Тарих факультеті


Дәріс 5-6. Мұрағаттану және эпиграфика. 2 сағат. 3 апта



жүктеу 0,88 Mb.
бет6/86
Дата15.10.2023
өлшемі0,88 Mb.
#43836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
силлабус қосалқы тарих

Дәріс 5-6. Мұрағаттану және эпиграфика. 2 сағат. 3 апта
1. Мұрағаттанудың даму тарихы.
2. Жазба деректер түрлері
3. Эпиграфика пәні. Мақсаты мен міндеттері.
Көне түркі жазба ескерткіштері.
Графикалық лингвистика – тіл танудың жаңа бөлімі, ол жазбаны, оның белгісін, тілін зерттейді. Графикалық лингвистика жалпы жазба ғылымы ретінде – эпиграфика, палеографика, графика, орфография, графемика жатады.
Түркі әлемінің көне алфавиттік жазбасы.
Монғолиядағы «Селенгі тасындағы» (VІІІ ғ.) руна жазбасында ұйғыр ханы Моюн-Чур өз жазбасын, таңбасын «Мың жылдық және мәңгілік жазба мен белгілерді мен тасқа қашап жазуға бұйырдым» - деп әсірелеп айтады.
Оңтүстік Сібір мен Қазақстан көшпелі тайпаларында жазбаның болғандығын екі көне түркі руна жазбасы дәлелдейді – б.з.д. V-ІV ғғ. («Еще раз об иртышской рунической надписи», №9, 1967; «Руноподобная надпись из сакского захоронения близ Алма-Аты», №12, 1971. Вестник АН КазССР.).
Сыртқы түрі скандинавия руналарына ұқсас Енисей тас жазулары ғалымдарды ХVІІ-ХVІІІ ғғ.-ақ назарларын аударған болатын. Олардың саны жыл өткен сайын өсе түсті, бірақ тек ХІХ ғ. Аяғында ғана енисей жазбалары көне түрікше екені анықталды.
1889 ж. Орыс этнографы Н.М.Ядринцев Монғолияда, Орхон өзені бойынан екі таста жазылған: Білге қағанға (735 ж.) және Күл тегінге (732 ж.) арналған ескерткішті ашты. Н.М.Ядринцев В.В.Радлов басшылығымен екі жылдан кейін, 1891 жылы орыс ғылыми экспедициясында жүріп үшінші ескерткішті тапты – Онгин ескерткіші (VІІІ ғ. басы.). Ондағы қытай жазбалары түрік сөздерін тез оқуға мүмкіндік жасады. (Васильев В.П. Китайские надписи на орхонских памятниках в Кошо-Цайдаме и Карабалгасуне. Сб. Трудов Орхонской экспедиции, ІІІ. СПб., 1897.). Фин, орыс ғалымдарының күшімен енисей, орхон жазбаларының атластарының, фотосуреттерінің жинағы жарыққа шықты.
Ал, 1893 жылғы 25 қарашада дат ғалымы В.Томсен орхон-енисей жазбаларын, руникалық алфавитті оқи алды. Осыдан бастап түркологтар бірлесе отырып көптеген жазбаларды оқи алды.
Білге қаған (Могилян - хан) және Күл тегінге арналған ескерткіштерді алғаш рет оқып, неміс тіліне аударған В.В.Радлов болды. Оны немісшеден орысшаға П.М.Мелиоранский болды.
Мұндаға дейін Монғолиядан (Селенгі, Толы-Орхонның саласы, Моңғол Алтайында, Гоби), Сібірден (Енисейдің жоғарғы жағы, Минисинскіде, Таулы Алтайда, Байкал жанында, Ленада) және Жетісудан (Талас бойынан, Ыстықкөлден) көптеген ескерткіштер табылып, зерттеліп олар баспадан да шықты.
Түрік руналары Хакасия мен Алтайдың алтын, күміс заттарында, Минусинскінің мұражайының қола айналары мен теңгелерінде кездеседі.
VІІІ-Х ғғ. түрік руналары шамандар, манихей, буддистердің және юридикалық мазмұндағы жазбалар қағаздарда кездесті – негізінен Шығыс Түркістанда.
Түркі рунасының ерте түріне, Талас бойынан табылған таяқ жазбалары жатуы мүмкін.
Заравшанның жоғарғы жағынан, Муг тауында соғды құжаттарының арасынан теріге тушпен жазылған руна тектес жазу табылды. (Бернштам А.Н. Древнетюркский документ из Согда (предварительное сообщения). «Эпиграфика Востока», Х, 1951.).
Ферғанада, Қой-қырылған қала қалашығында (б.з.д. ІV-ІІІ ғ.) Амударияда Хума ыдыстарында (құмыра) қысқа руна жазулары табылды.
Руна жазулары Европаға солт. Кавказдан Дунайға дейін түркі тілді ғұндармен (ІV-V ғғ.), бұлғарлардың көшуімен (VІІ ғ.) байланысты деуге болатынын айтады. Бұған «ғұн», «бұлғар» руналары ғана емес (көбісі әлі ашылмаған) – грек алфвитіндегі түрік жазбалары да дәлел болады (ІV-VІІ ғғ. Византиялық ереже (уставное) жазулары) – Болгариядан, Венгриядан, Румыниядан табылған. Кейін осы Византиялық уставтан ІХ ғасырда - славяндық «кириллица» келіп шығады. VІІІ-ІХ ғғ. Болгар патшалары түрік сөздерін грек алфавитімен бергенін... В.А.Истрин де жазған.
Булгар аты Балкандағы гагауздарда (түркі тілді) да сақталған (Аспарух булгарларының тұқымы). Олар славян тілді болгарларды – «тукан» деп атайды.
Сонымен славян ағартушыларынан бұрын ақ түрік әлемі грек графикалық жазбасын өзінің рунасымен қатар пайдаланған.
1799 жылы Венгрияда (Надь-Сент-Миклош селосында (Трансильвания, Румынияның солтүстігі)) табылған «Аттила қоймасындағы» алтын ыдыстарда (аң аулау, қанатты арыстанға мінген аттылар, кентаврде, ат үстіндегілер... жайлы бедерлі суреттері бар) – 14 руна, руна тектес жазулар, және грек әрпімен түрік тіліндегі жазбалар (үшеу). Христиандық крест айналасында (№21 ыдыста - І V- V ғғ. византиялық устав, №9,10 ыдыстарда VІІ-VІІІ ғғ. визант. устав). В.Томсен (Малов С.Е. Болгарская золотая чаша с турецкой надписью. «Казанский музейный вестник», 1921, № 1-2.) – булгар жазбасы деп санады. (...ал, грек графикасы кейінірек жазылған деп ойлайды)- ыдыс V ғ. жасалған болуы тиіс.
Ю.Немет Венгрия белгілерін талас, енисей ескерткіштерімен ұқсата отырып руна жазуларын – печенегтерге жатқызады (Х ғ.).
Дон, Кубань (Солт. Кавказ) руна тектес жазулары әлі толық ашылмай отыр. Бұлар тек сыртқы түрімен ғана Орталық, Орта Азия жазбаларына ұқсас. А.М.Щербак, М.А.Хабичев, Г.Ф.Турчанинов аударма жұмыстары әлі толықтыруды қажет етеді. А.М.Щербак - түріктермен, М.А.Хабичев – түркі тілдес алан, Г.Ф.Турчанинов – иран тілід алан, касог (черкес) – тілдеріне жатқызады.
С.Я.Байчоров солт. Кавказ руналарына ұйғыр графикасының жазбалары қосымшаланып отыратынынпайдаланып (северокавказские биллингвы) - өзінің аудару тәсілін ұсында. Ол солт. кавказ, волгодон, дунай руна жазбаларының ерекшелігін батыс түрік руна алфавитімен салыстыру кестесін жасап (орхон-енисеймен де), осы үш Европа регионының жазбаларын булгар тіл тобына жататыныдығын айтты. (Байчоров С.Я. Древнетюркские рунические памятники Европы. Отношение северокавказского ареала древнетюркской рунической письменности к волгодонскому и дунайскому ареалам. Ставрополь, 1989.). (Дегенмен, солтүстік Добруждегі Мурфаталар руна жазбасын оқу күмән келтіреді). Волга-Кама регионында (Башкирия) Еділ Булгарларына қатысты құпия руна жазуы оқылмай отыр.
С.Я.Байчоров «...Азияттық және европейлік көне түрік жазулары әр түрлі алфвитте, олар өз ара қатты әсер берген, ортақ әріптері бар, белгілі жазба принципі бар»- екенін айтады.
Жалпы Қазақстан территориясында 30-ға тарта түрік руна жазбалары табылған. Бірақ, олардың барлығы жарияланбаған. Мыс: Талс өзенінен табылған 4 руна жазбасының екеуі әлі оқылмаған. І-сі Чагар-Могол, Талас Алатауындағы (Оңт.Қаз. обл.). Оны 1958 ж. А.Н.Бернштам «Эпиграфика Востока»-да ХІІ вып. Жариялаған. ІІ-сі Тас плита жазуы (Жамб. обл.). 1976 ж. Екі түркі жазбасы табылып оқылды (Жамб.обл. – Атлах қалашығы). А) билеушінің тас мөрі. Б) тас дискінің жартысында жазылған жазу.
Сыр бойы қалаларынан қыш ыдыс жазулары (оңт.Қаз.обл.). Іле өзені (Алм.обл. Ұйғыр ауданы) бойынан үш жазу 1964 ж. Мазмұны аң аулауда қолданатын магия.
1969 ж. К.М.Байпақов тапқан қола сақинадағы жазу оқылды (Алм.обл. Іле ауданы.).
Екі қола айнасы түрік жазуымен Ш.Қаз.обл. табылды. Оны 1935 ж. Кездейсоқ тапқан, ол Мем. Эрмитажда сақтаулы. Екіншісін 1969 ж. Ф.Х.Арсланова бастаған археологтар тапқан.

жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау