациясын, алгоритмдер әзірлеуді, жасанды интеллект пен өнеркәсіп роботтехникалық жүйелер мен кешендерді қоса, оларды практикалық пайдалану жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізуді; арнаулы пайдалануға арналған бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету құрылымын бағалауды, болжауды және әзірлеуді; компьютерлік бағдарламаларды әзірлеуді, басуды, тексеруді және қызмет көрсетуді; ғылыми құжаттамалар мен есептер, әдістемелік құралдарды және оқулықтарды дайындауды қамтиды. Бірқатар жағдайларда олардың міндеттеріне басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
2131 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жүйелік талдаушылар
Жүйелік талдаушылар соңғы пайдаланушының бизнес-процестерін талдаумен және үлгілеумен, жоба алдындағы зерттеп тексерумен, техникалық тапсырманы әзірлеумен айналысады, техникалық құжаттаманы дайындауға қатысады, жобалық құжаттаманы дайындаумен және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қажетті міндеттерді қоюмен айналысады.
Олардың негізгі міндеттері:
- соңғы пайдаланушының талаптарын жоба алдында тексеруді, талдауды және өңдеуді;
- техникалық тапсырманы құрастыруды;
- архитектуралық жүйені жоблауды;
- бизнес-процестерді үлгілеуді;
- жұмыс жоспарын жасауды;
- сыныптар жиынтығын, олардың құрылымын және функционалдығын жобалауды;
- соңғы пайдаланушылармен және бағдарламашылармен өзара бірлесіп әрекет етуді;
- желілік инфрақұрылымды зерттеп тексеру жөнінде жұмыстар жүргізуді;
- проблемалар мен қиын түйіндерді оқшаулауды, жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
- әдістемелер әзірлеуді;
- білім базасын және қайталап пайдаланылатын компоненттер мен технологиялар қоймасын ұйымдастыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бағдарламалық қамтамасыз етуді талдаушы-жобалаушы
Жүйелік талдаушы
Жүйелік архитектор
2132 БАЗАЛЫҚ ТОП
Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер
Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер бағдарламалық қамтамасыз етуді: жүйелік және қолданбалы есептерді, жекелеген компоненттерді, серверлік және клиент қосымшаларын жобалаумен, енгізумен және қолдаумен айналысады.
Олардың негізгі міндеттері:
- қойылған міндеттерді есептеу техникасы құралдарымен орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін математикалық үлгілер мен алгоритмдерді талдау негізінде бағдарламалар әзірлеуді, оларды тестілеуді және реттеуді;
- ақпаратты өңдеудің барлық сатыларындағы есептерді шешу технологияларын әзірлеуді;
- алгоритмдер мен деректер құрылымын суреттеу үшін бағдарламалау тілін таңдауды; есептеу техникасы құралдарымен өңдеуге жататын ақпаратты, оның мөлшерін, құрылымын, макетін және енгізу тәсімін, өңдеуді, сақтауды және шығаруды, бақылау әдістерін айқындауды;
- бағдарламалдарды жөндеуге дайындау және бағдарламаларды жөндеуді жүргізуді;
- бағдарламалардың олардың фунционалдық нысанына сәйкестігін неғұрлым толығырақ тексеруді қамтамасыз ететін бақылау үлгілері деректерінің көлемі мен мазмұнын айқындауды;
- әзірленген бағдарламаны шығу деректерінің негізінде түзетуді;
- дайын бағдарлама өнімдерінің пайданылу мүмкіндіктерін айқындауды;
- бағдарламаның дұрыстығын автоматты тексеру жүйесін әзірлеуді және енгізуді; есептеу процестерін бірыңғайлау және типтеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуді;
- бағдарламалармен жұмыс істеу жөнінде нұсқаулықтар әзірлеуді, қажетті техникалық құжаттамамен ресімдеуді;
- енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарға ілесуді;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланушыларға бағдарламаны пайдалану мәселелері, жабдықтың құрамы мен бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету шығындары бойынша консультациялар беруді қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бағдарламалық қамтамасыз ету инженері
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету инженері
Жоба менеджері
Бағдарламашы
Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші
Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман
Web-мастер
2139 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген ІТ-мамандар
Осы базалық топты құрайтын ІТ- мамандар есептеу жүйесі және ақпараттық технологиялар саласында фундаменталды зерттеулер жүргізеді, деректер базаларының физикалық үлгісін, деректерді ұйымдастырудың логикалық үлгілерін әзірлейді; деректер базасының серверін қоюмен және конфигурациясымен; қолданыстағы желілердегі және компьютерлік орталықтардағы ақауларды анықтаумен, басқарумен және жоюмен айналысады; жүйенің тұтастай барлық элементтерінің жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ететін талаптарды айқындайды.
Олардың негізгі міндеттері:
- есептеу техникасын, компьютерлік жүйелер мен желіліерді жасаудың теориялық бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді;
- ғылыми зерттеулерді математикалық үлгілеуді және болжам жасауды;
- деректер базасын ұйымдастырудың логикалық үлгілерін әзірлеуді;
- деректер мен қосымшалар базасын жасауды;
- деректер базасынын мониторингі мен оларды оңтайландыруды;
- деректер базасынын серверін қоюды және конфигурациялауды;
- бағдарламалық шешімдерге арналған желілер мен ақпараттық инфрақұрылымдарды әзірлеуді, қоюды, баптауды және енгізуді;
- желілер мен бағдарламалық шешімдерге әкімшілікті және оларды қолдауды;
- желілердегі және компьютерлік ортадағы ақауларды анықтауды және жоюды;
- жабдықты ауыстыруды; есептеу техникасын жаңғырту және сатып алу кезінде консультациялар беруді;
- пошта клиентін реттеуді және Интернетке шығуды;
- графикалық пакеттерді иеленуді, көркем конструкциялау және графикалық жұмыс әдістерін білуді;
- кәсіпорынның өндірістік-экономикалық қызметін талдау негізінде автоматтандыруды;
- компьютерленген кіріктірілген өндірістерді жобалауды;
- автоматтандырылған жобалау жүйелерін (АЖЖ) және автоматтандырылған басқару жүйелерін (АБЖ) құру үшін бағдарламалық интрумениалды ортаны және құралдарды пайдалануды;
- робототехникалық кешендерді құруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бағдарламалық қамтамасыз ету инженері
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету инженері
Деректер базасының әкімшісі
Деректер базасының талдаушысы
Инженер-жүйелік техник
Зерттеуші (компьютерік)
ІТ-дизайнер
Жүйе инженері
Техникалық консультант
214 ҚҰРАМДАС ТОП
Архитекторлар, инженерлер мен тектес кәсіптер мамандары
Архитекторлар, инженерлер мен тектес кәсіптер мамандары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, әдістер мен тұжырымдамаларды әзірлейді және жетілдіреді, білімдерінің архитектура, техника, технология және өндірістік процестерді ұйымдастыру саласында практикалық қолданылуын жүзеге асырады.
Олардың қызметі мынадай негізгі міндеттерді орындаудан тұрады:
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және инженерлік қызмет бағыттары бойынша консультациялар беру;
- өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен құрылғыларды, көлік тораптары мен коммуникацияларды жобалу, салу, қызмет көрсету және жөндеу;
- өнеркәсіп өндірісіндегі жобалау, түрлі станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, электр қозғағыштары мен жүйелерін, телекоммуникацияларды және электрониканы пайдалану;
- өндіріс түрлерін анықтауда химиялық процестерді әзірлеу және пайдалану;
- өнеркәсіп ауқымында пайдалы қазбаларды өндіру, сондай-ақ жаңа материалдар дайындау әдістерін дамыту және іске асыру;
- нақты материалдардың, бұйымдардың және процестердің технологиялық сипаттамаларын зертеу;
- құрғақтың және теңіздің аумақтарын түсіруді зерттеу және жүргізу, оларды графикалық және фотографиялық әдістермен қайталау;
- өндірістік және еңбек процестерін ұйымдастыру;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындау.
Осы сыныптамалық топ мамандарының міндетіне басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
2141 БАЗАЛЫҚ ТОП
Көлік және қала құрылысы жөніндегі архитекторлар, инженерлер
Көлік және қала құрылысы жөніндегі архитекторлар, инженерлер архитектуралық тұжырымдамалар, жоспарлар мен әдістер әзірлеумен, неғұрлым тиімді жобалық шешімдер іздестірумен байланысты зерттеулер жүргізеді, көлік, қалалық, бақ-парктік және ландшафт құрылысы саласында жобаларды әзірлейді, олардың жүзеге асырылуын, түрлі объектілердің қалпына келтірілуін және жаңартылуын бақылайды, сондай-ақ құрылыс мәселелері бойынша консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- архитектура мен архитектуралық дизайн теориясы мен әдістемесі, сондай-ақ құрылыстың неғұрлым тиімді жобалық шешімін іздестіру саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді;
- қалалардың, теміржолдардың және автомобиль жолдары мен аэродромдардың, бақ-парктік және ландшафт құрылысының жобалық ұсыныстары мен бас жоспарларын жобалауды және әзірлеуді;
- архитектуралық орта дизайнын;
- құрылыс-монтаж жұмыстарының қажетті техникалық-экономикалық негіздемелері мен есептерін жасауды, құрылыстың сметалық құнын, жабдықтардың, бұйымдар мен материалдардың қажетті құрамы мен санын айқындауды, жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге тапсырыс берушілермен шарттар жасасу үшін материалдар даярлауды;
- жобаланатын нысандардың құрылысына авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыруды, қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялардың, бұйымдардың бекітілген жобаларға, стандарттарға және құрылысқа арналған техникалық жағдайларға сәйкестігін бақылауды;
- мәдени мұра нысандарын, сондай-ақ басқа да объектілерді қайта қалпына келтіруді;
- қала және көлік құрылысы бойынша консультациялар беруді;
- қызмет процесінде басқа да мамандармен өзара бірлесіп әрекет етуді және консультациялар беруді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Архитектор
Құрылысты қадағалау жөніндегі инженер
Техникалық қадағалау жөніндегі инженер
Инженер-жобалаушы
2142 БАЗАЛЫҚ ТОП
Өнеркәсіп және азаматтық құрылыс жөніндегі инженерлер
Өнеркәсіп және азаматтық құрылыс жөніндегі инженерлер құрылыс теориясын және әдістемесін әзірлеумен және жетілдірумен байланысты ғылыми зерттеулер жүргізеді, жобалар әзірлейді, өнеркәсіп және азаматтық нысандардың құрылысын және пайдаланылуын жүзеге асырады, сондай-ақ осы мәселелері бойынша консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- құрылыс саласындағы теория мен әдістеме жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді;
- өнеркәсіп және азаматтық құрылыс мәселелері жөнінде консультациялар беруді;
- көпірлерді, көлік тоннелдерін, гидротехникалық құрылғыларды, тұрғын үй ғимараттарын, жылумен, газбен жабдықтау жүйелерін, желдеткішті, су құбырлары- канализация шаруашылықтарын және т.б. жобалауды;
- құрылыстың құнын, жабдықтардың, бұйымдар мен материалдардың қажетті құрамы мен санын айқындауды, қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялардың, бұйымдардың бекітілген жобаларға, стандарттарға және техникалық жағдайларға сәйкестігін бақылауды;
- құрылыс жұмыстарын басқаруды;
- қолданыстағы өнеркәсіп және азаматтық құрылғыларды пайдалануды және жөндеуді;
- табиғат қорғау құрылысын жүзеге асыруды;
- құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру технологияларын әзірлеуді;
- қызмет процесінде басқа да мамандармен өзара бірлесіп әрекет етуді және консультациялар беруді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Гидротехник
Архитектор
Құрылысты қадағалау жөніндегі инженер
Техникалық қадағалау жөніндегі инженер
Су құбырлары-канализация шаруашылықтары құрылғылары мен жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер
2143 БАЗАЛЫҚ ТОП
Инженер-электриктер мен инженер-энергетиктер
Инженер-электриктер мен инженер-энергетиктер электротехника және энергетика саласында зерттеулер жүргізеді, электр жүйелерінің, қозғағыштар мен жабдықтарды жобалауды, өнеркәсіп өндірісі мен оның пайдаланылуын жүзеге асырады, сондай-ақ осы мәселелері бойынша консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- энергетика, энергомашина жасау және электротехника саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар беруді;
- жылу-, гидро- және атом электр стансаларын, электротехникалық, әлсіз ток жабдықтарын, автомобилдердің, тракторлардың, ұшу аппараттарының және кемелердің, өндірістік қондырғылар мен технологиялық кешендердің, электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелердің, сондай-ақ тұрмыстық электр техникасын жобалап әзірлеуді және өнеркәсіптік өндіруді;
- энергетикалық, электротехникалық, жабдықтарды, коммуникациялар мен желілерді пайдалануды және жөндеуді, бақылауды ұйымдастыруды;
- энергожабдықтар мен желілердегі аварияларды себептерін тексеруге қатысуды, олардың алдын алу және жою жөніндегі шараларды әзірлеуді;
- энергетикадағы, электротехникадағы өнеркәсіптік технологияларды әзірлеуді;
- қызмет процесінде басқа да мамандармен өзара бірлесіп әрекет етуді және консультациялар беруді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Электр стансалары мен желілерінің технологиясын және пайдаланылуын реттеу, жетілдіру жөніндегі инженер
Қайта өзгерту кешенінің инженері
Инженер-энергетик
2144 БАЗАЛЫҚ ТОП
Инженер-электрониктер, байланыс және аспап жасау жөніндегі инженерлер
Инженер-электрониктер мен байланыс және аспап жасау жөніндегі инженерлер зерттеулер жүргізеді, әртүрлі аспаптарды, электрондық техниканы, байланыс құралдары мен автоматты реттеу және басқару жабдықтарын жобалайды, өнеркәсіптік өндіруді, қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асырады, ондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- аспап жасау, электрондық техника, радиотехника, байланыс, автоматика мен басқару саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және осы мәселелер бойынша консультациялар беруді;
- электрондық жабдықтарды, құрылғыларды, жүйелер мен аспаптарды, оның ішінде электронды есептеу техникасын, аспаптар мен өлшеу техникасын, байланыс және автоматика құралдарын, роботтар мен роботтехникалық жүйелерді, тұрмыстық радиоэлектрондық аппаратураны және т.б. жобалуды және өнеркәсіптік өндіруді;
- радиоэлектрондық құралдар технологиясын әзірлеуді;
- электроника, автоматика және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруды, оларды жұмысқа дайындауды, жекелеген жабдықтар мен тораптарды техникалық бақылауды және жабдықтардың электрондық элементтерінің параметрлері мен сенімділігін бақылауды;
- қызмет процесінде басқа да мамандармен өзара бірлесіп әрекет етуді және консультациялар беруді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Радиохабарлары жабдықтары жөніндегі инженер
Инженер—электроник
Электробайланыс инженері
2145 БАЗАЛЫҚ ТОП
Инженер-механиктер мен машина жасау технологтары
Инженер-механиктер мен машина жасау технологтары машина жасау және метал өңдеу саласында зерттеулер жүргізеді, конструкцияларды, технологиялық процестерді әзірлейді, машиналар мен жабдықтар өндірісін және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асырады, сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- машина жасау және метал өңдеу, авиациялық, ракета-ғарыштық және теңіз техникасы, жердегі көлік құралдары, машина жасау технологиясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және осы мәселелер бойынша консультациялар беруді;
- металл өңдеу, дәнекерлеу жабдықтарын, авиациялық, ғарыштық және теңіз техникасын, олардың қозғағыштары мен жүйелерін, жердегі көлік құралдарын, өнеркәсіптің түрлі салаларына арналған технологиялық машинаалар мен жабдықтарды конструкторлық әзірлеуді және өнеркәсіптік өндіруді;
- металлдарды қысыммен өңдеу, құю және дәнекерлеу өндірісі, ағаш өңдеу, материалдарды өңдеудің жоғары тиімді процестерін, технологияларын, машина жасау технологияларын әзірлеуді;
- жобаланатын бұйымдардың, конструкциялар мен технологиялық процестердің экономикалық тиімділігіне патенттік зерттеулер мен техникалық есептерін жүргізуді;
- жаңа технологиялық процестерді игеру және оларды өндіріске енгізу жөніндегі эксперименталдық жұмыстарды жүргізуге, дайын өнімдер мен күрделі техниканы сынауларға қатысуды;
- пайдаланылатын техниканы жетік білуді;
- ұшқыштар құрамымен немесе өзге де құраммен техникалық сабақтар өткізуді;
- металл өңдеу жабдықтарын, авиациялық, ғарыштық және теңіз техникасын, жердегі көлік құралдарын, басқа да машина жасау жабдықтарын техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, технологиялық тәртіптің сақталуын және технологиялық жабдықтардың дұрыс пайдаланылуын бақылауды;
- барлық көлік түрлерінің дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуді, олардың сенімділігін арттыру және авариялардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеуді;
- қызмет процесінде басқа да мамандармен өзара бірлесіп әрекет етуді және консультациялар беруді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Инженер-конструктор
Реттеу және сынау жөніндегі инженер
Авиация техникасына техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер
Көлік инженері
Аға бортмеханик
2146 БАЗАЛЫҚ ТОП
Отын, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері, баспахана өндірісінің химик-технологтар, технологтары
Химик-технологтар, отын, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері технологтары зерттеулер жүргізеді және химия өндірістеріндегі, тамақ, жеңіл өнеркәсіптеріндегі технологиялық процестерді әзірлейді, оларға қызмет көрсетеді, сондай-ақ осы мәселелер бойынша консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- органикалық және органикалық емес заттардың, энергия жеткізушілердің, түрлі материалдар мен процестердің, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің химиялық технологиялары, өндірістік қызмет қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және осы мәселелер бойынша консультациялар беруді;
- органикалық және органикалық емес химиялық заттар, жоғары молекулярлық қосындылар, синтетикалық және табиғи материалдар, энергия жеткізушілер, пиротехникалық құралдар мен т.б. өндірісінің технологиялық процестерін әзірлеуді;
- химиялық-технологиялық процестер мен өндірістердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны химиялық және басқа өндіріс қалдықтарынан қорғау құралдарын әзірлеуді;
- жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеуді ұйымдастыруды, түрлі химиялық өндірістердегі, тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі технологиялық процестердің сақталуын бақылауды;
- шикізаттың, материалдар мен дайын өнімнің сапасын бақылауды, ақаулардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеуді;
- өнім сапасы мен стандарттар сапасын бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеуге қатысуды;
- қызмет процесінде басқа да мамандармен өзара бірлесіп әрекет етуді және консультациялар беруді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Инженер-химик
Жанар-жағар материалдар жөніндегі инженер
Технолог
2147 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тау-кен инженерлері мен металлургтер
Тау-кен инженерлері мен металлургтер зерттеулер жүргізеді және пайдалы қазбалар өндіру және металлургия саласындағы технологиялық процестерді жобалайды, соларға қызмет көрсетеді, сондай-ақ осы мәселелері бойынша консультациялар береді.
Олардың міндеттері:
- зерттеулер жүргізуді, қара және түсті металдар мен құймалар металлургиясы пайдалы қазбаларының кен орындарын әзірлеу және пайдалану әдістерін жетілдіруді, оларды байытуды, осы мәселелер бойынша консультациялар беруді;
- геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылауға және тау-кен жұмыстарына, шахта және жер асты құрылысына, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға және мұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларына арналған жаңа прогрессивтік технологиялар мен техникалық құралдарды жобалауды;
- қара, түсті металдар мен олардың балқымаларын балқытудың, металдарды өңдеудің, композициялық және ұнтақ материалдарды жасаудың, жабындылар мен т.б. технологиялық процестерін әзірлеуді;
- өндіру өнеркәсібі мен металлургиядағы технологиялық процестердің сақталуын бақылауды, олардың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуді;
- жұмыс жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
- қызмет процесінде басқа да мамандармен (геологтармен, геофизиктермен және басқалармен) өзара бірлесіп әрекет етуді және консультациялар беруді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары
Бұрғылау инженері
Тау-кен жұмыстары жөніндегі инженер
Ұңғымаларды бекіту жөніндегі инженер
Газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер
2148 БАЗАЛЫҚ ТОП
Геодезистер, картографтар мен топографтар
Геодезистер, картографтар мен топографтар топографиялық-геодезиялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып жер бетін өлшеуді және түсіруді, шекаралар мен ондағы объектілердің дәл тұрған жерін анықтауды, карталар, жоспарлар, чертеждер жасауды және рәсімдеуді, олардың практикалық қызметте пайдаланылуын жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- құрылыс нысандарын табиғатта дәл орналастыруды, жер алаңдарын ғимарат, арналар, жолдар және т.б. құрылысына бөлуді ресімдеу үшін графикалық материалдар дайындауды қамтамасыз ететін геодезиялық жұмыстарды орындауды;
- топографиялық, географиялық және басқа да карталарды, жер кадастрларын жасау және жаңарту мақсатымен түрлі (аэрофототопографиялық, мензульдік, фототеодолиттік) әдістермен жер бетін топографиялық түсіруді орындауды, түсіру кезінде пайдаланылатын құралдарды тексеруді және түзетуді;
- геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізудің ең жаңа әдістерін әзірлеуді және қолдануды (астрономогеодезия, ғарыш геодезиясы және т.б.);
- теңіздердің, өзендер мен көлдердің түбін зерттеуді, кемемен жүзуді және теңіз құрылғыларын салу кезінде пайдалану үшін олардың суреттемелері мен жер асты рельефтерінің карталарын жасауды;
- тірек жүйесін, кен үйінділерінің суреті мен мөлшерлерін жасау, сурет материалдарын камералдық өңдеу жөніндегі маркшейдерлік жұмыстар мен есептеулерді орындауды, тау-кен графикалық құжаттама чертеждерін (горизанталдік жоспарларды, жер беті жоспарларын және т.б.) жасауды;
- карталарды жобалаудың және жасаудың технологияларын, оларды пайдалану әдістерін әзірлеуді;
- геодезия, топография, картография мен карта өнідірісі әдістерін қолдану жөнінде консультациялар беруді;
- қызмет процесінде басқа да мамандармен өзара бірлесіп әрекет етуді және консультациялар беруді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- ауысым кезінде желілерді пайдалануға жедел басшылықты жүзеге асыруды; тұтынушыларды энергиямен толассыз және сенімді қамтамасыз ету және нақты қалыптасқан жағдайды ескере отырып жұмыстың белгіленген үнемді режимін жүргізуді;
- желідегі кернеудің және жиіліктің шамасын ұстауды, уақытында тұтынушыларды қатарын азайтуды;
- аварияларды жоюды басқаруды; желілердегі энергияның жоғалу шамасына талдау жасауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Аэрофотогеодезист
Аэрофототүсіруші
Картограф
Маркшейдер
Лоций құрастырушылар
Топограф
2149 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген архитекторлар, инженерлер мен тектес кәсіптер мамандары
Бұл базалық топқа басқа топтарға енбеген, инженерлік бейіндегі мамандар қамтылды. Бұлар өндірістік менеджмент (өндірісті, еңбекті ұйымдастыру т.б.), еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі мамандар.
Олардың міндеттері:
- өндірістік процестерді, еңбекті ұйымдастыруды, еңбекті нормалауды;
- өндірісті дамыту перспективалары, басқару құрылымын жетілдіру, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар даярлауды;
- қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді, жұмыс орындарын рационализациялау ұсынымдар әзірлеуді;
- қоршаған ортаны инженерлік қорғау саласында өртке қарсы құралдарды әзірлеуді, қондырғыларды, қорғаныс құралдарының дұрыс пайдаланылуын және өрт қауіпсіздігі нормаларын бақылауды;
- табиғатты көркейту жөніндегі жұмыстарды механикаландыруды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Еңбекті нормалау жөніндегі инженер
Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі инженер
Өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер
Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженер
22 ШАҒЫН ТОП
Биологиялық, ауыл шаруашылығы ғылымдары және денсаулық сақтау саласының мамандары
Биологиялық, ауыл шаруашылығы ғылымдары және денсаулық сақтау саласының мамандары ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді, жалпы теорияны, тұжырымдаманы және әдістерді әзірлейді және жетілдіреді және жинақтаған білімдерін биология, зоология, ботаника, экология, физиология, биохимия, микробиология, агрономия, фармакология және медицина салаларында практикада қолданады.
Бұл шағын топты құрайтын кәсіптер (мамандықтар) орындайтын жұмыстарының жоғары күрделілік деңгейімен сипатталады және жоғары кәсіптік білімінің, ал бірқатар жағдайларда ғылыми дәрежесінің болуымен айқындалатын біліктілік деңгейіне сәйкес келеді.
Биологиялық, ауыл шаруашылығы ғылымдары және денсаулық сақтау саласы мамандарының функциялары адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің өмірін, жекелеген органдары мен тінін, жасушалары мен микроорганизмдерді, олардың барлық сатыларында, сондай-ақ оларға қоршаған ортаның, дәрілердің және басқа да заттардың әсерлерін зерттеу нәтижесінде алған білімін дамытуды және іс жүзінде қолдануды; адамның, жануарлардың және өсімдіктердің ауруларын, оларды емдеудің және алдын алуды зерттеуді; емдеу әдістерін қолдану, медициналық күтім және денсаулықты сақтау жөнінде консультациялар беруді; ғылыми баяндамалар мен есептер дайындауды қамтиды. Әдетте, көрсетілген мамандардың жұмысты орындаудағы жоғары дербестік деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары болады, ал жекелеген жағдайларда олардың функцияларына басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
221 ҚҰРАМДАС ТОП
Биология және ауыл шаруашылығы ғылымдары саласының мамандары
Биология және ауыл шаруашылығы ғылымдары саласының мамандары ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді, теория және әдістерді әзірлейді және жетілдіреді, және алған білімдерін биология, ботаника, зоология, экология, анатомия, бактериология, физиология, биохимия, цитология, генетика және фармакология салаларында практикада қолданады.
Олардың негізгі міндеттері адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің өмірін, жекелеген органдары мен тінін, жасушалары мен микроорганизмдерді, сондай-ақ оларға қоршаған ортаның, дәрілердің және басқа да заттардың әсерлерін зерттеуді; нәтижесінде алған білімін іс жүзінде қолдануды және ауыл шаруашылығында, фармацевтика және өнеркәсіптің басқа да салаларында, медицинада консультациялар беруді; ғылыми құжаттама дайындауды қамтиды. Кейбір жағдайларда олардың міндеттеріне басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
2211 БАЗАЛЫҚ ТОП
Биологтар, ботаниктер, зоологтар, мал дәрігерлері мен тектес кәсіптер мамандары
Биологтар, ботаниктер, зоологтар, мал дәрігерлері мен тектес кәсіптер мамандары биология, ботаника, экология салалында ғылыми зерттеулер жүргізеді, теориялар мен әдістерді әзірлейді және жетілдіреді, алған білімдерін медицинада, ауыл шаруашылығында, фармацевтика және өнеркәсіптің басқа да салаларында практикалық қолданылуын жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, биология, зоология, ботаника, экология саласында теориялар мен әдістерді әзірлеуді және жетілдіруді;
- өсімдіктер мен жануарлар өмірінің формаларын барлық түрлерінде зерттеуді, жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеуді және сыныптауды;
- жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлерінің шығу тегін, олардың дамуын, тыныс-тіршілігін, өсіп-өнуін зерттеуді;
- зерттеу нәтижелерінің ауыл, орман, орман-парк, балық шаруашылығығында, медицинада, емдік заттар өнідірісінде, кейбір тамақ технологияларын әзірлеуде және қызметтің басқа да салаларында практикалық пайдалануды;
- мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, аквадақылдар мен басқа да өнім өндірісі жөнінде технологиялар әзірлеуді және қызмет көрсетуді;
- жануарлар мен өсімдік организмдерінің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара әрекетін зерттеуді, табиғатты пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және осы мәселелер бойынша консультациялар беруді;
- қоршаған ортаны кешенді, тиімді пайдалануды және қорғауды (орманды, су биоресрурстарын, жабайы жануарларды);
- қоршаған орта объектілерінің ластануы және техногендік қызметтің биосфераға зиянды әсері туралы алынған деректерді өңдеуді және жинақтауды;
- табиғи-аумақтық кешендерді көркейтуді;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Биолог
Ботаник
Гидробиолог
Зоолог
Физиолог
2212 БАЗАЛЫҚ ТОП
Бактериологтар, фармакологтар, мал дәрігерлері мен тектес кәсіптер мамандары
Бактериологтар, фармакологтар, мал дәрігерлері мен тектес кәсіптер мамандары зерттеулер жүргізеді, теориялар мен әдістерді әзірлейді және жетілдіреді, анатомиямен, физиологиямен, бактериологиямен, генетикамен, биофизикамен, биохимиямен, фармакологиямен байланысты білімдерін медицинада, ауыл, орман, балық шаруашылығында, микробиология, тамақ, фармацевтика және өнеркәсіптің басқа да салаларында практикалық қолданылуын жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, анатомия, физиология, биофизика, ветеринария, бактериология, биохимия, генетика, паталогия, токсикология, фармакология саласында теориялар мен әдістерді әзірлеуді және жеілдіруді;
- тірі организмде, тіндерде, жасушаларда болып жатқан физикалық және химиялық процестердің анатомиялық құрылысын, химиялық құрамын зерттеуді;
- адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің өмірін, жекелеген органдары мен тінін, жасушалары мен микроорганизмдердің қалыпты, қолайсыз және шұғыл жағдайларда жұмыс істеуін зерттеу жөнінде сынақтар мен зертханалық тәжірибелер жүргізуді;
- микроорганизмдердің (бактериялардың, бірклеткалылардың, вирустардың) құрылысын, тіршілік-тынысын және олардың тірі организмдерге, әсер етуін, оның ішінде патогендік әсерін зерттеуді;
- жануарлар ауруларының туындау себептерін, өту процестерін зерттеуді, оларды емдеу мен алдын алу әдістерін әзірлеуді;
- жануарларды тексеруді жүргізуді және диагностикалауды;
- жануарларды терапиялық және хирургиялық емдеуді қамтамасыз етуді;
- жануарлардың ауруы мен өлімінің алдын алу жөнінде ветеринарлық іс-шаралар өткізуді;
- жануарларды ұстау және тамақтандыру кезінде зоогигиеналық және ветеринарлық ережелердің орындалуын қамтамасыз етуді;
- мал мен құсқа ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізуді;
- малдан алынған тамақ өнімдерін бақылауды, олардың қайта өңдеуге жарамдылығы мен шығарылатын өнімнің санитарлық жарамдылығы туралы қорытынды дайындауды;
- жануарларды емдеу және көбейту мәселелері жөнінде консультациялар беруді;
- адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің тұқым қуалау белгілерінің шығу тегін, дамуын және берілуін зерттеуді;
- аурулардың және адамның, жануарлар мен өсімдіктердің тыныс-тіршілігінің әртүрлі бұзылуының себептері мен табиғатын зерттеуді;
- емдік және басқа да заттардың тірі организмдерге, органдарға, тіндерге әсер етуін зерттеу жөнінде тәжірибелер жүргізуді, қолданыстағы дәрілерді жетілдіруді және жаңаларын әзірлеуді;
- алынған білім мен нәтижелерді жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерін өсіруде, адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің ауруларын емдеуде, биотехнологиялық процестер мен қызметтің басқа да салаларын жүргізуде практикалық пайдалануды;
- ауыл шаруашылық шикізатындағы улы заттарды анықтау жөнінде талдаулар, ветеринарлық-санитарлық зерттеулер жүргізуді, оның тамақ, комбикорм және өнеркәсіптің бсақа да салаларында пайдануға жарамдылығы туралы қорытынды дайындауды;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Бактериолог
Биофизик
Биохимк
Токсиколог
Фармаколог
Ветеринарлық дәрігер
Ветеринарлық дәрігер (эпидемиолог)
2213 БАЗАЛЫҚ ТОП
Агрономдар мен тектес кәсіптер мамандары
Агрономдар мен тектес кәсіптер мамандары зерттеулер жүргізеді, агрономия, агрохимия және топырақтану, өсімдіктерді қорғау және карантин саласында тұжырымдамалар мен әдістерді әзірлейді және жетілдіреді, алған білімдері мен нәтижелерінің ауыл, орман, орман-парк шаруашылығында, фармацевтика және өнеркәсіптің басқа да салаларында практикалық қолданылуын жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- агрономия, агрохимия және топырақтану, өсімдіктерді қорғау және карантин саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді;
- дала, бақ, бақша дақылдарын өсірудің озық әдістерін зерттеуді және енгізуді;
- орманды қалпына келтіру және ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізуді, орман ресурстарын пайдалануды;
- зиянкестермен, өсімдік ауруларымен және арамшөптермен күрес жөніндегі технологияларды әзірлеуді және енгізуді;
- топырақтың құрылысы мен құрамын, жер баптау және орман шаруашылығының топырақ-климаттық аудандарын зерттеуді, жер өнімділігін және ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыруға, орман құрғату жұмыстарын, эрозияға қарсы қарапайым гидротехникалық құрылғылар құрылысын салуға бағытталған агротехникалық іс-шаралар әзірлеуді;
- жайылымдарды тиімді пайдалану жөнінде практикалық ұсынымдар әзірлеуді;
- жоғары сапалы тұқым мен отырғызу материалдарын өсіруді, тұқым қорын жасауды;
- ғылыми құжаттамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Агроном
Өсімдік қорғау жөніндегі агроном
Агрохимик
Гидробиолог
222 ҚҰРАМДАС ТОП
Денсаулық сақтау мамандары (орта медициналық қызметкерлерден басқа)
Денсаулық сақтау мамандары тұжырымдамалар мен әдістерді зерттейді және ғылыми білімді медицинада, стоматологияда, ветеринарияда, фармацияда, сондай-ақ денсаулықты қорғаумен және жақсартумен байланысты басқа да салаларда қолданады.
Бұл мамандардың негізгі міндеттері зерттеулер жүргізуді және адамның және жануарлардың түрлі ауруларын емдеу үшін білімін практикалық қолдануды; аурулардың алдын алуды және алдын алу шараларын әзірлеуді; денсаулық сақтауға жәрдемдесуді; емдеу, аурудың алдын алу мәселелері бойынша консультациялар беруді; фармацевтикалық тұжырымдамалар мен әдістерді зерттеуді, дәрілерді қолдану және шығару жөнінде ұсынымдар әзірлеуді; ғылыми баяндамалар мен хабарлар дайындауды қамтиды.
Әдетте, біліктілігі жоғары медик-мамандар жұмысты орындаудағы жоғары дербестік деңгейімен ерекшеленеді және орта және көмекші медициналық қызметкерлерге басшылық жасауды жүзеге асырады.
2221 БАЗАЛЫҚ ТОП
Дәрігерлер
Дәрігерлер зерттеулер жүргізеді, ауруларды емдеудің және алдын алудың тұжырымдамалары мен әдістерін әзірлейді және жетілдіреді, олардың практикалық қолданылуын жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- адам ауруының басталу себептерін, өту процесін зерттеуді, оларды емдеу әдістерін әзірлеуді, өзінің мамандығына сәйкес аурулардың алдын алу жөніндегі басым бағыттарды айқындауды;
- медициналық тексерулер мен аурулардың диагностикасын жүргізуді, күрделі диагностикалық процедуралар мен талдаулар жүргізуді;
- емдеу мен оңалту әдістерінің қазіргі заманғы емдік құралдарын қолдануды;
- хирургиялық операциялар жасауды;
- жекелеген органдарды протездеуді;
- сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптама жүргізуді;
- санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруды және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында қажетті санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді;
- емдеу, аурулардың алдын алу және медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультациялар берулі;
- ғылыми баяндамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- орта және кіші медициналық қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Дәрігер
Маман-дәрігер (терапевт, хирург, педиатр және басқа мамандар)
Дәрігер, сот-медициналық сарапшы
2222 БАЗАЛЫҚ ТОП
Стоматологтар
Стоматологтар зерттеулер жүргізеді, тұжырымдамалар мен әдістерді әзірлейді және жетілдіреді, тіс пен ауыз қуысын емдеу және аурулардың алдын алу саласында практикалық қызметті жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- тіс ауруының және олармен байланысты ауыз қуысының зақымдалуларының басталу себептерін, өту процесін зерттеуді, оларды емдеу әдістерін әзірлеуді;
- ауруға диагноз қою мақсатымен тісті және ауыз қуысының кілегей қабатына медициналық тексерулер жүргізуді;
- стоматологияның қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын пайдалана отырып емдеу жүргізуді;
- түрлі материалдардан протездер жасауды және тіс протездеуді;
- тісті жұлу және ауыз қуысы мен жақты емдеу мақсатымен хирургиялық опреациялар жасауды;
- тіс және ауыз қуысы аурулардың алдын алу және емдеу мәселелері бойынша консультациялар беруді;
- ғылыми баяндамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- орта және кіші медициналық қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Дәрігер-стоматолог (терапевт, хирург, ортодонт)
2223 БАЗАЛЫҚ ТОП
Фармацевтер
Фармацевтер фармакологиялық теориялар мен әдістерді қолдана отырып дәрілер әзірлеумен айналысады.
Олардың міндеттері:
- рецептер мен ұйғарымдарды қатаң сақтай отырып түрлі дәрілік нысандарды жасау технологиясын әзірлеуді, сондай-ақ дәрі шығаруға басшылық жасауды;
- жекелеген дәрілердің дозалау, қабылдау тәртібі мен сыйысымдылығы мәселелері бойынша пациенттерге консультациялар беруді;
- ауруханаларға дәрі жеткізуді және оларды дәріхана желісі арқылы өткізуді;
- нашақорлық және улы препараттардың, сондай-ақ медикаментоздық тәуелділік туындататын дәрілердің есебін жүргізуді;
- дәрінің табиғатын, тазалығын және тиімділігін айқындау мақсатымен оларды бақылауды;
- қызмет процесінде басқа да мамандармен (химиктермен, инженерлермен және т.б.) фармацевтикалық нысандар даярлау әдістері мен олардың құрамы мәселелері жөнінде өзара бірлесіп әрекет етуді және консультациялар беруді, жаңадан әзірленген дәрілерді зерттеулерге қатысуды;
- дәрілік заттарды қолдану жөнінде стандарттар мен нұсқаулық әзірлеуге қатысуды;
- ғылыми баяндамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Провизор
Фармацевт
2224 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген медик-мамандар (орта медициналық қызметкерлерден басқа)
Бұл топқа алдыңғы топтарға енбеген, клиникалық-диагностикалық зерттеулер, тамақтану, медициналық статистика және басқа бағыттар жөніндегі медик-мамандар енеді.
Олардың міндеттері:
- клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізуді және олар бойынша қорытындылар беруді;
- халықтың әртүрлі және кәсіптік санаттарына, жекелеген ауру топтарына, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымында емделуде жатқандарға арналған диеталар мен тамақтану кестелерін әзірлеуді;
- жекелеген өңірлер, халықтың жасына, кәсіптік топтарына қарай ауру тенденцияларын, халықтың денсаулық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің өзгеруін, қоршаған ортаның санитарлық жай-күйін және т.б. анықтау мақсатымен статистикалық қадағалаулар мен тексерулер жүргізуді;
- консультациялар беруді және лекциялар оқуды, тиісті денсаулық сақтау бағдарламаларына қатысуды,
- қызмет процесінде қосымша сала мамандарымен өзара бірлесіп әрекет етуді және консультациялар беруді;
- ғылыми баяндамалар мен есептер дайындауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Дәрігер-диетолог
Дәрігер-статист
223 ҚҰРАМДАС ТОП
Орта медициналық қызметкерлер*
_____________
* 223 тобын 323 тобында ескеру қажет
23 ШАҒЫН ТОП
Білім беру саласының мамандары
Білім беру саласының жоғары білікті мамандары педагогика саласындағы тұжырымдамаларды, ұғымдар мен әдістерді зерттейді, әзірлейді, жетілдіреді, олардың практикалық қолданылуын және әртүрлі ғылыми және практикалық оқытуды жүзеге асырады.
Бұл топты құрайтын кәсіптер (мамандықтар) жұмысты орындаудағы жоғары дербестік деңгейімен ерекшеленеді және жоғары білікті білімінің, ал кейбір жағдайларды ғылыми дәрежесінің болуымен айқындалатын біліктілік деңгейіне сәйкес келеді.
Олардың функциялары ғылымның әртүрлі салаларында оқытуды және әртүрлі деңгейде практикалық оқытуды; педагогикадағы тұжырымдамаларды, ұғымдар мен әдістерді әзірлеу және жетілдіру мақсатымен ғылыми зерттеулер жүргізуді; оқулықтар мен әдістемелік құралдарды әзірлеуді; сабақ беру және оқыту мәселелері бойынша консультациялар беруді; дене кемістігі бар адамдарды арнаулы оқыту әдістерін әзірлеуді және практикада қолдануды; білімді насихаттауды; түрлі деңгейдегі оқу орындарының қызметін инспекциялауды; ғылыми еңбектер, хабарламалар мен мақалалар дайындауды және шығаруды қамтиды.
Осы шағын топтың мамандары, әдетте, басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асырады.
231 ҚҰРАМДАС ТОП
Колледждердің, университеттердің және басқа да жоғары оқу орындарының оқытушылары
Колледждердің (орта кәсіптік оқу орындарының) және әртүрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары орта білімнген кейінгі барлық жоғары деңгейлерде түрлі пәндерді оқытуды жүзеге асырады, педагогикалық тұжырымдамаларды, ұғымдар мен әдістерді зерттейді, әзірлейді, жетілдіреді.
Олардың негізгі міндеттері түрлі пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуді және өзгертуді және практикалық сабақтар өткізуді; студенттерді жекелеген тәртіппен немесе семинарлар өткізу жолымен оқытуға басшылықты қамтамасыз етуді; педагогикалық әдістер мен дидактикалық материалдарды зерттеуді және оларды қолдану жөнінде ұсынымдар дайындауды; оқу және әдістемелік құралдар, ғылыми еңбектер мен мақалалар әзірлеуді және жариялауды қамтиды. Кейбір жағдайларда бұл мамандардың міндеттеріне басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
2310 БАЗАЛЫҚ ТОП
Колледждердің, университеттердің және басқа да жоғары оқу орындарының оқытушылары
Колледждердің (орта кәсіптік оқу орындарының) және әртүрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары түрлі пәндерді оқытуды жүзеге асырады, педагогикалық, сондай-ақ өздерінің мамандықтарымен байланысты тұжырымдамаларды, ұғымдар мен әдістерді зерттейді, әзірлейді, жетілдіреді.
Олардың міндеттері:
- ағымдағы қажеттіліктерге, оқу жоспарларына, жылдық күнтізбелік оқу кестелеріне сәйкес түрлі пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуді және өзгертуді;
- лекциялар оқуды және практикалық сабақтар өткізуді, студенттерді жекелеген тәртіппен немесе семинарлар өткізу жолымен оқытуға басшылықты қамтамасыз етуді;
- оқытуды ұйымдастыруда студенттердің творчестволық ойлануын дамытуға ықпал ететін әдістерін қолдануды;
- емтихан сұрақтары мен билеттерін әзірлеуді, емтихан жұмыстары мен тестілеу нәтижелерін бағалауды;
- педагогикалық әдістер мен дидактикалық материалдарды зерттеуді және оларды қолдану жөнінде ұсынымдар дайындауды;
- өздерінің мамандықтарымен байланысты мәселелер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді;
- оқу және әдістемелік құралдар, ғылыми еңбектер мен мақалалар әзірлеуді және жариялауды;
- ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысуды;
- университеттің, жоғары оқу орнының немесе колледждің қызметіне қатысты қаржы, шаруашылық, ғылыми және басқа да мәселелерді шешуге қатысуды;
- студенттердің творчестволық ұжымдары қызметіне, басқа да бағдарламадан тыс іс-шараларға басшылық жасауды және жәрдемдесуді;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Доцент
Оқытушы
Профессор
232 ҚҰРАМДАС ТОП
Орта мектеп мұғалімдері
Бұл құрамдас топтың өкілдері жалпы білім беретін мектептер мен басқа да оқу орындарында негізгі жалпы, орташа жалпы және бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша түрлі пәндерді оқытуды жүзеге асырады.
Олардың негізгі міндеттері: түрлі пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуді, жетілдіруді және орындауды; білім беру немесе кәсіптік даярлау мақсатымен, жеке оқуларды қоса, бір немесе бірнеше пән бойынша лекциялар оқуды және сабақтар, практикалық сабақтар жүргізуді; оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдері мен әдістерін қолдануды; ересек халықты оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруды; оқу процестерін ұйымдастыруға қатысуды; өздерінің педагогикалық жұмысымен байланысты есептер мен басқа да құжаттамалар жасауды қамтиды.
Кейбір жағдайларда бұл мамандардың міндеттеріне басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
2320 БАЗАЛЫҚ ТОП
Орта мектеп мұғалімдері
Орта мектептің мұғалімдері жалпы орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда және мен басқа да оқу орындарында негізгі жалпы, орташа жалпы және бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша түрлі пәндерді оқытуды жүзеге асырады.
Олардың міндеттері:
- оқу жоспарларына және оқу процесінің кестесіне сәйкес түрлі пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуді, жетілдіруді және олардың орындалуын қамтамасыз етуді;
- білім беру немесе кәсіптік даярлау мақсатымен, жеке оқуларды қоса, бір немесе бірнеше пән бойынша лекциялар оқуды және сабақтар, практикалық сабақтар жүргізуді;
- оқытудың әртүрлі қазіргі заманғы тиімді нысандарын, тәсілдері мен әдістерін пайдадлануды, оқушылармен жеке сабақтар өткізуді, олардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыруды және бақылауды;
- оқушылардың оқу бағдарламаларын игеру дәрежесін бағалау мақсатымен зачеттар мен емтихандар өткізуді;
- оқушылардың кәсіптік машықтары мен дағдыларын қалыптастыруды, оқу процесінде және өндірістік тәжірибе өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауды;
- білім беру процестерін ұйымдастыруға, әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік жұмыс нысандарына қатысуды;
- оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен байланысты қолдауды;
- оқушылардың мектептен тыс жұмыстарын, атап айтқанда, көркемөнер, дискуссиялық, спорттық клубтардың жұмысын ұйымдастыруды, оларға жәрдем көрсетуді;
- ағымдағы қажеттіліктерге, оқу жоспарларына, жылдық күнтізбелік оқу кестелеріне сәйкес түрлі пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуді және өзгертуді;
- өздерінің педагогикалық жұмысымен байланысты есептер мен басқа да құжаттамаларды жасауды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Мұғалім (математика, қазақ тілі мен әдебиеті және басқа да пәндер бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |