2.2 Қазақстанның мәдени мұрасын мұражайландыру және туристік
айналымға енгізу
«Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраларды
қолдап, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті» Қазақстан
Республикасы Конституциясындағы бұл сөздер біздің еліміздегі мәдени
кұндылықтарды қорғаудың маңыздылығын көрсетеді [39, 1-б.].
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысы
аумағында Қазақстан Республикасы үшін өзінің әлеуметтік мәнімен
ерекшеленетін бірнеше архитектуралық объектілерді бөліп көрсетуге болады.
Олардың бірі - қала шегінде орналасқан және өзінің тарихи өзегі мен қамалын
сақтап қалған ежелгі Шымкент кенті.
«Орта ғасырлық Шымкент кентін сәулеттік және тарихи-мәдени
реконструкциялау» жобасын іске асыру өзекті мәнге ие және уақыты да келіп
жетті, оның мақсаты кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарының (археологиялық,
сәулеттік, реконструктивтік және реновациялық) негізінде қаланың осы бөлігін,
соңынан шетелдік туризм инфрақұрылымына қосатындай етіп, ашық аспан
астындағы мұражайға айналдыру болып табылады.
«Ортағасырлық Сайрам (Испиджаб) кентінің тарихи орталығының және
оның маңын сәулеттік, тарихи және археологиялық зерттеу» тақырыбымен
ұқсас жоба археологиялық, сәулеттік және реставрациялық жұмыстардың
блогы Жібек жолының Қазақстандық бөлігіндегі тарихи орталықтарының
туризм түрлерінің көптүрлілігін ұлғайтуға және ірі туристік пен табынушылық
орталықтардың біріне айналуына мүмкіндік береді.
Мемлекеттік масштабтағы айтарлықтай тарихи-мәдени факторлар
арасында Орта Азия мен Қазақстан аумағында өзінің сипаты мен
палеографиясы жағынан ұқсас нұсқасы жоқ, күйдірілген кірпіш кесте бетінде
орындалған Оңтүстік Қазақстанда табылған бірегей ежелгі жазбаны бөліп
көрсетуге болады.
Бұл жазу палеолингвистикалық материалдың шектеулі болуына
байланысты әлі оқылмаған. Алдын ала ол жазбаша жолдық, алфавиттік, арамей
негізінде құрылған жазу ретінде және б.д.д. ІІ-І ғғ. - б.д. VІ ғғ. аралығындағы
Кангұй мемлекеттік бірлестігімен байланыста түсіндіріледі.
Бір хаттың үш мәтінінің табылуы алысқаш бойлайтын ғылыми және
әлеуметтік тұжырымдармен Түркістанаумағында өңірлік ежелгі жазу
орталығының болғаны туралы болжамдауға болады. Сол себептен де «кангюй
29
мемлекетінің б.д.д. ІІ-І ғғ. - б.д. YІ ғғ. аралығындағыш археологиялық және
жазу ескерткіштері» өңірлік жобасын, соңынан Шымкент қаласында ежелгі
жазба мұражайын аша отырып, жүзеге асыруш өзекті болып табылады.
Ұлттық тарих үшін ерекше маңызды Түркістан облысындағы елеулі
тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін реконструкциялау, реставрациялау
және консервациялау саласында Шымкент қаласы, Сайрам және Созақ
ауылдарындағы әскери-қорғаныс сәулеттік, қоғамдық, тұрғын және
табынушылық сәулеттеріне реставрация, консервация, регенерация және
көркейтуді жүзеге асыру көзделіп отыр.
Қазақстан аумағындағы жазу мәдениетінің бастауларын зерттеу
мақсатында б.д.д. ІІ ғ. - б.д. ІY ғ. аралығындағыш бірегей кангюй хатын алу,
зерттеу,
ғылыми
негіздеу
және
оқу
үшін
жағдайлар
жасау,
палеолингвистикалық материалдарды белгілеуді, Түркістан облысында ежелгі
жазу мұражайын ашу арқылы оны кеңіненш танытуды қамтамасыз ету қажет.
Бағдарламаның алғашқы нұсқасында бұл бағыт, негізінен, жергілікті
бюджет есебінен «Көне Отырарды қалпына келтіру» мемлекеттік
бағдарламасының кейбір іс-шараларын жүзеге асыруды қарастырдыш. Алайда,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Түркістаноблысы әкімдігіне «Көне
Отырарды қалпына келтіру» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын
жүзеге асыру бойынша берген тапсырмалары облыстық бюджет қаржысының
жетіспеушілігі себебінен орындалмай қалды.
Сондықтан 2007-2008 жылдардың бюджеті нақтыланғаннан кейін,
өңірлік бағдарламаның іс-шараларының соңғы жоспарында тек бір ғана іс-шара
«Әл-Фараби ескерткішін техносаябақтан Әл-Фараби алаңына көшіру»
сақталып қалды [40, 29-б.].
Өңірлік бағдарламаның аясында бұл бөлімніңш іс-шараларын жүзеге
асыру өңірдің тарихи-мәдени мұра нысандарына тарих және мәдениет
ескерткіштері статусын беру мақсатында толық есеп жүргізуге.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауш, сақтау саласында тарих
және мәдениет ескерткіштері бар қалалардың және елді-мекендердіңш тарихи-
құрылыс демеушілік жоспарларын, ескерткіш аумағының карта-сызбасын
жасау арқылы мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар Түркістаноблысының мәдени
мұрасы және тарих, мәдениет және табиғат ескерткіштері бойынша фильмдер
түсіру, кітаптар, буклеттер, суретш альбомдарының дестесін дайындау және
басып шығару
Өңірлік бағдарлама аясында мынадай полиграфиялық өнімдерді
дайындап шығару жоспарлануда:
«Тарихи ғылым» бөлімі - Оңтүстік Қазақстанныңш орта ғасырлық
сәулетіне, тарихы мен мәдениетіне арналған ғылыми кітаптар дестесі («Қожа
Ахмет Яссауи: ғасырлар шыңынан шашылған нұр»;
«Түркістан облысының сәулет ескерткіштері»);Түркістаноблысының
тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныту мақсатында өлкенің ежелгі тарихына
арналған ғылыми-танымдық фильмдер түсіру қажет («Оңтүстік Қазақстанның
30
археологиялық ескерткіштері»,«Оңтүстік Қазақстанның рухани ескерткіштері»,
«Оңтүстік Қазақстанның ежелгі қалалары», («Түркістансуретшілері»,).
Сонымен қатар, Түркістан облысыныңш сәулет, археологиялық, тарих
және мәдениет ескерткіштері туралы толық ақпаратты құрайтын тұрақты
жұмыс істейтін интернет беті ашылды.
Қазақстан Республикасының ұлттықш байлығы болып табылатын
археологиялық, сәулет, тарих және мәдениет нысандарында Түркістаноблысы
бойынша бағдарламаны жүзеге асырудың жоғарыда аталған негізгі бағыттары
мен механизмі, сондай-ақ аталған бағдарлама шеңберінде жоғарыда көрсетілген
жобаларды жүзеге асыруш мәдени мұраны сақтау мен кеңінен таныту
саласындағы мемлекеттік саясатқа ықпал ететін болады және оның әлеуметтік
маңызы орасан болмақ.
Бағдарламаны жүзеге асыру Түркістнан облысының тарихи-мәдени
мұрасын зерттеу, қорғау, пайдалану және кеңінен таныту мәселелерін жаңа
сапалық деңгейге көтереді, Түркістаноблысының мейлінше маңызды сәулет
және археология ескерткіштерін зерттеуге, реконструкциялауш мен
консервациялауға, оларды ғылыми тұрғыданш зерттеу және мұражайландыру
жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Түркістан облысында мәдениет инфрақұрылымын құру мен кеңейтуге
ықпал етеді, шетелдік кірме туризмнің дамуына серпін береді, тарихи-мәдени
мұраны кеңінен таныту жөніндегі жұмыстарға қолайлы әсерін тигізеді.
Тұтастай алғанда, бағдарлама Түркістан облысы халқының рухани-білім
және ақыл-ой мәдениет деңгейін арттыруға, өскелең ұрпақты тарихи, азаматтық
сана-сезім рухында тәрбиелеугеш және жалпы әлемдік құндылықтар және
мұраттармен танысуына ықпал ететін болады. Бағдарламаны жүзеге асыру
сөзсіз қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы
қоғамының әрі қарай топтасуына бағытталған.
Түркістан облысының әскери, табынушылық және қоғамдық сәулет
өнерінің 5 маңызды ескерткіштерін қайта қалпына келтіруге; 9 ежелгі және
ортағасырлық археологиялық кенттер, елді-мекендер мен ежелгі жерлеу
қорғандарын ғылыми зерттеу, реконструкциялау, консервациялау және
туристік пайдалану бойынша жұмыстарш жүргізуге; 7 бағыт бойынша 4
бейнефильм жасау, кітаптар, буклеттерш, сурет альбомдары дестесін шығаруға;
тарих және мәдениет ескерткіштеріш бар қалалар мен елді-мекендердің тарихи-
құрылыс демеушілік жоспарларын және облыстың барлық 15 аудан және
қалаларының, олардың заңды статусымен сәйкес тарихи-мәдени бағыттағы
жерлер ретінде жер кадастріне енгізу үшін өңірдің тарих және мәдениет
ескерткіштерінің сызба карталарын құрастыруғаш мүмкіндік берілді.
Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат
министрлігініңш «Қазреставрация» шаруашылықты жүргізу құқындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақ ССР Министрлерш Кеңесінің 29
наурыз 1972 жылғы №189 Қаулысынаш сәйкес құрылған.
31
Кәсіпорынның негізгі міндеті, өзінің жарлығына сәйкес Қазақстан
Республикасының және шет елдердегі Қазақстан халқы мен елінің тарихында
ерекше орын алған тарих, мәдениет, сәулет және руханият ескерткіштерінде
ғылыми-зерттеу, жобалау жұмыстарымен қоса сол мәдени мұраларға қатысты
жөндеу,
қайта
қалпына
келтіру,
жаңғырту,
мұражайлендіру
мен
мұражайлардың тақырыптық жоспарынш жасап соның негізінде олардың
экспозиясын құрастыру, Қазақстан ескерткіштері тізімі мен жинағын дайындау,
олардың мемлекеттік қорғауғаш алынған аймақтары мен шекараларын анықтау,
сметалық құжаттамалар жасау мен көне құрылыс материалдарының химиялық,
физикалық құрамын, технологиясын зерттеп, оларды өндіріске енгізу сияқты
осы салаға қатысты басқа да жұмыстардыш атқарады.
Ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда
қалпына келтіру жұмыстарының тұтас жүйесі құрылды. «Қазреставрация»
бірлестігі құрылды, кейіннен ол «Қазреставрация» Тресі болып қайта
ұйымдастырылды. 1978 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықта Қазақ ССР
Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Қазақстанның әртүрлі облыстарында
трестің құрамына кіретін және қуатты өндірістік базасы, құрылыс техникасы,
жабдықтары мен механизмдері бар 21 қалпына келтіруш шеберханалары
ашылды [41].
Бірақ та 1993-1994 жылдары елдің тарихи-мәдениш және қалпына келтіру
ұйымдары үшін ең ауыр жылдар болды. Қалпына келтіру жұмыстарын
қаржыландыру күрт қысқарды. 21 қалпына келтіру шеберханалары атқарушы
үкіметтің жергілікті органдарының қарауына берілді және бәрі дерлік кейіннен
жекешелендірілді және сатылды. 1995 жылыш Қазақстан Республикасының
Мәдениет министрлігінің құрамында республикалық мемлекеттік құрылыс
жөндеу және жаңғырту басқармасынш ашу жөнінде Үкіметіміздің қаулысы
шығып мәдени мұраларамызды сақтап қалу жүйесі қайта құрыла бастады.
Кейіннен
ол
кәсіпорын
Үкіметш
қаулысымен
«Қазқайтажаңғырту»
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды.
Өткен жылдар жұмыстары барысында ғылыми зерттеулердің,
ескерткіштерді қалпына келтіруді іс жүзінде орындауда мол тәжірибе
жинақталған болатын.
Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, зерделеу ғылыми жұмыстары мен қорғау,
қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мамандарды, реставраторлар мен
ағаш өңдеу, тас қашау шеберлері, сәулетші-жобалаушылар мен технологтар,
конструкторлар және басқа да мамандарды қайта жұмысқа шақыра бастадық.
«Қазреставрация» РМК Түркістан, Тараз, Орал қалаларында төрт
мамандандырылған облыстық филиалдары, Алматы қаласында ғылыми-
зерттеу және жобалау филиалы және Қызылорда қаласында мамандандырылған
қалпына келтіру шеберханасын қайта жасақтап, мүмкіндігімізше өндірістік
базаларын қайта қалпына келтіріп, жоспарларымызды орындауға кірісілді.
Кәсіпорын құрылған уақытынан бастап Қазақстан Республикасында 450–
ден астам ескерткіштерді қайта қалпына келтірді, жаңғыртты, жөндеді, оларды
32
ашық аспан мұражайына айналдырды және сақтап қалды, соның ішінде 1996
жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта 56 ескерткіш қалпына келтірілді.
Түркістан қаласының 1500-жылдық мерей тойына «Әзірет-Сұлтан»
мұражайының тарихи-мәдени аумағындағы 20 ескерткіш қалпына келтірілді,
мысалы, Шығыс моншасы, XIX ғасырш Мешіті, Халуат, Рабия Сұлтан Бегім
кесенесі және т.б. [42, 11-б.].
Қ.А. Яссауи кесенесінде, Көне Түркістаншш ескерткіштерін жаңғырту,
Түркістаноблысындағы Шаян және Шамет Ишан мешіт-медреселерінде, Баба
Түкті Шашты Әзіз кесенесіде, Көне Сауранш, Сығанақ ескерткіштері мен тағы
басқа көптеген тарихи-мәдени және сәулет мұраларында жұмыстар жалғасуда.
«Қазқайтажаңғырту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндірістік
жұмыстармен қатар ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарымен де
айналысады, олар ескерткіштердің қорғау алаңдары мен шекарасын анықтау,
облыстық тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерінің жинағын баспаға
дайындау, тарихи-мәдени ескерткіштер кешеніне арнап менеджерлік жоспарлар
жасау, көне құрылыс материалдардың құрамынш зерттеп оларды дайындауды
өндіріске енгізу, Қазақстан тарихи-мәдениш ескерткіштерінің базалық
құжаттарын дайындау және басқа да ғылыми тақырыптармен де айналысады.
Ел экономикасының өндірістік салалары сияқты, реставрациялық
шеберханалар да өзгерістер дәуірінің біршама зардаптарын шекті бірақ, өз ісіне
берілген мамандардың арқасында олардың біразы сақталып қалған еді. Алматы
қаласында орналасқан „Қазқайтажаңғырту“ республикалық мемлекеттік
кәсіпорны өзінің және Батыс Қазақстан, Қызылорда. Жамбыл облыстары мен
Түркістанда орналасқан қайта қалпына келтіру филиалдарының күшімен соңғы
5-6 жылдың көлемінде атқарған жұмыстарын атап кеткен жөн.
Қазақстанның мәдени мүрасын сақтап қалуш, қайта қалпына келтіру және
осы салаға қатысты ұсыныстар, олар:
- 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламаның республикалық және
облыстық көлемдегі жұмыстарды жүргізу;
-
қорғау
аймақтары
анықталмаған
және
құрылыс
салу
зоналарышреттелмеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қасынан әр
түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуге - уақытша моратория жариялау керек;
-
ескерткіштердеатқарылыпжатқанжұмыстардың
сапасы
мен
технологиясын қадағалау үшін, сол жұмыс түрлерін құжаттандырудың
барлығына міндетті болып табылатын
Достарыңызбен бөлісу: |