Демонстрация әдісі (көрсету) - түрлі құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Нысананы көрсету оның сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Демонстрациялау көбінесе оқушылардың іс тәжірибелік оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Демонстрациялық көрнекі құралдарға :
Экранды және экранды дыбыстық : ( техникалық оқыту құралдары), оқу киносы, диапозитив, диафильм, радио, үнтаспа, киноскоп, кинопроектор, диапроектор, эпипроектор, графопроектор, эпидоскоп, теледидар, видеофильм, компьютер (мультимедиа) секілді техника құралдары қолданылады.
Заттар мен құбылыстарды қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады, онда табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары, заттардың муляждары, макеттер, модальдер, экспонаттар қолданылады.
Оқытудың көрсету құралдарын қолдануға қойылатын талаптар :
көрсету құралымен жұмыс жасай білу керек.
көрсету құралдары, көрсетілетін заттар пайдалануға дайын болу керек.
көрсетіліп отырған материал барлық оқушыға көрінетіндей болу керек.
көрсету құралдарымен жұмыста техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау керек.
көрсету құралын сабақ барысында қажетті уақытта ғана қолдану керек.
сабақ барысында көрсету құралдарын 10-15 минут шамасында ғана қолдану керек.
Қолданылатын көрнекіліктер оқушының жас ерекшелігіне сай болу керек.
Иллюстрация әдісі – демонстрация әдісімен тығыз байланысты. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды көрсетуде қолданады. Бұл әдістің нәтижелі болуы оның қолдану тәсілдерін оқытушының қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Ол арқылы оқу материалын табысты игеріп, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Иллюстративті құралдарға:
Бейнелеушілік: картиналар, аппликациялар, суреттер, тақтаға жазу, сызу, шиырмалар, плакаттар жатады.
Шартты-графикалық: карталар, сызбалар, графиктер, таблицалар, планшеттер, картасхемалар жатады.
Таратпа материалдар: карточкалар, перфокарталар, оқу лотолары, суретті-карточкалар, шығармашылық үлгідегі тапсырмалар.т.б жатады.
Өзіндік бақылау сұрақтары.
1.Қазақстан тарихын оқытудағы әдістемелік тәсілдер және олардың оқу процесіндегі рөлі қандай?
2.Қазақстан тарихын оқытуда ауызша баяндау әдісіне сипаттама беріңіз
3.Қазақстан тарихын оқытудың мөселелері қандай?
4.Қазақстан тарихы сабағындағы танымдық міндеттері ситуация (оқиға), қақтығыс , қарама- қайшылық турінде шешу дегеніміз не?
5.Қазақстан тарихын оқытуға мектептердегі лекциялар, оны жүргізу жолдарын атаңыз
6.Қазақстан тарихы пәні бойынша көрнекілік құралдарды топтастырыңыз.
Дәріс тақырыбы: Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы.2 сағат.
Мақсаты. Қазақстан мектептерінде 20-60 жылдары тарихты оқыту жайлары, Қазақстан тарихын оқыту өдістемесінің ғылыми негізінде теориялық жөне әдістемелік зерттеулерді енгізуде әдіскер- тарихшылар қосқан үлесі, пәнннің жаңа бағдарламалары мен жаңа оқулықтары жайлы негізгі білімді меңгерту
Жоспар:
Қазақстан мектептерінде 20-50 жылдары тарихты оқыту жайлары.
50 жылдардың соңы мен 60- жылдардыц басында Қазақ ҚСО тарихын оқытудың өдістемесі мен мектепте тарихи білім берудің дамуы.
Қазақстан тарихын оқыту өдістемесінің ғылыми негізінде теориялық жөне әдістемелік зерттеулерді енгізуде әдіскер- тарихшылар қосқан үлесі.
Қазақстан тарихы пәнінің жаңа бағдарламалары мен жаңа оқулықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |