Есік гуманитарлық – экономикалывқ колледжі
Күні: 30.03.2021
Әдіскер: Баусариева С.Т.
Тобы: 300
Семестр: 6
Практика атауы: байқау практикасына дайындық
Мақсаты: білім алушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибе жинақтау арқылы тереңдету, бекіту және мамандықтарына байланысты іскерлік дағдыларды қалыптастыру
Жоспар:
2-4 сыныптардың «Әдебиеттік оқу» пәні оқулықтарын талдау
Әдебиеттік оқудың маңызы .
«Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар.
Бастауыш сыныптарда оқу сабақтарында жүргізілетін тәрбие жұмыстары
Әдебиеттік оқудың маңызы мен мақсаты және принциптері
Бүгінгі бөбек — ертеңгі азамат — қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші — бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі — бастауышта қаланады.
Қайта кұру кезеңінде бөбектердің жеке басын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.
Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, Отанымыздың өмірімен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз күшейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.
Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын аттағаннан бастап ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму процесстерін тығыз үштастыра жұргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлісырларын ашып береді, оларды білімінің бай қазынасын терең меңгеруге қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу сабағының түбегейлы мақсаты- оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, дүниесін кеңейту, ақыл- ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал ету.
Осы мақсатты орындау үшін оқу пәнінің алдына мынадай міндеттер жүктеледі:
-Оқушылардың әдеби сауатын ашып, оларды сөйлеу әрекетінің түрлеріне ( оқу, жазу, тыңдау, айту ) үйрету;
-Оқушылардың дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыу және жетілдіру.
-Оқушылардың көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
-оқушылардың шығарманың түпкі мазмұн- мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл – күйіне ортақтасу, күйіну- сүйіну т,б.) қамтамасыз ету.
-оқушыларға мәтіндердің сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, олардың ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңілін аудару;
-оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді, түсінікті жаза білу) дамыту;
-оқушыларды өзіндік ой- пікірін айта білуге баулу;
-балалардың бойында оларды жас өспірім мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек ету, адамгершілік, бір- бірін сыйлаушылық, адалдық пен шыншылдық, кішпейілдік, ізгілік пен имандылық қасиеттерін дарыту;
-сүйікті Отанымыздың мейілінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалмен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадыр тұтып, сүюге тәрбиелеу;
-бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру;
-оқушылардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын біліктерін жетілдіру, тілін онан сайын дамыта түсу, сыни тұрғыдан пікір айтуға үйрету;
-халқымыздың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестермен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер т.б.), балалардың сана- сезімін отанды сұю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;
-саналы тәртіпкет, дұрыс мінез- құлық нормаларына үйрету;
-еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу;
Әдеби сауаттылығы жоғары оқушы оқу техникасын меңгерген оқығанын түсіне алатын әрі қажетті кітаптарды өз бетімен таңдай алатын дәрежеге жетеді.
Бастауыш мектептегі оқуды өмірмен байланыстыру, білімді жүйелі саналы да меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру т.б. дидактикалық принциптерге сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |