|
Батхолдинов Қ.Ү. – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасының оқытушысы, педагогикалық өтілі жыл. 050724-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша «Оқу шеберханалары» пәні, кредит
|
Дата | 25.11.2017 | өлшемі | 9,31 Kb. | | #1506 |
| Батхолдинов Қ.Ү. – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасының оқытушысы, педагогикалық өтілі 5 жыл. 050724-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша «Оқу шеберханалары» пәні, 3 кредит. - Аңдатпа
- «Оқу шеберханалары» пәні студенттерге қажетті құралдарды, кіші механизация жабдықтарын, машиналар мен жабдықтарды таңдау мен қолдану, қабылдау-өткізу жұмыстарының ережелері мен тіркеуі бойынша жалпы мағлұмат береді. Қажет жағдайда өз бетінше орындауға берілген жекелеген тақырыптар бойынша білімдерін өз бетінше толықтыруға немесе тереңдетуге мүмкіндік беретін материалдар бар.
- «Оқу шеберханалары» пәні «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының бакалаврлары үшін таңдалып алынатын пән болып табылады, бұл курстан алынған білім көмірсутекті шикізатты іздеуде, өндіруде, тасымалдауда және өңдеуде пайдаланылатын барлық жабдықтар кешенін жөндеу және пайдалану кезінде өте қажет болады.
Пәннің мақсаты Пәннің басты мақсаты болашақ мамандарда өндіріс жағдайында жөндеуді жүргізу менжабдықтарды пайдалану, жөндеуге қажетті жабдықтар мен жарақтарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру, сондай-ақ жөндеу обылысынан тәжірибелік білімді игерген инженер- техникалық кадрлерді дайындау болып табылады. - Пәнді оқып-үйренуге қойылатын міндеттер
- Пәнді оқытудың міндеті мұнай мен газ өндірудің, ұңғыны бұрғылаудың машиналары мен жабдықтарын жинап шешу кезіндегі тәжірибелік жетістіктерді игеру, жөндеу жұмыстарын орындау кезіндегі құралдар мен жабдықтарды қолданудың тәжірибелік әдістерін игеру болып табылады.
Материалдарды таңдау мен құрылымдаудың негізгі принциптері - Курстың бүкіл материалдары тәжірибелік сабақ түрінде берілген.
- Тәжірибелік материалдардың құрылымы:
- Оқу шеберханасындағы еңбек кауіпсіздігі
- Жұмыс орны мен еңбек процесін оңтайлы ұйымдастыру
- Слесарьдың жұмыс және бақылау-өлшеу құралдары
- Төлке-цилиндр типті бөлшектерді жөндеу
- Білік типті бөлшектерді жөндеу
- Сырткы және ішкі бұрандаларды салу
- Шынжырлы және қайысты берілістерді жөндеу
- Бөлшектерді құрастырудың технологиялық процесі
- Тісті берілістерді жөндеу
Оқыту әдістері мен түрлері - Студенттер кредиттік жүйе бойынша оқытылады, оқу түрі – күндізгі, жүргізілетін сабақтар түрі – дәріс және тәжірибелік.
- Тәжірибелік сабақтардың негізгі бөлігі зертханалық стендтер мен қондырғылар қолданылып, арнаулы дәрісханада оқу өндірістік шеберхана жағдайында өтіледі.
- Курсты оқып-үйрену нәтижесінде студент:
- білуі керек:
- - қазіргі мұнай өндірісіндегі жабдықтарды тиімді қолдану қағидаларын;
- - машиналар мен жабдықтардың қазіргі жөндеу тәсілдерін;
- - әртүрлі жөндеулерде қолданылатын жабдықтарды ;
- - жөндеудің қауіпсіздік ережелерін;
- Дағды алуы керек:
- - қажетті құралдарды, кіші механизация жабдықтарын, машиналар мен жабдықтарды таңдау мен қолданудан;
- - қабылдау-өткізу жұмыстарының ережелері мен тіркеуінен;
- - жөндеу жұмыстарын жүргізуден.
- ұғымы болуы керек:
- - жөндеуге қажетті техника мен технология саласынан;
- - жөндеуді қажет ететін жабдықтардың техникалық құрылысы мен пайдалануынан;
- - жинақтаушы және шығындық материалдардың қажетті типтік өлшемдерін, сапасын, санын таңдаудан.
Білімді бақылау және бағалау - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде кредиттік технология бойынша оқитын барлық курстарда барлық пәндерден студентердің білімін бақылау үшін рейтингілік бақылау қолданылады.
- Мамандықтың жұмыстық оқу жоспарына кірген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 балдық шкаламен бағаланады
| | | | - Қорытынды бақылау
- Аралық бақылау
- Ағымдық бақылау
| | Өзім жөнінде: Біліктілігім: тау-кен инженер-мұнайшысы, МГЖМЖ кафедрасының оқытушысы. Соңғы 5 жылда 3 еңбектерім жарияланды. Мен жетекшілік ететін дипломдық жобалар тақырыптары университет сайтында көрсетілген. Менің курсым бойынша оқушылардың үлгерімінің орташа балы 85-90%. - Оқушыларға қойылатын талаптар:
- 1. Жұмыстарды көрсетілген уақытта тапсыру.
- 2. Жұмыстарды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
- 3. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тестермен тексеріледі.
- 4. Сабаққа кешікпеу.
- 5. Сабақтан қалмау.
- 6. Оқу процесіне белсенді қатысу.
- 7. Үй тапсырмасын өз бетінше орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|