Ұстаз, ақын Әбілқайыров Ғалымбек 1942 ж. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Торғай селосында туған



жүктеу 1,33 Mb.
бет1/2
Дата13.11.2017
өлшемі1,33 Mb.
#104
  1   2


Ұстаз, ақын Әбілқайыров Ғалымбек 1942 ж. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Торғай селосында туған.


1960 ж. Ы. Алтынсарин ат. Торғай қазақ орта мектебін ойдағыдай бітіріп, бұрынғы Н. К. Гоголь ат. (қазіргі Қорқыт Ата ат. ун-т) Қызылорда пед. ин-тына оқуға түсіп, оның филология (қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша) факультетін 1965 ж. бітірген.
Педагогикалық еңбек жолын Жангелдин ауданының С. М. Киров ат. (қазіргі Қ. Топаев ат.) орта мектептен бастаған.
1965 жылдан бері Қаратүбек және Албарбөгет орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.
Ал 1971 жылдан бастап зейнетке шыққанша Торғайдағы Ы. Алтынсарин ат. орта мектепте үздіксіз мұғалім болып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді.
Ғ. Әбілқайыров мұғалімдік қызметте абыройсыз болмаған. Бірнеше рет облыстық, аудандық грамоталарға ие болған. Еңбек кітапшаларына жазылған алғыстары да бар.
1981 ж. VI обл. пед. оқуға қатысып, жасаған методикалық баяндамасына бірінші орын беріліп, ол республикалық педагогикалық оқуға ұсынылған.
1992 ж. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» деген белгімен марапатталған.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, өмірін ұлағатты жолға арнаған қадірменді ұстаз. Сонымен бірге, қалт еткенде қолына қалам алып, ой өрнектерін жыр кестесіне түсіре білетін ақынжанды адам. Өлеңдері республикалық, облыстық газеттерде жарияланып тұрды. 2005 жылы Алматыдағы «Жазушы» баспасынан «Көңілімнің шуағы» атты жыр жинағы жарыққа шықты. Бұл жинаққа ұстаз-ақынның жүрегін жарып шыққан өлең-жырлары мен жыр толғаулары енген.
«Торғайдың гимні» атанған «Туған жер – Торғайым» әнінің сөзін жазған ақын. Ақын Торғай өлкесінде туып өскендіктен болар туған ел тақырыбындағы жырлардың үлкен бір тобы осы өңірдің мақтан етер жетістіктері мен айтулы азаматтарына арналған. Ақын өзі айтқандай, туған өлкесінің сәні мен салтанатын жырға, әнге қосқан.
Автор жергілікті композиторлардың әндеріне мәтін де жазады, олар орындалып жүр. Мұны оның «Әліби - әнім», «Жүректі ән тербейді», «Топжарғаным» тәрізді әні бар өлеңдері айтып тұр.
****************************************************************************



Қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданындағы Тосын ауылында туған. Әке-шешеден ерте айрылып, жетімдік қасіретін шеккен болашақ ақын жалшылықта жүрсе де, тиіпқашып ауылдық молдадан хат таниды. Халықтың ауыз әдебиетімен танысу Нұрқан талантының көзін ашып, көңілін оятады. Ол он жасынан өз бетімен өлең, жыр айтуға машықтана бастайды.

Халық ақындарының Алматыда 1943–1946 жж. өткізілген айтыстарында ол Қазақстан жұртшылығына суырыпсалмалығымен танылды.

Біренеше поэмалардың авторы. «Есім сері», «Жасауыл қырғыны», «Амангелді», т.б. көлемді дастандар тудырған.

Шығармалары: Жасауыл қырғыны. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1951; Тосын толғау. Поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1958; Аманкелді. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1962.



****************************************************************************

1 қаңтарда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек ауылында туған. Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

1882–1884 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 жылы Торғайдағы екі кластық орысқазақ училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.


1895–1909 жж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орысқазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

1909 жылы патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 жылы жер аударылды.

1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.

1919 жылы 24 маусымда Қазақ өлкесін басқаратын Әскери революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.

1922–1925 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылымиәдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАКнің, ҚР ОАКнің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОКнің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.

1925–1929 жж. Қазақ Халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИде оқытушы.

Шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Санкт Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ойсанасын оятуға бар жігерқайратын, білімін жұмсайды. Ақын Крылов мысалдары негізінде жазған әр туындысының соңына өзінің өзекті ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кезеңдегі тұрмыстіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Екінші кітабы – «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді шенейді. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы толғамды ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиғантерген», «Тілекбатам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ», т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ойөрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жарыққа шығаруда зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі – «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы.

Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайынды», алғы сөз бен түсініктемелер жазып, 1923 жылы Мәскеуде шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 жылы «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі – «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркемсөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жанжақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болады.

Ұлы ұстаз тілшіғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж. Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен ғылыми еңбектер ұсынды. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Сөйтіп, қазақ тіл білімін ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның іргетасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.

Ол қалдырған бай мұраның тағы бір саласы – көркем аударма. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, төлтума туынды ретінде жинақ етіп бастырды. И.И.Хемницердің «Ат пен есек», А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударған.

А.Байтұрсынұлы 1929 жылы сталиндік абақты, лагерь тепкісіне түсіп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы да жолсыз жазаға ұшырап, 1938 жылы атылды. Оның ардақты есімі мен асыл мұрасы 1989 жылы ғана ақталып, халқымен қайта қауышты. Сол жылы «Жалын», «Жазушы» баспаларынан кітаптары («Ақ жол», «Шығармалары») шықты. Оның атында көшелер, оқу орындары, ҚР ҰҒА Тіл білімі институты, әдеби мемориалдық мұражайүйлер бар, ескерткіштер орнатылған. Ұлт ұстазының туғанына 125 жыл толуы егемен елімізде кеңінен аталып өтті.

****************************************************************************



24 қарашада Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Қызбел ауылында туған. Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жасөспірімнің кейінгі тәрбие қамқорлығы Асқар дейтін оқыған ағасының мойнында болды. 1987 жылы Торғай қаласындағы екі сыныптық орысқазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, ауыл мұғалімі деген куәлік алып шығады.
Алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады.

1904 ж. Омбы қаласына аттанып, өзінің болашақ ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Оған еріп Қарқаралыға барады, ондағы ұлттық демократиялық қозғалысқа белсене араласады. Сол жердегі зиялы топтың өкілі ретінде қазақ конституциялық демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петербургке барады.

1907 жылы Петербургте жалғыз нөмірі ғана шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылады.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шығады. Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болады. Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғынсүргін ала келді, ол тергеу органдарының бақылауына алынды, артынша «Оян, қазақ!» кәмпескеленді. Міржақып Қызылжарда сот кеңесінде тілмәштық қызмет атқарып, мұғалімдік қызметін де жалғастырады, қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алады. 1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көреді. Әр жерде шығатын қазақ басылымдарына, әсіресе Айқап» журналына үзбей жазып тұрады. Ел тұрмысын өз көзімен көріпбілу ниетімен 1911 жылы қазақ ауылдарын аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай сапарға шығады. Патша тыңшыларының қатты аңдуына алынған Дулатұлы мұнда полицияның қолына түседі де, бір жарым жыл қамауда отырады. 1912 жылы Орынборға келіп, осындағы аз ғана топ қазақ зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру мақсатымен, баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарды. А.Байтұрсыновпен бірге қыр өлкесінің ағартушылық демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылым – «Қазақ» газетінің негізін қалайды (1913–1918). Алаш басшыларымен бірге жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін көркейту мақсатына арнауды көздеген ол аз уақыт «Ақ жол» газетінің редакциясында, одан кейін Семей облысының сот органдарында қызмет атқарған. 1922 жылы ешбір себепсіз абақтыға жабылады. Бірақ бұл әділетсіздік ұзаққа созылмай, Семейден Орынборға жөнелтілген бойда қамаудан босатылады. 1922–1926 жж. Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Ұстаздық қызметке қайта оралғаннан кейінгі кезеңде екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын» әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. «Балқия»атты төрт перделі пьеса жазды. 1924 жылы Орынборда екі жылдық «Қирағат кітабы» (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көрді. 1928 жылдың аяғында бір топ қазақ оқығандары қатарында тұтқынға алынды. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылды. 1935 жылы қазанның 5і күні Ақ теңіз – Балтық каналының бойындағы Сосновец стансасында, лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады. Дулатұлының «қылмысты» ісін жанжақты тексере келіп, Қазақ КСРнің прокуроры 1988 жылғы қазанның 27-сі күні тиісінше наразылық білдірді де, Республика Жоғарғы Сотының коллегиясы сол жылғы қарашаның төртінде оның ардақты есімін біржола ақтады.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып шығармалары халқымен қайта қауышты. Оның атында көшелер, мектептер, туған жерінде мұражай бар, ескерткіш орнатылған.

Шығармалары: Шығармалары. А., 1991; Оян, қазақ!. А., 1991; Шығармалары. 1–2 том. А., 1997.



***************************************************************************


18 қазанда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. 1942 жылы Амангелді орта мектебін бітірген.


1947 жылы Қостанай қаласына барып, облыстық газетке қызметке тұрған.

1952 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын (Мәскеу) тамамдаған соң, Қазақ радиосында істеген.

Абай атындағы академиялық опера және балет театрының әдебиет бөлімін басқарған.

Қостанай облыстық газетінің меншікті тілшісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған.

1960 жылы Қазақстан Жазушылар одағының аппаратына ауысып, әдеби кеңесші болып істеген.

Қазақ радиосы комитетінде Бас редактор, Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуар редакция алқасында Бас редактор секілді жауапты қызметтерде болған.

Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1949 жылдан баспа бетінде жарық көре бастаған. Бірнеше повесть, роман кітаптары, драмалық шығармалары дүниеге келді. Бір актілі пьесалар конкурсында «Аралдың алтын балығы» атты туындысы екінші бәйге алды (1967). Прозалық шығармалары бірнеше дүркін «Советский писатель» баспасынан шықты. Ол В.Васильевскаяның «Пламя на болотах» романын, С.Маршактың «Умные вещи» пьесасы, Л.Кассильдің «Ход белой королевы» туындысын қазақшаға аударған.

Шығармалары: Ақ әже. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Ұзақтың жолы. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Әке болғым келеді. Роман. А., «Жазушы», 1971; Сын Тлектеса. Повесть. М., «Советский писатель», 1974 ; Ант. Роман. А., «Жазушы», 1975; Шығармаларының екі томдығы. І–ІІ том, А., «Жазушы», 1985.


******************************************************************************

1954 жылы 21 мамырда Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған. 1977 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген.
Біраз уақыт Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы.

1980–1985 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Торғай, Целиноград облыстары бойынша меншікті тілшісі.

1985 жылы облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары.

1990 жылы қалалық «Арқалық таңы» газетінің редакторы.

1991–1995 жж. Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы болып істеді.

1999 жылы «Қазақстан айтыс ақындары мен жыршылар одағының» төрағасы болып сайланды.

Астана қаласы әкімі аппараты тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде республикалық газетжурналдарда жарияланған. Қазақстанның халық ақындары Көкен Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, т.б. суырыпсалма саңлақтармен сөз сайыстарына түскен. 1990 жылы Ташкент қаласында Балқы Базардың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болып, осы жылғы республикалық ІІІ ақындар айтысында жеңімпаз атанды. Сондайақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық айтыстарда, телевизиялық айтыстарда сан мәрте топ жарды.

Айтыс өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақстанның халық ақыны» атағына ие болды. Арқалық қаласының Құрметті азаматы. «Астана» медалімен марапатталған.

Шығармалары: Бастау. Сықақ өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Көршілер. Повесть пен әңгімелер. А., «Жалын», 1987; Алаңғасар. Әзілсықақ әңгімелер мен скетчтер. А., «Өнер», 1989; Қонысбайдың қалжыңдары. Әзіл, қалжың, қағытпалар. Астана, «Елорда», 2000.


******************************************************************************


жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау