Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2013 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат



жүктеу 486,32 Kb.
бет4/4
Дата21.12.2017
өлшемі486,32 Kb.
#5478
1   2   3   4

6) Әлеуметтік-еңбек қызметтер:
Қызмет алушы Тарасованың сарайының шеті құлап қалуына байланысты қайта қалпына келтіруге, Н.Кузнецованың терезелерін сырлауға көмек көрсетілді. Қызмет алушы Н.Иваненконың кір жаятын темірінің сынып қалуына, З.Коссеитова, Н.Коссеитовтың су құбырларының жарылуына байланысты, А.Пактың тұрғын үйін қалпына келтіру үшін сылақшы мамандар шақыртылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қызмет алушы Н.Иваненкоға киім тігуге, В.Руденкоға тоқыма жұмысына кеңес беріліп, көмек көрсетілді. 13 қызмет алушыға № 7, 16, 24 мектеп оқушылардың катысуымен ауласында, бау-бақшасын тазалауға көмек көрсетілді.


7) Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
Қызмет алушылармен әңгімелесіп, олардың әңгімесін тындау, оларға психологиялық көмек көрсету, көңіл-күйлерін көтеру, белсенділікке ынталандыру, қажырландыру көмектері көрсетілді.

Әр аптада әлеуметтік қызметкерлер заң аясында нормативтік-құқықтық актілермен таныстырылып, олардың білімін жетілдіру мақсатында сан түрлі тақырыптарда шығармашылық сағаты өткізілді.


БАЛАЛАР МЕН 18 ЖАСТАН АСҚАН АДАМДАРҒА ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Тараз қаласы бойынша 18-жасқа дейінгі мүгедек бала саны – 1612. Аталған бөлімше үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету стандартына сәйкес 2013 жылы жалпы 241– қызмет алушыға үйде 8 бағытта қызмет көрсетті.

Ағымдағы жылда шешім бойынша есептен шыққан қызмет алушы саны –95 , оның ішінде жартылай стационарға -14 қызмет алушы, оңалтылынғаны -8 , заңды өкілінің өтініші бойынша –9 , басқа елді мекенге кеткен-1, есептегі қайтыс болған қызмет алушы саны -3, уақытша есептен шыққан қызмет алушы саны -59, акт бойынша есептен шыққан қызмет алушы саны -1.

2013 жыл бойынша тіркеуге – 126 қызмет алушы қойылды, оның – 97 бөлімше есебіне алынды, мемлекеттік емес «Амазонка» ұйымына – 21, кезекте тұрған қызмет алушылар саны – 8, қазіргі уақытта бөлімше есебінде 241 қызмет алушы бар.

Бүгінгі таңда бөлімше есебіндегі -193 қызмет алушы санитарлық-гигиеналық тазартқыштармен қамтамасыз етіліп отыр. Протез-ортопедиялық аяқ-киімде -73 қызмет алушы кезекте тұр, мүгедек арбада есептегі -73 қызмет алушы кезекте тұр, 20- қызмет алушы мүгедек арбасын алды. Ал 5- қызмет алушы жетек арбасымен қамтамасыз етілді, 26-қызмет алушы кезекке қойылды, 81-қызмет алушының мүгедектігін қайта куәландыруға көмек көрсетілді.

Астанадағы оңалту орталығында есептегі 10-қызмет алушы, соматикалық орталықта есептегі 8- қызмет алушы ем қабылдап қайтты қайтты.

8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай -78 аз қамтылған мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қайырымдылық акция ұйымдастырылып, демеушілердің қолдауымен (жиһаздар, тұрмыстық-техникалық жабдықтары, төсеніштер, киім-кешектер, азық-түліктер түрінде) көмек көрсетілді.

Сонымен қатар бөлімше тарапынан бірнеше мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:

- 01.03.2013 ж. - 8-наурыз мерекесіне орай «Баласағұн» мәдениет үйіне 3 мүгедек баланың анасы концертке шақыру қағазы ұсынылды.

- 14.03.2013 ж. - ПМПК ұйымдастырған «Жұлдызай» мүмкіншілігі шектеулі балалардың творчествосы республикалық фестиваліне 3 қызмет алушы қатысып, оларға бөлімше мамандарының қолдауымен сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар «Мүмкіндік шегінен тыс» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің творчествосы республикалық фестиваліне «Ынтымақты отбасы» номинациясы бойынша қатысушы есептегі мүгедек бала Мустопуло Исаактың отбасы ұсынылды.

- 21.03.2013 ж. - «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шараға аз қамтылған 20 мүгедек бала отбасыларын арнайы дастарханға шақырылып, мерекелік бағдарлама тамашалауға ықпал етілді.

-28.03.2013ж. – есептегі 30 қызмет алушы драматеатрдың қойылымын демеушілердің көмегімен тамашалады.

-08.05.2013ж. «Жеңіс» саябағында мерекелік концерт ұйымдастырылып, демеушілер көмегімен есептегі, кезекте тұрған және әлеуметтік көмекке мұқтаж 300 қызмет алушыға сыйлықтар таратылды.

-11.05.2013ж. «Есіл» демалыс орталығында бөлім есебіндегі 50 мүгедек бала өзінің ата-анасымен бірге бір күнге таза ауада серуендеп, демалып қайтты. Балаларға демеушілердің көмегімен плеер, музыкалық аспап ойыншықтары, жұмсақ қуыршақтар, мектеп сөмкелері, сурет салуға арналған тақталар т.с.с қомақты ойыншықтар сыйға тартылды.Сондай-ақ, барлық балаларға жеміс-жидектер салынған пакеттер таратылып, төрт мезгіл тамақ берілді және бала-лар толығымен сусындармен қамтамасыз етілді. Балалардың барып-қайту жол ақылары демеушілердің есебінен тегін болды.

-14.05.2013ж. Қаламыздағы драма театрында балаларға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып «Тук-тук ! Кто там», «Приказано быть первыми!» атты қойылымдарын балалар мен ата-аналар тамашалады.



«Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай төтенше жағдайлар министр-лігінің Жамбыл облыстық департаменті қолдауымен есептегі -7 тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға 7 мүгедек арбасы табыс етілді.

Балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Скиф Трейд» сауда орталығы демеушілерінің қолдауымен 30000 тенге көлемінде балалардың жас ерекше-ліктеріне байланысты дедактикалық құралдар мен ойыншықтар сыйға берілді.



- 01.06.2013ж. Мектептен тыс жұмыстар жүргізу және балалар шығарма-шылығы орталығы ұжымының ұйымдастыруымен қалалық мәдениет үйінде мерекелік концерт өткізілді. Оған бөлімше есебіндегі 100 қызмет алушы өзінің ата-ана, бауырларымен бірге қатысып, мерекелік концертті тамашалап қайтты. Сонымен қатар демеушілеріміз балаларға балмұздақ пен сусындар таратты.

-19.07.2013 ж. Тараз қаласында тұңғыш рет мүгедектер арасында «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты облыс аралық байқаудың іріктелу кезеңі өтті. Бұл іріктеуге біздің бөлімше есебіндегі қызмет алып жатқан екі үміткер қатысып екеуі де Республикалық байқауға жолдама алды.

Мустопуло Исаак – «Ақылдылар» наминациясы бойынша, ал Мейірхан Нұрдаулет - «Ең тату отбасы» наминациясы бойынша байқауда жеңіске жетті.



-05.09.2013 ж. «Сыңғырла, алғашқы қоңырау» іс-шарасы 2013-2014 оқу жылында алғаш рет мектепке барғалы отырған 16 қызмет алушыға (10 ұл, 6 қыз) арнап Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта мерекелік іс-шара

ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік іс-шараға «Альянс банк» АҚ-ң филиалы қатысқан 16 бүлдіршінге арналған кеңсе тауарларынан тұратын мектеп сөмкелерін тарту етті, «Төлебай Май 2007» ЖШС саябақты, саябақта орналасқан әткеншектерді демеушілік көмек ретінде ұсынды. Мереке соңы мерекелік концертке ұласты.

-01.10.2013ж. «Алтын күз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік іс-шарада әр қызмет алушылардың өз қолдарымен жасалынған қол өнер бұйымдарынан, суреттерінен көрме ұйымдастырылды.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекеге қатысқан балалардың барлығына демеушілердің ықпалымен сыйлықтар табыс етілді.

Мереке асфальт бетіне сурет салу шарасымен жалғасты, әр қызмет алушы өз ойын дамыта отырып «Алтын күз» мерекесіне арнап, күз мезгілінің суреттерін және өздерінің қиалдарындағы қызықты суреттерін асфальт бетіне түсірді. Бөлімше есебіндегі 30 мүгедек бала өздерінің ата-анасымен, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерімен бірге Айша бибі, Тектұрмас, Қарахандар әулеті кесенелерін аралап қайтты. Мерекелік іс-шарамыз «Жерұйық» мейрамханасыда түскі ас ішумен жалғасты.

-02.10.2013ж. Керімбай атындағы №12 мектеп гимназиясының және Н.Назарбаев атындағы зиаткерлік мектебінің оқушыларының қатысуымен мүмкіншілігі шектеулі балаларға үйлерінде мерекелік концерт қойылымдарын, құттықтауларын тарту етті. Сондай-ақ «Ай-Фарида» сұлулық салоны ұл балаларға шаштараз қызметін тегін көрсетті.

-30.10.2013ж. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіне 10 жыл толған мерей тойы аталып өткізілді.Мерекеге 80 қызмет алушының ата-аналары қатысты. Мерекелік іс-шарада қала әкімі, қалалық маслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап өз тараптарынан мадақтау қағаздарын табыстады. Мереке қызмет алушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік қызметкерлердің концерттік бағдарламасымен ұласты.

-26.12.2013ж. «Жаңа жылда – жаңа жыр» атты тақырыпта бөлімше есебіндегі мүгедек балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Мереке 140-тан астам мүмкіншілігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен өтті. Мүмкіншілігі шектеулі балалар Аяз ата мен Ақша қарды көріп, оларға арналған ән-жырларын айтып, өнерлерін көрсетіп мерекелік сыйлықтарын алды. Ал төсек тартып жатқан мүгедек балаларға жаңа жылдық сыйлықтары үйлеріне жеткізіліп берілді.



Есептегі 241 қызмет алушының барлығы жаңа жылдық сыйлықтармен қамтамасыз етілді.

-26.12.2013 ж Қала әкімінің тарапынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық шыршаға бөлімше есебіндегі 9 бала қатысып, мерекелік сыйлықтары табыс етілді.
жүктеу 486,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау