Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2013 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат



жүктеу 486,32 Kb.
бет1/4
Дата21.12.2017
өлшемі486,32 Kb.
#5478
  1   2   3   4


Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2013 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат
КІРІСПЕ
Мекеменің қызметінің негізгі мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, халықтың кедейшілігі мен жұмыссыздығына қарсы күрес және мүгедектерді оңалту саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру болып табылады.

Мекеме 6 құрылымдық секторлардан қалыптасқан.



  • Әлеуметтік көмек көрсету секторы

  • Жұмыспен қамту секторы

  • Бухгалтерлік есеп және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру секторы

  • Жалпы секторы

  • Ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жүргізу секторы

  • Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

  • Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде мекеменің қарамағында «Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.
Әлеуметтік көмек көрсету секторының

жұмысы туралы
Сектор Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы» аясында қаланың 11 территориялық аумағында қызмет көрсетеді.

Тұрғын үй көмегі бойынша 2013 жылы табысы аз 15235 отбасына 241,6 млн. теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді. Оның ішінде көп қабатты үйлердің ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 2011-2012 жылдары күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген үйлердің табысы аз 1530 отбасыларының шығынын өтеуге 31,6 млн теңге аударлыды.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтердің нақты пайдаланған шоттарына байланысты және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының аясында 2011-12 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлердің тұрғын үй көмегіне өтініш білдірген табысы аз отбастарына тағайындалғандықтан, ағымдағы жылы қайырылған азаматтардың саны 15,6 пайызға, тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 0,5 пайызға артып отыр. (таблица №1)



Таблица №1

 

Тұрғын үй көмегі

Жоспар

млн. тг.

Орындалуы

млн. тг

%

Отбасы

саны

Адам

саны

Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері (тенге)

2012 ж.

209,0

209,0

100

13240

58256

1315,46

2013 ж.

241,6

241,6

100

15235

67034

1321,52

Ауытқуы

+ 32,6

+ 32,6




+ 1995

+ 8778

+ 5,96


18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақысы бойынша 2013 жылы 4202 отбасының 12889 баласына 182,4 млн. тенге жәрдемақы тағайындалып төленді.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ағымдағы жылы өтініш беруші ата-аналдардың жұмысқа тартылуына байланысты балалар жәрдемақысын алушылар саны 16,3 пайызға кеміген.

Есепті кезеңге 539 өтініш берушілерге табыстары азық-түлік себетінен асып кетуіне және толық мәлімет бермеулеріне байланысты балалар жәрдемақысы тағайындалмады (Таблица №2)
Таблица №2


 

18 жасқа дейінгі балалы отбасына берілетін жәрдемақы

Жоспар

Орындалуы

%

Отбасы

Бала

Орташа мөлшері (тенге)

2012 ж.

189,6

189,6

100

5019

14765

1070,10

2013 ж.

182,4

182,4

100

4202

12889

1179,36

Ауытқуы

-7,2

-7,2




-817

-1876

+109,26

Есептік кезенге отбасының табыстары кедейшілік деңгейінен төмен 400 отбасының 1524 адамына 29,9 млн. тенге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ағымдағы жылы көмек алушылар саны 31,2 % кеміген, ал тағайындалған соманың орташа мөлшері 24,8 % ұлғайған.

Есепті кезеңге 49 өтініш берушілерге табыстары кедейшілік шегінен асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады. (таблица №3)


Таблица №3

 

Атаулы әлеуметтік көмек

Жоспар

Орындалуы

%

Отбасы

Адам

Орташа мөлшері (тенге)

2012 ж.

34,8

34,8

100

565

2214

1309,85

2013 ж.

29,9

29,9

100

400

1524

1634,95

Ауытқуы

- 5,0

- 5,0




- 165

- 690

+ 325,10

Есептік кезеңде, атаулы әлеуметтік көмек алып келген азаматтармен бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамынан еңбекке қабілетті азаматтардың үлес салмағы 28,4 пайызды құрап отыр, ал стратегиялық даму жоспарында 2013 жылға 32,2 пайызға дейін төмендету көзделген.

Жалпы халық санынан табысы күн көріс деңгейінен төмен халықтың үлесі ағымдағы жылға 9,3 жоспарланса, жыл қортындысы бойынша ол көрсеткіш 4,1 пайызды құрап отыр.

Кедешілік деңгейінің көрсеткіші 0,9 пайыз болды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыссыздық ретінде тіркеп, әрі қарай жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту секторына берілді.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ СЕКТОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Халықты әлеуметтік қорғау, халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына атаулы көмек көрсету, аумақтық жұмыспен қамту стратегиясымен көзделген шараларды орындау бойынша.

Ағымды жылдың 12 айдың қортындысы бойынша «Еңбек нарығы» автоматтандырылған деректер базасына сәйкес жұмыссыздар саны 4465 адам құраса, 2012 жылдың сол мерзімінде 4817 адам құрап, 352 адамға азайды.

Жалпы жыл басынан қайырылған 4465 азаматтардың ішінде 38 пайызы жоғары білімді (1654 адам), арнайы орта білімді 34 пайызы (1586 адам), 22 пайызы жалпы орта білімді (818 адам), 6 пайызы (413 адам) кәсіптік орта білімі барлар.






Көрсеткіштер

2012 жылдың

12 айында

2013 жылдың

12 айында

ауытқы

1

Жұмыссыздар саны

4817

4465

-352

2

Жұмыспен қамтылғандар

3553

3034

-519

3

Бос орындарына сұраныс саны

2815

2162

-653

4

Қоғамдық жұмыстар

952

853

-99

5

Жастар тәжірибесі

151

106

-45

6

Әлеуметтік жұмыс орны

-

9

+9

7

Кәсіптік даярлау оқуын бітіргендер

78


20

-58

Жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірі жаңа жұмыс орындарының ашылуы, стратегиялық жоспар бойынша жаңа жұмыс орындарының саны 750, маусымдық жұмыс орындарының саны 500 орын. Бұл ретте, жыл басынан 1388 жаңа жұмыс орындары, 734 маусымдық жұмыс орындары ашылды. Жаңадан ашылған кәсіпорындарына «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының негізгі бағыттарына түсінік беріледі.

2013 жылдың басынан 612 қала мекемелерінен 2162 сұраныс 4295 бос жұмыс орындарына түскен, оның ішінде білім мекемелерінен – 1995, денсаулық сақтау мекемелерінен - 834, басқа мекемелерінен -1466. Түскен сұраныстарға сәйкес 3034 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Биылғы жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының жоспары бойынша уәкілетті жұмыспен қамту органына қайырылған жұмыссыз азаматтардың үлесін 79,8 пайызға жеткізу жоспарланып, бүгінгі күнде жыл қортындысының көрсеткіші 81 пайызды құрап отыр.

Бөлімнің ұйымдастыруымен 3 бос орындар жәрменкесі өткізілді, атап айтқанда:

-29 наурызында бос жұмыс орындар жәрменкесі өткізілді. Жәрменкеге 12 жұмыс беруші 115 бос орындарымен келді, түскен сұраныстарға сәйкес 151 адам жолданды. Нәтижесінде 42 адам тұрақты жұмысқа, 27 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 10 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және екі жас түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына орналастырылды.

-20 маусымында республикалық бірыңғай «Мамандықтар жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге 25 жұмыс беруші 111 бос жұмыс орындарымен келді. Жұмыс берушілер тараптарынан келіп түскен сұраныстарға сәйкес аталмыш мекемелер мен кәсіпорындарға 127 адам жолданды. Нәтижесінде 97 адам тұрақты жұмысқа, 3- ақылы қоғамдық жұмысқа, 5-і әлеуметтік жұмыс орындарына және 25 жас маман Жастар бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

-26 тамызында қалалық арнайы педагогикалық бос орындар жәрменкесі өткізілді, 54 жұмыс беруші 185 бос жұмыс орындарын ұсынды, бұл сұраныстарға сәйкес 312 жолдама беріліп, нәтижесінде 147 адам тұрақты жұмысқа қабылданды.

Сондай-ақ ағымды жылдың 26 қарашасында жұмыспен қамту уәкілетті органның бастамасымен Жамбыл политехникалық колледжінде интернаттық үйымдардың түлектеріне «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс- шараға 50 «Жасөспірім үйінің» тәрбиенушілер қатысып, сол кездегі бос жұмыс орындарына 7 азамат тұрақты жұмыс орнына ие болды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінен келіп түскен 3-ТН есеп бойынша мекемелердің жұмысшылардың қысқарту және босату мониторингі жүргізілуде. 3-ТН есебі ай сайын жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына жолданып отырады.

Тараз қаласының 2013 жылға арналған бюджетінде қоғамдық жұмыстарына 97133,0 млн. теңге бөлінген. Бөлінген қаражат көлеміне қарай барлығы 260 қоғамдық жұмыс орны төмендегі мекемелер бойынша бекітілген:




Ұйымның атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлерi

Ұсыныс

1.

«Жасыл Ел-Тараз» мамандандырылған кәсiпорын шаруашылық жүргiзу құқығындағы» ММ

Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

250

2.

"Тұрғын үй" МКҚК

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

10




Барлығы:




260


жүктеу 486,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау