"Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) осы Стандартқа
2-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша
лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы
өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) шарттың титулдық парақпен жабдықталған және қазақ
және
орыс
тілдерінде
орындалған
төрт
данада
төлнұсқасы қоса беріледі.
Шарттың әрбір данасы
тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және
нөмірленген
парақтардың
саны
туралы
жазба
жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған
уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары
қойылады. Шарт төлнұсқаларының орнына шарттың
нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге
де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем
төленгенін растайтын құжат;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6)
ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін:
лицензиарды
басқару
органдарының,
құрылтайшылардың
немесе
акционерлердің
жалпы
жиналысының
шарт
жасасу
және
кәсіпорын
басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін
беру мәселесі бойынша шешімі.
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен
немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген
көрсетілетін қызметті алушының нөмірі тіркелген және қосылған
жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат
нысандағы
өтініш
;
2) титулдық парақпен жабдықталып, қазақ және орыс тілдерінде
орындалған, қағаз пломбамен бекемделіп, тігілген және нөмірленген
парақтардың саны туралы жазба жасалған, мөр бедері және екі тараптың
да не екі тараптың да уәкілеттік берілген адамдарының қолтаңбалары
қойылған шарттың төлнұсқасының электрондық көшірмесі. Шарттың
электрондық төлнұсқасы көшірмесінің орнына шарттың нотариат
куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы
берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын
құжаттың электрондық көшірмесі;
5) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, мемлекеттік баждың төленгенін
растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: лицензиарды басқару
органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы
жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою
өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасын пайдалануға
құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Құжаттарды берген кезден бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде.
Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда,
көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салынып, ол жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе
қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысы жасалады. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімі жоқ немесе түзетілген
құжаттар табыс етілген күннен бастап есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның нөмірімен бірге, мөртабаны қойылған шартты
мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген
жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша
түрдегі дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға
ақылы негізде көрсетіледі
"электрондық үкіметті" www.egov.kz веб-
порталы :
Тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс
уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам
күндері өтініш берген кезде Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні
жүзеге асырылады).
Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік
институты" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден
бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға
дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.