біртүтас ереже қабылдау
керек;
- мәдениет объектілері сақтандырылуы тиіс және мекеменің лицензияны
алу үшін ескерткішті алғашқы қалпына келтіруге лайықты мамандары,
өндірістік базасы, зертханасы, жұмыс тәжірибесі мен қажетті шбарлық
техникалық құрал-жарақтары болуы тиіс [43, 112-б.].
Архитектуралық тарихи-мәдениш мұраларды қорғау мәселесiн шешуде
Арыстан-баб, Домалақ-ана, Қ.А. Яссауиш кесенелерiне дұрыс реставрация
жұмыстарын жүргiзу үшiн, бiзге кесенелердiң конструкциясын қайта құрудың
ғылыми тұжырымдамадар өңделді. Себебi соңғы кездерде ортағасырлық
ескерткiштердi реставрациялау жұмысын дұрыс жүргiзбеу фактiлерi белгiлi
33
болып отыр. Ал бiзге, ұрпақтарға тарихи-мәдени ескерткiштерiн түп нұсқа
түрiнде сақтап жеткiзу аса маңызды.
Республикамызда өлкенiң көне тарихын, архитектуралық ескерткiштерiн,
материалдың мәдениетiн зерттеуде аз жұмыс атқарып келе жатқан жоқ.Біздің
еліміздің егеменділік пен тәуелсіздіктішалуына байланысты қазақ халқының
шынайы тарихына, рухани және материалдық құндылығына аса маңызды
қызығушылық туып отыр.
Сондықтан сақталып қалған сәулет пен қала құрылысының тарихи
мұрасын зерттемейінше, қазақ халқының тарихи мәдени мұрасын зерттеудің
біртұтас жүйесі толық болмайтынын ескеру қажет. Сәулет өнері рухани және
материалдық құндылықтардыңшш жинағы мен нәтижесі болып табыла
отырып, жалпы мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде қызмет етеді.
Ғылыми зерттеулердің мәліметтері бойыншаш Қазақстан аймағында
жүздеген ежелгі және ортағасырлық қалалар, қоныстар , қорымдар мыңдаған
сәулет ескерткіштері анықталған.
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлiгi, Республика
тарихи, мәдени ескерткiштердi қорғау қоғамы орталық кесененiң бiрлесiп iс
атқару нәтижесiнде көптеген жылжитын және жылжымайтын ескерткiштер,
елдi мекендер, қалашықтар немесе тұтас қалалар және оның төңiрегiндегi
мекендер т.б. анықталып табылады.
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындары, қоғамдық
бiрлестiктер
мен
азаматтар
ескерткiштердi
насихаттауға
қатысып,
ескерткiштердi қорғайтын мемлекеттiк органдарға ескерткiштердi қорғау,
сақтау және пайдалану жөнiндегi шаруаларды iске асыруда.
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар тарих, мәдениет
ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оларды қамқорлыққа
алып, ескерткiштердi қорғайтын мемлекеттiк органдарға ескерткiштердi
жөндеу, консервациялау және реставрациялау жөнiндегi жұмыстарды атқаруда
қаржымен және материалдық-техникалық көмек көрсете алады.
Архитектуралық ескеркіштердіш қорғау және пайдалану жөнiндегi
мемлекеттiк органдармен және жергiлiктi өкiмет органдарымен бiрлесе
отырып, қажеттi жұмыстарын жүргiзедi. Қазақ тарих және мәдениет
ескерткiштерiн қорғау қоғамы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғауға,
сақтауға және пайдалануға байланысты шараларды жүргiзу iсiне халықты
тартуға жәрдемдеседi, ескерткiштердi насихаттауды жүзеге асыруды, өз
қызметiне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi
мемлекеттiк органдармен бiрлесiп iс-қимыл жасайды.
Жастарды халықымыздың тарихи-мәдени байлықтарын белсендi қорғау
мен қолдарынан келгенше көбейтугеш тартудың үш кезеңi ерекшеленедi.
Аталған кезеңдердiң ешқайсысы да қалған екеуiн ауыстыра алмайды, себебi
олардың барлығы бiрдей дәрежеде оқу-тәрбие процестерiнiң қисынын
көрсетедi.
34
Бiрiншi кезең
- жүйелi, зерттеу тақырыбы ерекшелiгiн ескере отырып,
ескерткiштермен алдын-ала танысу, безеңдiру материалдарын (фотосуреттер),
тарих және мәдени ескерткiш макеттерiн т.б. қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |