6. Тақырып. Ұжымдық шарт
Ұжымдық шарт
Ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт (ҚР ЕК 1 б).
Ұжымдық шарттың тараптардың бірі — жұмыс беруші. Жұмыс берушінің өкілі оның атынан ұжымдық шарт жасасу үшін келіссөз жүргізуге және басқа мәселелерді шешуге құқылы.
Ұжымдық шарттың екінші тарапы — кәсіпорынның немесе ұйымның қызметкерлері болып саналады.
Ұжымдық шарт жағдайларының орындалуын қамтамасыз етудің маңызды құралы, ол — тараптардың алған міндеттемелерді бүзғандығы үшін жауапкершілігін белгілеу. Мұндай жауаптылық тараптардың өкілдері келіссөздерге, ұжымдық шартты дайындауға, жасасуға, оған өзгерту мен толықтыру енгізуге қатысудан бұлтартса, келіссөздер жүргізу мерзімін бұзса немесе тиісті комиссиялрдың жұмысын қамтамасыз етпесе туындайды. Мүндай жағдайда заңнамада белгіленген мөлшердегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.
Ұжымдық шартқа мынадай ережелер енгізілуі тиіс:
1) еңбекке ақы төлеуді нормалау, оның нысандары, жүйелері, қызметкерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге тарифтік ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшері туралы;
2) еңбекке ақы төлеуді индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін төлеу туралы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі қосымша өтемақылар туралы;
3) тиісті мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгі жалақысы мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін арақатынас туралы;
4) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы;
6) салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;
7) тиісті саланың разрядаралық коэффициенттерін белгілеу туралы.
Ұжымдық шарттың мазмұнында:
1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру туралы;
8) кәсіподақ органына сайланған қызметкерлерге берілетін кепілдіктер туралы;
2) еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібін реттеу туралы;
9) қызметкерлердің өкілдері қызметін жүзеге асыруға арналған талаптар туралы;
3) босатылатын қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы;
10) кәсіподақ қызметі үшін жағдай жасау туралы;
11) қызметкерлерді сақтандыру туралы;
4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;
12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;
5) қызметкерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;
13) еңбек шарттарын ереуілді желеу етіп жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуды болдырмау туралы;
6) қызметкерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың тынығуы туралы;
14) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздері келтірген залал үшін жауаптылығы туралы;
7) кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзған кезде ұйымның кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескерудің тәртібі туралы;
15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.
7. Тақырып. Халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
Халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
Жұмыспен қамтылу дегеніміз - азаматтардың ҚР Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі.
Жұмыспен қамтылу қатынастары ҚР Конституциясының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақтан Республикасының Заңның нормаларымен, ұжымдық шарттармен, басқа нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Жұмыспен қамтылу - азаматтардың жұмыс, кәсіби даярлық пен қайта даярлық кажеттерін қанағаттандыруға, халықтың жұмыспен қамтылуының республикалық және аймақтық бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыру негізінде қамтамасыз етіледі.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақтан Республикасының Заңының 13 бабына сәйкес азаматтардың құқықтары:
3) уәкілетті органдардан және халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін жеке жұмыспен қамту агенттігінен консультация және ақпарат алуға құқылы;
1) жұмыс берушіге, уәкілетті органга не жеке жұмыспен қамту агенттігіне тікелей өтініш жасау арқылы жұмыс орнын еркін таңдауға құқылы;
4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқылы;
5) мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) орталық атқарушы органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
2) өз бетінше жұмыс іздестіруге және шетелде жұмысқа орналасуға құқылы;
Заңда жұмыспен қамтылған азаматтардың санаттары белгіленген, оларға мыналар жатады:
1) жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі), кірісі бар азаматтар;
2) кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатындар;
3) өз бетінше жұмыспен айналысатындар;
4) қосалқы кәсіпкерлікпен айналысатын және өнімді шарттар бойынша өткізетіндер;
5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің (артелідердін) мүшелері;
6) ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;
7) ҚР-сының қарулы күштерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, ҚР-сы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық Ұланда, ҚР-сының төтенше жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге де әскери құрылымдарда қызмет атқарып жүрген азаматтар.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мына арнайы іс-шараларды іске асыруға міндетті:
1) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мімкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлап отыруға;
6) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық қоғамдық жұмыстарға жіберуге;
7) еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберуге;
2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшін жолдама беруге;
8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беруге;
3) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзуге;
9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігіне (жұмыс күшіне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық, атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйі туралы хабарлауға;
4) азаматтар өтініш жасаған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей тіркеуге;
10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардын жұмыспен қамтылуына жәрдемді қамтамасыз етуге.
5) кәсіби бағдарлау ісінде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;
8. Тақырып. Еңбек шарты
Еңбек шарты
Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері
Еңбек шарты – бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, ҚР Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді (ҚР ЕК 1 бабы).
Еңбек шартының мерзімі:
1) белгіленбеген мерзімге;
2) ҚР ЕК 29 бабының 1-тармағының
3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен:
1) жалпы білім беретін оқу орнында орта білім алған жағдайда, 15 жасқа толған азаматтармен;
2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, 14 жасқа толған оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, ЕК 30 бабының 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
Еңбек қатынастары пайда болу үшін тараптардың заңды қасиеттер мынадай
- еңбекке құқықтық қабілеттілік;
- тараптардын құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың кепілдіктері;
- еңбек шартындағы міндеттерді орындау жауапкершілігі.
Еңбек шартының мазмұнында мыналар қамтылған:
1) тараптардың деректемелері: жұмыс беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрақты тұратын мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі; жұмыс беруші-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері, жұмыс беруші-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі; қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды;
2) белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
3) жұмыстың атқарылатын орны;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
4) еңбек шартының мерзімі;
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
5) жұмыстың басталу күні;
12) кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
13) сақтандыру жөніндегі талаптар;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
14) тараптардың жауапкершілігі;
15) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар талап етіледі:
жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлігі);
ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін);
алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;
салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктердің көшірмелері қажет.
Еңбек шартын тоқтатудың негіздері (ҚР ЕК 51 бабы):
- тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
- еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
- жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
- қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
- тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
- қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;
- еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;
- жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |