9.Тақырып. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері
ҚР еңбек кодексінің 3 тарауына сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары:
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер;
Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар;
Қоса атқаратын жұмыс істейтін қызметкерлер;
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер;
Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлер;
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер;
Үй қызметкерлері;
Үйде жұмыс істейтін қызметкерлер;
Мүгедектер;
Азаматтық қызметшілер;
Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлер және т.б.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерледің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбек саласындағы құқықтары:
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кәмелетке толғандармен теңестiрiледi, ал еңбектi қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында осы Кодексте белгiленген қосымша кепiлдiктердi пайдаланады.
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар:
1. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтiруi мүмкiн жұмыстарда (ойын бизнесi, түнгi ойын-сауық мекемелерiндегi жұмыс, алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады.
2. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң өздерiне белгiленген шектi нормалардан артық жүктердi тасуына және қозғалтуына тыйым салынады.
3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң жүктердi тасуы мен қозғалтуының шектi нормаларын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша белгiлейдi .
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн
жұмыс уақытының ұзақтығы:
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлерге:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 24 сағаттан аспайтын;
2) он алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын;
3) бiлiм беру мекемелерiнде оқитын және оқу жылы iшiнде оқуды жұмыспен қатар алып жүретiн он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi оқушыларға - күнiне 2,5 сағат, он алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi оқушыларға күнiне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердi
мiндеттi медициналық тексерулер:
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала мiндеттi медициналық тексеруден кейiн ғана жасалады. Одан әрi қызметкерлер он сегiз жасқа толғанға дейiн жыл сайын мiндеттi медициналық тексеруден өтуге тиiс.
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң материалдық жауапкершiлiгiн шектеу:
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасасуға тыйым салынады.
Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін рттеу ерекшеліктері
Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар:
1. Әйелдердiң еңбегiн ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
2. Әйелдердiң өздерi үшiн белгiленген шектi нормалардан асатын жүктi қолмен көтеруiне және жылжытуына тыйым салынады.
3. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердiң жүктердi қолмен көтеруiнiң және қозғалтуының шектi нормаларын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды .
Әйелдердiң және отбасылық мiндеттерi бар басқа да адамдардың еңбегi мен тынығу режимiнiң ерекшелiктерi:
1. Жұмыс берушiнiң жүктi әйелдердi түнгi уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегi жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, оларды iссапарға жiберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан керi шақырып алуға құқығы жоқ.
2. Жұмыс берушiнiң:
1) жетi жасқа дейiнгi балалары бар әйелдердi және жетi жасқа дейiнгi балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;
2) егер үш жасқа дейiнгi балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру мүшесi медициналық қорытынды негiзiнде тұрақты күтiм жасауға мұқтаж болса, отбасының ауру мүшелерiне күтiм жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлердi жазбаша келiсiмiнсiз түнгi уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, сондай-ақ iссапарға және вахталық әдiспен орындалатын жұмысқа жiберуге құқығы жоқ.
Әйелдерге және отбасылық мiндеттерi бар басқа да адамдарға толық емес жұмыс уақытын белгiлеу:
Жұмыс берушi жүктi әйелдiң, үш жасқа толмаған баласы (балалары) бар әйелдiң, үш жасқа дейiнгi баланы анасыз тәрбиелеп отырған әкенiң, асырап алушының, сондай-ақ отбасының ауру мүшесiне медициналық қорытындыға сәйкес күтiм жасайтын қызметкердiң жазбаша өтiнiшi бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимiн бередi.
Жүктi әйелдерге жұмыс уақытының жиынтық есебiн қолдануды шектеу:
Егер жұмыс күнiнiң ұзақтығы сегiз сағаттан асатын болса, жүктi әйелдерге жұмыс уақытының (жұмыс ауысымының) жиынтық есебiн қолдануға жол берiлмейдi.
Жыл сайынғы ақылы демалыс кезектiлiгiн белгiлеу кезiнде әйелдерге берiлетiн кепiлдiк:
Әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Қоса атқаратын жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты
1. Қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған бiр жұмыс берушiмен (негiзгi жұмыс орыны бойынша), сондай-ақ бiрнеше жұмыс берушiмен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.
2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi.
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға қажеттi қосымша құжаттар
Қызметкер басқа жұмыс берушiмен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшiн осы Кодекстiң 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек, негiзгi жұмыс орны бойынша еңбектiң сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама табыс етедi.
Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жұмыс уақытының ұзақтығы
Негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиiс.
Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы
1. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi.
2. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы - қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi.
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.
2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша айқындайды .
Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы
Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiне, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiне сәйкес берiледi. Демалыстың бұл түрiнiң ұзақтығын, сондай-ақ оны берудiң шартын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды .
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар немесе қосымша ақылар белгiлеу жолымен жоғарылатылған мөлшерде, бiрақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, салалық келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарына негiзделiп белгiленгеннен төмен емес мөлшерде белгiленедi. Өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды .
Салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету
Ұйым қызметкерлерiне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлейтiннен төмен емес нормаларда арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да дара қорғану құралдары, жуу және зарарсыздандыру материалдары, сүт, емдеу-профилактикалық тағамдары берiледi.
Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлермен еңбек шарты, ҚР ЕК 54-бабында көзделген негіздерден басқа:
Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкер, бұл туралы жұмыс берушіні күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
Маусымдық деп климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар танылады.
Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкермен еңбек шарты бұзылған кезде, жұмыс беруші пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлемін жұмыс істелген уақытқа барабар төлейді.
1) жұмыс берушідегі жұмыстар өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі аптадан артық мерзімге тоқтатылған;
Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу туралы талап және жұмыстарды орындаудың айқындалған кезеңі көрсетілуге тиіс.
2) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан бір ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
Маусымдық жұмыста істейтін қызметкермен еңбек шарты ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты тоқтатылған кезде екі апталық орташа жалақы мөлшерінде демалыс жәрдемақысы төленеді.
Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің өзіне тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатындағы сынақ мерзімі белгіленбейді.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің
еңбегін реттеу ерекшеліктері
Вахталық әдіс, қызметкерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыс өндірісі объектісінде болған кезде оларды тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үймен, жұмыс орнына және одан кері жеткізіп салуды, сондай-ақ жұмыс орындау жағдайларымен және ауысымаралық демалыспен қамтамасыз етуге міндетті.
Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер, жүкті әйелдер, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер жіберілмейді. Өзге қызметкерлер, егер мұндай жұмыстар медициналық қорытынды негізінде олардың денсаулығына қайшы келмесе, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін. Объектіде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық тынығу уақытын қамтитын кезең вахта деп есептеледі. Вахтаның ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс.
Жұмыстың вахталық әдісі кезінде айлық, тоқсандық немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді. Есептік кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс беруші орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейінгі және одан кері қайту жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептік кезеңдегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы Кодексте белгіленген нормалардан аспауға тиіс. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық тынығу кезеңінде бөліп беруге жол берілмейді.
Үй қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Үй қызметкерлерiмен еңбек шартын жасасу және тоқтату ерекшелiктерi
1. Үй қызметкерлерi деп жұмыс берушi - жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындайтын қызметкерлер танылады.
2. Жұмыс берушi үй қызметкерiн жұмысқа қабылдау не онымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы акт шығармайды және еңбек кiтапшасына оның жұмысы туралы мәлiметтер енгiзбейдi.
3. Үй қызметкерiнiң еңбек қызметi еңбек шартымен расталады.
4. Үй қызметкерiмен еңбек шарты тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша ескертудiң мерзiмi, сондай-ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу жағдайлары мен мөлшерi еңбек шартында белгiленедi.
Тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау тәртiбi
Үй қызметкерiне қатысты тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау тәртiбi еңбек шартымен айқындалады.
Жеке еңбек дауларын шешу
Үй қызметкерi мен жұмыс берушiнiң арасындағы жеке еңбек даулары тараптар келiсiмiмен және (немесе) сотта шешiледi.
Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу
Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу еңбек шартында көзделген негiздер бойынша жүргiзiледi.
Үй қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi
1. Үй қызметкерлерiне осы Кодексте белгiленген жұмыс уақыты мен тынығу уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.
2. Үй қызметкерiнiң жұмыс режимi, оларға демалыс күндерiн, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру, оларды үстеме жұмыстарға, түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерi жұмысқа тарту тәртiбi еңбек шартында айқындалады.
Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және өзіндік немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс беруші қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып, үйде жеке еңбегімен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлер деп есептеледі.
Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек
жағдайлары
Үйде істелетін жұмыс қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы келмейтін және оларды орындау үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қамтамасыз етілген жағдайда ғана орындалуы мүмкін.
Үйде істелетін жұмыстарды орындауға арналған еңбек шартында:
1) жұмысты қызметкерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып орындау;
2) қызметкерді жұмысты орындау үшін шикізатпен, материалдармен, жартылай дайын өнімдермен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері;
3) дайын өнімді алып шығу тәртібі мен мерзімдері;
4) қызметкерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар міндетті түрде көзделуге тиіс.
Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбек қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз
ету жағдайлары
Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жұмыс берушінің қызметкердің жұмыс уақыты режимін сақтауын бақылау ерекшеліктері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және үйде жұмыс істейтін қызметкер үшін осы талаптардың сақталуы жөніндегі жағдайлар еңбек шартында белгіленеді.
Мүгедектер - әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы
Мүгедек қызметкерлердің еңбек жағдайлары
Еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс режимі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды.
Мүгедек қызметкерлердің түнгі уақыттағы жұмысын, үстеме жұмысын, демалыс және мереке күндердегі жұмысын, оларды іссапарға жіберуді шектеу
Мүгедек қызметкерлерді үстеме жұмысқа, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тартуға, іссапарға жіберуге, егер олар үшін мұндай жұмыстарға медициналық көрсетулер бойынша тыйым салынбаған болса, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру
Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келісе отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес беріледі.
Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс беру
Жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бір мезгілде не мүгедек қызметкердің қалауы бойынша жұмыс жылының басқа уақытында беріледі.
Мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануды шектеу
Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.
Егер үшінші топтағы мүгедек қызметкерлерге медициналық көрсетулер бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді.
Мүгедек қызметкерлердің жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
1 және 2 топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді.
1 және 2 топтағы мүгедек қызметкерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы 7 сағаттан аспауға тиіс.
Азаматтық қызметшілер - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Азаматтық қызметке кіру
Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын ұйымдастырып, өткізеді.
Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызмет-шінің бос лауазымына орналасуға арналған кон-курсты өткізу тәртібін Қазақстан Республика-сының Үкіметі айқындайды.
Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады.
Азаматтық қызметшілерді аттестаттау
Азаматтық қызмет-шілер кәсіптік және біліктілік даярлығы деңгейін, іскерлік қасиеттерін айқындау мақсатында аттестат-таудан өтеді.
Азаматтық қыз-метшілерді аттестат-таудан өткізудің тәртібі мен шарттарын тиісті қызмет сала-сындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республика-сының Үкіметі айқындайды.
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеумет-тік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне, егер Қазақстан Республика-сының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен қызметтің, осы түрлерімен қалалық жағдайда.
айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленеді.
Азаматтық қызметшілерге берілетін демалыс
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы оқитын азаматтық күнтізбелік жылда 1 рет төленеді.
Жоғары оқу орындарында қызметшілерге жұмыс берушімен келісім бойынша емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау мен қорғау, оқу бітіру емтихандарын тапсыру кезеңіне ақылы оқу демалыстары беріледі.
Шағын кәсіпкерлік субьектілері қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Өздерiне қатысты еңбек қатынастарын реттеу ерекшелiктерi белгiленетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
Осы тарауда белгiленген еңбектi реттеу ерекшелiктерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 25 адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылады.
Жұмыс режимi
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс берушi бекiтетiн кестеге сәйкес демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартуды көздейтiн жұмыс режимiн белгiлеуге, сондай-ақ жұмыс уақытының ұзақтығы жөнiндегi жалпы талаптарды сақтай отырып, жұмыс уақытының жиынтық есебiн немесе жұмыс күнiн бөлiктерге бөлудi пайдалануға құқығы бар.
Еңбекке ақы төлеу шарттары
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттарын жұмыс берушi белгiлейдi немесе өзгертедi және еңбек шартын жасасу кезiнде немесе оларды бекiтуге кемiнде бiр ай қалғанда қызметкерлер назарына жеткiзедi. Жұмысқа ақы төлеу шарттарын бекiту кезiнде жұмыс берушiнiң еңбек шартының талаптарын бiржақты тәртiппен өзгертуге құқығы жоқ.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн еңбек шарттарының мерзiмдерi
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлермен еңбек шарттарын Еңбек кодексінiң 29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусiз белгiлi бiр мерзiмге жасаса алады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң әлеуметтiк әрiптестiкке қатысуы
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қатысатын еңбек қатынастарына, егер жұмыс берушiлер мен қызметкерлер келiссөздер жүргiзу және осындай келiсiмдерге қол қою үшiн тиiстi ұйымдарға бiрiккен болса, келiсiмдердiң күшi қолданылады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң еңбек тәртiптемесiнiң ережелерi
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн дербес бекiтедi.
Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және Мәслихаттар депутаттарының, ҚР судьяларының, әскери қызметтегі адамдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегiн реттеу
Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртiбiн, еңбектiң ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi.
Әскери қызметтегi адамдар және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi
1. Әскери қызметтегi адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi органда, Республикалық ұланда, iшкi әскерлерде, әскери-тергеу органдары мен әскери полицияда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.
2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарында, қаржы полициясында, мемлекеттiк өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын адамдар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |