Талдау түрлерінің үлгілері



жүктеу 24,91 Kb.
бет3/3
Дата11.01.2022
өлшемі24,91 Kb.
#32502
1   2   3
Талдау түрлері

2. Лексикалық талдау

Талдау реті:

1.Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.

2.Сол сөздің сөйлемде қандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)

3. Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін,антонимін , омонимін тап.

Талдау үлгісі: Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.

жылы- жағымды,мейірімге толы деген мағынада, бұл сөйлемде ауыспалы мағынада айтылып тұр.

жылы,шуақты,ыстық,мейірлі – синоним;

жылы-суық – антоним

жылы – жалпылама қолданылатын сөз.

3. Сөзді құрамына қарай талдау

Талдау реті:

1.Сөздің қай сөз табына жататынын анықта; сөздің түрленетін я түрленбейтінін дәлелде.

2.Түрленетін сөздегі негіз бен қосымшаны ажырат: түрленбейтін сөздердің бәрі де негізгі түбір болып есептеледі.

3.Сол сөздің түбірінен тарайтын түбірлес сөздерді көрсет

4.Сөздегі қосымшалардың түрін ажырат:жалғау мен жұрнақтың қай түріне жататынын дәлелде.

5.Сөз құрамындағы бөліктерді тиісті шартты белгілерімен көрсет.

Талдау үлгісі:

ұтылды – етістік, түрленетін сөз табы

ұт – түбір, ыл- ырықсыз етіс жұрнағы, - ды – жіктік жалғауының 3 – жағы

у

ұт қыш ұтылды



ымды

Сөз құрамы үшке бөлінеді

1.Түбір 2.Жұрнақ 3. Жалғау

4. Сөздерді сөзжасам тұрғысынан талдау

Талдау реті:

1.Сөздің лексикалық мағынасын түсіндір

2.Осы сөзден өрбитін түбірлес сөздерді ата.

3.Сөз жасауға тірек болған түбірді көрсет

4.Жаңа сөз жасауға негіз болған тәсілді анықта.

Талдау үлгісі:

а) құсша – мағынасы : «құс секілді»

құсша,құстай – сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы жасалған.

ә) білезік – «білекке тағатын әшекей зат»

- білек + жүзік – сөздердің бірігуі арқылы жасалған, кіріккен сөз.

5. Морфологиялық талдау (сөз табы бойынша)

Талдау реті:

1.Сөз табы.Жалпы мағынасы.

2.Морфологиялық белгілері

Бастапқы тұлғасы

Тұрақты белгілері

Тұрақсыз белгілері

3.Синтаксистік қызметі.

1. Зат есім

1.Жалпы мағынасы

2.Морфологиялық белгілері

Бастапқы тұлғасы (атау септігіндегі, жекеше түрі)

Тұрақты белгілері:

а) жалқы есім және жалпы есім

ә) деректі және дерексіз

б) дара және күрделі

Тұрақсыз белгілері:

а) көптелуі

ә) септелуі

б) тәуелденуі

в) жіктелуі

Синтаксистік қызметі

Талдау үлгісі:

Еңлік жанының сезім тамшылары тек ақ өлеңге ғана сияды. (Б.Кәрібаева)

Жанының – зат есім, ұғым атауы

Бастапқы тұлғасы жан (не?)

Тұрақты белгісі: жалпы есім, дерексіз

Тұрақсыз белгісі: тәуелдік жалғауының үшінші жағы, ілік септігінң жалғауы.

Синтаксистік қызметі: кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап беріп , анықтауыштың қызметін атқарады.

Синтаксистік талдау

Сөйлем мүшелеріне талдау

1.Сөйлемді оқып, қандай сөйлем екендігін анықта

2. Сөйлемнен, ең алдымен, баяндауышты тап. (қазақ тілінде баяндауыштың орны тұрақты, яғни баяндауыш сөйлемнің соңында келеді).Баяндауыш екі сызықпен сызылады.

3. Баяндауыш арқылы бастауышты тап. Бастауыш бір сызықпен сызылады.

4.Әрі қарай сөйлем талдау жүйесі сөйлемнің соңынан алға қарай жүргізіледі.Ескерту: Сұрақты дұрыс қой. Оқшау сөздер (қаратпа, қыстырма және одағай сөздер) сөйлем мүшесі болмайды!

Жай сөйлемді талдау

Талдау реті:

1.сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта

2. сөйлемнің түрін анықта:

- айтылу сазына қарай

- құрылымына қарай

- сөйлем мүшелерінің қатысына қарай

3. Сөйлемдегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тауып, шартты белгілермен көрсет.

4.Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер болса, оларға түсінік бер.

5.Сөйлемді сызбамен көрсет.

Құрмалас сөйлемді талдау

Талдау реті:

1. сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта

2. сөйлемнің түрін анықта:

- айтылу сазына қарай

- құрылымына қарай

- мағынасына қарай (құрмаластың қай түріне жатады: қарсылықты, шартты, түсіндірмелі және т.б.)

- жасалу тәсіліне қарай (салаласып тұр ма, сабақтасып тұр ма, қандай жолмен құрмаласып тұр)

- құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемнің құрамын сызбаға түсір.

Қазақ тілінен талдауды жетілдіру

Тіл білімі салаларын кешенді талдаудың жүйесі

І.Синтаксистік талдаунысаны (объектісі):сөйлем, сөз тіркесі

а) айтылу сазы мен мақсаты

ә) құрылысы

б) сөйлем мүшелері

в) сөз тіркестері

г) сөздердің байланысу түрлері

ғ)сөздердің байланысу тәсілдері

II. Сөзжасамдық (сөздердің жасалу жолдары) талдау, нысаны – сөз

а) сөз құрамы

ә) сөздердің лексика-грамматикалық мағынасы

ІІІ. Морфологиялық талдау, нысаны – сөз

а) сөз таптары

ә) қосымшалар, олардың грамматикалық мағынасы

IV. Лексикалық талдау, насыны– сөз, сөздердің әр алуан мағыналары

V.1.Фонетикалық талдау, нысаны – сөз

а) сөздердің айтылу, жасалу, жазылу жолдары

ә) буын, оның түрлері

б) тасымал

в) екпін

г) үндестік заңы, буын үндестігі

д) дыбыс үндестігі (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал)

V.2.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

Синтаксистік талдаудың сызбасы

Сөйлем


І.Айтылу сазы мен мақсатына қарай:

хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты

ІІ. Құрылысына қарай:

1) жай сөйлем

2) құрмалас сөйлем

ІІІ. Сөйлем мүшелері:

а) бастауыш

ә) баяндауыш

б) толықтауыш

в) анықтауыш

г) пысықтауыш

IV. 1.Жай сөйлемнің

түрлері:

а) жалаң, жайылма

ә) толымды, толымсыз

б) жақты, жақсыз

в) атаулы

2.Құрмалас сөйлемнің

түрлері:

а)салалас қ.с.

ә)сабақтас қ.с.

б)аралас қ.с.

V. Сөз тіркесі:

а) еркін (есімді, етістікті)

ә) тұрақты

VI. Сөздердің байланысу

түрлері:

а) қиысу


ә) меңгеру

б) матасу

в) қабысу

г) жанасу

VII. Сөздердің байланысу

тәсілдері:

а) интонация

ә) жалғаулар

б) жалғаулық шылаулар

в) орын тәртібі

Сөз құрамына, лексика – семантикалық мағынасына

талдаудың сызбасы

СӨЗ

І. Құрамына қарай: бір, екі, үш... құрамды



ІІ. Тұлғасына қарай: негізгі, туынды. Туынды ,

түбір сөздердің жасалу жолдары.

1. Синтетикалық немесе морфологиялық тәсіл:

а) негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ

жалғану арқылы

ә) туынды түбірге сөз тудырушы жұрнақ

жалғану арқылы

б) септік жалғауының көнеленуі арқылы

2. Аналитикалық немесе синтаксистік

тәсіл


а) тіркесу

ә) бірігу немесе кірігу

б) қосарлану

ІІІ. Құрылысына қарай: а) дара, ә) күрделі

IV. Лексикалық мағынасы

V. Грамматикалық мағыналары:

а) жалпы грамматикалық мағына

ә) категориялық грамматикалық мағына

б) қатыстық грамматикалық мағына

Лексикалық талдаудың сызбасы

СӨЗ

І. Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы



ІІ. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы

1. Түпкі мағына

2. Туынды мағына

а) Көп мағыналы сөз

ә) Омоним

б) Синоним

в) Антоним

г) Кірме сөздер (араб, парсы, монғол,

орыс тілінен енген сөздер)

ғ) Табу


д) Эвфемизмдер

е) Дисфемизмдер

ІІІ. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған

мағыналары

1. Сөздің еркін мағынасы

2. Фразеологиялық байлаулы мағынасы

3. Синтаксистік шартты мағынасы

IV. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған

лексикалық мағыналары

1. Бейтарап мағына

2. Бейнелі мағына(троп пен фигуралардың түрлері)

3. Терминдік мағына

V. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері

1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты

түрлері

а) жалпылама лексика

ә) қолданылу өрісі тар лексика

1. Сөздердің стильдік қызметіне

байланысты түрлері

2. Сөздердің актив және пассив

қолданылатын түрлері

Фонетикалық талдаудың сызбасы

1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай:

жуан, жіңішке, аралас буынды сөздер;

2. Буын:

а) ашық буын (а.б.)

СӨЗ

ә) тұйық буын (т.б.)



б) бітеу буын (б.б.)

3. Тасымал

4. Екпін

5. Буын үндестігі

6. Дыбыс үндестігі

а) ілгерінді ықпал ()

ә) кейінді ықпал ( )

б) тоғыспалы ықпал ( )

Барыс Рысқұлдан көзін тайдырып әкетті.

(Ш.Мұртаза. «Қызыл жебе» романынан).

1. Бұл сөйлем айтылу мақсатына қарай – хабарлы сөйлем (баяндау).

Себебі барыстың Рысқұлдан көзін тайдырып әкеткені жайлы баяндап тұр.

2. Құрылысына қарай жай сөйлем, себебі бір немесе бірнеше сөз және сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ойды білдіріп тұр.

Жай сөйлемнің түрлеріне ажырату үшін сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдаймыз. Ол үшін алдымен сөйлемнің баяндауышын тауып аламыз. Баяндауыштың орны шартты түрде тұрақты. Баяндауыш арқылы бастауышты табамыз, бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табамыз.

а) Барыс Рысқұлдан көзін қайтті? – тайдырып әкетті – күрделі, етістікті, жедел өткен шақ тұлғалы баяндауыш.

ә) Көзін тайдырып әкеткен не? – Барыс – дара, зат есімді, атау тұлғалы бастауыш.

б) Барыс Рысқұлдан несін тайдырып әкетті? – көзін – дара, зат есімді, табыс тұлғалы тура толықтауыш.

в) Барыс кімнен көзін тайдырып әкетті? – Рысқұлдан – дара, зат есімді, шығыс тұлғалы, жанама толықтауыш.

4. Енді тақтаға бір оқушы шығып, Рысқұлдан сөзін сөз құрамы мен лексика-грамматикалық мағынасына қарай талдайды.

Рысқұлдан

1. Бұл сөз үш құрамнан тұр:

Рыс+құл+дан

2. Құрылысына қарай – күрделі

3. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар

4. Лексикалық мағынасы – адамның есіміне берілген атау.

5. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат есім

6. Екінші грамматикалық мағына шығыс септігінің жалғауы арқылы берілген категориялық грамматикалық мағына – жанама объекті

7. Рысқұлдан – кімнен деген сұраққа жауап береді

8. Мағынасына қарай: а) жалқы; ә) деректі.

5. Енді осыРысқұлдан сөзіне толық фонетикалық талдау жасаймыз.

Ол үшін тақтаға үш бала шығады. Бір бала фонологиялық талдау жасайды, екінші бала дауысты, үшінші бала дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме береді.

Рысқұлдан

1. Бұл сөз айтылу, жасалу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар – жуан дауыстылар.

2. Сөз Рыс-құл-дан болып үш буынға бөлінеді, себебі сөзде үш дауысты дыбыс бар. Рыс-құл-данбуындары бітеу буындар, өйткені буындар дауыссыз дыбыстардан басталып, дауыссыз дыбыстарға аяқталып тұр.

3. Сөз Рыс-

құл-


дан болып екі жағдайда тасымалданады.

Себебі сөзде үш буын немесе үш дауысты дыбыс

бар.

4. Рысқұлдан. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбысқа қарай ығысып отырады. Сондықтан Рысқұлдансөзінде сөз екпіні дан буынындағы а дыбысына түседі.



5. Сөзде буын үндестігі бар: түбірдің соңғы буыны жуан болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның да жуан нұсқасы келіп тұр.Сондықтан оның (ден) жіңішке нұсқасын алмаймыз.

6. Сөзде дыбыс үндестігі және түбір мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар. Түбірдің соңғы л дыбысы үнді болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының да не ұяң не үндіден басталуын талап етіп тұр. Сондықтан қатаңнан басталатын (тан) нұсқасын алмаймыз.

Енді осы фонологиялық талдаудың ықшамдалған нұсқасын сызба түрінде мынадай етіп беруге болады:

Рысқұлдан

1. Жуан буынды сөз.

2. Рыс-құл-дан


б.б.


3. Рыс-

құл-


дан

4. Рысқұлдан

5. Рыс құл + дан (-ден)

6. Рысқұ л + д ан (-тан)

Синтаксистік талдауды шеберлікпен жүргізе білу – оқушыларға қазақ тілінен сапалы да тиянақты білім берудің қайнар көзінің бірі екендігі күнделікті тәжірибемізде жиі байқалып жүр. Енді құрмалас сөйлемді талдаудың кейбір үлгілерін келтіріп көрейік. Күн кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді, ұзамай қар жапалақтай бастады (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлем жалғаулықсыз ыңғайлас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем, хабарлы сөйлем, екі жай сөйлемнен тұрады.

Күн кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді – жай сөйлем, жақты сөйлем, жайылма сөйлем, толымды сөйлем. Күн бұлыңғырланып тұр еді –күрделі етістікті сөз тіркесі, басыңқы сыңары бұлыңғырланып тұр еді, байланысу формасы – қиысу. Міне осылайша талдау реті жалғаса береді. Ал мына сөйлемді қарастырайық. Төңіректің бәрін әлі кете қоймаған қар басып жатса да, ауада көңілді көктем желі есіп тұр (І.Есенберлин). Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Хабарлы сөйлем. .Төңіректің бәрін әлі кете қоймаған қар басып жатса да – жайылма сөйлем, жақты сөйлем, толымды сөйлем. Қар – зат есімнен жасалған дара бастауыш, деректі зат есім, дара зат есім. Басып жатса да – күрделі етістіктен жасалған күрделі анықтауыш. Әлі – дара үстеуден дара мезгіл пысықтауыш. Төңіректің бәрін – ілік септігі зат есім мен тәуелдік тұлғадағы жалпылық есімдігінің тіркесінен жасалған күрделі тура толықтауыш.

останай қаласы

№1 орта мектеп

Торғаева Б.А.

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Фонетикалық талдау

1) Сөзді буынға бөліп, буын түрін анықтау.

2) Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талдау.

3) Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздың қайсысына жататынын анықтап, жасалу жолын да көрсету.

4) Сөз құрамындағы дыбыс пен әріптің санын көрсету.

5) Сөздегі үндестік заңына сәйкес құбылысты анықтау.

Талдау үлгісі:

Ұқыпсыздық (небрежность)– ұқ-ып-сыз-дық, төрт буынды:

1-тұйық, 2-тұйық, 3-бітеу, 4-бітеу буын немесе

АВ, АВ, ВАВ, ВАВ.

[ұ] – дауысты, жуан, қысаң, еріндік

[қ] – дауыссыз, қатаң, тіл арты

[ы] – дауысты, жуан, қысаң, езулік

[п] – дауыссыз, қатаң, тіл арты

[с] – дауыссыз, қатаң, тіл арты

[з] – дауыссыз, ұяң, тіл алды

[д] – дауыссыз, қатаң, тіл арты

Сөзде 10 дыбыс, 10 әріп бар.

а) сөздің бірінші буындағы [ұ] дыбысының әсерінен

екінші буындағы [ы] дыбысы [ұ] болып айтылады. ұқ-ұп-сыз-дық

ә) сөздің барлық буынындағы дауысты дыбыстардың

жуан болуы үндестік заңына жатады.

Сөз құрамына талдау

1) Сөздің негізгі түбірін тауып, қай сөз табына қатыстылығын, мағынасына, құрамына қарай түрін анықтаймыз.

2) Туынды түбірлерді белгілейміз, сөз табын көрсетеміз.

3) Сөз құрамындағы әрбір қосымшаны жеке-жеке алып, қандай қосымша екенін белгілеу керек, жалғаудың түрін көрсетіп, жұрнақтың қай сөз табына тиістілігін анықтау қажет.

Үлгі 2: Темірханмен

Темірхан – зат есім, жалқы, деректі.

Сөз екі түбірден тұрады, күрделі, оның ішінде біріккен сөз.

Темір – зат есім, дара, жалпы.

-хан - зат есім, дара, жалпы.

-мен – көмектес септігінің жалғауы.

Үлгі 3: оқымағансыңдар

оқы – етістік.

-ма – етістіктің болымсыз жұрнағы.

-ған – есімшенің жұрнағы.

-сың – жіктік жалғауының ІІ жағы.

-дар – көптік жалғауы.

Сөз тіркесіне талдау

1) Байланысып тұрған сөздерді тауып аламыз.

2) Бағыныңқы, басыңқы сыңарларының байланысу тәсілін табамыз.

3) Сөз табы, тұлғасы жағынан талдау арқылы байланыс түрін анықтаймыз.

4) Синтаксистік қатынасты көрсетеміз.

Талдау үлгісі:

Мен Әміредей әншіні бірінші рет кездестірдім.

Мен кездестірдім.

Жіктік жалғауының І жағы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.

1) жіктеу есімдік, атау тұлғада, жекеше, 2) етістік, жедел өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-қиысу.

Бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынас.

Әншіні кездестірдім.

Табыс септігінің жалғауы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.

1) Зат есім, табыс септікте, 2) етістік, өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-меңгеру.

Толықтауыштық қатынас.

Морфологиялық талдау үлгісі:

Ол кітап оқығанды жақсы көреді.

ол – сілтеу есімдігі, жекеше түрі

кітап – зат есім, жалпы, деректі, дара

оқығанды – заттанған есімше, етістік

оқы – етістік

-ған – есімшенің жұрнағы

-ды – табыс септігінің жалғауы

жақсы көреді – күрделі, болымды, сабақты етістік, қимыл атауы, ашық рай, осы шақта.

Синтаксистік талдау үлгісі:

1) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр. (жай сөйлем, хабарлы, жақты, толымды, жайылма)

2) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне (не істеп жатыр)? - ұсынып жатыр. [күрделі баяндауыш]

3) (Кімдер) қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр? – Оқушылар. [дара бастауыш]

4) Оқушылар (қайдағы) гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр?- қолдарындағы. [пысықтауыш]

5) Оқушылар қолдарындағы (нелерін) мұғалімдеріне ұсынып жатыр?- гүлшоқтарын. [тура толықтауыш]

6) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын (кімдеріне) ұсынып жатыр?- мұғалімдеріне. [жанама толықтауыш]

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу

Ақын ініме

1.Авторы – А.Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашығмысалшы, саясаткер.

2.Тақырыбы — тақырып –бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы- атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу.

3.Жанр түрі- поэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4.Идеясы — атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы ,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын,қиялын білдіреді.

5.Шумақ-аяқталған синтаксистік тіртұтас ой. 8 шумақты

6.Тармақ-өлеңнің әр жолы. 30 тармақты

7.Бунақ — белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты

8.Буын саны — дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.

9.Ұйқас түрі — қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз,әуен беретін өле тармақтарындағы сөздер үндестігі.

10. Әдеби-теориялық ұғымдар.

10.1. Троп –сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелепойды өзгертіп айту.

Теңеу: доңыздай, балдай, Аплатондай

Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт

Дөрекі сөздер: қақыр, лапыр, пақыр, айғырсып.

Ирония- кекесін, келемеждеу

Сүйікті милләтіңа болам десең, Нашардың көбірек же хақын ,інім.

Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,

Айғырсып момындарға ақыр,інім.

Білімді ел ішінде болам десең,

Шешенсіп, жақты сөйлеп, лапыр,інім.

Қолыңнан мұның бірі келмес болса,

Кісімсіп ең болмаса қақыр,інім.

Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,

Ет асып таба-табақ шақыр,інім.

10.2. Фигура-айшықтау.

Арнау- жазушының көбіне –көп ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі.

Бұл өлең жарлай арнауға құрылған. Өлең М.Дулатұлына арналған.

11. Түсіндірме сөздік

Милләт-араб сөзі, халық,ұлт. Аплатон, Платон-ертедегі грек оқымыстысы, правосы-құқы

12. Тәрбиелік мәні . Өлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек,қызмет етуге, шақырады. Жаман әдеттерден, жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады.



V. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау. А
жүктеу 24,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау