Microsoft Word Huggies ny dm promo Правила акции 141217 kaz doc



жүктеу 189,51 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі189,51 Kb.
#21974


1

 «СƏБИЛЕР ҮШІН ЖАҢА ЖЫЛҒЫ СЫЙЛЫҚТАР!»  



ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ  

 

1.  «Сəбилер  үшін  жаңа  жылғы  сыйлықтар!»  жарнамалық  акциясы  (əрі  қарай  –  Акция) 

Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  Алматы,  Астана,  Қарағанды,  Шымкент, 

Ақтөбе,  Ақтау,  Атырау,  Семей,  Қостанай  қалаларында  соңғы  күнді  қоса  2017  ж.  16 

желтоқсаны мен 30 желтоқсаны аралығындағы кезеңде өткізіледі.  

2.  Акцияны  ұйымдастырушы  «Кимберли-Кларк  Қазақстан»  ЖШС  (əрі  қарай  – 

Ұйымдастырушы) болып табылады: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Фурманов к-сі, 

240в. 

3. Акцияға жеке тұлғалар – 18 жасқа толған  жəне Қазақстан Республикасының аумағында 

тұрақты  тұратын  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  (əрі  қарай  –  Қатысушылар) 

қатыса  алады.  Акцияға  кəмелетке  толмаған,  əрекет  етуге  қабілеттілігі  шектеулі,  əрекет 

етуге  қабілетсіз  тұлғалардың  қатысуы  қолданыстағы  заңнамамен  белгіленген  тəртіпте, 

олардың заңды өкілдері арқылы жүзеге асырылады.   

4. Акцияға келесі тұлғалардың қатысуына рұқсат берілмейді: 

4.1. осы Ережелердің 3-тармағында баяндалған талаптарға сай емес тұлғалар. 

4.2. Акцияны Ұйымдастырушының, онымен үлестес тұлғалардың қызметкерлері мен 

өкілдері жəне олардың отбасы мүшелері, Акцияны Ұйымдастырушымен шарттық қарым-

қатынаста  тұрған  жəне  Акцияны  дайындаумен,  ұйымдастырумен  жəне  өткізумен 

байланысты үшінші тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері. 



5.  Акцияға  қатыса  отырып,  Қатысушы  осы  Ережелермен  толық  танысқанын,  онымен 

келісетінін  растайды,  атап  айтқанда,  бірақ  төмендегілермен  шектелмей,  өз  келісімін 

растайды:  

5.1.  Акцияға  қатысу  туралы  жарнамалық  сұхбаттарға  қатысуға,  соның  ішінде  радио 

жəне теледидар, сондай-ақ өзге бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамаға түсуге. 



5.2.  Ұйымдастырушының  жəне/немесе  Ұйымдастырушының  тапсырмасы  бойынша 

үшінші тұлғалардың Қатысушының фото- жəне бейнетүсірілімдерін жүзеге асыруына, 

сондай-ақ  Қатысушы  түскен  фото-  жəне  бейнежазбаларды,  алдын  ала  рұқсат  алмай 

жəне  ол  үшін  қандай  да  бір  сыйақы  төлемей,  соның  ішінде  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында,  сонымен  қатар,  жарнамалық  мақсаттарда,  үшінші  тұлғаларға 

Қатысушының аталған фото- жəне бейнежазбаларын беру мүмкіндігімен пайдалануға. 



5.3.  Ұйымдастырушының  (сондай-ақ  ол  уəкілеттік  берген  тұлғалардың)  Акцияны 

өткізу  мақсатымен,  Қатысушылардың  өз  жеке  деректерін  заңсыз  таратудан  қорғауға 

қажетті  шараларды  қолдана  отырып,  осындай  жеке  деректерді  жинауына,  өңдеуіне 

(соның  ішінде  автоматтандырылған    құралдарды  пайдаланып),  сақтауына, 

пайдалануына, таратуына. Қатысушы Ұйымдастырушыға осы Ереженің 2-тармағында 

көрсетілген  мекенжайы  бойынша  осы  келісімді  кері  қайтару  туралы  қол  қойылған 

жазбаша  хабарлама  жолдай  отырып,  осындай  келісімді  кері  қайтаруға  құқылы. 

Келісімді  қайтарып  алу  туралы  хабарлама  алған  жағдайда,  Ұйымдастырушы  мен  ол 

уəкілеттік берген тұлғалар Қатысушының осындай жеке деректерін өңдеуді тоқтатады 

жəне кері қайтаруды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеке деректерді 

жояды.  Ұйымдастырушының  Акцияны  өткізумен  байланысты  əрекеттерді 

орындамауы  Қатысушының  жеке  деректерді  өңдеуге  келісімін  кері  қайтаруы 

нəтижесінде, 

Қатысушының 

жеке 

деректерін 



жою 

салдарынан 

болса, 

Ұйымдастырушы  мұндай  əрекеттерді  орындамағаны  үшін  жауапты  болмайды. 



Қатысушы  өзінің  жеке  деректеріне  қол  жеткізуге  құқылы.  Аталған  құқықты  жүзеге 

асыру  үшін  Қатысушы  осы  Ережелердің  2-тармағында  көрсетілген  мекенжай 

бойынша сауал жолдау арқылы Ұйымдастырушыға жүгінуге құқылы. Қатысушының 

Акцияның  өткізілу  барысында  үшінші  тұлғалардың  құқықтарын  бұзуымен 

байланысты  үшінші  тұлғалар  тарапынан  Ұйымдастырушыға  қандай  да  бір 



2

наразылықтар  болған  жағдайда,  Қатысушы  осындай  дауларды  өзі  шешу  бойынша 



жауапкершілікті өз мойнына алады. 

6. Акцияға қатысушының құқықтары: 

6.1. Акцияның өткізілу шарттарымен танысу. 

6.2. осы Ережелермен белгіленген тəртіпте Акцияға қатысу. 

6.3. Акцияның өткізілу шарттарына сəйкес Жарнамалық Кəдесыйды беруді талап ету. 

7. Акцияға қатысушының міндеттері: 

7.1.  Акцияның  өткізілу  шарттарын  сақтау,  соның  ішінде  Акцияның  өткізілу 

шарттарымен  белгіленген  мерзім  ішінде  Акцияға  қатысумен  жəне  Жарнамалық 

Кəдесыйларды алумен байланысты барлық əрекеттерді орындау. 

7.2.  Жарнамалық  Кəдесыйды  алған  сəтте  ондағы  кемшіліктердің  болу/болмау 

жағдайын  тексеру  жəне  кемшіліктерді  анықтаған  жағдайда,  бұл  туралы 

Ұйымдастырушы өкіліне дереу хабарлау. 

8. Қатысушылардың осы Ережелерде мазмұндалған Акцияның өткізілу шарттарымен жəне 

Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасымен  қарастырылған  өзге  де 

құқықтары мен міндеттемелері болады. 

9. Ұйымдастырушының міндеттері: 

9.1. Акцияны осы Ережелерге сəйкес өткізу. 

9.2. Қатысушыларға осы Ережелермен қарастырыған жағдайларды қоспағанда, тиісті 

Жарнамалық кəдесыйлар беру. 



9.3. Акцияның өткізілуі тоқтатылған жағдайда, осы Ережелермен белгіленген тəртіпте 

бұл туралы тиісті ақпарат орналастыру. 



9.4.  салық  агенті  ретінде  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасымен 

белгіленген жағдайларда, Акцияның Жарнамалық кəдесыйларды алумен байланысты 

барлық  салықтарды  төлем  көзінен  ұстап  қалу  жəне  Қазақстан  Республикасының 

бюджетіне Акцияға Қатысушылар үшін төлеу. 



10. Ұйымдастырушының құқықтары: 

10.1.  Осы  Ережелерге  өзгертулер  жəне/немесе  толықтырулар  енгізу;  бұл  туралы 

Қатысушылар  Ережелермен  көзделген  тəртіпте  хабардар  етілетін  болады,  соның 

ішінде осы Ережелердің 15.1-тармақшасында көрсетілген Жарнамалық Кəдесыйларды 

өз  қалауынша  өзге  тең  бағалы  мүлікке  айырбастау.  Бұл  ретте  осындай  айырбастау 

кезінде  Акцияға  Қатысушылардың  Акцияны  Ұйымдастырушыдан  қандай  да  бір 

қосымша өтемақы талап етуге құқығы жоқ. 



10.2.  Қатысушының  Акцияның  өткізілу  шарттарын  орындамау  фактісі  анықталған 

жағдайда, Қатысушыға Жарнамалық Кəдесыйды беруден бас тарту. 



10.3.  Осы  Ережелерде  мазмұндалған,  Акцияның  өткізілу  шарттарымен  көзделген 

жағдайларды  қоспағанда,  Қатысушымен  жазбаша  келіссөздер  жүргізбеу  жəне  кез 

келген өзге байланыстарға түспеу. 

10.4. Егер Қатысушы Жарнамалық Кəдесыйды алудан бас тартса, Қатысушының оны 

алмауымен  байланысты  шағымдарын  қараудан  бас  тарту  (Жарнамалық  Кəдесыйды 

Қатысушы қайтадан талап ете алмайды). 

10.5.  Қатысушылардан  осы  Ережелермен  көзделген  қажетті  ақпарат  пен  құжатты 

талап ету. 



10.6.  Осы  ережелердің  5-тармағында  баяндалған  Акция  жеңімпаздарының  Акцияға 

қатысу туралы жарнамалық сұхбаттар жүргізу, соның ішінде радио, теледидар үшін, 

сонымен  қатар  бұқаралық  ақпарат  құралдары  үшін  Акция  жеңімпаздарының 

Акцияның  Жарнамалық  Кəдесыйларын  ұтып  алуына  байланысты  Акция 

жеңімпаздарына  қатысты  фото-  жəне  бейнетүсірілімдер  ұйымдастыру  жəне  жүргізу, 

жеңімпаздардың  қатысуымен  жасалған  дайын  фото-  жəне  бейнематериалдарды 

бұқаралық  ақпарат  құралдарына,  сондай-ақ  интернет  желісіндегі  ақпарат 

ресурстарына (соның ішінде 

www.maminclub.kz

 сайтында) жариялау. 




3

11.  Акцияны  Ұйымдастырушының  осы  Ережелермен  жəне  Қазақстан  Республикасының 

қолданыстағы  заңнамасымен  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  Акцияны  өткізумен 

байланысы  жоқ  мақсаттар  үшін  үшінші  тұлғаларға  Акцияның  Қатысушысы  туралы 

ақпарат беруге құқығы жоқ. 

12.  Акцияның  Қатысушысы  болу  үшін  осы  Ережелердің  3  жəне  4  тармақтарымен 

белгіленген  талаптарға  сай  келетін  жеке  тұлғалар  Акцияның  өткізілу  кезеңі  бойы 

мыналарды жасауы қажет: 

12.1. Осы ережелердің 20-тармағында  көрсетілген “Детский Мир” дүкендер 

желісінің кез келгенінен Акция Ұйымдастырушы тарататын Huggies

®

 сауда белгісі 



бар жөргектер жəне/немесе труси-жөргектерді, жəне/немесе ылғалды сулықтарды  

(əрі қарай — Тауар) кем дегенде 5000 (бес мың) теңге сомасына сатып алу жəне 

Тауардың сатып алынғанын растайтын фискалдық чекті алу.  

12.2. Осы Ережелердің 13-тармағында көрсетілген Акция Промоорталығына келіп, 

осы Ережелердің талаптарына сəйкес келетін фискалдық чекті көрсету жəне кем 

дегенде 5 000 (бес мың) теңге сомаға Акцияға қатысатын Тауарларды бір жолғы 

сатып алғаны үшін Акцияның 1 (бір) Жарнамалық Кəдесыйын алу. Акцияның 

өткізілу кезеңінде бір Қатысушы ең көбі 3 (үш) Жарнамалық Кəдесый ала алады. 

Мысалы, егер чекте(-терде) Акцияға қатысатын өнімдердің 20 000 (жиырма мың) 

теңге жəне одан жоғары сомадағы жиынтығы көрсетілсе, онда Қатысушы осындай 

чекті ең көбі 3 (үш) Жарнамалық кəдесыйға айырбастай алады.  



12.3. Жарнамалық Кəдесый осы Ережелерде қарастырылған тəртіп бойынша 

беріледі.     



Акцияның  Промоорталығы  –  Акцияның  өткізілу  шарттары  туралы  Қатысушыларды 

хабарландыратын,  сондай-ақ  Қатысушыларға  Акцияның  Жарнамалық  Кəдесыйларын 

беруді  жүзеге  асыратын  промоқызметкер  жұмыс  істейтін  сауда  нүктесіндегі  Акцияның 

өткізілу орны. 

Акцияның Промоорталықтарының мекенжайлары мен жұмыс уақытын 

www.maminclub.kz

 

сайтынан, сондай-ақ 8 800 070 89 10 телефоны бойынша білуге болады;  



13. Акцияның Промоорталықтарының мекенжайлары мен жұмыс уақыты: 

Алматы 


«Детский Мир» № 4 

Алматы обл., Қарасай ауд., Райымбек 

даңғ. 

Алматы 


«Детский Мир» № 2 

Қабдолов көш., 1/4  

Шымкент  «Детский Мир» № 6 

Абай ауд., Темірлан тасжолы, 19б, 1-

құрылыс 

Астана 


«Детский Мир» № 8 

Тұран даңғ., 37 

Астана 

«Детский Мир» № 11 



Тəуелсіздік даңғ., 34  

Қарағанды   «Детский Мир» № 5 

Қазыбек би ауд., Бұқар жырау даңғ., 59/2 

Қостанай 

«Детский Мир» № 15 

Гагарин көш., 193 

Ақтау 

«Детский Мир» № 13 



12а ы/а, 1/3 ғимарат 

Ақтөбе 


«Детский Мир» № 9 

12 ы/а, 21л-үй 

 

Күні 

Уақыты  

16 желтоқсан 

13:00–17:00 

17 желтоқсан 

13:00–17:00 

18 желтоқсан 

13:00–17:00 



4

19 желтоқсан 



13:00–17:00 

22 желтоқсан 

16:00–20:00 

23 желтоқсан 

13:00–17:00 

24 желтоқсан 

13:00–17:00 

28 желтоқсан 

16:00–20:00 

29 желтоқсан 

13:00–17:00 

30 желтоқсан 

13:00–17:00 

 

14. Сатып алу туралы растау ретінде мыналар қабылданбайды:  

14.1.  “Детский  Мир”  дүкендер  желісінен  сатып  алынбаған  тауарларға  берілген 

фискалдық чектер. 



14.2.  Осы  Ережелердің  3  жəне  4  тармақтарының  талаптарына  сай  келмейтін 

тұлғалардың Промоорталықтарға алып келген фискалдық чектері. 



14.3.  Промоорталықтарға  2017  жылдың  16  желтоқсанына  дейін  келіп  түскен 

фискалдық чектер. 



14.4.  Промоорталықтарға  2017  жылдың  30  желтоқсанынан  кейін  келіп  түскен 

фискалдық чектер. 



14.5. Тауардың Акция кезеңінде сатып алынбағанын растайтын фискалдық чектер. 

15. Акцияның Сыйлықтар қоры: 

15.1. Осы Ережелерде Сыйлық ретінде келесілер түсініледі:  

15.1.1.  Жарнамалық  Кəдесый  —  ассортименттегі  шырша  əшекейлерінің  1 

(бір) қаптамасы.  



15.2. Жарнамалық Кəдесыйлардың жалпы саны – 1710 (бір мың жеті жүз он) дана, 

соның ішінде: 



15.2.1. Жаңа жылдық шарлар (10 д., 4 см) – 169 д.;  

15.2.2. Шыршалық əшекей кəмпит (3 д., алтын) — 200 д. 

15.2.3. Шыршалық əшекей кəмпит (3 д., қызыл) — 200 д. 

15.2.4. Шыршалық əшекей кəмпит (3 д., түрлі-түсті) — 200 д. 

15.2.5. Жаңа жылдық шарлар (6 д., 6 см) — 187 д. 

15.2.6. Шыршалық əшекей кəмпит (5 д., 6,5 см) — 200 д. 

15.2.7. Жаңа жылдық шарлар (12 д., 3 см, күміс) — 207 д. 

15.2.8. Жаңа жылдық шарлар (12 д., 3 см, күміс) — 162 д. 

15.2.9. Жаңа жылдық шарлар (12 д., 3 см, мульти) — 185 д.  

15.3.  Акцияның  Жарнамалық  Кəдесыйларының  саны  Ережелердің  жоғарыда  көрсетілген 

осы  тармағымен  шектеулі.  Акцияның  Жарнамалық  Кəдесыйларының  Параметрлері  мен 

сипаттамалары 

Ұйымдастырушының 

қалауы 

бойынша 


анықталады 

жəне 


Қатысушылардың  күткеніндей  болмауы  мүмкін,  сондай-ақ  жарнама-ақпараттық 

материалдардағы олардың суреттерінен өзгеше болуы мүмкін. 



15.4.  Акцияның  Жарнамалық  Кəдесыйлары  ақшалай  баламада  берілмейді  жəне 

айырбастауға жатпайды. 



16. Акцияның Жарнамалық Кəдесыйларын беру тəртібі: 

16.1.  Жарнамалық  Кəдесыйлары  Акцияға  лайықты  түрде  жəне  осы  Ережелерге 

сəйкес қатысқан Қатысушыларға беріледі. 



16.2.  Осы  Ережелердің  12-тармағында  көрсетілген  əрекеттерді  орындаған 

Қатысушылар  2017  жылдың  16  желтоқсаны  мен  30  желтоқсаны  аралығында 

Акцияның  кез  келген  Промоорталықтарынан  оның  жұмыс  уақыты  кезінде  осы 

Ережелердің 

15.3-тармақшасында 

аталған 


Акцияның 

Жарнамалық 

Кəдесыйларының кез келгенін (ол Акцияның тиісті Промоорталығында болған 

жағдайда)  Акция  кезеңінде  Тауар  сатып  алғанды  растайтын  фискалды  чектің 

орнына  алуға  құқылы.  Акцияның  Жарнамалық  Кəдесыйларының  қолда  бары 

туралы  ақпаратты  фискалды  чекті  бермей  тұрып,  Акция  Промоорталығындағы 

промоқызметкерден  алуға  болады.  Жарнамалық  Кəдесый  жабық  күйде  беріледі, 




5

Акция  Қатысушысы  Жарнамалық  Кəдесыйдың  белгілі  бір  түрін  таңдап  алу 



мақсатымен Жарнамалық Кəдесыйды ашуды талап етуге құқығы жоқ. 

16.3. Егер Акцияның бір (соңғы) Жарнамалық Кəдесыйына екі немесе одан да көп 

Акцияға  Қатысушы  үміттенсе,  промоқызметкерге  осы  Ережелерге  сəйкес 

құжаттарды  басқа  Қатысушылардан  бұрын  берген  Қатысушы  Жарнамалық 

Кəдесыйдың иегері болады. 



16.4.  Акцияның  Жарнамалық  Кəдесыйын  алған  сəттен  бастап  Акцияға  Қатысушы 

оның иесі болып табылады, сондай-ақ оның абайсызда жойылу немесе зақымдалу 

тəуекелін өз мойнына алады. 

16.5. Акцияға Қатысушы Жарнамалық Кəдесыйды алудан кез келген себеппен бас 

тартқан  жағдайда,  Ұйымдастырушы  Акцияның  Жарнамалық  Кəдесыйларының 

жалпы  санын  сəйкесінше  азайту  құқығын  өзіне  қалдырады.  Сонымен  бірге  осы 

тармақта  көрсетілген  Жарнамалық  Кəдесыйлар  Акцияның  аяқталу  күнінен  бастап 

берілмейді жəне Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша пайдаланады.  

16.6.  Промоорталықта  Жарнамалық  Кəдесыйды  алған  кезде  Акция  Қатысушысы 

Жарнамалық  Кəдесый  салынған  қаптаманы  ашып,  оны  ақауларға  тексеріп  алуы 

тиіс.  Акция  шеңберінде  алынған  Жарнамалық  Кəдесыйдың  ақауларына  қатысты 

барлық  наразылықтар  Акция  Қатысушысымен  Промоорталықта  Жарнамалық 

кəдесыйды  беру  кезінде  айтылуы  тиіс.  Егер  Қатысушы  Промоорталықта 

Жарнамалық  кəдесыйды  беру  кезінде  алынған  Жарнамалық  Кəдесыйдың 

ақауларына  қатысты  наразылықтарын  білдірмесе  немесе  қаптаманы  ашып, 

Жарнамалық  Кəдесыйды  қарап  шығудан  бас  тартатын  болса,  онда  Жарнамалық 

Кəдесый  Қатысушымен  тиісті  түрде  қандай  да  болмасын  ақауларсыз  жəне 

Ұйымдастырушының  Жарнамалық  Кəдесыйдың  күйіне  қандай  да  болмасын 

жауапкершілігінсіз  қабылданған  болып  саналады.  Егер  Жарнамалық  Кəдесыйды 

қарау/алу  кезінде  Акция  Қатысушысы  ақаулар  тапқан  болса,  ол  бұл  Жарнамалық 

Кəдесыйды  Промоорталықта  бар  басқасына  айырбастай  алады  не  болмаса  басқа 

Промоорталыққа  жүгінуге  құқығы  бар.  Акция  Қатысушысы  Жарнамалық 

Кəдесыйды алғаны үшін тиісті хаттамада өз қолын қоюы тиіс. 

 

17. Жарнамалық Кəдесыйларды бөлу нəтижелері Акцияның өткізілу кезеңінде жасалатын 

жəне Ұйымдастырушы өкілінің қолы қойылған, осы Ережелердің 1 тармағында аталған əр 

қала үшін бөлек жасалатын тиісті хаттамаларда белгіленеді. 



18. Акцияға Қатысушыларға Акция Ережелері туралы хабар беру тəртібі: 

18.1.  Акцияның  толық  шарттарымен  Қатысушылар 

www.maminclub.kz

  сайтында, 

сондай-ақ  8 800 070  89  10  тегін  жедел  желі  телефоны  арқылы  таныса  алады 

(Акцияның өткізілуінің бүкіл кезеңі ішінде тəулік бойы). 

18.2.  Акция  туралы  ішінара  ақпаратты  орналастырылатын  жарнама-ақпараттық 

материалдардан білуге болады.  



18.3.  Акция  шарттарының  өзгеруі,  тоқтатылуы  туралы,  соның  ішінде  мерзімінен 

бұрын  тоқтату  туралы  ақпарат 

www.maminclub.kz 

сайтында  орналастырылатын 

болады. 

19. Өзге шарттар: 

19.1.  Акцияның  өткізілуіне  байланысты  барлық  мəселелер  бойынша  Акцияны 

Ұйымдастырушының  шешімі  соңғы  шешім  болып  есептеледі  жəне  барлық 

Қатысушыларға қатысты болады. 

19.2. Ұйымдастырушы келесі жағдайлар үшін жауапты болмайды:   

 

19.2.1.  Акцияға  Қатысушылардың  осы  Ережелермен  танысу  мүмкіндігінің 

болмауы. 

19.2.2. Акцияға 

Қатысушылардың 

осы 

Ережелермен 



көзделген 

міндеттемелерді орындамауы немесе уақтылы орындамауы. 




6

19.2.3. Акцияға  Қатысушылар  Акцияға  Қатысушылар  көрсеткен  жеке 

деректердің,  байланыс  жəне  басқадай  ақпараттың  дұрыстығы,  дəлдігі  жəне 

дəйектілігі,  сонымен  қатар,  осыған  байланысты  Қатысушылармен  өздері 

көрсеткен  байланыс  телефондары  арқылы  хабарласу  мүмкіндігінің 

болмағаны,  сондай-ақ  Ұйымдастырушыға  байланысты  емес  себептерден, 

сондай-ақ  байланыс  операторларының  жұмыс  сапасына  байланысты 

себептерден,  бірақ  онымен  шектелмейтін  себептерден  Қатысушылардан 

алынған  ақпаратты  оларға  Сыйлықтар  беру  мақсатымен  пайдалану 

мүмкіндігінің болмағаны үшін. 



19.2.4. Акцияға  Қатысушылардың  Акцияның  Жарнамалық  Кəдесыйларын 

сұранымсыз  қалдыруы  жағдайында  немесе  олардан  бас  тартқан  жағдайда 

оларды алмауы. 

19.2.5. Қатысушылардың  Акцияға  қатысуымен  байланысты  олардың 

өміріне,  денсаулығына,  моральдық  жəне/немесе  психикалық  зақым  келгені 

үшін. 

19.2.6. Бас  Сыйлықтың  иегері  атанған  Қатысушының  15.2-тармақта 

көрсетілген  дүкендерден  тауарлар  сатып  алуға  берілген  сертификатқа 

айырбастаған  тауарлардың  сапасы  үшін.  Егер  осы  тармақта  көрсетілген 

Қатысушының сертификатқа айырбастау ретінде сатып алған Тауарларының 

құны  сертификаттың  атаулы  құнынан  асып  кететін  болса,  жетпей  тұрған 

соманы  Қатысушы  өз  есебінен  төлейді.  Егер  осы  тармақта  көрсетілген 

Қатысушының сертификатқа айырбастау ретінде сатып алған Тауарларының 

құны  сертификаттың  атаулы  құнына  қарағанда  азырақ  болса,  сертификат 

сомасының қалған бөлігі қолма-қол ақшамен төленбейді, сертификат толық 

көлемде пайдаланылды болып есептеледі.   



20. «Детский Мир» желісі дүкендерінің мекенжайлары: 

 

Қала  



Дүкен 

нөмірі 

Дүкеннің атауы  

Мекенжайы  

Алматы 


3611 

«Детский Мир», «Апорт» 

СОО 

Алматы обл., Қарасай ауд., 



Райымбек даңғ. 

Алматы 


3610 

«Детский Мир», “Green” 

СОО 

Сүйінбай даңғ., 2 



Алматы 

3616 


«Детский Мир», “Maxima” 

СОО 


Райымбек даңғ., 239г 

Алматы 


3623 

«Детский Мир», «Атакент 

Молл» СОО 

Тимирязев көш., 42 

Алматы 

3617 


«Детский Мир», “Grand 

Park” СОО 

Кабдолова көш., 1/4  

Шымкент 


3614 

«Детский Мир», «Аль-

Фараби» СОО 

Абай ауд., Темірлан тасжолы, 19б, 1 

құрылыс 

Шымкент 


3625 

«Детский Мир», «Береке» 

Қонаев даңғ., 5 құрылыс 

Шымкент 


3632 

«Детский Мир», 

Hyperhouse  

Рысқұлов көш., 1/9 

Астана 

3615 


«Детский Мир», «Хан 

Шатыр» СОО 

Тұран даңғ., 37 

Астана 


3620 

«Детский Мир», «Астана 

Молл» СОО 

Тəуелсіздік даңғ., 34  

Астана 

3612 


«Детский Мир», «Тулпар»  Алматы ауд., Уəлиханов көш., 24   


7

Қарағанды  



3613 

«Детский Мир», “City 

Mall” СОО 

Казыбек би ауд., Бұқар жырау даңғ., 

59/2 

Қостанай 



3628 

«Детский Мир», “Kostanay 

Plaza” СОО 

Гагарин көш., 193 

Қостанай 

3619 


«Детский Мир» 

Əл-Фараби көш., 65 

Ақтау 

3624 


«Детский Мир», «Мечта» 

СОО 


12а ы/а, 1/3 ғимарат 

Ақтөбе 


3618 

«Детский Мир», “City 

Center” СОО 

12 ы/а, 21л үй 

Атырау 

3630 


«Детский Мир», “Baizaar” 

СОО 


Құлманов көш., 111 

Семей 


3631 

«Детский Мир», «ЦУМ» 



Интернациональная көш., 36 

 

жүктеу 189,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау