№11-тапсырма. Терминдер мен анықтамалар
Әуе компаниясы – әуе қатынасын жүзеге асыратын немесе осы салада өзінің қызметін ұсынатын әр түрлі әуе көлігі ұйымы.
Авиациялық арнайы жұмыстар – ұшу барысында әуе кемесі ауыл шаруашылығы, құрылыс, фотосуретке, топографиялық суретке түсіру, бақылау және патрульдік жүргізу, іздеу және құтқару, әуе жарнамасы сияқты салаларда арнайы қызмет түрлерін көрсету үшін пайдаланылады.
Аэродром – әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, тұрағын және оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін құрылыстары мен жабдықтары бар арнайы дайындалған жер учаскесі.
Әуе қатынасы – әуе кемелерінің жолаушыларды, пошта мен жүкті қоғамдық тасымалдау мақсатында жүзеге асыратын кез келген жүйелі әуе қатынасы.
Әуежай – әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуге, осындай мақсаттарға арналған аэродромы, әуе бекеті және басқа қажетті құрылыстары мен жабдықтары бар, әуе тасымалына қызмет көрсететін құрылыстар жиынтығы.
Ұшақ баратын әуежай (пункт) – әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушылар мен жүк жеткізілетін әуежай (пункт).
Аялдау әуежайы (пункті) – әуе тасымалы шартына сәйкес оған жолаушы ұшуын уақытша үзетін аралық әуежай.
Жөнелту әуежайы (пункті) – әуе тасымалы шартына сәйкес одан жолаушылар мен жүк тасымалы басталатын әуежай (пункт).
Трансфер әуежайы (пункті) – билетте немесе жүк қағазында көрсетілген әуежай (пункт), онда әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушы басқа көлікке ауысып отырады немесе тасымалдау маршруты бойынша одан әрі ұшу үшін жүк бір рейстен екінші рейске ауыстырып тиеледі.
Варшава конвенциясы – 1929 ж. 12-қазанда Варшавада қол қойылған, 1955 ж. Гаагада өзгертілген халықаралық әуе тасымалына қатысты кейбір ережелерді бір ізге түсіретін конвенция.
Ұшып көтерілу-қону жолағы – азаматтық авиация аэродромының әуе кемелерінің ұшып көтерілуі мен қонуы үшін арнай дайындалған және жабдықталған ұшу жолағының бір бөлігі.
Ескерту: азаматтық авиация аэродромының ұшып көтерілу-қону жолақтары қара жолды және жасанды жамылғылы жолақтарға бөлінеді.
Гидроаэродром – әуе кемелерінің ұшып көтерілуін, қонуын, жүруін, тұрағын, оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтардан тұратын іргелес жағалау аумағы бар арнайы дайындалған су учаскесі.
Диспетчерлік аудан – жер бетінің үстінен белгіленген шекарадан жоғары қарай созылып жатқан бақылаудағы әуе кеңістігі.
Әуе кемесінің командирі – ұшу уақыты бойында әуе кемесін басқаруға және оның қауіпсіздігі үшін жауап беретін ұшқыш.
Коммерциялық әуе тасымалы – төленетін ақы үшін немесе жалдану арқылы жолаушыларды, жүктерді немесе поштаны тасымалдайтын әуе кемесінің ұшуы.
Халықаралық әуежай – уағдаласушы мемлекеттің кедендік, иммиграциялық, санитарлық, карантиндік (жануарлар мен өсімдіктер тасымалдауда) және осыларға ұқсас ресімдер жүзеге асырылатын халықаралық әуе тасымалын жүргізетін әуе кемелерін қабылдау мен жөнелту үшін өз аумағында бөлетін кез келген әуежайы.
Тасымалдаушы – бұл төленетін ақы үшін немесе жалдану арқылы жолаушыларды, жүкті және поштаны тасымалдау қызметін көрсететін және бұған белгіленген тәртіппен берілген тиісті рұқсаты немесе лицензиясы бар, меншік құқығы ретінде немесе өзге де заңды негіздермен көлік құралын иеленетін заңды немесе жеке тұлға.
Перрон – азаматтық авиация аэродромының жолаушыларды отырғызу және түсіру, жүк пен поштаны тиеу және түсіру мақсатында әуе кемелері тұруына арналған ұшу кеңістігіндегі алаң.
Әуе кемесінің ұшуы – әуе кемелерінің ұшып көтерілуі, әуе кеңістігінде самғауы және қонуы барысында жүзеге асыратын операциялар жиынтығы.
Ұшақ – күш қондырғысының көмегімен қозғалысқа келтірілетін ауадан ауыр әуе кемесі.
Рейс – әуе кемесінің кесте бойынша немесе кестеден тыс маршруттың бастапқы пунктінен ақырғы пунктке дейін бір бағытта ұшуы.
Жүйелі рейс – әуе кемесінің белгіленген кестеге сәйкес маршрут бойынша атқаратын рейсі.
Қосымша рейс – әуе кемесінің жүйелі рейстерді орындайтын маршрут бойынша кестеге қосымша атқаратын рейсі.
Кеме жалдау рейсі – әуе кемесінің оны жалдау шартына сәйкес атқаратын рейсі.
Жүйелі қызмет көрсету – жарияланған кестеге сәйкес сыйақы үшін жоспарланып, атқарылатын жолаушылар немесе жүк рейстері, олардың жүйелі немесе жиі атқарылатыны соншама, бүкіл халыққа қызмет көрсетуге ашық тұратын белгілі бір жүйелі ұшу сериялары болып табылады.
Стандарт – физикалық сипаттамаларға, пішін үйлесіміне, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, қызметкерлер мен ережелерге қойылатын кез келген талап. Оны біркелкі қолдану халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету үшін қажет болады және оны Чикаго Конвенциясына сәйкес Уағдаласушы мемлекеттер бұлжытпай сақтайды деп танылады.Стандартты сақтау мүмкін болмайтын жағдайда конвенцияның 38-бабына сәйкес Кеңеске міндетті түрде хабарлама жіберіледі.
Трансфер – әуе тасымалы шартына сәйкес көлікке ауысып отыратын әуежайға дейін бір рейспен атқарылатын тасымалдау жұмысы, ал әрі қарай тасымалдауды сол немесе өзге Тасымалдаушының басқа рейсі жүргізеді.
Уәкілетті агент – пайдаланушының атынан әрекет ететін жауапты адам, ол осы пайдаланушының, экипаждың, жолаушылардың, жүктің, поштаның, қол жүгінің, борт жабдықтарының келуіне, жөнелтілумен ресімделуіне байланысты барлық заңдылықтарды жүзеге асыруда оның атынан әрекет етуге уәкілетті.
Ұшу экипажының мүшесі – экипаждың қолында куәлігі бар мүшесі, оған ұшу уақыты барысында әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген.
Жолаушы – төленетін ақы үшін екінші тарапқа (жалданушыға) жолаушыларды, жүкті тасымалдау үшін бір немесе бірнеше әуе кемесінің бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін бір немесе бірнеше рейске немесе басқа мақсаттарға беретін әуе тасымалдаушысы.
Жалданушы – төленетін ақы үшін жолаушыларды, жүкті тасымалдау мақсатында бір немесе бірнеше әуе кемесінің бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін бір немесе бірнеше рейске немесе басқа мақсаттарға пайдалануға беру туралы әуе тасымалдаушысымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.
Кеме жалдау шарты – жалдаушы мен жалданушы арасында жасалған әуе кемесін жалдау шарты.
Чикаго конференциясы – халықаралық азаматтық авиация туралы 1944 ж. 7-желтоқсанда Чикагода қол қойған Конвенция.
Пайдаланушы – әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын және осы салада өзінің қызметін ұсынатын адам, ұйым немесе кәсіпорын.
Аэродромның пайдалану минимумы – аэродромды ұшып көтерілу және қону үшін пайдалануда қолданылатын шектеулер, оларға әдетте көріну шамасы немесе ұшып көтерілу-қону жолағының көріну қашықтығы, шешім қабылдаудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі (ДА/Н) немесе төмендей ұшудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі (МДА/Н) және бұлттылық параметрлері жатады.
№12-тапсырма. Авиарейстердегі қосалқы құжаттарды рәсімдеу
1. Тиеуді тіркеу ведомосты ( Сводная загрузочная ведомость)
Негізгі, алғашқы есептік құжат, бұнда алғашқы аэропорттары мен жету аэропорттары аралығында ұшу құралдарын барлық коммерциялық тиеуін тіркейді. Тиеу тіркеу ведомостының негізінде келесі құжаттар толтырылады:
жолаушыларды тіркеу ведомосты
багаж ведомосты
пошта-жүк ведомосты.
Тиеу тіркеу ведомостын ДО толтырады, ол алдын ала тиеу тіркеу ведомостының бланктерін әр рейске үш экземплярдан (1-ші, 2-ші экземплярлары экипажға беріледі, 3-ші экземпляр жөнелту аэропортында қалады) дайындауы тиіс.
Тиеу тіркеу ведомостын ДО толтыруы кезінде, ДР-дан тіркелген жолаушылар саны, багаж бен қол жүгінің салмағы, ал жүк қоймасының операторынан пошта мен жүктің массасы туралы мәліметтер алып, тиеу тіркеу ведомостының сәйкесінше графаларында әр отырғызу пункттің (ВЗР,РБ,РМ) жолаушылар категорияларына байланысты сандарын, багаж массасын (соның ішінде төленетін), қол жүгі, пошта және жүк массаларын толтырады. Жолаушылар массасын есептеп оны тиеу тіркеу ведомостына тлотырады. Соңынан жолаушылар, багаж, қол жүгі, пошта мен жүктердің массаларын есептеп қосады, сөйтіп рейстің нақты коммерциялық жүктемесі алынады. Рейстің нақты коммерциялық жүктемесі - рейс пен ұшу құралының типінің шектік тиеу жүктемесімен салыстырылады, ал егер нақты коммерциялық жүктеме шектіктен артатын болса, НС немесе ДСОП-ға баяндалуы тиіс.
Тиеу тіркеу ведомостының барлық үш экземплярына қол қойылып, оның екі экземпляры екінші пилотқа беріледі, ал үшінші экземпляр өзінде қалдырылады.
2. Тіркеу ведомосты
Тіркеу ведомостын ДР (тіркеу бойынша диспетчеры) толтырылады. Тікелей рейстер (прямые рейсы) үшін – К-11-А формасы бір экземплярда толтырылады және ол жөнелту аэропортында қалады.
Аралығында мінуі бар рейстерде – К-11-Б формасы екі экземплярда толтырылады, оның біреуі жөнелту аэропортында қалады, ал екіншісі экипажға беріледі. Ол арқылы экипаж - аралық аэропорттарда мінетін жолаушылардың келуін бақылайды.
3. Багаж ведомосты
Багаж ведомостын (К-12 формасы) ПСБ әр мінгізу пункттері үшін 3 экземплярда (багажды қабылдаған бортпроводниктің қолы қойылған бір экземпляр жөнелту аэропортында қалады, жету аэропортының ПСБ қолы қойылған екінші экземпляр рейс бойынша есеп беру үшін бортпроводникте қалады, үшіншісі багажбен бірге жету аэропортында қалады).
4. Пошта-жүк ведомосты
Жүк қоймасының операторы әр түсіру пункті үшін бес экземплярда толтырады (бірінші және екінші экземплярлар бортпроводникке, үшіншісі қоймада қалады, төртіншісі қоймадан жүктің жөнелтілгені ретінде қарастырылады және қойма есебінен сызылады, бесіншісі жүк тиеушілерге ақы төлеуі үшін алынады).
5. Орталықтандыру графигі
ДЦ (орталықтандыру диспетчері) екі экземплярда толтырады, оның біреуі экипажға беріледі, екіншісі жөнелту портында қалады. ДЦ орталықтандыру графиктерінің бланктерін дайындап, алдын ала онда келесі мағлұматтарды толтырады: рейстің мәндері, бірінші отырғызу пункті, жабдықталған бос самолеттың салмағы, ұшуға болатын мүмкін салмақ, жанар-жағармай салмағы және ДСОПдан алынған жолаушылардың, поштаның, жүктің, багаждың саны мен массасы. Орталықтандыру есептерін орындап, оның мәндерін жүк қоймасының диспетчеріне баяндап, сонымен қатар қандай багажда қанша жүк сиятынын мәлімдейді, бұл мәліметтер сонымен қатар ДЗ баяндалады. Нақты жүктеме анықталған соң, орталықтандыру есептері нақтыланады да, нақты тиеу жүктемесі шектікпен салыстырылады. Графиктің КВСтың қолы қойылған екінші экземпляры рейске қосалқы құжаттарды рәсімдейтін диспетчерге беріледі.
Модуль № 5 Су көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
№13-тапсырма. Коносамент түрлері
Жүктің тасымалдауға қабылдануына байланысты (қоймаға немесе кеменің бортына) борттық коносамент және доктық/қойма коносамент жазылады. Кей жағдайларда тауар бортқа тиелгеннен кейін қойма коносаменті борт коносаментіне ауыстырылады. Борт коносаментінде жүктің белгілі бір кеменің немесе кемелердің бортына тиелгенін, сонымен қатар тиеу уақыты немесе уақыттары көрсетілуі тиіс.
Егерде коносаментте жүктің берілгендері сақталса, жалпы мінездемесіне байланысты, негізгі маркасы, орын саны немесе пәні, салмағы немесе жүк саны, тексеруге алынады.
Атаулы коносамент (Straiht Bill of Lading) фирманың нақты атауының нақты тұлғасын құрайды.
Ордерлі коносамент (Order Bill of Lading) жөнелтушінің бұйрығы бойынша немесе қабылдаушының бұйрығы бойынша, және жүкті мүмкіндігінше жеткізу халықаралық жүк тасуға жатады. Коносаметр бойынша жөнелтілетін жүк ары қарай тасымалдау құжаттарымен жөнелтіледі.
Бірде бір жүк, келесідей коносаменттің ордерімен, коносамент түбіртегінсіз жеткізуге алмайды, немесе банктің кепілдемелік қағазынсыз немесе куәландырылмаған чек қағазы немесе сол кезде берілетін қолма қол самасы,150% ға тең жүк инвойсы.
Коносамент үлесі (Delivery Order) (топталған жүктерге коносамент) жүктің белгілі бір бөліміне жазылады, тасымалдаушының тасымалдауға берілгені, оны теңіз тасымалдаушысынан экспедитор арқылы да қабылдауға болады.
Саңылаулы коносамент (Throbh Bill of Lading) бұл қажет, жүктің орналасуына негіз болады және тиеу ернеуінен екі немесе оданда көп су бағыттарымен және әртүрлі көлік түрлерімен тасымалданады. Бұл күндері саңылаулы коносаментті пайдалануда, көліктің «есіктен есікке» бірнеше түрімен тасымалдануына мүмкіндік береді. Бұл үшін міндетті түрде жүкжөнелтушімен тасымалдаушының келісімімен саңылаулы коносамент келісімшарты орындалады.
Коносамент “таза” болып аталады, егер онда қосымша бөлімдер , яғни жүк немесе қораптау дефектілік жағдайда болса. Таза коносамент тек мына жағдайда тіркеледі, егер жүк жөнелтуші жүк тасымалдаушыға жүкті орынды жғдайда жеткізсе.
Егер “лас” коносамент тіркелсе (констотация, жүкпен немесе қораптау бүлінгенi) онда жүк жөнелтуші зардап шегеді, бұл ереже боиынша, толық сомманы алу барысында сатылған тауар тек банк таза коносаменті белгілегеннен бастап болады.
Коносамент түбіртегі, ереже бойынша үш экземплярда жазылады, оның біреуі жүк жөнелтушіде, екіншісі жүк қабылдаушыда, үшіншісі тасымалдаушыда қалады.
Желiлiк су жүрісінде сонымен қатар келесі құжаттар қолданылады:
Букингнот (booking note/letter). Берілген құжат сызықтық су жолында броньдалған орындар қолданылады. Сондықтан келісім шартқа байланысты тасымамлдаушы өзіне жүкті сужолындағы сызықпен тасымалдауға міндеттеледі, ал жөнелтуші жүкті жөнелтуге.
Жүкті тасымалдаудағы (Canniege contract) – бұл бунингтонның келісімнің бір түрі. Қорытынды жағыдайда осындай келісім тасымалдаушымен тасымалдауда төмен тарифпен қаралады.
Берис-нота (Berth-Note) - бұл келісім түрі толық емес тасымалдау қатынасында қорытындыланады, сонымен қатар ірі массалы жүк партияларында орындалады.
Теңіз накладнойы (Sea Consignment Note) - бұл қажет келісімдегі тасымалды куәландыратын құжат емес. Коносаменттен теңіз накладнойының айырмашылығы, теңіз накладнойы жүкті тасмалдауда үшінші тұлғаға құқық бере алмайды.
№14-тапсырма. Ішкі су жолдарының классификациясы
Кемежүзу немесе ағашты ағызу орындалатын су кеңістігін ішкі су жолдары деп аралады. Осыған орай ІСЖ пайдалану аумағына байланысты екіге бөлінеді: кеме жүзу және ағызу деп.
Пайда болуына байланысты ІСЖ: табиғи (ішкі теңіз, көл және өзен) және қолдан жасалған (шлюздалған өзен, кеме жүзу каналдар, қолдан істеліген теңіз, су сақтау).
Қызметі, көлемі мен тасымалдау қашықтығына байланысты ІСЖ классификациясы 14.1-суретте сипатталған.
14.1-сурет. Кеме жүру жолдарының классификациясы
Жел-толқын режимінің шарттарына байланысты барлық кеме жүру ішкі су жолдары 4 разрядқа бөлінеді: "М", "О", "Р" және "Л". Бұлай бөлу су қоймасындағы толқынның максималды биіктігі мен ұзындығына байланысты.
Егер толқынның биіктігі - 3 м., ұзындығы - 40 м. болса, онда су жолы - "М" разрядына жатады, ал сәйкесінше 2 және 20 м - "О" разряды, 1,2 және 12 м - "Р" разрядна жатады. Ал "Л" разрядына "Р" разрядына кірмеген су жолдары жатады.
Кеме жүзу жолдарының техникалық сипаттамалары мен нақты классификациясы 14.1-кестеде көрсетілген.
14.1-кесте
Категорииялары мен разрядтары
|
Класс
|
Кеме жолының тереңдігі, м
|
Пайдаланылатын кеме типтері
|
Буксирленетін плоттардың максимальды ені, м
|
кепілденген
|
орта навигация-лық
|
Жүк (жүккөтергіштігі), т
|
Жолаушы
|
Жоғарымагистральды:
|
Жоғарымагистральды
|
І
|
2,6 аса
|
3 аса
|
12 000
|
Төртпалубалы
|
100 аса
|
Магистральдар:
|
І разряда
|
ІІ
|
1,6…2,6
|
2,41…3,0
|
8 000
|
Үшпалубалы
|
100
|
ІІ разряда
|
ІІІ
|
1,1…2,0
|
1,66…2,4
|
4 000
|
Екіпалубалы
|
85
|
Жергілікті қатынас жолдары:
|
І разряда
|
ІV
|
0,8…1,40
|
1,36…1,65
|
2 000
|
Екіпалубалы
|
55
|
ІІ разряда
|
V
|
0,6…1,10
|
1,01…1,35
|
500
|
Бір жарымпалубалы
|
40
|
Таяз өзендер
|
VІ
|
0,45…0,80
|
0,75…1,0
|
250
|
Катерлер
|
30
|
Таяз өзендер
|
VІІ
|
0,6 кем
|
0,75 кем
|
100
|
Катерлер
|
14
|
Қозғалыс қарқындылығына байланысты ІСЖ 5 топқа бөлінеді.
топ – тәуліктік қозғалыс мөлшері екі бағытта да 30 және одан жоғары кеме және 5 және одан да жоғары плоттық құрамдар тасымалдантын жолдар.
топ – бұл жолдармен тәулік сайын 5-тен 30-ға дейін кемелер және 5-ке дейін плот құрамдары тасымалданады.
III топ – бұл жолдармен екі бағыттада бір тәулікте 5-ке дейін кеме және тұрақты емес плоттардан ағаштарды ағызуға болатын жолдар.
IV топ – бұл жолдарда қозғалыс қарқындылығы төмен, бірақ түнгі мезгілде 1-2 кеме жүзетін жолдар.
V топ – бұл жолдарда, күндізгі уақытта шектелген кемелер тасымалданады.
Сонымен қатар, ішкі су жолдарының классификациясы кезінде оларда навигациялық жабдықтардың болуы және олардың сипаттамалары (жарықтандырылған жарықтандырылмаған жағдай), гидрологиялық жағдайлар (кепілдендірілген және кепілдендірілмеген тереңдік, өзеннің ағу жылдамдығы және т.б.) ескеріледі.
ІСЖ-ның негізгі сипаттамаларының ішінде кеме жолының параметрін ерекше айта кету керек. Кеме жолы бұл тұрғылықты жерде және (немесе) картада белгіленген кемелердің қозғалысына арналған кеме жолының су кеңістігін айтамыз. Негізгі және қосымша кеме жолдары болып жіктеледі. Көбіне арнайы әдебиеттерде кем жолдарын «Фарватер» терминімен сипаттайды.
Фарватер (голл. vaarwater – кем жолы) – навигация тұрғысынан су кеңістігіндегі қауіпсіз өту жолы. Фарватер - тереңдігі жүзетін кеменің осадкасынан 0,1-0,3 м-ден жоғары және ені екі қарама қарсы бағыттағы кемелердің қауіпсізі өтуін қамтамасыз ете алатын су жолының жолағын айтамыз.
Кеме жүзу үшін барлық өзендер, көлдер немесе су қоймалары пайдаланылмайды, себебі қауіпсіз қозғалыс үшін - кеме жүзу үшін қолданылатын кеме жолының су кеңістігінің тереңдігі Т жүзетін кеме мен құрамдардың осадкасынан жоғары болуы тиіс, ал ені В кеме мен құрамдар маневр жасауы мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Бұру радиусы R ең үлкен құрамның үш еселенген ұзындығынан аз болмауы тиіс.
Т,В және Я кеме жолының габариттері деп аталады.
Кеме жолының негізгі пайдалану сипаттамаларна мыналар жатады:
физикалық навигацияның мерзімі мен ұзақтығы;
кеме жолының габариттері;
ағыстың орташа гидрометрикалық жылдамдығы;
жел-толқын режимі;
жолдың өткізу қабілеті.
Барлық өзен кемелері жүзу аудандарына байланысты 7 классқа бөлінеді ("Л", "Р", "О", "М", "О-ПР", "М-ПР", "М-СП"). Бірінші жеті класс кеменің қозғалысы ұйымдастырылатын (үлкен және таяз өзен, көл және т.б.) ІСЖ-ның типіне байланысты.
Соңғы үш класс өзен-теңіз кеме типтеріне жатады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1. И. Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах. М.: Транспорт, 1990.
2. Тасымалдау ұйымдастыру және қозғалысты басқару. Кобдиков М.А.; Жунусбеков Н.; Гирш О.Л. Алматы, 2006
2. Клинковштейн Г.И., Афанасьев М.Б. Организация дорожного движения – М.: Транспорт, 2001 г.
3. Правила дорожного движения
4. Автомобильные перевозки (задачник). А.И.Палий, З.В. Половинщиков. Транспорт – 1982
5. Ценообразование и тарифы на перевозки грузов автотранспортом. В.В.Русакова и другие. Транспорт 1991 год
6. Справочник единых тарифов на грузовые и пассажирские перевозки и услуги автотранспорта. М.С. Павлович. Транспорт 1985 год
7. П.К.Рыбин, В.И.Смирнов. Водный транспорт. Часть 1. Внутренний водный транспорт. Санкт-Петербург, 2005 г.
8. Конвенция для унификации правил международных воздушных перевозок, ИКАО, Монреаль, 28.05.1999г.
9. Конвенция для унификации некоторых правил, касающихся международных воздушных перевозок, Варшава, 1929г.
10. Конвенция о международной гражданской авиации, Чикаго, 1944г.
11. Брагин С.В., Сабетов А., Экспедирование, экономика, транспорт, Алматы, 2002г.
12. С.Е.Бекжанова; К.Ә.Жүсіпов, З.К.Битлеуова, Ш.М.Көбдікова. Автокөлікпен халықаралық тасымалдау. Алматы 2006 ж.
13. Башарова Г. Қозғалысты және локомотив паркінің жұмысын басқару. Алматы 2007
Достарыңызбен бөлісу: |