Тарих және педагогика факультеті «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет5/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#41084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ав

КІРІСПЕ 
 
Ғылыми проблеманың қазіргі жағдайын бағалау. 
Ашық аспан 
астындағы мұражайлардың дамуы мен қалыптасу мәселелерін зерттеуге үлкен 
теориялық және әдістемелік үлес қоскан М.С. Бичурин [11,12], М.Е. Массон 
[13], Т. Басенов [14], А.Ф. Ковшарь [15], Ө. Жәнібеков [16], Мырзабаев М.А. 
[17], Байпақов К.М. [18,19], Елгин Ю. [20,21], Самашев З.С. [22,23], 
Тасмағамбетов И., Самашев З. [24], Медоев А.Г. [25] және т.б. еңбектері болып 
табылады. Отандық ғалымдар мен мамандар бірнеше тақырып бойынша 
еңбектер жариялады [26,27].
Ашық аспан астындағы мұражай тіршілігі мен қалыптасуына 
энциклопедиялық сипаттағы ғылыми-анықтамалық басылымдар арналған. Онда 
Отырар мемлекеттік археологиялық корық-мұражайы, Түркістан қаласындағы 
«Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени корық-мұражайлар туралы 
Ережелер келтірілген [28,29,30]. 
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі
.Мәдени және табиғи 
қазынаның алуан түрлілігі мен байлығы – өркениетті қоғамның негізге 
алынатын белгілердің бірі болып табылады. Халықтың дәстүрлі құндылықтарға 
ұқыпты байланысы мемлекеттің прогрессивтік дамуының кепілі және қоғамның 
адамгершілік күйінің тірегі болып табылады.
Қазіргі кезеңде Қазақстандағы мемлекет пен қоғам арасындағы жемісті 
келіссөз бен ынтымақтастықты шын мәнінде қамтамасыз етуші 2004-2006 жж. 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы [1], ал 2009 жылдан бастап «Ұлттық 
стратегиялық жоба» деп аталатын мәдени-рухани саладағы мемлекет пен қоғам 
арасындағы диалог көпіріне айналған қазақстандық брендті есептеуге болады 
[2]. Бұл Ұлттық стратегиялық жоба өзінің көлемі, мазмұндылығы жөнінен тек 
қазақстандық қана емес, жалпы бүкіл адамзаттық мәдениет пен рухани дамуға 
қосқан үлесімен айрықша. Оны жүзеге асыруға отандық және шетелдік 
ғылымның, білім мен мәдениеттің өкілдеріш жұмылдырылған. 
Ұлттық мәдениетімізде ерекше орны бар, маңызды да құнды табиғи-
мәдени ескерткіштерді жаңғырту, табиғи және мәдени мұраларды зерделеудің 
біртұтас жүйесін құру, тәжірибе қорын жинақтау, сондай-ақ гуманитарлық 
білім саласының толыққанды қорын жасау болып табылады [3-10].
Ақыр соңында бағдарламаны іске асыру Қазақстандық отан сүйгіштікке 
туған өлке, Отанға, өз халқына сүйіспеншшктің жоғары сезіміне тәрбиелеуге 
ықпал ету болып табылады.
Ашық аспан астындағы мұражай – тіршілік құрған ортасынан арнайы 
бөлінген территорияға көшірілген құрылыстар негізінде құрылған (көбінесе 
ертедегі халықтық сәулет ескерткіштері) этнографиялық немесе кешенді 
профильді тарихи-архитектуралық мұражайш. Кейбір жағдайларда олар 
бұрыңғы қалыптасқан архитектуралық ансамбльдермен үйлеседі. Жекелеген 
ескерткіштерде интерьет сақтала немесе қалпына келтіріледі. Бұндай мұражай 
экспозициясының басты элементі жер бедер. Бұндай мұражайлар қорық ретінде 
жиі айтылады. Ашық аспанш астындағы мұражайды шет ел әдебиетінде 



«скансена» деп атайды. Себебі бұндай мұражай 1891 жылы Швецияның 
Скансен аралығында ашылған.
Мұражай-қорықтар 
дегеңіміз 
мәдени 
және 
табиғи 
мұраның 
территориялары мен жылжымайтын объектілерін музейлендіру негізінде 
құрылған және соған сәйкес мәртебе алған ашық аспан астындағы музейлер 
тобы. Музей-қорықтар бір территорияда болуы немесе бірнеше жинақталған 
территорияларды қамтуы мұмкін.
ХХ ғасырдың соңынан бастап музей-қорықтар объектілері арасында өзара 
байланысты қайта құру немесе сақтау үлкен роль атқаруда. ХХІ ғасырда 
мұражай-қорықтарды сақтау мен дамытудың маңызды факторы сәйкес 
заңдылықты өңдеу мен әрекетке кіргізу болып табылады.
Қазақстанда 26 мыңға жуық мемориалдық, тарихи, археологиялык, 
архитектуралық және тұғырлы ескерткіштер бар. Оларды сақтау, зерттеу. 
құжаттау мақсатында мәдениет, ақпарат және қоғамдык келісім министрлігі 
жүйесінде 
арнайы 
институттар: 
«Казпроектреставрация», 
трест 
«Казреставрация», республикада 21 реставрациялық шеберханалар, 10 
мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайлар қалыптасқан.
Зерттеу көкейкестілігін ашық аспан астындағы мұражай қызметін 
жетілдіру қажеттілігі және қазіргі кезеңде мәдени қорықтар қызмет көрсету 
сапасын арттырумен анықталады.
Мұражайлар өз профилі бойынша археологиялық, тарихи, нақты-тарихи, 
тарихи-мәдени мұражай-қорықтар, этнографиялық, көркемдік, ғылыми-
техникалық, сәулеттік, мемориалдық, ашық аспан асты болып келеді.
Мұраны көкейтестілендіру дегеңіміз - нысандары мен оларды 
интерпретациялауда әлеуметтік-мәдени ролінің белсенділігін арттыру жолдары 
арқылы осы заманғы мәдениетке мәдениш табиғи мұраны ендіру мен сақтауға 
бағытталған қызмет іс жүзінде нысандарды пайдаланудың белгілі бағыттары 
қалыптасқан; бастапқы арнаулы бойынша; бастапқыдан айрықша, бірақ 
нысандардың сана құндылығына зиян келтірмейтін арналуы бойынша; 
презентация және зерттеу мақсаттарына орайш. Көптеген жағадайда
басымдық немесе жалғыз мүмкіндік жолы ретінде оны музейлендіруі 
қарастырылады.
Ансамбльдік мұражай ашық аспан астындағы мұражайлардың бір түрі 
болады. Бұның қызметі ең алдымен мәдени және табиғи мұраның 
жылжымайтын 
нысандарын 
музейлендіруге 
арналған. 
Ансамбльдік 
мұражайларға - үй-мұражайы, мұражай-монастрлер, мұражай-храмдар, 
мұражай-усадьбалар, мұражай-сарайлар және т.б. жатқызылады. 
Мұражайларды сақтайтын мұраларыш доминантты үлгілеріне орай 
коллекциялық мұражайлар және ансамбльдік мұражайлар,- деп бөлуді Ресей 
музейтанушылары 1980 жылдарының соңында ұсынды. 
Мәдени мұра нысандарын бірегей мемлекеттік тіркеу (реестр

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау