Каркаралы 1 Макет 1



жүктеу 3,52 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата20.11.2018
өлшемі3,52 Mb.
#22012
  1   2   3   4   5   6


Газет 1930 жылғы қарашаның 

7 жұлдызынан шыға бастады

аудандық қоғамдық-саяси газет

№99-100

(11326)

Сенбі

13 желтоқсан

2014  жыл

Баспасөз- 2015

алғыс айтамыз

Мерзімдік басылымдарға жазылу науқаны аяқталуға жақындаған

сайын  селолық  округтер  мен  мекеме-кәсіпорындар  меже  биігінен

көрінуде. Атап айтатын болсақ Мәди, Бүркітті, Бақты, Жаңатоған,



Балқантау, Н.Нұрмақов селолық округтері (әкімдері А.Жумабе-

ков,  О.Қыстаубаев,  Б.Жабдиков,  А.Бейсенбеков,  Р.Смағұлов

К.Шайманов), сондай-ақ халықтық банк (Ә.Жүбікенова), мәдени

сауық  орталығы  (М.Омарбеков),  жастармен  жұмыс  жасау

орталығы  (А.Рахымбергенов),  ішкі  істер  бөлімі  (Ж.Искаков)

“Қазынашылық  бөлімі  (А.Біләлов),  жұмыспен  қамту  және

әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі  (Б.Жұманбаев),  Мәдениет

және  тілдерді  дамыту  бөлімі  (Р.Жылтыбаева) сияқты  мекеме

кәсіпорындар аудандық газетке жазылу жоспарларын асыра орын-

дап  отыр.  Барлық  ауыл  тұрғындары  мен  барша  жұмысшы,

қызметкерлерге, осы науқанды ұйымдастырып отырған басшы аза-



маттар мен пошта қызметкерлеріне рахмет айтамыз.

“Қарқаралы” газетінің редакциясы.

Құттықтаймыз!!!

Құрметті аудан тұрғындары!

аудан әкімдігі және аудандық мәслихат Сіздерді

Қазақстан  республикасы  Тәуелсіздігі  күнімен

құттықтайды!

Міне, қадірменді ағайын, тәуелсіздіктің тағы бір жылын

артқа тастап, егеменді ел болып еңсеріп өттік. Тәуелсіз

мемлекеттің  23  жылы  айнымас  тарихымызға  айналды.

Тарихтың даңғыл көшінде  бұл азғана уақыт болса да, осы

бір  жылдарда  қаншама  сындарлы  кезең  өткелдерден

өткенімізді есепке алсақ, бүтіндей бір дәуірден қажымай

өтіппіз.  Бұл  -  жаңа  заманға  аяқ  басудың,  жаңару  мен

жаңғырудың, жасампаздықтың дәуірі.   

Ата-бабаларымыздың  асқақ  арманы,  басты  мұраты  –

Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін, қазақ елі қанша қиындық

көрсе де, ауызбірлігін сақтап, береке-бірлігінен айнымай,

тарихтың таңдаулы жолына түсті. Айбынды аталардың

аманатын, азаттықтың қасиетті жолында жанын пида

еткен  құрбандардың  рухын  ардақтай  отырып,  жаңа  за-

манда жаңа Қазақстан жасау – басты мақсатымызға ай-

налды. 

Тәуелсіздік алғаннан ел тізгінін қолына алған Тұңғыш Пре-

зидентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген де шешім-

тал саясатының арқасында Қазақстан қарымды қадаммен

болашаққа бет алды.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі

ұйымына төрағалық етіп, жауапты істі абыроймен орын-

дап  шықсақ,  енді  «ЕХРО-2017»  Халықаралық  көрмесін

Астанада өткізудің құрметіне ие болып отырмыз. Демек,

елдігімізге сын болатын тағы бір биік мақсат алдыда тұр.

Бұл жасампаздық пен өркендеудің тек бір мысалы ғана.

Әлемдік  саяси  үдерістерге  белсене  атсалыса  отырып,

халықтың әл-ауқатын көтеру, экономикамызды алға ба-

стыру,  саяси  институттарды  жетілдіру,  білім,  ғылым,

денсаулық  салаларын  дамыту,  инновациялық  бастама-

ларды молайту, тағы да басқа көптеген маңызды міндет-

терді  орындау  негізгі  бағыттарымыздың  бірі  саналады.

Осының бәрі егеменді елдің іргесін нығайтудың, Тәуелсіздік

туының тұғырлы болуының жасампаз қадамдары.

Бүгінгі күнгі жетістіктеріміз баршаға аян, жоспар - анық,

мақсат  -  айқын.  Заманның  көшімен  елдігімізге  дақ

түсірмей,  батыл  қадамдар  жасағанда,  өткен  тарихы-

мызды да ұмытпауымыз керек. 

Әрине, Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен келе қалған жоқ.

Ғасырлар бойы төгілген ата-бабаның қасиетті қанымен,

халқымыздың  азаттықты  аңсаған,  азатшыл  рухымен

келді. Зарлы заман, талай қаһарлы жылдар бастан өтті.

Дала  даналығы  мен  қанға  біткен  қайраткерлікпен,  «ақ

білектің  күшімен,  ақ  найзаның  ұшымен»  қорғалған  кең

байтақ  жерімізге  қатер  төніп,  аспанымызды  қара  бұлт

торлаған жылдарда да қазақтың бостандық сүйгіш рухы

сөнген жоқ.Сол асқақ рух халықты көптеген ұлт-азаттық

көтерілістерге, Алаш қозғалысына шақырды.  Желтоқсан

көтерілісіне мұрындық болған да осы азаттықтың асқақ

рухы!

Біз  –  данышпан,  қаһарман  халықтың  ұрпағымыз!

Тәуелсіздік – біздің ұранымыз!

Қадірменді  халайық!  Егемен  елдің  бас  мерекесі  –

Тәуелсіздік тойы құтты да берекелі болсын! Талай сын-

дарлы  кезеңде  береке-бірлігіміз  ажырамай,  елдігімізді  ту

етіп,  кемел  келешекке  жете  берейік!  Алла  тағала

Тәуелсіздігімізді тұғырлы еткей!

Х.мақсұтов                     С.нүркенов                                             

аудан әкімі     аудандық мәслихат хатшысы

Қарқаралыны  әлемдегі  екінші

Щвейцария  атандырған  оның  әсем

табиғаты.  Қойнауы  қазынаға  толы  көк

қатпарлы биік таулары мен түрлі ағаштар

өсетін қалың қара орманы. Осынау баға

жетпес байлықты ұрпақтан ұрпаққа аман-

сау 


жеткізіп 

келе 


жатқан 

табиғат


қорғаушылар-ұлттық 

парктің


қызметкерлері.  Атадан  балаға  мұра

болып келе жатқан көрікті табиғатымызды

мыңдаған  жылдар  бойы  қорғап  келе

жатқан  Қарқаралы  орманшылығының

құрылғанына биыл 130 жыл толды. Осы

мерекелік  шараны  бүгінде  Қарқаралы

мемлекеттік ұлттық табиғи паркі деп ата-

латын  үлкен  мекеме  салтанатты  түрде

атап  өтті.  Тамылжыған  табиғаттың  ая-

сында орналасқан «Тасбұлақ» тау отеліне

табиғи паркте қызмет атқарып, Алланың

берген  сыйы-ел  мұрасын  сақтауда  еселі  еңбек  еткен  ардагерлерін  шақырып,  құрмет

көрсетті. Алдымен аудан әкімі Х.Мақсұтов жиналған көпшілікті мерекелерімен құттықтап,

Әнуарбек Сейтов және Владимир Плотниковке аудан әкімінің Құрмет грамотасын тап-

сырды.  Атаулы  мереке  аясында  марапат  алушылардың  қарасы  мол  болды.  Атап

айтқанда,  Қазақстан  Рес-

публикасы 

 

Ауыл



шаруашылығы министрлігі

Орман шаруашылығы және

жануарлар 

дүниесі


комитетінің  Құрмет  грамо-

тасымен  Туганбаев  Серік,

Башеев  Серік,  Қазақстан

Республикасы 

 

ауыл


шаруашылығы және қайта

өңдеу 


ұйымдары

қ ы з м е т к е р л е р і

кәсіподақтар  одағы  заңды

тұлғалар 

бірлестігінің

Орталық 


комитетінің

салалық наградасы  Несіп-

баев  Кабжан  ІІІ  дәрежелі

«Еңбек  даңқы»  белгісімен,  ауыл  шаруашылығы  саласында  әлеуметтік  серіктестікті

нығайтуға,  кәсіподақ  қозғалысын  дамытуға  қосқан  белсенді  еңбегі  үшін  және  ауыл

шаруашылығы  қызметкерлерінің  күніне  орай  Гүлбаршын  Мусаинова  және  Амандық

Сибағатов, Кабден Баймухамбетов, Сағат Үкітаевтардің еңбектері еленіп, марапатқа ие

болды.  Айтулы  мерекемен  Ұлттық  табиғи  парктің  директоры  Р.Төлепбаев  жиналған

барша мекемеде жемісті еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерін құттықтай келе,

Қарқаралы орманшылығының құрылу тарихына кеңінен тоқтала кетті. Ардагерлер Мар-

лен Камерленов, Үмітжан Әлібаева, мекеме қызметкерлері Қанат Жариков, Игорь Вин-

тоняктар өздерінің ізгі лебіздерін білдірді. Салтанатты шарада ұлттық табиғи парктің

ұйымдастыруымен мектеп орманшылығының «Край родной» байқауына қатысып, түрлі

номинация иегерлері атанған оқушыларда сый-сияпаттан құр қалмады. Атап айтқанда,

«Дарынды бастау» номинациясы бойынша №2 орта мектептің оқушылары  Рымбай Жа-

нель- І орын, Серикова Айгерім- ІІ орын, Толеутай Аружан- ІІІ орынды, «Жоғары шебер-

лік» номинациясы бойынша Жақыбай Ақнұр- І орын, Тлетай Елжас- ІІ орын, Шарипов

Уалихан- ІІІ орынды  иеленді. 

Қарқаралының байлығы, мақтанышы қара орманын сақтауда еңбек етіп жүрген

ұжымға кәсіпкер Болат Ахманов ақшалай сыйлықты табыс етті. Шара әдемі ән «Аңыз»

бишілерінің биімен көркемделді. 

Сағыныш Әбілова.

ҚарҚаралы орманшылығына-130 жыл



жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау