Дәріс 11-12-13-14. «Тарихи метрология -қосалқы тарихи пән». 4 сағат, 6-7-апта
1. Тарихи метрология пәнi. Зерттелу дәрежесi. Зерттеу әдiстерi. Терминдерi.
2. Европа мен Ресейдегі өлшем жүйесінің дамуы.
3. Қазақстандағы өлшем жүйесінің қалыптасуы. Қазақша өлшем бiрлiктері.
Аралық бақылау
Тарихи метрология. Тарихи метрология пәні мен міндеттері. Метрологиянын тарихи пөн ретінде қалыптасуы мен дамуы. Англияда, Ресейде метрге дейінгі ұзындық өлшеулері бірліктерінің дамуы, таратылуы. Еуропадағы метрге дейінгі аумақ бірліктері. Көлемді өлшеудің метрге дейінгі бірліктері. Ресейдін метрге дейінгі салмақ өлшем бірліктері - пұт, фунт және т.б. дәріханалық грек бірліктері- грап, екрупул, драхма т.б. Ресейде қолданылуы. Орыс өлшем бірліктері-шелек, бөшке. штоф, шарке (чарка) және т.б.
Қазақ қашықтық өлшем бірліктері: алты айлық. айлық, күндік, ат шаптырым, аттам (жер). Жақын аралықка катысты дазақ өлшем бірліктері: іпай қайпатым, шай-ішім, ет пісірім, бие сауым, түйе сауым. Қазақ үзындык --өлшемдері - қадам, қүлаш, адым, карыс, сүйем, сынык сүйем. Қазақ бірліктері - уыс, шайнам, ауыз толтырым, кайнатым. Ұсақ өлшем бірліктері - түймедей, иненің жасуындай, бір тамшы. Отын өлшем бірліктері - буым, арқа, дорба, етек, жағым. Саудадағы казақ өлшемдері - пұт, қадам, қап, дорба, қанар.
Тарихи метрология.
Өткен уақыта пайдаланылған өлшем бірліктері: ұзындық, көлем, салмақ, аудан,... т.б. бірліктер жүйесі, өлшем құралдары, өлшем әдістері.
Ортағасырлық «метрологиялық» шығармаларға ХІV-ХV ғасырлардағы заңгерлердің және көпестердің тракаттарын айтуға болады.(м: Франческо Бальдуччи Пеголотти. «Торговая практика», ХІV ғ.). Осы кездерде жерге байланысты шығарма: «Кульмская геометрия» (ХІV ғ. мен ХV ғ. аралығы) жарыққа шықты. Неміс қоныстанушыларының егістікке арналған жерлерді өлшеу тәжрибесін жинақтаған.
Көпестер, жер өлшеушілер т.б. өлшемдері енді ғалым адамдар қолына тиді, себебі ол дәлдікті қажет етті. Вена тұрғыны Кристоф Рудольфтың еңбегі «Искусный счет» 1526-1588-ші жылдар арасында, 60 жылдан астам, сегіз рет басылып шықты. Мұнда фунттар, дән өлшемдері, шарап, май, шынтақ өлшемдері салыстырылды.
Жалпы өлшем процессінің негізін теориялық тұрғыдан ХV-ші ғасырда философ Николай Кузанский «Простец об опытах с весами» деген еңбегінде түсіндіруге тырысса да Метрологияның ғылым ретінде пайда болуын ХVІ ғасырға жатқызады. Ол Георг Агрикола (1494-1555) және Жозеф-Жюст Скалигер аттарымен байланысты. Тарихи метрологияны Агриколаның «Пять книг о мерах и весах римлян и греков» деген шығармасы бастайды.
Европаның көптеген елдерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырларда анықтамалар шығып тұрды, олар метрикалық жүйе әлі ығыстырып болмаған өлшем бірліктеріне түсінік беретін. ХІХ-шы ғасырда метрологияның кейбір саласы зерттеле бастады: мыс. «Ұлы Карл фунты», «кельндік маркалар», «гуфалар» т.б. ХХ-шы ғасырда тарихи метрологияның дамуына өзінің үлесін Халықаралық тарихи метрология комиссиясы қосты. 1975-ші жылдан бастап осы пән бойынша конгресстер шақырыла бастады.
Ежелгі грек және римдік өлшемдер жүйесі жақсы зерттелсе, Батыс және Орталық Европа өзінің бытыраңқылығына, дәстүріне, тұйықтығына, бөлектігіне байланысты өзінің жүйесіздігімен көзге түседі. Мысалы, Англиядағы Рамсей монастырінің картулярийінде, бір ғана Хантингдоншир графтығында жер бөліктерін өлшеудің 16 тәсілі болған. Соған қарамастан өлшем бірліктерінің аты (гайда, виргата, акр) бір болған. Тіптен ол жерлерді тек ол жерге егілетін дақыл түрімен, болмаса онан түсетін пайда арқылы өлшейтін болған. Кейде бір жердегі өлшем жүйесі, болмаса сондағы жер көлемі әр түрлі өлшенуі мүмкін. Метрология өзге де қосалқы пәндермен тығыз байланыста, әсіресе нумизматикамен, сонымен бірге метрология археология мен этнографияның деректерін де жиі пайдаланады. Өлшем бірліктер табиғаттың жағдайымен тығыз байланысты болғандықтан метрология еңбектерінде географияға, астрономия, геология, агрономия т.б. ғылымдарға сілтеме жиі болып тұрған.
Метрологиялық зерттеулердің деректеріне трактаттардан басқа хроникалар жатады. Келісімдер мен келіссөздер, сауда есебінің есептері, иеліктердің тізімдері, сот протоколдары, Сонымен қатар өлшем құрал саймандары, өлшеу және салмақ эталондары, монеталар, фрескалардағы, капитолий колонналарындағы миниатюралар, скульптура, живописьтегі бейнелер,... ХVІІ- ХVІІІ-ші ғасырлардағы топографиялық карталар, ХVІІІ-ХІХ-шы ғасырлардағы метрологиялық анықтамалар да осы зерттеулерге жарық түсіреді.
Жалпы римдік жүйесні айтпай кетуге болмайды, себебі ол көптеген өлшем бірліктерінің негізін қалайды, сонымен қатар ол өзге де елдерге тараған.
- «бүтін» (as) - өлшем бірлігінің негізі.
- 1/12 бөлік – унция деп аталды. Қалған бірліктер осы астың, немесе унцияның бөлігі, не көбейтілген түрі болатын.
Мысалы, ұзындық өлшемінің негізі (as) – pes (табан, фут), ол 29,57 см. Ал 5 фут – бір pessus – екі адымға (1,48 м.) тең; 1000 адым – 1 миллге тең (milia passum немесе miliarium – «миль тасы» дегенді білдіреді). Фут – жарты футқа, унцияға (2,46 см.), жартыунцияға бөлінді,...
Достарыңызбен бөлісу: |